Uploaded by Aidana Taskyn

Педагогикалық жобалау және басқару. Презентация

advertisement
Педагогикалық жобалау
және басқару
ОРЫНДАҒАН: ТАСҚЫН АЙДАНА
Анықтама
• Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз
«жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе
жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді.
• Жобалау әдісі білім алушыларға тақырып таңдауда,
мәліметтердің дереккөздерін жинауда және
презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге
жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа
түрін үлгілеуге арналған. Жобалау білім
алушының өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға
арналған жұмысы.
• Зерттеу барысында білім алушының бойында
жұмысына қажетті төмендегідей біліктер
қалыптасады:
– өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай
тақырыпты еркін таңдай алады.
– алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың
мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады.
– өз бетінше алдына қойған мақсатына жету
және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді.
– мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге
және дамытуға жағдай жасайды.
– мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни
ойлауға үйренеді.
– әдістерді талдау, салыстыру арқылы
жұмысына тиімді әдісті таңдай алады.
– аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын
дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге,
аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады.
– өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен
өткізуге дағдыланады.
– шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше
шеше біледі.
Жобалау кезеңдеріндегі оқытушы әрекеті
Жобалау проекті қолданғанда, оқытушының, білім алушының да өз қызметі бар.
Қызметтер толық орындалмаса, жоба өз нәтижесіне жетпейді.
Жоба бойынша білім алушының әрекеті:
І кезең – ақпаратты нақтылайды; тапсырманы талқылайды; мәселелерді табады.
ІІ кезең – тапсырманы жүйелейді.
ІІІ кезең – жұмыс істеу әдісін талқылайды; тиімді жолды таңдайды;ақпаратты қайдан алуға
болатынын талқылайды.
ІV кезең – ақпаратпен жұмыс істейді; ұсыныстарды талдайды; зерттеу жүргізеді; жобаны
рәсімдейді.
V кезең – жобасын қорғайды; әрекетке ұжымдық баға берудің қорытындысына қатысады.
Жобалау жұмысындағы оқытушының әрекеті:
І кезең – жоспарлау жұмысының мақсатын түсіндіреді; әрекеттерін уәждейді; бақылайды.
ІІ кезең – талқылауға көмектеседі; бақылайды.
ІІІ кезең – бақылайды; кеңес береді (өтініш бойынша).
ІV кезең – бақылайды; талдау процесіне бағыт беріп отырады (қажет болған жағдайда).
V кезең – жоспарлардың қорытындысын ұжымдық талдаумен бағалауға қатысады.
ТҮРЛЕРІ
Жобалау технология бойынша білім алушылар жұмыстардың бірнеше түрлерін орындайды.
Мысалы:
баяндама,
реферат дайындап, баяндау;
әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дайындау; пән бойынша апталықтың бағдарламасын
жасау, мерейтойлардың ашуларын дайындау ;
шағын қойылымдар, концерттер дайындау;
жобалар бойынша жасаған моделдерін пайдаланып көрме ұйымдастыру;
жоба бойынша видеофильм түсіру;
компьютерді қолданып, видеобаян, слайд, музыкамен сүйемелдеу.
БІЛІМ АЛУШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ МАҚСАТ
тілдегі жаңа
құрылымдарды үйрену
үшін қатысымдық
мақсатта қолдану;
алға қойған
мақсатқа жету
үшін бірігіп
жұмыс істеу;
білім алушылардың
өзінің ойы мен кәсіби сөйлеу құзіретін
тәжірибесін
қалыптастыру
жеткізе білу. мақсатында жүргізілетін
жобалау жұмысын
түсіну.
Қорытынды
Жобаларды бағалау, қателерін түсіндіру, жетістіктерін айту. Жоба – бұл нәтижелі қызмет. Білім
алушылар жобалау қызметін атқара отырып, нақты нәтиже алады және оны көпшілікке
ұсынады.
Жобаны орындау мақсаты – қарым – қатынас, сөйлеу барысында білім алушылардың
белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады.
Жобамен жұмыс істегенде, білім алушылар ақпарат жинайды. әр түрлі ғылыми, бұқаралық
жазбаларды қолданады. Комьпютермен ғаламторда жұмыс істеуге, ақпарат іздеуге үйренеді.
Жобаны қорғау барысында білім алушылардың өздері дайындаған коллаждарды, бейне
фильмдерді, әр түрлі кестелерді пайдаланады. Бара – бара ғаламторда өз сайттарын ашып,
жобаларын көпшілікке ұсынуға болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!
Download