Uploaded by mojlabievarahina

ағылшын6

advertisement
Бастауыш сынып
оқушыларының
ағылшын тілінде
тыңдау дағдыларын
дамыту жолдары
• Тыңдау есітіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну. Тыңдау қарымқатынастың негізін құрайды. Ол өз ішінде айтылып жатқан сөзді
тыңдап - түсіну, оған логикалық жауап беруді қамтиды.
• Тыңдау шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол
оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен,
екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым
арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық
құрылымы үйреніледі. Және де тыңдалым оқу мен жазуды
меңгеруді жеңілдетеді.
• Оқыту жағдайында аудио және бейне құралдарын қолданғанда
маңыздылығы мен тиімділігі жағынан бірінші орында
қабылдаудың біріктірілген көру-есту түрі қатар жүреді.
Дыбыс-бейне құралдарын тиімді
пайдалану:
бағдарламалау мен бақылау
үшін жақсы жағдай жасауға;
әр оқушының жеке
типологиялық қабілеттерін
есепке ала отырып оқытуды
жүзеге асыруға;
көрнекіліктердің маңызды
дидактикалық қағидаларын толық
жүзеге асыруға;
оқушылардың аналитикалық және
имитациялық ерекшеліктерін
максималды қолдануға;
барлық оқушылармен бір
уақытта көптеген белсенді
жаттығу түрлерін орындауға,
соның ішінде сөйлеуге мүмкіндік
береді.
Тыңдау - шеберлікке негізделген іс - әрекет. Барлық
шеберлік сияқты ол да белгілі бір дағдыларға сүйенеді.
Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:
01
тыңдап түсіну дағдылары
(мәтіннің грамматикалық
және морфологиялық
формаларын тани білу);
03
02
сөздерді және сөз тіркестерін
түсіне білу қабілеті;
дыбыстарды, дауыс
интонациясын ажырата білу.
Тындап – түсінудің әдіс- тәсілдері:
01
02
03
Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін
дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте
оқушылар коммуникативтік әдісте болады.
Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына
жауап алады. Кең көлемде қолданылатын
әдіс түрі болып табылады.
Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену
барысында түрлі ойын элементтері бойынша
тіл үйрену іс–әрекеті болып табылады.
Оқушының сөздік қорын молайтуда
ойындардың рөлі зор, себебі ойындар
олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін
қажет.
Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін
арттырады. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық
сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және
тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға
үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен
қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады.
Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ
барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.
Тыңдауды қалыптастыру бойынша
жаттығуларды бес топқа біріктіруге болады
Есту жадын дамытуға
бағытталған жаттығулар
("сөздерді тыңдап,
оларды есте сақтауға
тырыс. Содан кейін бұл
сөздерді қолдана біл").
Оқушылардың назарын
дамытуға бағытталған
жаттығулар ("тыңда да,
қайтала немесе өзіңше
толықтыр").
Қиялды дамытуға
бағытталған жаттығулар
(белгілі бір тақырыптың
мазмұнын ашып, айту").
Оқушылардың тыңдалым дағдысын дамыту мақсатында да бірнеше
стратегиялар қолданылады. Осыған орай, тыңдалым барысында мәтіннің
жалпы мазмұнын ұғу, нақты мәліметті табу, детальдарды түсіну, сөйлеушінің
ұстанымы мен көзқарасын білу мақсаттары көзделеді. Қорыта айтқанда,
тыңдалым дағдысын дамыту арқылы оқушылар мынадай жетістіктерге қол
жеткізеді:
- ұқсас дыбыстардың арасындағы ерекшеліктерді
байқайды;
- кілт сөздерге назар аударуды үйренеді;
- қарапайым нұсқаулықтарды түсініп, жауап
беруге төселеді;
- ақпараттардағы мазмұндық айырмашылықты
тани білуге мүмкіндік алады;
- ән сөздерін дұрыс тануға үйренеді;
- қарапайым әңгіменің дамытылуын түсінеді;
- әшейін өтініштер мен сыныптағы нұсқауларды
қолданады;
- ыңдалым мәтінінің стилін ажыратады;
- негізгі идеяны таба біледі т.б.
Қорыта айтқанда, тіл үйрету
сабақтарының дағдыға негізделуі біріншіден, өмірге қажетті
стратегияларды меңгертуді көздейді.
Екіншіден, пәнаралық жікті
болдырмайды, білім толықтыруды
жеңілдетеді, оңтайлы әдістерін ұсынады.
Оқушы білімін нақты бағалауға мүмкіндік
береді. Сабақтардың әралуандылығын
қамтамасыз етеді. Тапсырмалардың
бірыңғай болуының алдын алады,
оқушыны біртектес тапсырмамен
жалықтырмайды. Өзге пәндермен
кіріктірілген сабақ өткізуде әдістемелік
тұрғыда орайласып келеді (мәселен, эссе
жаздыру).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Download