Uploaded by Ilyas Adesh

Ойтолғау

advertisement
Қазіргі таңда менің оқып жатқан мамандығым - программист, нақтырақ айтсам,
ақпараттық жүйелер мамандығы.
Бұл мамандықтың қазақ тілімен байланысы өте зор деп айта аламын. Себебі, болашақта
біздің қазақ тілін дамытатын бірден-бір құрал, яғни, ақпараттар заманында өмір сүріп
жатқаннан кейін, заманауи шешімдерді талап ететін болғандықтан, менің мамандығым
арқылы әртүрлі қолданбалар, сайттар жасап, қазақ тілін дамытып және қазақ тілін
халықаралық қатынас тілі ретінде дамытқым келеді. Қазақ тілін халыққа үйретудің ең
оңай жолы осы деп есептеймін.
Біздің ана тіліміздің болашағы зор, оған ешқандай күмән жоқ. Адамдар үшін өмірдегі ең
бағалы құндылықтардың бірі — ана тілі. Ана сүтімен дарыған тілдің қасиетін сөзбен
айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақ тілі сөйлейтін адамдарының саны жағынан әлемдік
тілдер арасында 70-ші, тіл байлығынан үшінші орында. Сену қиын десек те деректер
осылай. Демек, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің төрінен орын алады.
Қазіргі таңда елімізде қазақ тілі мен орыс тілі қатар қолданып келеді. Еліміздегі ірі
қалаларда орыс тілінің басымдылығы бар екені жасырын емес. Оңтүстік өңірлер тілдің
мәйегін бұзбай қазақылығын сақтап отыр. Ал солтүстік өңірлерде бұл көрсеткіш өте
төмен. Біз бұл көрсеткішті көтеру үшін әр қайсымыз ана тілімізде сөйлеп, ана тілінде
қарым-қатынас жасауымыз керек. БАҚ құралдары мен қоғамдық орындағы іс-шаралар
қазақ тілінде өтер болса, тілімізге сұраныс артар еді. Қазір өзге ұлт өкілі түгіл,
қазақтардың өзі ана тілін керексіз етіп отырғаны жасырын емес.
Қазақ тілінің мүмкіндіктеріне келетін болсақ, олар шексіз. Қазақ тілі қарқынды даму
үстінде деп айтуға болады. Өйткені, музыка болсын, кино болсын, барлығы түбегейлі
қазақ тіліне ауысып жатыр. Ең керемет, ең сапалы дүниелер, өнімдер қазақ тілінде шығып
жатыр.
Өзіміздің мамандығымызға қатысты әртүрлі жобалар дайындалып жатыр. Жоғарыда айта
кеткендей, программист болу арқылы тілді дамыту үшін жобалар жасау үшін менің
ойымда бар. Егер, осы ақпараттық жүйелер мамандығындағы ахуалдарға келетін болсақ,
ол - қазақ тілінің көп терминдерінің дұрыс аударылмауы, яғни, мағынасына қарай емес,
тура мағынада аударылуы, сондықтан, кейбір сөздер түсініксіз болып қалуы мүмкін.
Бірақ, болашақта бұл мәселе шешіледі деген үміттемін. Бұл мамандықтың қазақ тіліне
деген құрметі жақсы, бірақ, білу деңгейі орташа деңгейде деп ойлаймын. Себебі, оқыту
тілі көбінесе орыс және ағылшын тілінде болғандықтан, қазақ тілі онша еленбейді. Сонда
да, оған қарамастан, жоғарыда айтылған мәселелерді оңынан шешетін болсақ, қазақ тілін
бірінші орынға қоятын болсақ, онда осы мамандық пен тілді ұштастыру арқылы, осындай
керемет дүниеге қол жеткізуіміз әбден ықтимал.
Абай атамыз айтқандай, "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте". Тіл түзелмей, қоғам
түзелмейді. Мемлекеттің де, ұлттың да болашағы күңгірттене береді. Сондықтан да
еліміздің қоғамдық-рухани өмірінде ұлттық тіл саясатын барынша батыл қолға алып,
қарқынды жүргізетін уақыт жетті. Біздің тіліміз, ол - біздің халық болып
қалыптасуымыздағы ең бірінші факторлардың бірі. "Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр
бетте" демекші, Қазақстан мемлекетінде де оның тілінен бастау алған рухани
құндылықтарына бет бұрып, барынша халықтық мүддеге қызмет ететін ұлттық саясат
жүргізу – бүгінгі күн қажет етіп отырған басты талабы.
Download