СРС Гандбол Орындаған:Мырзағалиева Ә Топ:ПТИ 20-12 Тексерген:Уанова А Қол добы (ағылш: Handball; орыс: Гандбол) — спорттық доп ойыны. 7-ге 7 ойыншыдан ойналатын топтық ойын, допты қолмен ғана ойнайды. Ойынның басты Гандбол спортын Дат футболшылары ХІХ-ХХ ғасырдың басында ойлап тапты. Қыс мезгілінде ойыншылар футбол ойынының орнына қолмен ойнайтын спорт түрін ойлап табуға кірісті. Нақтырақ айтсақ Гандболдың тарихы 1898 жылы дүниеге келді. Дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсен оқушыларға допты қолмен ойнауды ұсынды. Сонымен қоса «handball» деп атады. Команда 11 адамнан тұрды. (10 ойыншы және 1 қақпашы). Допты тек қана қолмен өткізуге рұқсат берілді (голкипер үшін ерекше жағдай жасалған). Ойыншылар қарсылас команданың қақпасына кішкентай допты салу керек болды. Гандбол ойындары ашық ауада өтті. Уақыт өте келе ойын ережелері өзгерді. 1954 жылы екінші гандболдан әлем чемпионатында жарыстар ауарайына байланысты залға ауыстырылды. мақсаты - мүмкіндігінше қарсылас топтың қақпасына көбірек доп лақтыру. Командадағы ойыншылардың саны азайып, жеті ойыншы болып өзгертілді. (ерлер үшін — 1938 жылы, әйелдер үшін — 1957 жылы). Оған қарамастан 30 жыл бойы команда арасындағы бәсекелестік екі схема бойынша өткізілді. (7ден 7 немесе 11-ден 11-ге дейін). Алғашқы матч 1920 жылы Берлин қаласында Германия чемпионаты өткізілді. 1923 жылы ойын ережелері түзетілді. Доптың өлшемін төмендетіп, «үш секунд» және «үш қадам» ережелерін енгізді. Бұл ойынның техникасын айтарлықтай арттырды. 1925 жылы неміс командасы мен австриялық команда арасында бірінші халықаралық кездесу өтті. Матч 5: 6 есебімен аяқталды. 1926 жылы гандбол халықаралық спорт түрінде енді. Ол спорттың бірнеше елдің дамуына серпін берді. Спорт клубтары Люксембургте, Испанияда, Швейцарияда пайда болды. Ал 1928 жылы Амстердамда Халықаралық әуесқой гандбол федерациясы құрылды. 1936 жылы гандбол алғаш рет Берлинде өткен Олимпиада ойындарына енгізілді. 1946 жылы гандбол дамуға жаңа серпін алды. Халықаралық гандбол федерациясы (IHF) құрылды. Ол спорт түрінің әлемдік жаңғыртуға бағытталған бағдарламаны бекітті. Сондайақ әлем чемпионаттарын өткізу жоспарын бекітті (11х11 форматта). 1966 жылдан бастап гандбол командасында 7 адам болды. Алаң өлшемі (40 х 20 м) және қақпа (3 х 2 м) құрайды. Ерлер жарыстарында доптың өлшемі 58-60 см-ге дейін, салмағы 425-ден 475 г-қа дейін (әйелдердің тиісінше 54-56 см және 325-400 г) қолданылады. Ойыншылар екі тайм ойнады: ерлер — 30 минут, әйелдер — 25 минут. Гандбол ережелерін төреші қадағалайды. Қарсыласқа қатысты өрескел ойын үшін судьялар 2 минутқа ойыннан шығартады және жеті метрлік еркін атуды тағайындайды.