Uploaded by aidana_99_moon

Дарынды балалар және оларды зерттеудің психологиялық мәселелері

advertisement
сенова С.М., Үсенов Н.М., Бәкірова Г.Ж.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Дарындылық» дегеніміз не және ол қалай көрінеді? Ата-анасына
нәрестенің бойындағы талантын байқауға не мәжбүр етеді және неге осы
жаңалығына мамандардан тұжырымдама іздейді? Дарындылықтың жиі
байқалатын түрі –бұл ерте сөйлеу мен сөздік қор. Сонымен қатар, айрықша
байқампаздық қызығушылыққа тоймау және есте жақсы сақтау қабілеті.
Дарындылықтың бұндай ерте байқалуы үздік ақыл-ой қабілетін білдіреді.
Тіпті, дарынды балалардың барлығы бірдей нәресте кезінде ата-аналарын өз
талантымен таң қалдыра бермейді.
Дарынды балалардың ерте сөйлеуі мен астракты ойлауға негізделген
есте сақтауы жақсы. Олар топтастыру қабілеті және мәлімет пен тәжірибені
категориялау алынған білімді кең көлемде қолдану ерекшелігімен байқалады.
Олардың топтастыру мен шешімге бейімділігі, дарынды балалардың ең
сүйікті ісі коллекция жинау мысал бола алады. Оларға өз коллекциясын
жүйелеп жинау мен қайта жасау үлкен қуаныш сезімін әкеледі, бірақ,
әсемдеу, тәртіппен жинау оларға мақсат болып табылмайды [1].
Дарынды баланың эмоциональды сферасының негізгі ерекшеліктерінің
бірін көптеген зерттеушілер жоғарылатылған деп санайды. Бұның негізі
интеллектуальды даму ерекшеліктеріне түп-тамырымен кететін қатты
сезімталдық деп есептейді. Дарын иесі тек көзбен көріп ғана емес, оны
сезеді. Бірнеше құбылыстардың артынан қарауға қабілетті болып келеді.
Әлдекімдер байқамағанды сезу, көру қабілетінің басым болуы заңды.
Сонымен қатар, әзіл-оспақ қабілеттілігі дарынды балаларда ерте кезінен
қалыптасады. Бұл дарындылықтың куәлігі және психологиялық қорғау
механизмі.
Дарынды балалардың ата-аналарын ойландыратын мәселенің бірі –
мектептегі оқу кезінде кездесетін қиындықтар. Бұл қиындықтар дарынды
бала туралы қоғамда қалыптасқан түсінікке байланысты. Өйткені, «орта»
қабілетті бала мектепте мақталады да «ақылды» балаға сенімсіздік жасалады.
Оның қабілеті көп жағдайда ескерілмейді. Соның салдарынан дарынды
балалар ерекшеленбеуге, көзге түспеуге тырысады. Ортаның осындай
ықпалының нәтижесінде дарынды бала өз қабілетін танып, дұрыс бағалай
алмайды. Сөйтіп, өз деңгейінде дамып жетілмей, шектеледі. Бұл жерде
дарынды балаларды таңдап, олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап,
өмірде дұрыс бағдар бере білуіміз қажет [2].
Ғылыми зерттеулерге қарағанда, дарынды, талантты балалардың
миының биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы
қабылданған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Әрине, кейде шамадан тыс, әлі
жетпейтін
мәселелерді
де
меңгеруге
талаптанатыны
да
байқалады.
Дарындылар кішкентайынан-ақ себеп-салдарға көңіл аударып, соған сәйкес
қорытынды жасап отырады. Кез-келген жүйенің балама моделін жасауды
ұнатады. Мұндай қабілет шындықты тәжірибенің көмегінсіз ашуға негіз
болады. Оларға нейрондық хабар өте шапшаң беріледі. Мидың ішкі жүйесі
көп тармақталған, байланыстар саны өте көп. Үнемі іс-әрекетке даяр. Олар
жинақталған білімін, тәжірибесін кең пайдалана біледі, хабарларды жүйелеп
бөліп, талдайды. Сөз қоры мол, сөйлеуге қабілетті сұрақ қоя біледі. Дарынды
балалар сөздіктер мен энциклопедияны қызыға оқиды. Ой жұмысын талап
ететін ойындарды қалайды. Қиындықтарды жеңе отырып, талантты балалар
танымдық дәйексіздікті тез шешеді. Күрделі әрі ұзақ тапсырмаларды қызыға
орындайды. Даяр шешуін айта салғанды ұнатпайды. Кейбір балаларда
математикалық қабілет, кейбірінде ой жұмысын талап ететін ойындарға,
көпшілігінде оқу қабілеті басым келеді. Дарынды балалар өте зейінді. Өзіне
қызғылықты мәселені шешуге талпынып, табандылық көрсетеді. Өмір
тәжірибесінің аздығына қарамастан әлі келмейтін мәселелерді шешуге
тырысады. Сол себептен нәтижесіз ісіне көңіл аудармай, оларды түсініп,
әрекетіне басшылық жасау керек.
Дарынды балалар шыдамсыз, бірақ эмоциясы ересектерге тәуелді.
Зерттеулерге
қарағанда,
кішкене
балалардың
қорқынышы
реальды
болмайды. Қалада өскен ата-ана баласының арыстан және жолбарыстан
қорқатынын, ал реальды түрде одан автомобильдің қауіпті екенін түсінуі
қиын. Қорқынышты әсірелеп жібереді, себебі оның қауіптілігін қиялдайды.
Мектепке дейінгі кезеңде дарынды балалар – жағдайлар, құбылыстарды
менің түсінігім ғана деп танитын эгоцентристер. Бала қандай ақылды болса
да, оның мұндай әрекеті (қабылдауы) қалыпты жағдай болып саналады. Даму
деңгейіне қарай бала мәліметтерді түсініп, ойлауға қабілетті. Ғалымдар мұны
матетаным деп атайды. Ол өзінің заттар мен құбылыстарды қабылдауын
басқалардың
қабылдауына
ұқсас
деп
түсінеді.
Басқалардың
әлемді
қабылдауы өзінен өзгеше екенін бала әлі түсіне алмайды. Сондықтан
құрдастарымен тіл табысуы қиындайды.
Дарынды балалардың қабілеттілігіне ортаның тигізетін әсері жанжақты. Бала өз талантын түрліше сезінеді. Отбасында іні, бауырларымен
ойнағанда өз ерекшелігін сезінсе, енді бірі мектепте құрдастарымен өзін
салыстыру арқылы байқайды. Мұны сезіну мен ақылмен түсіну екі түрлі іс.
Өзін дұрыс бағалай білу үшін басқа адамдармен де тығыз байланыста болып,
артықшылығының аз ғана екенін мойындау керек. Баланың таным процестері
қабылдауы мен тәжірибесіне байланысты [3].
Сондықтан, тек сөзіне ғана қарап, талантты деу дұрыс бола бермейді.
Бала қоршаған ортаны зерттеу барысында, нақты неге күйі келіп, нені істей
алмайтынын біледі. Ал қоршаған ортадағы адамдар оның істеген ісін түрлі
жолмен бағалайды. Әрі ол өзін қоршаған адамдардың, ата-анасының өзіне
көңіл аударғанын ұнатады. Ата-ана үшін өз баласының әрекетін бақылап,
бағыттап, оқыту көп қиындық жасамайды. Ең қиыны бағалау мен мейірімін
реттеу. Дарынды бала тәрбиелейтін ата-ана өзінің мінезін (реакциясын)
бақылағаны жөн. Шектен тыс әсірелеу талантты балаға кері әсер етеді.
Баланың өзін-өзі бағалап, кім екенін түсінуі ата-ананың бағалауына
байланысты. «Әке балаға сыншы» деп халық бекер айтпаған. Атаананың «Мен баламнан нені көремін, несін қадірлеймін, ұнатамын, оны
балама қалай білдіремін?» деген сұрақтарға өзінен жауап іздегені абзал.
Сонда ғана ата-ана оның көп қырлы талантын дәл, әрі толығырақ ашуға
көмектеседі. Отбасында дарынды бала тапсырмаларды басқаларға қарағанда
шапшаң, нәтижелі орындайды. Сондықтан, оларға түрлі затты әр адам, әр
түрлі деңгейде меңгеретінін түсіндіру керек. Оның бұл салада қабілетінің
басым екенін айтумен бірге, мейірімділік пен сүйіспеншілік, төзімділік пен
басқа адамға көмектесу керектігін бойына сіңірген дұрыс. Ақылды, дарынды
бала көбіне құрдастарына нұсқау бергенді ұнатады. Әйтпесе, ол зерігеді.
Мұндайда ең тиімді жол дұрыс бағыттау [4].
Қорыта келе айтарымыз, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін
теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: «дарындылық» - бұл
интегралды
тұлғалық
білім,
интеллектуальды
жоғары
сатысымен,
шығармалық потенциалымен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз
бейнелігінің бірігуін анықтайды. Белгілі бір қызмет саласында ерекше
табысқа жетуге мүмкіндік туғызады.
Әдебиеттер
1. Қазақстан мектебі «Дарынды бала ұғымы» №12, 2006жыл.
2. Матюшкин А.М., Сиск Д.А. Одаренные и талантливые дети. Вопросы
психологии. 1988. №4.
3. Нарыкбаева Л.М. Научно-практическое основы подготовки будущего
учителя к работе с одаренными детьми. А., 2001.
4. Лейтес Н.С. Возрастная одаренность школьников: Учеб. Пособие
для студ. высш, пед. учеб. заведений М: Издательский центр«Академия»,
2000 – 320 с.
ӘӨЖ 371.015.3:371.12:159.928
Қолжазба құқығында
МҰСТАЯПОВА ГҮЛЖАЙНА БОЛАТҚЫЗЫ
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
6М010300 – «Педагогика және психология»мамандығы бойынша білім магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2012 ж.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата
университетінің
«Музыка-педагогикалық»
психология»кафедраларында орындалды.
атындағы Қызылорда мемлекеттік
факультеті,
«педагогика
және
Ғылыми жетекші:
психология ғылымдарының
А.Ж. Аяғанова
кандидаты
Ресми оппонент:
Пс.ғ.д., профессор С.Қ. Бердібаева
Диссертация 2012 жылдың «____»маусымында сағат ____Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік универсиетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би
көшесі, №36 А, 7 оқу ғимараты, «Музыка-педагогикалық» факультеті, 4 қабат, №_____
дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы
зерттеулерге сүйене отырып, дарынды балалармен педагогикалық-психологиялық
жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі анықталды. Сонымен қатар,
дарынды балалардың қабілеті талданып, олардың танымдық процесстерінің ерекшеліктері
талданды.
Дарынды
балалармен
педагогикалық-психологиялық
жұмыстарды
ұйымдастыруда қабілет ерекшеліктерінің категориялары мен критерийлерін ескеру
қажеттігі дәлелденді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда болып жатқан қоғамдық-тарихи
бетбұрыстар жеке тұлға туралы көзқарасты қайта қарауды талап етіп отыр. Бүгінде
Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған ҚР 2010 жылға дейін
дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес жарлығымен бекітілген «Бәсекеге қабілетті
Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» байланысты білім
беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басым бағыттары мен
тетіктерін қамтиды. Бұл бағдарлама ҚР «Білім» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге
асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленеді. Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде тұңғыш рет әр баланың жеке қабілетіне
қарай интеллекттік дамуы, тұлғаның ерекше қабілеті, яғни, дарындылығын дамыту
сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Себебі, ғылым мен техниканы және
өндірісті бүгінгі әлемдік стандарттағы деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен
жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар, білікті мамандар қажет. Міне мұндай
мамандар дарынды балалардың ішінен шығатыны сөзсіз.
Тұлға дарындылының ерте көрінуі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Осы
орайда, психологиялы ғылымындағы дарындылық туралы жеткілікті пайымдаулар болса
да әлі жүйелі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Себебі, “дарынды балалар” ұғымының
астарында жатқан психологиялық мәселелерге терең үңілу қажет. Бүгінгі күні дарынды
және талантты балалармен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру Қазақстандық білім беру
жүйесінің жетілуіне жаңа міндеттерді қояды. Дарынды балаларды тұлғалық дамыту мен
тәрбиелеу мемлекеттің шығармашылық әлеуеті қалыптасуының мүмкіндігін шешеді.
Сонымен қатар, қарқынды ғылыми- техникалық және әлеуметтік прогресс, өндіріс пен
әлеуметтік өмірдің барлық салаларының, білім мен мәдениеттің әрі қарай даму
мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Психология ғылымында дарынды балаларды оқыту
мен тәрбиелеу адамның шығармашылық дамуының тамаша үлгілерін құрайды. Көптеген
зерттеулер мен тәжірибелер көрсеткендей дарындылықтың дамуы қандай да болмасын
дамудың бір кезеңінде тоқталып қалуы, ал кей жағдайда тереңдетілетінін көрсетеді. Осы
орайда, дарынды тұлғаны дамытуда арнайы ұйымдастырылған психологиялық көмек және
қолдау қажет. Бүгінгі күні дарындылық мәселесінің феноменін зерттеуде «төңкеріс»
немесе «жарылыс» кезеңі байқалуда. Психология ғылымында бұл мәселені зерттеуге
көптеген шетел ғалымдары Г. Мелхорн, Х.Мелхорн, Дж. Гилфорд, Т.Мейснер және Ресей
психологтары А.М.Матюшкин, В.С. Юркевич, Б.М.Теплов, В.Э.Чудновский,
Ю.Д.Бабаева,
сонымен
қатар,
Қазақстандық
зерттеушілер
У.Б.Жексенбаева,
Л.М.Нарықбаева елеулі еңбек сіңірді.
Зерттеушілердің анықтауынша үстіміздегі ғасыр шығармашылық дамуының
өзектілігінің себебі: қазіргі кездегі қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайларымен
шешіледі. Дарынды да талапты жас ұрпақ-бүгінгі мемлекеттің келешегі. Осы адам
ресурстары мен капиталын тиімді пайдалану үшін дарынды балаларды өз мүмкіндігін
толығымен пайдалана алатын тұлға ретінде қалыптастыру үшін қажетті жұмыстарды
жүргізіп, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру қажет. Жоғарыдағы айтылған
мәселелерге қойылған міндеттерге орай мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін ғылыми
тұрғыда негіздеп, оны дұрыс ұйымдастырғанда ғана қол жеткізіледі.
Қоғамдағы тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы
шығармалар мен қызметтер ұсынған дарындылық аса жоғары бағаланатыны белгілі.
Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарты - дарындыларды жастайынан анықтай білу. Кезкелген мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі елімізде өзінің алдында түрған
міндеттерді өзбетімен шешім қабылдауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Тұлғаның білімге құмарлығы немесе ми қызметінің белсенділігі, жалпы түрде ми
қабілеттілігінің мотивациялық факторлар ретінде ұсынылады. Білімге құмарлықтың
тұруы тағы да бір маңызды ерекшелікке байланысты, зерттеулер қатарында белгіленген.
Қазіргі өскелең ұрпақ еліміздің болашақ зиялы қауымы мен өкілдері болып
табылады. Сондықтан, дарынды балалардың бойындағы ерекше қасиеттері мен әлеуетін
бағалап, психологиялық ерекшеліктерін тиісті деңгейде зерттеп, білу, өмірде өз
орындарын табуға педагогикалық және психологиялық жағдай жасау – ең басты
мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе жалпы білім беретін орта мектептерде әлі
де болса зерттеулер жүргізуді талап етіп отыр. Осы орайда, дарынды балалардың
қабілетін анықтауда мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыстар бағдарламасын жасау
қажеттігі туындайды. Аталмыш мәселелер бойынша қазіргі қоғамның қажет етіп отырған
бәсекелестікке қабілетті тұлға қалыптастыру мен мұның негізінде теориялық және
әдістемелік бағдарламалардың арасындағы қарама-қайшылық тақырыпты «Дарынды
балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі» деп таңдауымызға
негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда
педагог-психолог қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
 психология ғылымындағы дарындылық мәселелерінің зерттелуін ғылыми
теориялық талдау;
 дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін теориялық
жүйелеу;
 дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін
анықтау;
 дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалықпсихологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері
бойынша зерттеулер мазмұны байытылып, олармен жүргізілетін жұмыс түрлері
жүйеленіп, сол арқылы педагог-психолог қызметі ғылыми-әдістемелік тұрғыда
негізделеді.
Зерттеу пәні: дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог
қызметі.
Зерттеу нысаны: дарынды балалармен ұйымдастырылатын жұмыстар.
Зерттеудің болжамы: егер, дарынды балалар психологиясы ғылыми-теориялық
тұрғыда негізделіп, олармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі
жүйеленсе, онда қабілет құрылымындағы дарындылықты дамыту әлеуеті жоғарылайды.
Зерттеудің жаңалығы:
 дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері теориялық талдау негізінде
зерттелінді;
 дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі
жүйеленді:
 Дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдаламасы ұсынылды;
 Дарынды балалармен жұмыстарда кездесетін келеңсіз жағдайлар анықталды.
Қорғауға ұсынылатын жағдайлар:
дарынды балалардың танымдық процесстері мен тұлғалық ерекшеліктеріне
тұпнұсқалық тән;
 дарындылықты дамытуда педагог-психологтың рөлі ерекше;
 психология
ғылымында
педагог-психологтың
дарынды
балалармен
психодиагностикалық жұмыстары жүйеленген;
 дарынды балаларға тұлғалық жағымсыз қасиеттер де тән.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Бiздiң зерттеуiмiзге
дарындылықты зерттеудің теориясы мен тұжырымдамасының негізі (Ю.З.Гильбух,
К.А.Хеллер, К.Юнг, Н.С. Лейтес), жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық ісәрекеттің рөлі (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкин) мен ерекшеліктері
туралы (И.П. Волков, А.И. Савенков, В.В. Давыдов), Қазақстандық ғалымдар
У.Б. Жексенбаеваның, Қ. Әбдібекқызының, Л.М. Нарықбаеваның ғылыми зерттеулері
құрайды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасы, Қазақстан
халқына жыл сайынғы Жолдаулары, Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылға арналған
білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдар, зерттеу
проблемасы бойынша психологтарының, педагогтарының, философтардың ғылыми
еңбектерi.
Зерттеуде қолданылған әдістер.
Алдымызға қойылған міндеттерді шешу мен болжамдарды тексеру үшін зерттеу
әдістерінің тобын анықтадық:
 теориялық (құжаттар мен іс -әрекеттер түрлеріне, ғылыми әдебиеттерге, терминдік
түсініктерге психологиялық - педагогикалық талдау);
 эмпирикалық (эксперименттік жұмыстар).
Эксперименттік зерттеу жүргізу үшін төмендегі әдістер таңдалып алынды:
 П.Торренстің шығармашылық дарындылықты анықтау тестісі;
 Дарындылардың когнитивті әрекетін дамыту жаттығулары.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы.
Зерттеуде мектептегі дарынды балалардың әлеуетін анықтау мақсатындағы педагогпсихолог қызметі жүйеленді. Алынған мәліметтер мен қорытындылар: дарынды
балалардың психологиялық ерекшеліктері, оны оқу-тәрбие процесінде ескеру мәселелері
анықталған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы.
Зерттеу нәтижелері мектеп психологының дарынды балаларды анықтаудағы тәжірибелік
жұмысына ғана емес, пән мұғалімдерінің жұмысында да қолдануға болады.
Ғылыми нәтижелердің дәйектілігі мен негізділігі. Дарынды балалармен
жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі жөніндегі тұжырымдар теориялық
- эксперименттік тұрғыдан негізделуімен және қабілет құрылымындағы дарындылықты
зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеу әдістерін қолданумен, эксперименттік
жұмыстың тұтастылығымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы.
Зерттеу
жұмысының
негізгі
нәтижелері
халықаралық
ғылыми-практикалық
конференцияларда, сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің хабаршысы баспа беттерінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері.
Бірінші кезеңде (2011 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында) дарындылыққа
байланысты әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды, зерттеу жұмысының обьектісі,
пәні, жалпы және жеке болжамдары, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдіснамалық
негіздері мен әдістері анықталды.

Екінші кезеңде (2012 жылдың қаңтар -мамыр айларында) дарынды балалармен
жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі эксперименттік тұрғыда
жүйеленіп, нәтижелері талданды.
Зерттеу базасы. Қызылорда қаласындағы № 264 мектеп-лицейі. Зерттеуге 2-4 сынып
оқушыларынан 80 оқушы қатысты.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Магистрлік диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады.
Жұмыстың жалпы көлемі – 81 бет, қолданылған деректер тізімі- 90 әдебиеттерден
тұрады.
Негізгі бөлім
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі және зерттелу
деңгейі, зерттеудің нысаны, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, деректі көздері, әдістері
мен тәсілдері, теориялық-әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы айқындалады. Зерттеу
жұмысының теориялық практикалық маңыздылығы көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын
тұжырымдар, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануының барысы баяндалады.
Зерттеу жұмысының «Дарынды балалар психологиясының ғылыми-теориялық
негіздері» деп аталатын бірінші бөлімі үш тараушаға бөлінген. «Дарынды балаларды
зерттеудің педагогикалық-психологиялық сипаттамасы» деп аталатын бірінші тараушада
дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін, олармен ұйымдастырылатын
бірлескен танымдық әрекетті ғылыми -әдіснамалық тұрғыда негіздеу қажеттігі туындайды
десек қателеспеген болармыз.
Психологиялық зерттеулерде дарынды баланың бірден көзге түсетін
ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызады:
 оның шектен тыс жоғары белсенділігі;
 физиологиялық қажеттілігінде аз ұйықтауы;
 танып- білуге деген құштарлығы;
 қолына түскен заттарды реттеп, жүйелеуі;
 қайта құрастыру арқылы жаңа нәрсені ойлап табу әрекеттерін ұнатуы;
 ерте сөйлеуі;
 естігенін сөзбе-сөз қайталауы және тағы сол сияқты қасиеттер жатады.
Сонымен, дарынды баланы тәрбиелегенде қызыққұмарлықтан білім құмарлығына
өсуі өте қажет. Осы орайда, білім құмарлығы тұрақты психикалық білім, яғни білу
қажеттілігіне ауысады. Біз зерттеумізде бұл мәселеге тоқталмаймыз. Бұған кеңес
педагогтары А.К. Дусовицкийдің, Н.Б. Шумакова, Г.И. Щукинаның көптеген қызықты
арнайы зерттеулері берілген. Дегенмен, айта кететін мәселе балалардың жартысының
көбінің қызыққұмарлығы, қоршаған әлемді зерттеуге ұмтылысы білімге деген құмарлыққа
ауыса бермейді. Керісінше, көбінесе дарынды балалар білімге, қоршаған ортаны зерттеуге
ұмтылады. Дарынды балалар өзінің зерттеулеріне шектеу қоюды ұнатпайды және бұл
оның қасиеті болып табылады. Атақты психолог Н.С. Лейтес зерттеулерінде дарындылықбұл мидың ізденуінде ерекше қажеттілік. Көп жағдайда, ең жоғарғы деңгейде
қабілеттіліктердің дамуын қамтамасыз етеді. Аталмыш ғалым баланың білімге
құмарлығын сақтап қалса, онда қабілеттіліктерге тұрақты дамуға стимул береді деп
есептеген.
Кеңес ғалымы В.С. Шубинский шығармашылық процессті үш сатыға бөліп, ондағы
көрінетін қабілеттің қасиеттерін көрсеткен.
Бүгінгі күні педагогика және психология ғылымдарында дарындылықтың 100-ден
астам анықтамасы бар. Осы орайда, психологтар дарындылықтың дамуының сипаты,
сапалы өзгешелігі, деңгейі-бұл әрқашанда тұқымқуалаушылық пен әлеуметтік
институттарда күрделі өзара қатынасының нәтижесі екендігін мойындайды. Дарындылық
белгілері – бұл баланың шынайы іс-әрекеттерінде көрініп, арнайы бақылау арқылы
бағаланатын ерекшеліктер болып табылады. Сонымен бірге, бала дарындылығын оның
мінезінің екі аспектісі ретінде инструменттік және мотивациялық, яғни, «қалаймын» және
«шамам жетеді» деген категориялар негізінде және бірлігінде қарастырған дұрыс.
Біріншісі, әрекет тәсілдері болса, екіншісі шындықтың қандай да бір жағына қатынасы
ретінде сипатталады. Бірінші бөлімді тұжырымдай келе, дарындылықтың дамуына
маңызды әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: «дарындылық»
- бұл интегралды тұлғалық білім, интеллекттік жоғары сатысымен, шығармалық
әлеуетімен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің бірігуін
анықтайды. Сонымен бірге белгілі бір қызмет саласында ерекше жетістікке жетуге
мүмкіндік туғызады.
«Дарындылардың қабілет ерекшеліктерін категориялары мен критерийлері» деп
аталатын екінші тараушада жалпы бүгінгі күні білім беру тұжырымдамасының
бағыттарының өзгерістерге ұшырағанына қарамастан, мектептерде жүргізілетін оқу
бағдарламасын оқушы тұлғасынан жоғары қою әлі күнге дейін кездесіп жатады. Оқыту
білімді меңгеруге, баланың интеллектісін ғана дамытуға бағытталған. Ал, оқушының
тұлғалық және психологиялық шығармашылық қабілеттері көп жағдайда бірінші кезектен
шығып қалып жатады. Осы орайда оқушының тұлғалық және шығармашылық қабілетін
дамытуға арналған жұмыстар тең дәрежеде өткізілуі тиіс. Осы жұмыстарды
педагогтардың жүргізуіне бағыттаушы әрине педагог-психолог болуы тиіс.
Қоршаған ортаның эмоциялық қолдауы бостандық пен сенімділік «Мен»-ді
нығайтады, сол арқылы өз қабілеттерін қолдануға деген батылдық пайда болады. Сол
уақытта интеллекттік қолдау ақпарат пен ойды «қамқорлыққа» алып талаптарға қоршау
жасайды, қоршаған ортасынан балаға мотивация келеді. Дарындылық
жоғарыдағы
факторлар арқылы дами алады.
Бала ата-ана мен педагогтар еркіндік беріп, өзіне керекті деген білімді дамыту
арқылы ғана дарынды бола алатынын сезеді. Олар интеллекттік жетілдіру және
ынталандыру арқылы баланың өзі «дарынды» болғысы келетіндей жағдай жасай алады .
2.2.Эмоциялық
Эмоциялық
қолдау
қолдау
4.4.«Мен»
«Мен»
күші
күші
3.3.Бала
Бала
қабілеті
қабілеті
6.6.Қоршаған
Қоршағанорта
орта
Дарындылыққа
Дарындылыққаәсер
әсер
етуші
факторлар
етуші факторлар
5.5.Түрткілер
Түрткілер
жиынтығы
жиынтығы
(мотивация)
(мотивация)
1.1.Интеллекттік
Интеллекттік
қолдау
қолдау
1-сурет. Дарындылыққа әсер етуші факторлар
Жалпы
Қаб
қабілеттері
Арнаулы
қабілеттері
ілет
Шығармашылық
қиял
Шығармашылық
қабілет
Шығармашылық
Бала
дарындылығы
Қызығушылық
Отбасы
Әлеу
метті
к
инст
итут
тар
Мотивация
Қажеттілік
Мақсаттар
Адам
әрекетіндегі
әлеуметтікмәнді
жетістіктері
Шығармашы
лық ойлауы
Мектеп
Қоғам
Іс-әрекет саласы
Адамтабиғат
-жалпы
психометрик
а-лық;
- спорттық;
орындаушылық;
-
Адам-адам
-әлеуметтік;
-лидерлік
-педагогикалық
-рухани
құндылық
Адамтехника
-компьютерлік;
-техникалық
Адам-көркем
бейне
-шығармашылық
-көркемдікэстетикалық
- көркемсуреттік
-музыкалық
Адам-белгі
жүйесі
-жалпы
интеллекттік
-математикалық
-жаратылыстану
-шахматтық
Cурет-2. Дарындылық сипаттамасы
Көптеген ғалым зерттеушілер сезіну мәселесінің дамуын ең алдымен оқытумен
сипатталады деген тұжырым жасайды (К. Дункер, З.И. Калмыкова, Л. Секей және т.б.).
Баланың өзіндік зерттеу жұмысына көңіл аудару қиынырақ бола отырып, оқыту
қабілетілікті, басқа да шығармашылық сапаларды дамытады. Жоғарыдағы пікір көбірек
теориялық және эксперимент тұрғыда да дәлелденген, олар атақтылар санына жатқанмен,
психологиялық тәжірибеде алынған жалпы санына жатпайды.
«Дарынды балалардың таным процесстері мен тұлғалық
ерекшеліктерінің
психологиялық мәселелері» деп аталатын үшінші тараушада олардың танымдық
процестері мен тән тұлғалық ерекшеліктеріне сипаттама беріледі.
Дарындылардың қиял процесі өте бай бола отырып, анық болып келеді. Өмір
барысында жоғарыдағы айтылған жағдай ойын бөліктерін сақтауға, тапқырлыққа және
іскерлікке негіз болады. Дарындылар іс-әрекет барысындағы, қарым-қатынастағы
ойланбаған жағдайларды тез байқап қояды.
Олардың шамалары жетпейтін мәселелерді шешуге талпынуы олардың даму тұрғысынан
пайдалы болып келеді. Дарынды балалар кейбір қиындығы шамадан тыс емес мәселелерді
шешуде өз құрдастары жете алмайтын жетістіктерге жетеді де, кез-келген жағдайда да
«оңай жетістіктерге жетуім керек» деп санайды.
Көптеген психологиялық әдебиеттерде дарынды балалардың шыдамсыздығы
көрсетілген. Дегенмен, эмоциясы ересектерге тәуелді болып келеді. Зерттеулерге
қарағанда, кішкене балалардың қорқынышы шынай болмайды.
Дарынды балаларға қандай да бір мәселеге жоғары назар аудару тән екендігі
сипатталынған. Біріншіден, жоғары дәрежедегі есеп-міндетке ену, екіншіден,
кедергілерсіз мәліметтерді қабылдау мүмкіндігі болып табылады. Дарынды бала күрделі
және ұзақ мерзімді есеп-міндеттерге бейімділігі арқылы ерекшеленеді. Берілген қасиетті
жағымды деп бағалаған дұрыс, дегенмен, дарынды балада бұл қиын жағдай жай мектепте
оқыған кезде көп кездеседі. Педагогтардың тең жартысы шартты түрде әдеттегідей
қалыпты оқушыға сүйенеді. Жай қабілетті бала жоғары мектеп және бастауыш мектеп
кезден төменгі табалдырықтан өшеді, яғни, ол тез шаршайтындығын және бір іспен
айналысатынын белгілейді.
Магистрлік диссертацияның екінші бөлімі «Мектептегі дарынды балалармен
жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін эксперименттік –
психологиялық жүйелеу» деп
аталады. Бұл бөлім үш тараушаға бөлінген.
«Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау, эксперименттің зерттеу
әдістеріне және сыналушыларға сипаттама» деп аталатын бірінші тараушада
эксперименттік зерттеу жұмысымыз екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде
дарындылықты анықтауға арналған диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Осы орайда,
бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық және психологиялық тұрғыда жеке бас
даму қасиеттері мен осы кезеңде көрініс беретін дарындылық ерекшеліктерін анықталды.
Екінші кезеңде дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарда педагогпсихологтың қызметін негіздеу. Бастауыш сынып баласының бойындағы шығармашылық
үшін тиімсіз қасиеттерді ескере отырып, оқу-тәрбие процесінде педагог әрекетін қайта
қарастыру басты назарға алынады.
Зерттеу жұмысымыздың сыналушылары, яғни дарынды балалардың танымдық
әрекетінің дамуы төмендегідей ерекшеліктерге ие:
Білуге деген
Білуге деген
құштарлығы
құштарлығы
Ойлау қабілетінің
Ойлау қабілетінің
жоғарлығы
жоғарлығы
Терең ойлауы
Терең ойлауы
Болжамдылық
Болжамдылық
қабілеті
қабілеті
Жаңа ой тудыру
Жаңа ой тудыру
қабілеттілігі
қабілеттілігі
Дарындылардың
Дарындылардың
танымдық
әрекетінің
танымдық әрекетінің
ерекшеліктері
ерекшеліктері
Зейіннің
Зейіннің
жоғарылығы
жоғарылығы
Ассоциацияға
Ассоциацияға
жеңілділігі
жеңілділігі
Өтежақсы
жақсыесте
есте
Өте
сақтау
мүмкіндігі
сақтау мүмкіндігі
Қызығушылығы
Қызығушылығы
мен
қабілеттілігі
мен қабілеттілігі
3-Сурет. Дарындылардың танымдық әрекетінің ерекшеліктері
«Дарынды оқушылардың оқу мотивациясының психологиялық ерекшеліктері» деп
аталатын екінші тараушадан тұрады. Дарынды оқушы үшін бірнеше оқу жұмысы
жағдайындағы бір мінез-құлық әртүрлі мәнге ие болады. Мәселен, оқушы басқа біреуге
сөз көмегін ұсынды: бір жағдайда ол өзі жақсы жолдас атағына ие болғысы келеді, екінші
жағдайда басқа адамның қиындығын түсініп, шын көңілмен көмек қолын ұсынады. Егер
педагог бұл бір жағдайдың екінші жағын көре алса жақсы болар еді. Оқушының
бағыттылығы мен шын мотивтері туралы білім педагогке оқушының адамдармен қарымқатынас жасауда, әртүрлі іс-әрекетке араласқанда оның мінез-құлқын бағалауға
жәрдемдеседі.
«Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог- психолог қызметін
анықтау» деп аталатын үшінші тараушада дарындылықты психодиагностикалау
бағыттындағы жұмыстар жүргізілді.
Педагог-психологтың дарындылармен психодиагностикалық жұмысын анықтау үшін
біз психология ғылымындағы негізгі тұжырымдарды жүйелеп отырмыз.
Бірінші бағыт: Дарынды балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері.
Интеллекттік тапсырманы орындаудағы жетістіктер мен орталық жүйке жүйесі
қызметі арасындағы корреляциялық тәуелділікке бағытталған тұжырым (А.Н.Лебедев,
В.Д. Небылицин, Р. Стернберг).
Бұл тұжырымдарға сүйенсек дарындылықтың
төмендегідей физиологиялық негіздерін анықтауға болады:
 оң жақ ми нейропсихологиялық басым болса, жаратылыстану-математикаға
бейім болады;
 сол жақ ми қызметі басым балалар қоғамдық-гуманитарлық бағытқа бейім
болып келеді.
Осы орайда, балалармен жұмыстарды жүргізуде психофизиологиялық ерекшеліктері
ескеру басты мәселелердің бірі ретінде алға шығады.
Екінші бағыт: Психогенетикалық- интеллектінің дамуында генотип пен ортаның
детерминантын негіздейді (Ф. Гальтон, М.С. Егорова, Т.М. Марютина, И.В.Равич-Щербо).
Үшінші бағыт: Тестология- интеллекті мен когнитивті функцияларды
психологиялық өлшеу (Бине, Г.Айзенк, Р. Амтхауэр, Д. Векслер, Дж. Равен).
Төртінші бағыт: Жалпы психологиялық- дарындылықтың қайнар көзі ретінде
ойлауды және когнитивті функцияларды зерттеуге басым бағдарланады. Бұл бағыт
гештальпсихологиядан (М. Вергеймер, К. Дункер, Л. Секей) бастау алады. ХХ ғасырда
шетел
(Дж.Гилфорд,
Г.Клюке,
А.Осборн)
және
кеңес
психологиясында
(А.В. Брушлинский,Л.Ф. Бурлачук, Л.С. Выготский, З.И. Калмыкова, С.Л.Рубинштейн,
Я.А. Пономарев, Д.Б. Эльконин) дамыды. Осы бағыттың бір арнасы- дарындылықты
қабілет құрылымында зерттеу (Э.А. Голубева, В.А.Крутецкий, Б.М. Теплов,
Е.М. Торшилова).
Бесінші бағыт: Әлеуметтік-психологиялық- интеллекттік қабілеттердің
аффективті даму деңгейімен және индивидтің әлеуметтік статусымен корреляциялау
мәселесін қарастырады (А.Г. Асмолов,В.С. Мухина).
Мектеп педагог-психологы дарындылықты диагностикалауда белгілі бір
принциптерге сүйенуі тиіс. Білім беру дәстүрлеріне сәйкес
дарындылықты
психодиагностикалауда мынадай принциптерге сүйену қажет: кешенді бағалау принципі;
ұзақ уақыт принципі; тренингтік әдістерді пайдалану принципі; баланың мүмкіндік
әлеуетін ескеру принципі.
Дарынды балаларды пилотажды зерттеу арқылы психодиагностикалауды төмендегі
төрт деңгейде ұйымдастыру керек.
1-кесте. Дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдаламасы
№
1
1
Деңгей
2
Анықтау деңгейі
Сипаттамасы
3
Бала туралы алғашқы мәліметтер жинақталады. Бұл жерде
мәліметтер педагог-психологтардан, педагогтардан, ата-аналар
мен балалардан жинақталады.
 Педагог-психологтарға ұсынылатын тесттер:
1. Интеллекттік дамуды анықтауға арналған Д.Векслер, Дж.
Равен тестілері;
2. Креативтілікті бағалауға арналған «Шығармашылық
ойлаудың қысқаша тестісі (мүсін форма)» (И.С. Аверин,
Е.И. Щебланова бейімдеген П. Торренс тестісі); «Ерекше
пайдалану» (И.С. Аверин, Е.И. Щебланова бейімдеген
Дж. Гилфорд тестісі);
3. Психоәлеуметтік дамуды бағалауға арналған әдістемелер
(Р. Кеттелдің «16PF» тестісі)
 Педагогтарға:
1. «Дарындылық картасы»;
2. «Бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған
қызығушылық картасы»;
3. «Анкета-мінездеме» (Дж. Рензули бейімдеген);
4. «Интеллекттік портрет» әдісі;
 Ата-аналарға ұсынылатын әдістер:
1. «Дарындылық картасы»;
2. «Ата-аналарға анкета»;
3. «Бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған
қызығушылық картасы»;
4. «Баланың жалпы дарындылығын бағалау әдісі».
2
Бағалау-коррекциялық
кезең
Бұл кезеңде алынған алғашқы мәліметтердің нақтылауға
бағытталады. Бұл жерде тренингтік әдістер пайдалану ұсынылады.
3
Өзіндік бағалау кезеңі
Балаға өзбетінше жұмыс жасау үшін тапсырмалар ұсынылады.
4
Қорытынды таңдап алу
кезеңі
Бұл кезеңде баланы зерттеу барысындағы мәліметтер жинақталып,
дарынды балалар іріктеледі.
Дарындылықтың теориялық зерттеулеріне талдау жасай келе, оның түрлерін
зерттеу әдістерін жүйелеп отырмыз.
2-кесте. Дарындылық түрлерін психодиагностикалау әдістері
№
1
1
Дарындылық түрі
2
Психомоторлық дарындылық
Диагностикалау әдісі
3
 11 субтесттен тұратын тұратын Пурдье тестісіперцептивті-қозғалыс қабілетін анықтау;
 Крауфордтың ұсақ заттармен манипуляциялау икемділігі
тестісі;
 Д.Арнхеймнің және У. Синкердің негізгі қозғалыс
дағдыларына
негізделген тест-баланың
көз,
қол
қозғалыстарын орталықтандыру қабілеті;
 К.Беррптің көру-қозғалыс координациясы тестісі-арнайы
аппараттың қажеттіліг жоқ, мұнда тек қағаз және
карандаш ғана қажет. Балаға біртіндеп күрделеніп
салынатын 24 сурет салу сұралады.
2-кестенің жалғасы
1
2
2
Интеллекттік дарындылық
3






3
Шығармашылық
дарындылық




4
Қарым–қатынас
аймағындағы дарындылық


А.Биненің интеллектіні анықтауға арналған тестісі;
Л.Терманның ақыл дарындылығын анықтауға арналған
тестісі;
Когнитивті ептілік тестісі;
Р.Кеттелдің «Мәдени тәуелсіз» интеллектік тестісі;
Векслер тестісі;
Р. Амтхауэрдің интеллект құрылымы тестісі;
Дж.Гилфордтың креативтілікті анықтауға арналған тестісі;
Бейнелік шығармашылық ойлауды анықтауға арналған П.
Торранс тестісі;
Вербальді шығармашылық ойлауды анықтауға арналған
П.Торранстың тестісі;
С.Римм
ұсынған
талантты
анықтауға
арналған
қызығушылық тестісі.
Психологиялық-педагогикалық тренингтер;
Қарым-қатынас тренингтері
Осы бөлімде дарынды балалардың даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
бағытындағы жұмыстарға тоқталып отырмыз. Дарындылар дегенде біз үлгірімі жоғары,
тәртіпті, ұқыпты және тиянақты және т.б. жағымды қасиеттер тән бала назарға алынады.
Дегенмен, дарынды балаларға барлық жас ерекшеліктерде кездесетін жағымды және
жағымсыз психологиялық ерекшеліктер тән. Осы орайда, дарынды балалардың
психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде ғалымдар жағымсыз ерекшеліктерді де атап
көрсетті. Олардың топтамасын төмендегіше береміз:
3-кесте. Дарынды балалардағы жағымсыз психологиялық ерекшеліктер
№
1
Автор
К.Тэкэкс
2
Л. Холлингуорт
3
Дж. Уитмор
Жағымсыз қасиеттер
Әсіреленген қорқыныш сезімі
Әңгімелесушіні соңына дейін тыңдамау, қайта-қайта бөле
беру
Басқаларды түзетуге әдеттену
Айналасындағыларға талап қою
Мектепке жағымсыз қатынас
Философиялық мәселелерге бой ұсыну
Шынайы емес мақсаттар қою
Шектен тыс сезімталдық
Ересектердің назарында болуға ұмтылу
Шыдамсыздық
Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық бағытын зерттеу кезінде, олардың
осы жастағы қызығушылығы тұрақсыз болатындығын ескеріп отыру керек. Дегенмен, бұл
зерттеу жұмысынан бас тартуы себепкер болмауы тиіс. Баланың қызығушылығы мен
бейімділігі анықталмай, педагогикалық іс-әрекет нәтижелі болмайды.
Қорыта келе, дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінде де өзгерістер
байқалды. Олар бұған дейін ешбір ескертулерді көтермей, тек балалардың алды болуға,
өзгелер алдында өзімшілдік қасиеттерімен сипатталса, эксперименттен кейін
айналадағылармен санаса білетін, берілген ескертпелерге қалыпты қарай білетін,
достарының алдында өзін адекватты бағалайтын тұлға ретінде танылды. Себебі, педагогпсихолог қызметі жүйелі түрде жүргізіліп, жоғарыда айтылған талаптар педагогтар
тарапынан орындалуы шарттардың бірі ретінде алдыңғы қатарға шығады.
Дарындыларға оқуда қиындық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты,
ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын балалар жатаны белгілі. Мұндай
балалар барлық педагогтарға ұнайтыны сөзсіз. Дегенмен біз жұмысымызда дарындылық
тұжырымдамаларына негізделе отырып, жағымсыз қасиеттерін жүйелеп отырмыз. Осы
жағымсыз қасиеттерін назарда ұстай отырып, олармен педагогикалық-психологиялық
қызметті ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Жұмысымызда дарындылықты
психодиагностикалау бағыттары қарастырылды. Осы бағыттарды басшылыққа ала
отырып, педагог-психолог дарындылармен жүргізілетін жұмыстары жүйеленді.
Білім беру жүйесінде педагогтардың дарындылармен жүргізілетін жұмыстарының
басты мақсаттарының бірі олардың шығармашылық жұмыста өзінің әлеуетін жүзеге
асыруға дайындығын қалыптастыру болып табылады.Оқу-тәрбие процесінде қойылған
мақсатқа жету үшін дарындылардың оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оның
когнитивті белсенділігін дамыту үшін кешенді бағдарламалар құрылу керек.
Бұл бөлімде біз дарындылармен жұмыс түрлеріне, педагог тұлғасына қойылатын
педагогикалық-психологиялық талаптарға, педагог-психологтың психодиагностикалық
жұмыстарына, дарынды балалармен жұмыста кездесетін келеңсіз жағдайларға тоқталып
өттік. Сонымен эксперимент нәтижелерін қорыта келе мына жағдай анықталды:
1. Мектепте дарындылықты анықтауда және оны дамытуда педагог- психолог
қызметінің рөлі ерекше;
2. Бастауыш сынып жасы когнитивті әрекеттердің сензитивті кезеңі болып табылады.
Сондықтан қабілет құрылымындағы дарындылықты ерте кезден анықтап, оны
дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі мазмұныға келтіру басты мәселелердің
бірі;
3. Қабілет құрылымындағы дарындылықтың өзіндік сипаты мен ерекшеліктері бар;
4. Дарындылықты кешенді әдістер арқылы дамыту әлеуетін жоғарылатуға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл ғылыми зерттеу жұмысының жоғарыдағы екі тарауында қарапайым балалардан
ерекшеленетін дарынды балалар мәселесі қарастырылды.
Осы уақытқа дейін елімізде небір дарынды да, талантты адамдар шықты. Дарынды
адамдар өзінің қандай да әрекет сферасында қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсетіп,
қоғамымызға қаншама жаңалықтар енгізіп отырғаны белгілі. Шын мәнісінде дарынды
балалар қарапайымдар сияқты, қоршаған ортадан ойымен, ісімен, ықыласымен
ерекшеленетінін түсінбей қалатын жағдайлар кездесіп отыр. Дарындылар
үшін
басшылық, жетекшілік, көсемдік және озаттық іс секілді қасиеттер үлкен рөл атқарады.
Олар өзімен жасты балалармен көбінесе топтағы жетекші және ұйымдастырушы рөлді өз
қолына алады. Мұндай бақылауларға негізделе отырып, көптеген зерттеушілердің
көзқарасы бойынша дарынды балаларда басқа балалар үстінен басшылық ету бейімділігі
бар деуге болады.
Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагог-психолог мамандардың атқаратын рөлі
бір бөлек. Тұлғаның қалыптасу заңдылығын білу педагог үшін объективті түрде оқутәрбие процесінде мақсаттар қоюға және оның жұмыстарының нәтижелі болуына өз
жәрдемін тигізері сөзсіз. Педагог-психологтың дарындыларды зерттеу жұмыстарын
психологиялық тұрғыдан бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болады.
Дарындыларды зерттеудегі педагог-психолог қызметінің құрылымындағы басты
бөліктер төмендегідей:
 оның бағыттылығы, яғни, өмірлік позициясы, сенімі, талғамы мен қызығушылығы;
 тұлғаның танымдық-психикалық қасиеттері (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау және
қиял, яғни танымдық процесстері);
 адамның сезімі және ерік-жігері;
 тұлғаның темпераменті, яғни, мінез-құлқының табиғи ерекшелігі;
 тұлғаның мінезі (психикалық сипаты);
 тұлғаның қабілеті (іс-әрекет мүмкіншілігі).
Дарынды балалардың ерте сөйлеуі мен абстрактылы ойлауға негізделген есте сақтауы
жақсы жетілгендігі туралы жоғарыда айтылған болатын. Олар топтастыру қабілетінде
және мәлімет пен тәжірибені категориялауда бар білімді кең көлемде қолдану
ерекшелігімен байқалады. Сонымен қатар, топтастыру мен шешімге бейімділігі басым
болады. Дарынды балалардың сүйікті ісі көп жағдайда коллекция жинау. Балаларға өз
коллекциясын жүйелеп жинау мен қайта жасау жоғары қуаныш сезімін әкеледі, дегенмен,
әсемдеу, тәртіппен жинау олар үшін мақсат болып табылмайды.
Қорытындылай келе, дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің,
өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің, бәрінің кілті - мыңды жығатын білімде бола
отырып, оны дамытуды педагогтардың дұрыс үйлестіре білуі басты мәселелердің бірі
ретінде алға шығады.
Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде біз төмендегідей ұсыныстарды ұсынамыз:
 дарынды балалармен жұмыстарды жүргізу бағыттары бойынша педагогпсихологтардың тәжірибесі насихатталса;
 дарынды балаларда кездесетін жағымсыз қасиеттерді психокоррекциялау жұмысы
жүйеленсе;
 дарынды балалардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бойынша
мектеп педагогтарымен және ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстары
жүргізілсе;
 дарынды балаларды психодиагностикалау бағытында кешенді зерттеу жұмыстары
жүргізілсе.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі.
1.
2.
Дарынды балалар- ел болашағы.
«Жас ғалымдардың жинағы» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің 75 жылдыққа арналған (баспада).//
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері.
//«Жаңа формациядағы педагогтарды даярлау мақсатында
инновациялық технологияларды оқу -тәрбие үрдісіне енгізу
мәселелері» атты Халықаралық ғылыми –тәжірибелік интернетконференцияның материалдары. І том.-80-83 б.
Шымкент-Мәскеу, 2012.//
РЕЗЮМЕ
Мустаяпова Гулжайна Болаткызы
Деятельность педагога и психолога в организации работы с одаренными детьми
6М010300 –«Педагогика и психология»
Цель исследования: основать научно-методическую деятельность педагога психолога в организации работы с одаренными детьми
Задачи исследования:
- научно – теоретически анализировать проблемы природного дара, которые
изучаются в науке психологии;
- систематизировать процессы способности и познаваемости у одаренных детей;
- выявлять деятельность педагога - психолога в организации работы с одаренными
детьми;
- из проведенных работ с одаренными детьми уметь делать педагогические и
психологические выводы;
Предмет исследования: деятельность педагога - психолога в организации работы с
одаренными детьми.
Объект исследования: работы с одаренными детьми
Научный прогноз исследования: если психология одаренных детей
обосновывается научно - теоретически, систематизируются деятельность педагога психолога в организации работы с ними, тогда потенция развития талантливости на
структуре способности высокая.
Научная новизна:
-изучены способности одаренных детей на основе теоретического анализа;
-систематизирована деятельность педагога - психолога в организации работы с
одаренными детьми;
-предложена программа определения психодиагностического уровня способностей;
- выявлены негативные обстоятельства, которые встречаются во время работы с
одаренными детьми;
-систематизированы задачи для педагогов, с которыми они сталкиваются во время
работы с одаренными детьми.
Предлагаемые варианты для защиты:
- Особенные качества присущие талантливым детям познающиеся в процессе
изучения;
- особенная роль педагога-психолога в развитии таланта;
- в науке психологии системность работы педагога –психолога с одаренными детьми;
- индивидуальные негативные качества присущие одаренным детям.
Использованные методы исследований:
-теоретический (психо - педагогический анализ документа, научная литература,
термины);
-эмпирический (экспериментальные работы).
Для экспериментального анализа были использованы следующие методы:
-тест П. Торенса для определения творческой талантливости;
- упражнения для развития когнитивных действий одаренных.
Теоретическая
ценность исследования: работа
педагога - психолога была
систематизирована с целью исследования определения потенции одаренных детей в
школе.
Сведения и заключения:
в учебно-воспитательном процессе учитывались
психологические особенности талантливых детей.
Практическая значимость исследования: результат исследования можно использовать
не только в школах на практике для определения одаренных детей, но и предметники
могут тоже использовать их в своих трудах.
Структура диссертации:
В диссертации заключено введение, две главы, заключение, использованная
литература и приложения.
Во введении написана актуальность исследования, цель, объект, научный прогноз,
задачи, научная новизна и теоретическая
значимость, практическая ценность и
заключение.
RESUME
Mustayapova Guljaina Bolatkyzy
The activities of the teacher and psychologist in the organization of work with gifted
children
6M010300 - "Pedagogy and Psychology"
The aim of the research: to establish a scientific and methodological work of the teacher
and psychologist in an organization working with gifted children
Objectives of the Research:
- to analyze scientifically and theoretically the problem of natural gifts, which are studied
in the science of psychology;
- to organize the process of ability and intelligibility in the gifted children;
- Identify the activities of the teacher and the psychologist in an organization working
with the gifted children;
- to be able to do pedagogical and psychological findings from the conducted work with
gifted children;
Subject of the research: the activities of the teacher - and the psychologist in an
organizing the work with gifted children.
Object of study: the work with gifted children
Scientific forecast of the research: if the psychology of the gifted children is justified
scientifically - in theory, the work of the teacher and the psychologist is systematized in an
organizing the work with them, then the potency of talent will be in high position.
Scientific novelty of the research:
- the ability of the gifted children is examined on the basis of theoretical analysis;
- the work of the teacher and the psychologist is systematized in an organizing the work
with the gifted children;
- a program is done to identify psychodiagnostic level of the ability;
- the negative circumstances are identified that will occur during the work with the gifted
children;
- the tasks for the teachers are systematized that they faced during the work with the
gifted children.
Suggested options for protection:
-Special-quality is learned in the process of learning which is inherited only to the talented
children;
-special role of the teacher and psychologist in the developing the talent;
-the work of the teacher and the psychologist is systematized in the science of psychology
with the gifted children;
-individual negative qualities are inherited to the gifted children.
The used methods in the research:
- theoretical (psycho - pedagogical analysis of the document, scientific literature, the
terms);
-empirical (experimental work).
For the experimental analysis, we used the following methods:
-Test of P. Thorens to determine the creative talent;
- Exercises for the developing the cognitive actions in the gifted children.
The theoretical value of the research: the work of the teacher and the psychologist has
been systematized in order to determine the potential of the gifted children in school.
Conclusions:
- psychological features of the talented children were considered in teaching and
educational process.
Practical importance of research: the result of research can be used not only at schools in
practice to define the gifted children, but also subject teachers can use it too in their works.
The structure of the dissertation work: The introduction, two chapters, the
conclusion, the used literature and appendices.
The aim of the research, the object, the scientific forecast, the tasks, the scientific novelty and the
theoretical importance, practical value and the conclusion are written in introduction.
Download