Uploaded by Ainur Abdikadirova

Абдикадирова Айнур СОӨЖ 108

advertisement
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
№1 СОӨЖ
Топ: ҚБ-108
Тақырыбы: Қaзaқ фoнeтикacынa қaтыcты әдeбиeттepдi
жинaп, библиoгpaфияcын жacaу.
Орындаған:Абдикадирова.А
Қабылдаған: ф.ғ.к.,проф Жүніс.М
1 І.Кеңесбаев КеңесбаевІ.Қаза
(1907-1995) қ тіл білімінің
мәселелері/
Құраст.: ф.ғ.д.
Ғ.Əнес. –
Алматы:
«Абзал-Ай»
баспасы, 2014. –
640 бет.
Еңбекте
I. Дыбыс үндестігі туралы түсінік
Қазақ тілінің дауысты, дауыссыз фонемалары
сөз ішінде, сөздердің
аралығында бір-бірімен артикуляция жағынан,
көбінесе, өзара үйлесіп,
Қиюласып отырады. Сөйлеу процесінде сөз
бөлшектері де (түбір мен
қосымша немесе буын мен буын, дыбыс пен
дыбыс), бір сөз бен екінші
сөз де өздерінің айтылуы жағынан ыңғайласа,
үйлесе келеді. Дыбыстардың үндесуі дегеніміз - артикуляция
жағынан жуық (үйірлес) дыбыстардың біркелкі келуі. Басқаша айтқанда,
сөз ішіндегі не сөздер
аралығындағы дыбыстардың айтылуына қарай
(дауыс қатысы, жасалу
орнына қарай) ішінара жапсарласып,
жанасуын дыбыстардың үндесуі
дейміз. [357]
Дыбыстардың үндесуі мынадай түрде
ұшырайды:
1. Бір сөздің құрамында бірыңғай жуан
дауысты дыбыстар болады;
мысалы: бал + дың, он + ға, он+дар + да,
жол+ға, жыл + ға, жыл +
дың, құн + ды, т.б.
2. Бір сөзде бірыңғай жіңішке дауысты
дыбыстар болады; мысалы:
сән+ге, ер + ді, ер+лер + ге, ін+дер + де, түн +
де, жез + ді, т.б.
3. Қатаң дыбыстан кейін қатаң дыбыс
келеді; мысалы: хат+ қа,
хат + тар, студент + піз, кес + тік, кес+пe,
Ташкент+тік, т.б.
Лаж + сыз (айтылуы лаш+шыз), Дос+жан
(айтылуы Дош+ шан)
тәрізділер де осы топқа енеді.
4.Ұяңнан кейін үяң келеді; мысалы: өзіміз +
біз, жаз + ды, жаз +
ба, күз + де, қаз + дар, күз+дік, т.б.
Көк дөнен (айтылуы көгдөнен), боз құнан
(айтылуы бозғұнан)
тәрізділер де осы топқа жатады.
5.Үндіден (не дауыстыдан) кейін үнді немесе
ұяң келеді; мысалы:
қар+лар, инженер+міз, нан+ның, бала+лар, бала
+дан, бала + мыз,
бала+лық, бала + ға, қар + дан, т.б.
Ақешкі (айтылуы ағешкі), қап + әкел (айтылуы
қабәкел), ала кел
(айтылуы алагел) тәрізділер де осы топқа
жатады.
6. б, п дыбыстарының алдынан келген к
дыбысы м дыбысына айналады да, қ, к, ғ, г дыбыстарының алдынан
келген н дыбысы ң дыбысына айналады; мысалы: Құрманбек (айтылуы
Құрмамбек), Жанпейіс (айтылуы Жампейіс), сенбеді (айтылуы сембеді),
Аманқұл (айтылуы
Амаңқұл), Жанқабыл айтылуы Жаңғабыл),
түнгі (айтылуы түңгі), Сәрсенкүл (айтылуы Сәрсеңкүл), т.б.[358]
Менің ойымша
сингармонизм тілдің бүкіл фонетикалық бей
несін және дыбыс жүйесі мен буын жүйесінің
ерекшелігін, сөйлеу нормасын айқындайтын
құбылыс деп түсіндім. Ісмет Кеңесбанвтың
айтуынша
сингармонизм бойынша сөздер не бірыңғай
жуан, не бірынғай жінішке, не еріндік,
не езулік болып айтылады.
Еңбекте
Ерін үндестігі (лабиальдық аттракция немесе
лабиальды сингармонизм) Қазақ тілінде езу үндестігіне
(палатальдық аттракцияға немесе
лингвальдық сигармонизмге) Қарағанда өте
сирек кездеседі. Əдеби тілде
(жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігі
тіпті еленбейді десе де
болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің
қазіргі қазақ әдеби тілі
үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге
болмайды.
«Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін
үндестігі тіпті еленбейді десе де болады. Осыған
қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін
айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды». Ал
келесі бетте мынадай жолдар жазылған:
«Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін
үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш
буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін
дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік
ықпалы анық сезіліп тұрады: үшінші буында
солғындау сезіледі». Осы қағида фонетика
оқулығының кейінгі басылымдарында да
өзгеріссіз қайталанып жүр.
Бұдан шығатын тұжырым: қазіргі қазақ
тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ,
ү,) келіп, екінші буында езулік е, ы, і әріптері
жазылса, онда оларға (е, ы, і) еріндік (ө, ұ, ү,)
дауыстылардың міндетті түрде әсері болады. Тіпті
«Қазақ тілінде өзге түркі халықтарының
тілдеріндегі сияқты еріндік дауысты дыбыстар
үндестігі жоқ» - дейтін автор да: «құлұн, жұлұн,
төсө сияқтанып естіліп тұрса да» - дейді. [362]
Download