АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 1 АННОТАЦИЯ Бұл зерттеу жұмысында ауыл мектебіндегі білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету үшін 12 жылдық білім беруге өту реформасын және сапалы білімге қол жеткізу үшін қолданылатын заманауи оқыту технологияларын ерекше маңызды екенін атап өттік. Еліміздің әлемдік озат тәжірибені және білім беру саласындағы көшбасшы елдер тәжірибесін ескере отырып, оны табысты жүзеге асыруға арналған барлық шараларды осы зерттеу жұмыста тереңірек қарастырдық. 2 ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР ЭЫДҰ - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы; ҒЗТКЖ - Ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар; GLP - Good Laboratory Practice – тиісті зертханалық практика; GPS - Good Scientific Practice – тиісті ғылыми практика стандарттары; ҒЗЖ – ғылыми зерттеу жұмыстары; TIMSS - Trends in International Mathematics and Science Study; IEA - International Association for the Evaluation of Educational Achievement; PISA - Programm for lnternational Student Assessment; БҰҰ – Біріккен Ұлттар ұйымы; ОЖСБ - Оқу жетістіктерін сырттай бағалау. 3 ЖОСПАР КІРІСПЕ................................................................................................................... 5 І. ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ................................................................................................................. 10 1.1 «Білім сапасы» мазмұнына сипаттама.......................................................... 10 1.2 Ауыл мектебінің білім беру жүйесіне жалпы сипаттама........................... 22 ІІ. АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ................................................................................................. 32 2.1 Ауылдық мекендердегі шағын жинақталған мектептің педагогикалық үдерісті ұйымдастыру ерекшеліктері және мәселелері.................................... 32 2.2 Ауыл мектебіндегі 12 жылдық білім беру мәселесі және болашағы........ 42 ІІІ. АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ............................................................................................................ 52 3.1 Ауыл мектебінің білім сапасын басқару және білім сапасын арттыру тәсілдері................................................................................................................. 52 3.2 Ауыл мектептерінің сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолдары...... 74 ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 97 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................... 99 4 КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі нарық жағдайындағы ауыл мектебіне, оның ауылда орналасқан шағын жинақталған мектептерге мемлекет тарапына ерекше қамқорлық қажет. Бүгінгі таңда ауылдық жерлерде қалыптасқан жағдай ешқандай сын көтермейді. Оңтайландыру себептерімен ауылдық жерлердегі мектептердің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде орналасқан шағын жинақталған қазақ мектептерінің жабылуы ешкімді де бейтарап қалдырмайды[10]. Жалпы білім беретін ауыл мектептерінің қала мектептерімен салыстырғанда айырмашылықтары бар. Атап айтқанда, олар ауыл мектептерінің көбіне тән шағын жинақталған сипаты, ауыл мектептерінің ірі мәдени, ғылыми орталықтардан алшақтығы, шалғай елді мекендерде орналасуы, ауылдық жерлерде мектепке дейінгі, мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жеткіліксіз болуы, мектепке қарасатын шағын аудандарының аумақтық жағынан шашыранқылығы және тағы басқа секілді[15]. Кез келген мемлекетттiң өркениеттiлiгi онда өмiр сүретiн халықтың бiлiм деңгейiмен бағаланады. Ал өркениеттiлiктiң негiзi мектепте қаланып, мектепте қанат жаяды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында сөйлеген сөзiнде: “Мектеп туралы мәселенiң көтерiлiп жатқаны өте дұрыс. Мектеп әлеуметтiк мәселелердiң iшiндегi ең өзектiсi”,- деген пiкiрі айта келе әсiресе ауыл мектебiн өркендетуге, ауыл мектебiнiң жағдайын жақсартуға баса көңiл бөлу қажет екенiне баса мән бердi. Сол себепті де қазiргi нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының бiлiм беру ісін ұлттық құндылықтар мен әлемдiк педагогика жетiстiктерiн ұштастыру аясында дамытудың ғылыми-әдiснамалық негiздерiн жасау мақсатында жүйелi жұмыстар жүргiзудiң қажеттiгi заман талабынан туындап отыр. Ауылдағы бiлiм мекемелерін реформалап, оны нарықтық экономика жағдайында нормативтiк құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк негiзде ұйымдастыру, басқару, қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз ету, ауыл мектептерiнің құрылымдық жүйесiн жетілдіруді қоғамдық өмiр мен әлеуметтiк құбылыстардың ерекшелiктерiн ескере отырып, дамыту да өзекті мәселелер қатарынан орын алып отыр. Мұндағы зерттеуіміздің мақсаты, ауылды қайта көркейтіп, дамыту және жастарды өркениеттілікке ұмтылдырып, білімді де тәрбиелі, ұлтын, туып өскен жерін қадірлеп, жаңалыққа талпынысын қанағаттандыру. Жалпы алғанда, қадір-қасиетін түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді, руханиадамгершілігі бар, ұрпақ тәрбиелеу мақсатымен ауыл мектептерінде сапалы білімге қол жеткізу болмақ[11]. Ауыл мектептерінің жұмысы мен олардың дамуын тарихи аспектіде қарастырған еңбектерде біршама (В.М.Величкина, П.Жильцов, А.Е.Кондратенков, Г.Ф.Суворова және тағы басқа). бұл зерттеу жұмыстарында ауыл мектептерінің тарихына жалпы сипаттама берілген. 5 Қазақстандағы ауыл мектептері дамуы туралы зерттеулерді Шұғаеваның «Қазақстанда ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуы» атты диссертациялық жұмысында қарастырған. Ауыл мектебі туралы ғалымдар М.П. Гурьянова, Л.Ф.Стирлин мен Е.С.Зайцева, Ғ.Жалғаспай, Ә.Сәдуақасұлы және т.б. «Ауыл мектебі – оқушыға білім беретін орын ғана емес, ауылдың бүкіл мәдени өміріне қан жүгіртетін, рухани қосуына ықпал ететін ордасы» және ауыл аумағында орналасқан жалпы білім беру, ұйымдар түрлерінің жиынтығы, олардың территориялық орналасуы, әлеуметтік ортасы, ұлттық құрылымы әр түрлі, оқушылардың білім және еңбек дайындығының ерекше міндетін орындауға және балалардың білім талаптарын қанағаттандыруға тырысады. Ауыл мектебі дегеніміз жас ұрпақтың өй – өрісін жан-жақты дамытып, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және халықтық педагогиканың негізінде мол мұраларын пайдалана отырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығы. Ауылдағы мектептердің білім сапасын қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда зерттеліп және ғылыми – әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі және аталмыш мәселенің қоғам талабына сай қарастырылмауы арасында қарама-қайшылық орын алып отырғандығы байқалады. Осы қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты қоғам талаптарына сай ауыл мектерінде сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолдары мен шарттарын қайта құрастыру мен белгілеу біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбы «Ауыл мектептеріндегі сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолдары» деп таңдауымызға негіз болды. Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазіргі ауыл мектептеріндегі сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолдарының ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу. Зерттеу объектісі: Ауыл мектептеріндегі білім беру жүйесі. Зерттеу пәні: оқушылармен атқаратын қызметтің міндеті. Зерттеудің міндеттері: - Қазіргі ауыл мектептердегі сынып оқушыларын оқытуда заманауи тәсілдерді қолдану; - Ауыл мектептерінде кездесетін кемшіліктерді жою; - Педагогикалық ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, оқушының жан-жақты дамуына, тұлғалық және жеке даралық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету; - Білімді, саналы, заманауи ақпараттармен қамтылған ұрпақты тәрбиелеу. Зерттеу жұмысының деректік негізі. 1) Салыстырмалы педогогика бойынша ғалымдар мен мамандардың жұмыстары (Н.Е. Воробьев, Б.Л. Вульфсон, А.Н. Джуринский, А.К. 6 Кусаинов, З.А. Малькова, В.В. Мосолов, К.С. Мусин, В.А. Мясников және басқалары); 2) Заңнамалық, құқықтық-нормативтік құжаттар (жарлықтар, заңдар, қаулылар, бұйрықтар, нормативтік актілер мен ережелер, білім беруді дамыту тұжырымдамасы, білім беруді дамытудың стратегиялық бағдарламасы, , білім беру стандарттары) және халықаралық ұйымдардың құжаттары (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ); 3) Зерттелетін мәселе бойынша тарихи-педогогикалық зертеулері (А.Е. Алекторов, H.A. Бобровников, A.B. Васильев, С.М. Граменицкий және басқалары); 4) Ресей және Қазақстан зерттеушілерінің ғылыми-педогогикалық еңбектері (Ж.Б. Амерханова, Р.Б. Ахмедова, К.Б. Бержанов, А.К. Богенбаева, Г.К. Задорожный, А.К. Игибаева, К.К. Кунантаева, О.Д. Мукаева, К.В. Романенчук, А.И. Сембаев, Т.Т. Тажибаев, Г.М. Храпченков, В.Г. Храпченков, И.Н. Шевченко және басқалары); 5) отандық және Ресейлік мерзімді басылымдар (Педагогика", "Альма Матер", "Народное образование", "Қазақстанның Педагогикалық хабаршысы", "Средняя школа Казахстана", "Ашық мектеп", "Шығармашылық педагогика", "Білім", "Столичное образование", "Іздеу", "Евразия" және т.б.); 6) Қазақстан және Ресейдің білім беру туралы жыл сайынғы есебінің статистикалық жинағы; 7) қазақстан Республикасының мемлекеттік web-сайттары: Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің сайты, www.edu.gov.kz, Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, www.akorda.kz, Сорос – Қазақстан қоры - www.bilim.kz, білім беруді ақпараттандыру бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік орталық www.unesco.kz, білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары Ұлттық орталығы - www.testcenter.kz, «Дарын» республикалық дарынды балалар мектебі - www.daryn.kz, «Болашақ» президенттік бағдарламасы www.bolashak.kz; 8) Оқу-әдістемелік және бағдарламалық құжаттамалар ( оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар). Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Зерттеудің әдістемелік негізіне әдістемелік және салыстырмалы педогогика тарихының еңбектері жатады (Н.Е. Воробьев, Б.Л. Вульфсон, А.Н. Джуринский, А.К. Кусаинов, З.А. Малькова, В.А. Мясников және басқалары); жүйелі тәсіл, оның ерекшелігіне салыстырмалы педогогикадағы білім беру жүйесіне тікелей әсер ететін басқа әлеуметтік жүйелерге байланысты білім берудегі кез келген фактілер мен оқиғалайды зерттеу жатады (Б.Л. Вульфсон, З.Â. Малькова); педогогикалық көріністерді зерттеуде вертикальды және горизонтальды тәсілдер Қазақстандағы жалпы орта білім беруді тереңірек сипаттауға мүмкіндік береді, өйткені ол әр түрлі тарихи кезеңдерде қарастырылады 7 (1831 жылы Ресейге қосылған уақыттан, бүгінгі күнге дейін) және бір ғана тарихи кезеңнің аясында( тәуелсіздігімізді алған уақыттан, бүгінгі күнге дейін); зерттеушінің басқа мәдениет төңірегінде білім беру салтын түсінуге тырысуын сипаттайтын мәдениеттану тәсілі (И.С. Бессарабова, Е.И. Бражник, Т.В. Иванова, М.С. Каган); өркениеттік тәсіл, педогогикалық процестерді тарихи дамуы мен сабақтастығы арқылы қарастыруға мүмкіндік береді (Г.Б. Корнетов, C.B. Куликова, Э.А. Поздняков). Tақыpыптың зepттелy деңгейi. Жүргізілген зерттеулер үш кезеңнен тұрады: Бірінші кезең (1991-2000 жж.) – зерттеу мәселелерін қарастыру мен қойылым қою; зерттелетін тақырып бойынша педогогикалық фактілерді сипаттау және жіктеу; зерттеудің тұжырымдамасын айқындау. Екінші кезең (2009-2010 жж.) – алынған фактілерді талдау, интерпретациялау; зерттеу нәтижелерін апробациялау. Үшінші кезең (2012-2016 жж.) – зерттеу нәтижелерін жүйелеу, нақты мәліметтердің салыстырмалы талдауы; қорытындыларды тұжырымдау және диссертациялық жұмысты ресімдеу. Зерттеудің бірінші кезеңінде педогогикалық зерттеудің келесі әдістері қолданылған: тарихи және логикалық талдау әдісі, тарихи және дерек көздерінің теоретикалық талдауы; отандық және шет елдік зерттеу жұмыстарының және заманауй мерзімді басылымдардың материалдары. Екінші кезеңдегі зерттеу әдістеріне: статистикалық жинақтар мәліметтерін салыстыру мен жинақтау, елеулі ақпаратты мүшелеу мен жүйелеу. Зерттеудің үшінші кезеңі үшін алынған мәліметтерді синтездеу, интерпретациялау әдістері, салыстырмалы талдау. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы. 1. Ауыл мектебінің ерекшелігіне сай педагогикалық үдерісті ұйымдастыру; 2. Ауыл мектебіндегі білім беру мазмұнының жаңаруы; 3. Ауыл мектебінің даму бағдарламасын жасап, оны іс асыруы; 4. Заманауи тәсілдерді қолдану арқылы сапалы білімге қол жеткізу. Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжipибелiк маңызы. Ауыл мектебіндегі сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолдарын пайдалануға байланысты әдістемелік ұсыныстар жасалды; Жұмыс нәтижелерін орта мектептердің, лицей мен гимназиялардың және педагогикалық колледждердің білім сапасына пайдалануға болады. Tақыpыптың xpонологиялық шегi. Дипломдық жұмыстың хронологиялық шегі ҚР тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі дейінгі кезеңді қамтиды, яғни, 1991-2017 жылдар аралығы. Қopғаyға ұcынылған нeгiзгi тұжыpымдap: 8 «Ауыл мектебі» ұғымына өзіндік тұрғыдан берілген анықтама; Білім сапасы қызметінің теориялық моделі; Ауыл мектебіндегі сапалы білімге қол жеткізудің педагогикалық шарттары. Тақырыптың территориялық ауқымы. Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы оның тақырыбына қатысты болып отырғанындай, негізінен Қазақстан Республикасының барлық ауылдық аумағын қамтиды. Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу негізгі нәтижелері студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларында баяндалды. Дипломдық жұмыстың құрылымы белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. 9 І. ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 1.1 «Білім сапасы» мазмұнына сипаттама Педогогика – білім берудің негізін, оның мақсаты мен әдістерін айқындайды. Білім беру ұғымының астында: оқыту және тәрбиелеу сияқты процестер жатыр. Сондықтан, «оқыту» және «тәрбиелеу» педогогиканың маңызды санаттарының бірі болып табылады. Бұл екеуі адамды мақсатты, ұйымдастырылған әлеуметтендірудегі өзара тығыз байланысты, бірақ бірікпейтін ұғымдар. «Тәрбиелеу» - педогогикалық мағынада білім беру жүйесінде «оқыту» ұғымымен қатар жүретіні, яғни одан бір саты төмен немесе жоғары тұрмайтындығын көрсетеді. Білім берудің 2 тармағы Білім беру жүйесіндегі тармақтануды Платон өзінің «Сопы» диалогында «оқыту өнерінен тәрбиелеу өнерін» ажыратуға шақырған, ал «Заңдарда», «оқыту процесінде тәрбиелеуді мойындаймыз» деп негіздеген. Мұнда Платон тәрбие ұғымын адамның оқыту процесіне ғана көңіл бөлуі емес, қызметтің түрлеріне, оған деген жағымды көзқарасты қалыптастыру деп пайымдаған[20]. Сол уақыттан бері оқыту мен тәрбиелеу процестеріне анықтама беруде қаншама рет талпыныстар жасалынған. Соңғы онжылдықта отандық педогогика ғылымында И.Я. Лернер, В.В. Краевский, Б.М. Бим-Бад және т.б. зерттеушілер бұл мәселені шешуде айтарлықтай перспективалық қадамдар жасаған. Алайда, олардың ұсынған концепциялары бірін-бірі толықтырып, өздерінің негізгі мазмұндары төмендегідей тұжырымдарға келді: Оқыту және тәрбиелеу – бірыңғай білім беру процесінің тармақтары; Оқыту және тәрбиелеу – адамды әлеуметтендірудің мақсатты ұйымдастырылған процесінің екі жағы. 10 Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы айырмашылық – біріншісі адамның интеллектуалды жағына бағытталуы басымырақ болса, ал екіншісі адамның эмоционалды-практикалық, құндылықтық жағына бағытталған. Оқыту мен тәрбиелеу – өзара тығыз байланысты процестер ғана емес, бірін- бірі толықтырушы, қамтамасыз етуші болып табылады. К.Д.Ушинскийдің айтуынша, білім беру құрылыс жүргізу секілді. Бұл процесте ғимарат тұрғызылады, ал сіңірілген білім оның негізі болып қаланады. Бұл ғимараттың қабаттары көп: оқушылардың мүмкіндігі, қабілеті мен қасиеттері, алайда ол қабаттардың беріктігі білім ретінде құйылған негізге байланысты. Оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығы педогогикалық процестің табиғатымен анықталып, білім берудің тармақтары ретінде құрамына мақсатты бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жатады. Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Еліміздегі білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мынада: Білім беру – күрделі, әрі көп аспектілі ұғым. Қазақстанның білім беру туралы заңында, ол «адамның, қоғамның және мемлекет мүддесі үшін мақсатты бағытталған оқыту мен тәрбиелеу процесі» деп жазылып, педогогикалық мағынада тәрбиелеу деп түсіндіріледі. Жалпы білім берудің өзі – бұл мақсатты бағытталған процесс және адамның жүйелі білімді, дағдылар мен біліктілікті, сезімді сіңіру нәтижесімен, танымдық процестерді және көзқарасты қалыптастырумен анықталады. Білімді адам деп: жалпы идеяларды, қағидалар мен әдістерді меңгерген, әр түрлі фактілер мен көріністерді талдаудың жолын білетін, жоғары деңгейлі мүмкіндіктерге ие, алған білімін жағдайға байланысты тиімді пайдалана алатын тұлғыны айтамыз; көп оқыған, жылдам әрі нақты шешім қабылдай алатын, түсінігі мен сезімдері асқақ және ізгі бағыттарға ие адамдар. Н.Г. Чернышевский «адамды толыққанды білімді деп айту үшін, ол адамда үш қасиет болуы қажет: терең білім, ойлану дағдысы және сезімдердің биіктігі» - деп тұжырымдаған[25]. Білім алу ұғымы оқудың нәтижесіндегі білім алу, үйрену мен дағдыларды қалыптастырумен ғана шектеліп қалмайды, сонымен қатар 11 критикалық және жаңашыл ойлай білу, айналадағы тоқтаусыз жүріп жатқан өзі сияқты адамдармен қарым-қатынастары мен іс-әрекеттерін адамгершілік тұрғысынан бағалауы. Бұл адамды маңызды қызметтің түрлеріне араластыру арқылы қол жеткізіледі. Адамның білім алу процесінде келесідей түсініктер қаралады (процессуалды тұрғыда). Білім алу – бұл, әлеуметтік маңызды тәжірибиенің келер ұрпаққа берілуінің қоғамдық ұйымдастырылған және қалыптастырылған процесі. Тұлғаның әлеуметтенуі мен генетикалық бағдарламаға сәйкес онтогенездік тұрғыда тұлғаның қалыптасуын көрсетеді. Білім беру өзінің құрылымына қарай тәжірибиені үйрену, мінез-құлық қасиеттерін тәрбиелеу, физикалық және интеллектуалды даму секілді тұстарын сипаттайтын мақсатты бағытталған үш жақты процесс (педогогикалық технология 1993 №3-4 басылым; уақытша мемлекеттік стандарт. Жалпы орта білім беру 66-68 беттер). Білім беру адамның белгілі бір әлеуметтік қызметтеріне байланысты детерминделген, ал оның мазмұны тұлғаның дамуы мен оның қарапайым мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде көрініс тапқан. Білім берудің мазмұны – қолда бар дидактикалық қағидалар негізінде білім бұлағының сәйкес аймақтарынан алынатын, қандайда бір пәннің беретін білімі, дағдылары мен мүмкіндіктерінің нақты көлемі. Таңдалып алынған ақпараттар оқушыларға белгілі оқыту құралдары мен ақпарат көздері арқылы жеткізіледі (оқу құралдары, техникалық және көрнекі құралдары). Мектептегі білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі қағидалары: Тұлғаның еркін дамуы, оның денсаулығы мен адами құндылықтарының басымдығын қамтамасыз ететін гуманизм; Мектепте сәйкесінше ғылыми оқуға ұсынылған мәдениет, әлеуметтік және ғылыми прогрестің соңғы жетістіктерін меңгерту. Әрбір ашылған жаңалық, алдыңғы білімге негізделеді, оның мазмұнын жоспарлауды қорытындылайтын бірреттілік. Тарихтың мектеп курсында белгілі бір ғылым саласының, ғалымдар тәжірибиесін, көрнекті ғалымдардың ағартушылық мәселеріндегі жұмыстарын тарихи мағынада ашып көрсету. Жүйелілік – жүйедегі біліктіліктің қалыптасуы мен оқылатын білімнің қаралуын қамтамасыз етеді. Барлық оқу курстары мен мектеп бағдарламасын түгелдей адам мәдениетінің жалпы жүйесіне кіретіндей құрастыру. Өмірмен байланыс – оқылған білімнің және қалыптасқан біліктіліктің шынайылығын тексеру әдісі. Сонымен қатар мектептегі білімді практикада бекітудің универсалды әдісі. 12 Жас ерекшеліктерінің мүмкіндіктеріне және оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты қандайда бір білім, біліктілік жүйесі меңгеру үшін ұсынылады. Мектеп оқулықтарында ғылыми еңбектерді баяндау әдісі арқылы оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымымен, сонымен қатар таныстыру тәртібі және ғылыми ұғымдар мен терминдердің оптималды мөлшерімен анықталатын қолжетімділік. Мектеп бағдарламасы мазмұнының мәні неде? Мектеп бағдарламасының мазмұны қалыптасуының негізгі теориялары XVIII ғасырдың басы мен XIX ғасырларда пайда болған. Педогогика тарихында олар, формальды және материалды білім беру ретінде танымал. Педогогика тарихында дидактикалық материализм ретінде танымал болған білім беру мазмұны қалыптасуының материалдық теориясы (гербартист Ф.В.Десрпфельд кітабының атауымен) оқушыларға әр түрлі ғылым салалары бойынша барынша көп білім сіңіру қажеттілігін түсіндіреді. Бұл теорияның жақтаушылары (оларды басқаша энциклопедшілдер деп атайды), әсіресе ағылшын ақыны және тарихшысы Дж.Мильтон, неміс педогогы Н.Б.Беседов мектептің негізгі мақсатын білімді оқушыларға жеткізуде деп санап, белгілі бір фрагмент қызметін түсіну тереңдігі зерттелген материалдың көлеміне пропорционал деген ұйғарымға келген. Соның нәтижесінде олар өздеріне аналогты басқа ғылым өкілдерімен санаспастан оқу жоспарларына зерттелетін материалдарды барынша көп енгізген. Мектеп бағдарламасы мазмұнын қалыптастырудағы мұндай қадамның тиімділігі төмен, өйткені мұншама көп ақпарат оқушылардың басына қарша борағанда есте қалу тұрмақ, материалды тек фрагменттік тұрғыда және таяз қарастыратыны анық[26]. Білім беру жүйесіне: Мектепке дейінгі мекемелер; Жалпы білім беру мекемелері; Жоғары кәсіби білім беру мекемелері (ЖОО); Арнайы орта білім беру мекемелері; Мемлекеттік емес білім беру мекемелері; Қосымша білім беру. Білім беру мекемелері өз кезегінде жаппай және күрделі жүйені көрсетеді. Олардың тармақтары елдің және аймақтардың әлеуметтікэкономикалық жағдайына әсер етеді. Білім беру мекемелерінде елдің әдетғұрыптары мен моральдық қағидалары дәріптеліп, оқушыларға, яғни ұрпаққа жеткізіледі. Білім беру жүйесіндегі маңызды әлеуметтік институтқа мектеп жатады. Білім беруді басқарудағы мәселелер: Мұғалімдердің жалақысының төмендігі; 13 Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық толық қамтамасыз етілмеуі; Кадрлардың жетіспеуі; Білім берудің кәсіби деңгейінің төмендігі; Мәдениет деңгейінің қалыптаспауы. Білім берудің кез келген әлеуметтік сала секілді өзінің құрылымы болады. Білім беру құрылымына білім беру мекемелерін (мектептер, колледждер, университеттер), әлеуметтік топтарды (мұғалімдер, студенттер, оқушылар), оқу процесін (білімді сіңіру мен жеткізу процесі, біліктілік, дағдылар, құндылықтар). Кестеде ҚР –ның білім беру құрылымының мысалы келтірілген. Негізгі жалпы орта білім беру ҚР-да 15 жасқа дейін міндетті болып табылады. Білім беру жүйесінің сатылары Білім беру Мектепк е дейінгі оқыту Жалпы Бастау ыш Негізг і Орта Бастапқ ы Орта Жоғарғы Жоғарғы білімнен кейін Ясли балабақшасы Мектеп тегі 1-4 сынып аралығ ы Мекте птегі 5-9 сыны п аралы ғы Мектеп тегі 1011 сынып аралығ ы Кәсіптік лицей коллед ж Бакалавр магистра тура Доктарант ура Профессиональное Мектепке дейінгі, жалпы және кәсіби білім берудің келесі түрлері де кездеседі: Қосымша білім беру – негізгі оқуға параллель жүретін үйірмелер, секциялар мен курстар. Өздігінен білім алу – мәдени құндылықтар, тәжірибие мен әлем туралы өз бетінше білім алу. Бұл білім алу жолындағы ерекше жетістіктерге жетуге жол ашатын, өзін-өзі мәдениетті жетілдірудегі еркін, әрі белсенді жол. Құрылымдауда оқыту формаларына қарай күндізгі, сырттай, экстернатты, индивидуалды жоспар бойынша және дистанционды болып бөлінеді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру 14 бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады[19]. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2020 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезеңкезеңмен алынады. Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз. Білім беру – оқу орнында ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі, қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты. Білім берудің мақсаты – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалды, мәдени және олардың дене бітімінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі, жүйеге келтірілген білім, білік, дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгерту және оның нәтижесіне қол жеткізу [2]. Білім алу – бұл, әлеуметтік маңызды тәжірибиенің келер ұрпаққа берілуінің қоғамдық ұйымдастырылған және қалыптастырылған процесі. Тұлғаның әлеуметтенуі мен генетикалық бағдарламаға сәйкес онтогенездік тұрғыда тұлғаның қалыптасуын көрсетеді. Білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру, оқыту мен өздігінен іздену негізінде жүзеге асырылады [2]. Білім беру мекемелерінің басты мақсаты – тұлғаның сапалы білім алуына жағдай жасау деп түйіндеуге болады. «Сапа» – бұл нысандар мен үрдістердің тиімділігі, құндылығы, олардың нақты мақсаттарды, нормаларды қанағаттандыруға жарамдылығы немесе бейімділігі, яғни талаптарға, қажеттіліктерге және нормаға сәйкес немесе дәл болуы [3]. «Сапа» ұғымы «қалай», «қандай» сөздерінен туындаған, қандай ерекшеліктерге ие деген мағынаны білдіреді. Сапа – жалпы ғылыми санат, оны әртүрлі саланың 15 мамандары қолданады. Сапа – берілген стандарттарға сәйкес еңбек нәтижесі. Білім беру саласындағы сапа – білім беру саласының «өнімі», яғни оқушының білімі, білігі және дағдыларының қалыптасу деңгейі. А.И. Субетто бұл түсініктің барлық аспектілері сипаттаманың бірлігі мен бірін-бірі толықтырулары арқылы ғана «сапа» ұғымының нақты мәнін көпсалалы, пәнаралық құбылыс ретінде бағалауға болады деген қорытынды жасады [4]. Өйткені сапа дегеніміз: - ерекшеліктердің жиынтығы (ерекшелік аспектілері); - сапа құрылымды болады; нысан бөліктерінің немесе үдерістердің ерекшеліктер жүйесі де сапа (құрылымдылық аспектісі); - сапа нысанның немесе үдерістің құрамдас бөліктерінің, элементтерінің бірбірімен байланыс заңдылығынан көрініс табатын нақты анықтылығы, ішкі дүниесі (анықтылық, белгілілік аспектісі); - сапа – нысан немесе үдерістің тіршілік үшін күресінің негізі; ол сапаның белгілі бір уақыттағы немесе сол сәттегі жүйелері арқылы ашылатын не анықталатын екі жақты шарттан (келісімнен) тұрады, олар: ерекшелік, құрылым, жүйе, шекара, біртұтастық, өзгермелілік, мөлшер (ішкі-сыртқы шарттастық аспектісі); - сапа нысанының немесе үдерістің жекелігін, оның өзгешелігін, тұтастығын, реттілігін, тұрақтылығын ескертеді (өзгешелік аспектісі); - адамның қолымен жасалатын нысандардың немесе үдерістердің сапасы, табиғаттың басқа құбылыстарының сапасына қарағанда құндылыққа ие, нақты айтқанда сәйкес келетін нысандар мен үдерістердің құндылығын (құндылықтар теориясы) ескертеді, яғни, олардың адамның алдына қойған нақты мақсаттарына, міндеттеріне, жағдайларына жарамдылығы мен сәйкестігі. Сонымен, «білім сапасы» түсінігіне ғалымдардың берген жалпылама анықтамаларының, сипаттамаларының ғылыми жаңашылдығы мен келешегіне қарамастан, бұл құбылысты сипаттаудың, өлшеудің тәсілдері әлі де философиялық, экономикалық, техникалық сипатқа ие. Сапа ұғымын педагогикаға кіргізуде, бұл ұғымды педагогикаға бейімдеу мен мазмұнын толықтыруда, шығарылған теориялық ережелерді педагогика тұрғысынан түсінуде, мектептегі білімнің сапасына қолдануда қиындықтардың болуын осы себептермен түсіндіруге болады. Педагогикалық сипаттамаларда білім сапасын әртүрлі нұсқаларда: философиялық және басқарушылық тәсілдермен түсіндіреді. Білім сапасына философиялық көзқарас – бұл «білім беру, тәрбиелеу және тұлғаны дамыту мәселелерін шешуге көмектесетін жиынтықтың ерекшеліктері» деп түсіндіреді. Көптеген педагог-ғалымдар бұл «білім беру процесінде құзыреттілікті және кәсіби сана-сезімді біртіндеп, тиімді қалыптастыруды анықтауды сипаттайтын кешен» деп түсіндіреді. Басқарушылық тұрғыдан білім сапасы – бұл «мақсат пен нәтиженің арақатынасы», «мақсатқа жетудің өлшемі», «білім беру өнімінің нормаға сәйкес болу деңгейі», яғни, нәтижелердің өлшемге, стандартқа сәйкестігі, 16 білім беру қызметін тұтынушылардың талап-тілектерінің қанағаттану дәрежесі [5]. Ұсынылып отырған екі тәсілді салыстыратын болсақ, философиялық анықтамада білім сапасының жалпы мағынасы көрсетілгенімен, оның мазмұны мүлдем ашылмайды. Мысалы, «әлемдік және отандық мәдениеттің құндылықтарының көмегімен бағыт табуға қабілетті, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау мәселелерін шешу» деген анықтамада, аталған қасиеттерді елемеушілік байқалады. Білім беру сапасының педагогикалық мәнін түсіну үшін басқарушылық тәсіл неғұрлым ыңғайлы болып табылады. Бұл тәсілде білім берудің алдын ала жоспарланған мақсаттарға сәйкес келетін нәтижелерінің сапасы қарастырылады. Мақсат қою шешімі қиын тәжірибелік проблема болғандықтан, сонымен бірге мақсаттарды норма деңгейіне ауыстыру да нақты құжаттармен бекітілмегендіктен, бұл тәсіл де білім сапасы түсінігін ашуға жақындатылған түсіндірме ғана болып отыр. Білімнің нәтижесі деп нені айтуымыз керек екені туралы да алуан түрлі пікірлер бар. Қазіргі кездегі педагогикадағы анықтамалардың көпшілігі, нәтижені білім сапасының бір ғана көрсеткіші ретінде қарастырады, бірақ бұл сапаға тән ерекшеліктер, оның құрамдас бөліктерінің заңды байланысы ретінде қарама-қайшылық тудырады. Білім сапасы мазмұнын нәтижеге баламалап шектеу қою, сонымен қатар сандық көрсеткіштермен анықтау қазіргі педагогикада кең таралып отыр, яғни, білім нәтижелерін анықтаудың нақты көрсеткіштері мен өлшемдері анықталмаған. Білім сапасы – бұл кешенді түсінік, ол қызмет түрінің тиімділігін, яғни білім беру стратегиясын әзірлеу, оқыту процесін ұйымдастыру және т.б әрекеттерді жан жақты сипаттайды. Білім сапасы білім беру процесінің мақсаттары, міндеттері мен мазмұнына; мұғалімдердің шеберлік деңгейі мен қызметтің ұйымдастырылуына; білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасының жағдайы мен оқу процесінің ғылыми-ақпараттық базасының деңгейіне байланысты болады. Жалпы білім беру сапасының ішкі қасиеттеріне мыналар жатады: білім беру үдерісінің негізгі шарттары, білім беру үдерісін басқару, ғылымиәдістемелік жұмыстар, маманмен қамтамасыз ету, оқушылардың психикалық-соматикалық денсаулығы, мектепке дейінгі білім беру, педагогикалық еңбекті ынталандыру, білім беру үдерісін жүзеге асыру және қаржыландыру, оқыту, оқу; білім беру үдерісінің нәтижелері: білім, дағды, шығармашылық жұмыстың шараларын игеру, тұлғаның тәрбиелілігі және дамуы. Жалпы білім беру сапасының ішкі қасиеттерін қамтитын білім беру сәйкестігі: оқушылардың білімдік қажеттілігіне, ата-аналардың білімдік сұранысына, қоғамдық институттардың қажеттіліктеріне, мемлекеттің талаптарына, аймақтық еңбек нарығының және кәсіптік білім берудің талаптарына; білім сапасына кепілдік беретін заманауи мектептің имиджіне. 17 М.М. Поташник және А.М. Моисеевтің жұмыстарында білім беру сапасы мақсат пен нәтиженің ара қатынасы, мақсатқа жетудiң өлшемi мақсаттарға жету әрі мақсаттар (нәтиже) әрекеттер түрінде ғана беріліп және оқушының әлеуеттік дамуы аймағында ғана жобаланған мөлшер, жақсы нәтижеге жету ғана емес, ең төменгі шығынмен ең жақсы жетістіктерге жету мөлшері ретінде анықталады, яғни тиімді нәтиже [6; 7]. Проблемаларды шешудің бірден-бір жолы – мониторингты ұйымдастыру мақсатымен білім сапасын бағалау өлшемдерін анықтау. Оқыту нәтижелерін бағалаудың жүйесін қарастырайық. Нәтиже дегеніміз жеке тұлғаның құзырлылығы. Ал нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру. Оқыту нәтижелерін бағалау жүйесінің барлық негізгі сипаттамалары (құралдарын өңдеудің негізгі тәсілдері, тексеру жұмыстарының сипаттамалары, тексеріс процедуралары, нәтижелерді ұсыну және т.б.) осы жүйенің алдына қойылған негізгі мақсат және міндеттермен анықталады. Оқыту нәтижелерін бағалау жүйесінің алдына қойылатын негізгі мақсат – білім беру жүйесінің қызмет етуі туралы толыққанды ақпарат алу. Мектептегі білім берудің мазмұндық және процессуалдық негіздерін ұйымдастыруға екі тұрғының арасындағы негізді айырмашылықты келесі сұлба түрінде көруге болады (1-кесте). «Шығудағы» білім берудің мазмұндық және процессуалдық жаңалығын реттеу келесі аспектілерге келіп тіреледі: 1) оқу жетістіктерінің деңгейлері мен күтілетін нәтижелері жалпы орта білім беру мазмұны мен көлемін анықтау; 2) жалпы және кәсіби білім беру ара қатынасын белгілеуге мүмкіндік беретін аралық кезеңнің дербес сатысы ретіндегі негізгі білім беруді бөліп алу; 1-кесте – Мектептегі білім беру үдерісін ұйымдастырудың әр түрлі тұрғылары «Кіруді» реттеу Білім мазмұнын Оқу үдерісін Білім беру нормалау: ұйымдастыру: нәтижелері: Оқушыны Баланы Оқу қалай оқыту неге оқыту керек? пәндері керек? бойынша оқушылардың ББД «Шығуды» реттеу Құзырлар түріндегі күтілетін нәтижелерді анықтау Оқушыға Оқу үдерісін ұйымдастыру: Оқушыны оқуға қалай үйрету керек? не 18 Білім беру нәтижелері: Оқушылардың алған құзырлықтары үшін оқу керек? 3) оқушы мен мұғалімнің «субъектілі-субъектілік» қарым-қатынасына арналған объективтік жағдайларды туғызу, онда оқушы өз танымының ұйымдастырушысына, ал мұғалім – оқушының оқуына жасалатын жағдайларды ұйымдастырушыға айналады; 4) білім беру жүйесін тиімді басқарудың механизмі ретіндегі оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалауға (ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау, бірыңғай емтиханды енгізу) бағытталған білім сапасы мониторингі жүйесін әзірлеу және енгізу; 5) білім беру мазмұнының экстенсивті дамуынан интенсивті дамуына көшу. Оқыту нәтижелерін бағалау жүйелері мақсатқа және бағалау нысандарына сәйкес төмендегідей жіктеледі: - аттестациялау (белгіленген білім деңгейін алуды растау), оқушылардың жеке нәтижелерінің түзету, оқытудың келесі кезеңіне ауысу, жекеленген оқу пәндерін оқу деңгейін таңдау мақсаттарына сәйкес оқушылардың жеке білім нәтижелерін бағалау (жағдайы немесе өсу динамикасы). - мұғалімдердің немесе мектептің қызметін бағалау, оқыту мен оқу процесін қалыптастыру мақсатында сыныптың, мектептің білім нәтижелерінің деңгейін бағалау. - білім сапасын және даму тенденцияларын бағалау мақсатында жеке аймақтардың немесе елдің аумағында оқушылардың таңдаулы жиынтығының білім нәтижелерінің мониторингі. Білім сапасын бағалаудың жалпыға белгілі екі тәсілі бар. Бірінші тәсіл - білім беру қызметі, яғни, оқу үдерісі бойынша бағалау. Оны келесі өлшемдер бойынша сипаттауға болады: 1) оқу бағдарламаларының, оқулықтардың, әдістемелік құралдардың, жоспарлардың сапасы; 2) білім беру процесіне тікелей қатысатын мектептің педагогикалық ұжымы әлеуетінің сапасы; 3) білім беру мекемесінің ұсынатын қызмет түрлерінің көптүрлілігі мен олардың талапқа, сұранысқа сәйкес болуы; 4) оқушылар әлеуетінің сапасы; 5) мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастың сапасы және өзара түсіністіктің болуы; 6) білім беру үдерісіне қажетті құралдардың: материалдық-техникалық, зертханалық-тәжірибелік базаның, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуінің сапасы; 7) білім беру технологияларының сапасы [8]. Екінші тәсіл, соңғы немесе алынған нәтижеге байланысты сипатталады. Мектеп жұмысын бұл тәсіл бойынша оның әлеуметтік тапсырыс берушілері, яғни, ата-аналар бағалайды. Бұл тәсілдің критерийлері: 1) мектеп оқушыларының білім деңгейлері; 2) жалпы оқу білік, дағдыларының қалыптасу деңгейлері; 3) шығармашылық іс-әрекетті меңгеру деңгейлері; 4) өздігінен іздену, білім алу деңгейлері; 5) тәрбиелілік, әдептілік деңгейлері; 6) тұлғаның психологиялық, әлеуметтік, биологиялық тұрғыдан даму деңгейі; 19 7) тұлғаның әлеуметтік ортаға бейімделу және мектептегі қауіпсіздік деңгейі. Сонымен, «білім сапасы» терминін білім беру қызметі мен нәтижесінің арақатынасы деп қорытындылауға болады [8]. Білім беру мекемесінің әлеуметтік сұранысқа сәйкестігін бағалаудың келесі тұжырымдамалары арқылы, қазіргі педагогикадағы «білім сапасы» түсінігінің мәнін ашуға болады: - мұғалімдердің, оқушылардың және атааналардың пікірлерін салыстырмалы сараптау негізінде, мектеп туралы тұтас көзқарастың қалыптасуын (мысалы, мектептің жалпы жағдайымен және оның даму келешегімен қанағаттанушылықтары); - оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жан-жақты баға беруі; - мектеп қызметінің негізгі бағыттарының және білім беру сапасының мұғалімдер мен ата-аналардың талабына сәйкес болуы мен қанағаттандыруы; - мұғалімдердің білім беруіне, оқушылардың білім алуына жасалған қолайлылық шараларының деңгейі (мектеп қабырғасында өтетін уақытта қолайлылық пен жайлылықты сезінулері); - оқушыларды оқуға, өздігінен білім алуға ынталандыру деңгейі; - оқушылардың жекелеген пәндерге қызығушылығының болуы және оны жүзеге асыра алу мүмкінгінің деңгейі; - мұғалімдер мен оқушылар өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсете және жүзеге асыра алу мүмкіндіктерін бағалауы; - жоғары сынып оқушыларының өмірлік маңызды жоспарларын жүзеге асыруға мектеп, мұғалімдер ұжымы тарапынан көрсетілетін көмек деңгейі; - оқушылар мен ата-аналардың мұғалімнің тұлғалық және кәсіби сапасына қоятын талаптарының сәйкестік деңгейі; - әлеуметтік ортадағы әртүрлі факторлардың баланың дамуына тигізетін әсерінің дәрежесі және бала тұлғасының қалыптасуындағы мектептің рөлі. Сонымен, білім берудің сапасы мен нәтижелері бір-бірімен өзара байланысты болатынын атап өту қажет. Білім нәтижелері – білім сапасын анықтауға қажетті компонент. Білім сапасын бағалау үшін нәтижелерді бір нәрсемен салыстыру қажет. Мысалы, оқу бағдарламаларын оқушының білім, білік және дағды деңгейіне қойылатын талаптарымен салыстыруға болады. Бірақ, білім сапасы ұғымын кең көлемде қарастыра отырып, білім сапасы тек қана алынатын нәтиже деп түйіндеуге болмайды, ол білім беруге немесе алуға жасалған жағдайлар мен үрдістердің де сапасына, педагог кадрлардың дайындық деңгейінің сапасына, технологиялар мен әдістәсілдердің сапасына, материалдық-техникалық жабдықталу сапасына, басқару сапасына тағы да басқа көп жағдайларға байланысты болатынын атап өттік. Білім беру процесі, жасалған жағдайлар, алынған нәтиже білім берудің мәнін ашады және олардың әрқайсысы білім сапасын анықтайды. Білім сапасын анықтау – іріктеліп алынған критерийлер мен көрсеткіштерді бағалау арқылы, олардың әрқайсысының маңызды сипаттамасын беру болып табылады. Білім беру ерекшеліктерінің құрамдас бөліктерінің күрделілігін және олардың арасындағы өзара байланыс пен бір-біріне тәуелділігін ескере отырып, сапасын бағалауды оның тұтастығын қамтамасыз ететін өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде өткізу қажет. Бұл, мемлекеттің 20 қызығушылығына, қоғам және ата-аналар мен оқушылардың білім талаптарына жауап беретін сандық-сапалық нәтижелері, ол үшін жасалған жағдайлар, білім беру процесін жүзеге асыру барысында қол жеткен деңгейдің өлшемдер мен көрсеткіштерде көрініс табуы, яғни білім сапасын оның ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен, «білім сапасы» түсінігіне «қазіргі заман педагогикалық теориясы, тәжірибесі талаптарына сәйкес және тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің білім сұраныстарын қанағаттандыра алатын білім беру ерекшеліктерінің жиынтығы» деген тұжырымды анықтап, қазіргі педагогикада мектептегі білім сапасын білім беру үдерісіне жасалатын жағдайлардың сапасы, білім беру үдерісін жүзеге асыру сапасы және оның нәтижесінің сапасы деп үш тұғырлы қарастыруға болады. «Білім сапасы» ұғымының күрделілігі мен көпмағыналылығын айта отырып, қазіргі педагогикада оны анықтаудың ішкі және сыртқы ерекшеліктері көрсетілген. Жалпы білім берудің ішкі ерекшеліктері. 1. Білім беру үдерісінің негізгі жағдайларының сапасы: - білім беру үдерісін басқару сапасы; - ғылыми-әдістемелік жұмыстың сапасы; мамандармен қамтамасыз ету сапасы; - материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету сапасы; - оқушылардың жалпы және психологиялық денсаулығының сапасы; - педагогикалық еңбекке ынталандыру сапасы. 2. Білім беру үдерісін жүзеге асыру сапасы: - білім беру үдерісі мазмұнының сапасы; - пәндерді оқыту сапасы; - өздігінен білім алуға ынталандыру сапасы. 3. Білім беру нәтижесінің сапасы: - білім, білік және дағдылардың сапасы; - шығармашылық жұмыспен айналысу білігінің сапасы; - тәрбиелілік деңгейінің сапасы; - тұлғаның даму сапасы т.б. 4. Жалпы білім беру сапасының сыртқы ерекшеліктері: - білім берудің оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес болуы; - білім берудің ата-аналардың сұраныстарына сәйкес болуы; - білім берудің қоғам талабына сәйкестігі; білім берудің мемлекет талаптарына сәйкестігі; - білім берудің кәсіби білім беру мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес болуы; - тұрақты сапалы білім беруге кепілдік беретін мектептің мәртебесі. Жоғарыда айтылғандардан білім сапасы көпөлшемді түсінік ретінде қарастырылуы, алынған білім нақты мақсатқа жету және өмір сапасын арттыру үшін қолданылуы керек деген қорытынды жасауға болады. Қазіргі кезде білім сапасы әлеуметтік тапсырыс берушілердің (оқушы, ата-аналар, қоғам, мемлекет) талаптарын орындау арқылы, олардың қанағаттануларын арттыруға бағытталған. Қорытындылай келе, білім сапасы дегеніміз білім берудің нақты бір сатысындағы жоспарланған мақсаттарға сәйкес оқушылардың білім, білік және дағдылар деңгейі, білім беру мекемесінен бұл процеске қатысушылардың күткен нәтижесімен қанағаттану дәрежесі. Білім сапасы, ең алдымен білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкестігімен өлшенеді. 21 1.2 Ауыл мектебінің білім беру жүйесіне жалпы сипаттама Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Елімізді нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз өркениетпен ықпалдаса, жаңа технологияларды пайдалана отырып, экономика саласында үлкен бетбұрыс жасады. Осыған орай қоғам өмірінің негізін құрайтын және экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторы болып табылатын білім беру жүйесінің, соның ішінде ауыл мектептерінің қызметін аттыру мәселесі алға шығып отыр. Қазіргі жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуге талпынып отырған біздің еліміздің басты мақсаты да – қала мен ауыл арасындағы байланысты нығайтып, олардағы білім мекемелеріндегі тұрақты хал-ахуал орнату болып табылады. Ауылдық мектеп оқушыларының білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, іргелі білім беру, оқушыларының құзырлығын арттыру және тағы басқа секілді басым бағыттар оқыту үрдісінің негізін құрайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайын жолданатын Жолдауында төртінші басымдықта білім беруге арналғаны да осының айғағы болса, зерттеу жұмысының нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының даму деңгейін анықтауды мақсат етуі де қоғамдық талаптардан туындап отырғаны қажеттілік екендігі сөзсіз. Ғылыми-зерттеу жұмысында ауылдың әлеуметтік педагогикасының негізгі ғылыми объектісі ретінде «социум», «ауыл социумы», «ауыл мектебі» деген ұғымдарға бірқатар ғылыми еңбектерге шолу жасау арқылы төмендегідей анықтамалар берілді: Социум – (латын тілінде Socium – жалпы, бірлестікте) адамдардың бірігіп, мәдение қоғамдастықта өмір сүруіне қажетті үлкен тұрақты әлеуметтік қоғамдастық. Әлеуметтік орта – адамдардың нақтылы бірлікте, белгілі уақытта, өзінің қандай да болмасын мақсатқа жетуге бағытталған, біріккен ісәрекетіне жағдай туғызатын факторлардың жиынтығы. Ауыл әлеуметі ( ауыл социумы) – халықтың мәдени – тарихи өмірін дамытуға бағытталған, мектептегі оқу үдерісіне тікелей қатысы бар мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтендіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретіндегі инфрақұрылым. Социумның қоғамдағы қызметі мекендік орналасу жағдайларына байланысты әлеуметтік –тарихи, әлеуметтік – экономикалық мәдени бағытта қарастырылады. Социумның әлеуметтік аумағы жеке адамдардың өзара қатынасы және оларды қоршаған ортаның құбылыстары мен процестері арасындағы бірігіп еңбек ету нәтижесінде ауыл өмірінің тұрмыстық және шаруашылық негіздері қалыптасатын байланыстарды қамтиды. Ал әлеуметтік саясат, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді 22 қанағаттандыруға, салауатты өмір салтын орнатуға қажетті саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығын құрай отырып, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Ауыл социумын барынша сипаттайтын ерекшеліктер қатарына жерге, табиғатқа айрықша қатынас, ауыл әлеуметінің ашықтығы, адамдардың бірбірімен қарым-қатынасының сенімділігі, әрбір отбасына деген қамқорлық және тағы басқа жатқызуға болады. Еліміздің кең байтақ дархан даласын алып жатқан халық саны аз, ірі мәдени орталықтан алыс, өмір салты қарапайым, еңбек түрі көбінесе жер өңдеу және мал өсірумен байланысты елді мекендер ауыл деп аталады. Ауыл өмірі оның ірі қалалардан алыс не жақын орналасуына байланысты әр түрлі болады. Қазіргі статистикалық деректерге қарағанда Қазақстан халқының 45 пайызы ауылды жер тұрғындары екен. Кейінгі кездегі ауыл халқының қалаға көшіп-қонуы салдарынан мұнда кәмелетке жеткен, еңбектену мүмкіндігі жоғары жастардың саны азайған. Жас отбасылардың қалаға көптеп көшуі себепті ауылдағы балалардың да саны азайып, бала-бақшалар жабылып қалуда. Бұл өз кезегінде ондағы мектептердің әр түрлі болуына ықпал етіп, шағын мектеп, аралас мектеп, бастауыш мектеп, 8-9 жылдық мектеп тағы басқа секілді білім беру мекемелерін ұйымдастыру қажеттілік туындап отыр. Қазіргі ауыл мектептері – ұлт мектебінің негізін қалаулы, Қазақстан Республикасының ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын мекеме қызметін атқарады. Ауыл мектебі – қазіргі кезеңдегі ауыл дамуының негізі болып табылатын оқушылар мен ауыл тұрғындарының мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алатын, ауыл тұрғындарының мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алатын, ауыл тұрғындарының рухани-адамгершілік құндылықтарын, дәстүрін, әдеп-ғұрпын, тұрмыстарын және олардың азаматтық құқықтарын сақтап, дамытатын білім беру мекемесі болып табылады. Ауыл мектебі – жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның, билік орындарының арасында байланыс орнатып, оқушылардыңқұқықтарын жүзеге асыруына, олардың өмірі мен денсаулығын қорғап, жалпыға бірдей білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектесіп, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Ауыл мектебінің дамуының стратегиялық бағыттары тіршілік әрекеттерінің мәдени-білім беру дәстүріне, тарихи тәжірибесіне, ауыл мектебін қазіргі білім беру жүйесіндегі базалық құбылыс ретінде тануға және оқушылардың жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін, ашық мәдени педагогикалық дамушы ортаға негізделуі қажет. Ауыл мектептеріндегі білім беру қызметін ұйымдастырудың ең өзекті жағы білім сапасын жоғары деңгейге көтеру, оны дамытудың тиімді тәсілдерін анықтау, мектепте практикалық көмек көрсету, маман кадрларымен жабдықтау, оқу-әдістемелік қызметті жетілдіру арқылы оқу23 тәрбие жұмысындағы кемшіліктерді анықтау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, түйінді мәселелерді сараптау болып табылады. Ауыл мектебінің тәрбиелік мүмкіндігі зор, олар халық менталиттерінде: туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, табиғатты ерекше қастерлеу, қорғау, аялау, үлкен-кісіні сыйлау, меймандостық, көңілдің ашықтығы, адами қатынастар, отбасы мүшелері мен ағайын – туыстарға қайырымдылық, өнерді қастерлеу, ар-ұятты ұстау және тағы басқа секілді қасиеттерден көрінеді. Ауыл мектебінде сапалы білімге қол жеткізіудің тиімді жолдарын қарастыру себебі, жас ұрпақты ұлттық патриотизмге тәрбиелеу, көпұлтты мемлекетімізде халықтар арасындағы өзара түсінік пен ынтымақтастықты нығайтуда мектептегі жақсы тәрбиесінің дәрежесі өте маңызды. Ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбиені нарықтық экономика жағдайына бейімдеу мақсатында әлемдік өркениеттің озық үлгілерін ұлттық тәрбие беру процесінде пайдалану, ата-ананың рөлін күшейту, оқу-тәрбие ісіне жаңа технологияларды енгізу негізгі өзекті мәселелер қатарына жатады. Бірақ ауыл мектебінің нарықтық экономика жағдайындағы нақтылы жобасы әлі де жасалмаған. Ауыл мектептері – елді мекендегі білім ошағы ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік – педагогикалық жұмысты ұйымдастыратын орталық міндетін де атқарады. Қазір көпшілік ауылдарда мәдениет үйлері, кітапхана болғанымен жеткілікті түрде жұмыс жасалынбайды. Ауыл мектептерінің оқу – материалдық базасының нығаюы көбінесе мектептің басшысына байланысты. Көптеген мектептер жеке тұлғалар кәсіпкерлердің демеушілік көмегі мен жергілікті өкіметтің материалдық жағынан қолдауының арқасында қиындықтан шығып келеді. Бюджеттен тек жалақыға ғана тиісті қаржы бөлінеді. Ауыл мектебінің өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерін саралай келе нарықтық экономика жағдайындағы ауыл мектептерін дамытудағы атқарылатын шаралар қатарына мыналарды жатқызуға болады: 1. Ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруде халықтың шаруашылықтұрмыс жағдайын жақсарту, мектеп пен жоғары оқу орындарын бітірушілерге жағдай жасау, мәдениетті адам құқығын және жер иесі мәртебесін көтеру; 2. Мәдени орта құрушы тұрғындарының салауатты өмір салтынұстануға, демалысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беру; 3. Жеке тұлғалардың адамгершілік қадір-қасиеттерінің қалыптасуына, өзін-өзі шышығармашылықпен айналысуға, өмірде өз орнын табуға, әрқайсысының білім алуына ұйытқы болу және олардың азаматтық құқықтарын өмірлік жағдаяттарда орынды пайдалана алуын қамтамасыз ету; 4. Педагогикалық – психологиялық тұрғыдан оқушылардың ұлттықө сана-сезімдерін тәрбиелеу, әлемдік деңгейге бағдарланған өркениетті жалпы орта білім беру. 24 Бұл шаралардың атқарылуы ауылдағы үздіксіз білім беру үрдісінің бала-бақшадан бастап, жаңадан енгелі отырған бағдарлы мектепке дейінгі аралықта үкімет тарапынан қолдаукөрсеткенде ғана іске асады. Ал ауыл мектептеріндегі үздіксіз білім беру үрдісін жетілдіру үшін бірінші кезекте мектептердің төмендегідей даму бағыттарын айқындап алу қажет. Ауыл мектебінің ғылыми-теориялық, әдістемелік негізін әлемдік білім деңгейіне жақындату; Этнопедагогика, этнопсихология, әлеуметтік педагогика және психология жетістіктерін білім беру сатыларын ұштастыра отырып, ұлттық білім саясатын жүзеге асыру; Ана тілі, ұлттық тіл, мәдениет пен тарихты өркениет жетістігімен қатар өрбіту; Ұрпақтың тәрбиесі мен дамуын қаржылық, денсаулық сақтауды дамыту тұрғысынан қамтамасыз ету тәрізді даму бағыттары айқындалды. Осы бағыттар негізінде ауыл мектебінің төмендегідей психологиялықпедагогикалық қызметін жүзеге асыру қарастырылады: Ауылдық елді мекендеріндегі білім мекемелерінде оқушыларға жалпы білім беру мен қатар оларға әлеуметтік тәрбие, психологиялық білім беруді де жүзеге асыру; Ауыл социумының әлеуметтік жағдайы мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты қалыптастыру; Оқушыларға және олардың ата-аналарына әлеуметтік – психологиялық және әлеуметтік – педагогикалық көмек көрсету; Оқушыларды ауыл шаруашылық жұмыстарына бейімдеуге бағдар жасау; Оқушылардың таңдаған мамандықтарына сай өмірден өз орындарын табулары үшін оларға педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда дұрыс бағыт беруді ұйымдастыру. Ауылдағы тұрмыс-тіршіліктің ірі орталықтардан айырмашылықтары: Ауыл экологиясы мен табиғат арасындағы тұтастық; Отбасын сақтау, отбасын құру, ұрпақ жалғасуына қатты мән береді; Ауыл мәдениетінің жеке тұлға қалыптасудағы орны; Ауыл мектебіндегі оқу-тәрбие жұмыстарының сапасы; Ауыл мектептеріндегі оқыту үрдісін әлемдік деңгейге жеткізуге ынталану; Ауыл мектебінің басшысы, мұғалімдер мен тәрбиешілердің біліктілігі және тағы басқа секілді. Бұл ерекшеліктер ауыл мектебінің құрылымдық сипатына әсер етеді, сол себепті де ауыл мектептерінің 40 пайыздан астамы шағын жинақталған мектептер болып табылады. Ауыл мектебінің білім беру жүйесіндегі орны, 25 атқаратын қызметі жөнінде ауыл мектебі проблемаларына жақын келетін кейбір факторларды еліміздің ғалымдарының зерттеу жұмыстарынан алынған. Атап айтқанда, Е. Батталханов оқушы жастардың гуманистік дүниетанымының қалыптасу мүмкіндіктері мен жағдайларын әлеуметтік педагогиканың мәселесі ретінде қарастырса, Т.Машанбаев қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімдерінің кәсіби бейімделуінің педагогикалық жағдайларын, Ш.Беркімбаева қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие үрдісінің дамуы (1980-2000жж.), Г.Әділғазинов шағын жинақталған мектептің оқу процесін басқаруда мұғалімдерін дайындауды жетілдіру, Н.Сламбекова шағын жинақталған мектепте оқыту мәселесімен айналысқан. Ауыл мектептері әрбір адам, отбасы, ауыл қоғамдастықтары өмірінде маңызды рөл атқарады. көршілес Ресейдің ғалымдары Е.Бондаревскаяның айтуы бойынша оның дәстүрлі әлеуметтік беделі мынандай факторлармен анықталады: экономикалық (ауыл мектебі – ауыл шаруашылық өндіріс үшінкадрларды ұсынушы); әлеуметтік мамандықтардың кәсіби даярлығы бар адамдармен жұмыс жасау қауымдастығы ; мәдениеттілік (ауыл интеллигенциясы мен ауылдың мәдени күштерінің назарын бір нәрсеге аудару); өнегелігі (ауыл өмірінің рухани ошағы)[1]. М.Гурьянова ауыл мектебіне төмендегідей анықтама береді: «Бұл ауыл аймағында орналасқан жалпы білім беру ұйымдар түрлерінің жиынтығы, олардың территориялық орналасуы, әлеуметтік ортасы, ұлттық құрылымы әр түрлі оқушылардың білім және еңбек дайындығының ерекше міндетін орындауға және балалардың білім алу талаптарын қанағаттандыруға тырысады»[2]. Ал, ғылымдар Л.Стерлин мен Е.Зайцев «Ауыл мектебі – ауылда болып жатқан барлық әлеуметтік – экономикалық үрдістерінің белсенді аумағы болып табылады. Ол ауыл-шаруашылық өндірістерінің кадрларын дайындап, өз оқушыларын еңбекке баулып, туған жердегі жұмысқа сүйіспеншілікке тәрбиелейді»- деп тұжырымдаған[3]. Ауыл мектебінің жұмыс жасау жағдайы еңбек ресурстары мен мемлекеттік аграрлық секторын қамтамасыз етуден құралады. Ауыл мектебі жұмысының ерекшеліктері – шағындылық, үлкен мәдени және ғылымиәдістемелік орталықтардан қашықтығы, елді- мекендердің аймақтық әр түрлілігі, ауыл шаруашылық, еңбек пен өндірістің ерекшеліктері сияқты бірқатар объективті факторлармен анықталады. Сонымен, жоғарыда айтып өткен пікірлер негізінде ауыл мектебіне мынандай анықтама беруге болады: Ауыл мектебі – елді мекендегі білім беру жүйесінің орталығы, ауылдағы әлеуметтік-экономикалық мәдени үрдістерінің ошағы, оны жандандырып тұратын қозғаушы күш. Сондықтан да, ол, республикалық деңгейдегі білім беру және әлеуметтендіру жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналады. 26 Ғылыми-зерттеу жұмысында ауыл мектептерінің әлеуметтікпедагогикалық мәселелерін айқындау тұрғысынан білім беру саласындағы бірқатар нормативтік ресми құжаттарға аналитикалық шолу жасадық. «Білім туралы» Заңда атап көрсетілгендей «Ауылда білім берудің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика негізнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасауы» қажеттілігі атап көрсетілген. Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Ауыл дегеніміз – сайып келгенде халықтың тұрмыс-салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрыпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнар көзі. Мен білім беру істің жағдайын түбегейлі өзгертудегі стратегиялық міндет» - деп санаймын деген тұжырым жасаған. Ауыл мектептерінің қазіргі құрылымдық жүйесі жалпы білім беретін ауыл мектептері мен шағын жинақталған мектептерді құрайтыны зерделенді. Сонымен қатар, еліміздің нарықтық экономика жағдайындағы ауыл мектептеріндегі үздіксіз білім беру үрдісінің құрылымы мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері болып бөлінуімен ерекшеленетіндігі дәйектелді. Сөйтіп, ауылдағы жалпы білім беретін орта мектеп – оқушыларға орта, жалпы білім беретін, қоғамдық-практикалық іс-әрекетке және орта және жоғарғы кәсіптік білім мекемелеріне дайындайтын жалпы білім беретін бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін орта мектептің оқу бағдарламаларын жүзеге асыруды да қамтамасыз ететін оқу мекемесі болып саналады. Жалпы орта білім беретін орта мектеп үздіксіз білім берудің негізгі саласы болып табылады. Күндізгі жалпы білім беретін орта мектеп құрылымдары бірнеше типтерге бөлінеді: бастауыш, негізгі, орт, пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, дамуы артта қалған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептер, гимназиялар, лицейлер, жеке мектептер. Жалпы білім беретін орта мектептер саны жөнінде статистикалық мәліметтер Мектептерд 2010 жылы 2015 жылы 2010-2015 2010-2015 ің жылдар жылдар құрылымы аралығындағы аралығындағ барлық ы ауыл мектеп саны мектептер саны барлығ ауыл барлығ ауыл барлығ ауыл барлы ауыл ы ы ы ғы Мемлекетті 8153 6251 8157 6016 6 235 к жалпы білім беретін 27 мектептер саны Бастауыш мектеп Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептер саны Мұғалімдер саны Жеке мектеп 1388 1323 1203 1133 185 101 11 100 12 1 271900 1558 00 7 286345 1626 64 2 153 136 14445 90 1 6864 17 5 Зерттеу барысында 2010-2015 жылдар аралығында ауыл мектептерінің саны 235-кемігенін, оның ішінде бастауыш мектептердің саны – 90-ға кемігенін, ауыл мектептерінде мұғалімдер саны – 6864-ке артқанын, ауылдық жекеменшік мектептер саны 5-ке кемігенін байқадық. Жекеменшік мектептер саны – 2. Республика көлемінде әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар саны -902, оның ішінде гимназия сыныптары – 48. 2015 жылдан бастап 104 мектепте 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуге байланысты тәжірибе жүргізілуде, оның 45-і ауыл мектептер. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында енуі де сапалы өзгерістер жасалуын көздейді. Ауылдағы ізгілікті өзгерістерді жүзеге асыруда негізгі рөлді ауыл мектебі атқарады. Ауыл мектебі – ауыл тұрғындарын әлеуметтендіру институты, ауылдағы мәдениет ошағы. Ауыл мектебі ауылдық әлеуметтік ормамен әр түрлі қатынаста болатын дамушы білім беру ортасы ретінде ғана емес, жеке тұлғаның өздігінен әрекет ету деңгейіне, өзінің өмірін бақылау қабілетін көтеру және туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі. Әлеуметтік маңыздылығы жағынан алып қарағанда, ауыл тұрғындарын жеке тұлға ретінде қалыптастыру – ауылдың ділдік кеңістігінің мәдени орталығы ретінде мектептің орны аса маңызды. Өйткені мектеп өскелең ұрпақтың бойына білім негіздерін сіңірумен бірге, өз ұлтына тән этникалық, эстетикалық құндылықтармен қауышуын қамтамасыз етеді. Ауыл мектебінде сапалы білімге қол жеткізудің тағы бір жүйесі ол оқушыларды, мұғалімдерді психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады. Яғни, ең алдымен сол жердің менталитетін түсіну қажет. Мектеп пен ауыл социумының өзара қарым-қатынасындағы әлеуметтікпсихологиялық және әлеуметтік – психологиялық мәселелерді шешу қажет. Мектеп пен ауыл социуымы өзара қарым-қатынасындағы әлеуметтік – педагогикалық жұмысының мақсатына қарай бірнеше түрге бөлуге болады: 28 Жеке тұлғаның өздігінен әрекет ету деңгейін, өзінің өмірін бақылау қабілетін көтеру және туындаған проблемаларды тиімді шешуге баулу; Өзінің жеке тұлға ретіндегі заң жүзіндегі құқытарын пайдалануға үйрету; Қоршаған ортада өзінің беделін сақтау. Ауыл мектептері мен социумның арасындағы қарым-қатынастардың тиімді жақтары мен тиімсіз жақтары сараланып өзіндік ой-тұжырымдар жасалды. Бұл мәселе төңірегінде мазмұны жағынан жақын яғни, мектептегі оқу тәрбие ісін жетілдіру бағытында жүргізілген ғылыми зерттеулер баршылық. Мәселен, Ш.Майғаранованың «Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері», О.Нұсқабаевтың «Мектеп – жас ұрпақты әлеуметтендіру институты» , Л.Байсеркенің «Нравственные основы правого воспитания школьников»және тағы басқа секілді еңбектерді атауға болады. Бұл еңбектерде мектеп оқушыларынң тұлғалық сапалы қасиеттерін кешенді түрде қалыптастыруға педагогикалық ықпал ету жолдары негізделген. Мектептік оқу үрдісінде оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңірудің теориялық негізі мен әдістері жасалынған. О.Нұсқабаев жалпы білім беретін орта мектепті жеке тұлғаны қоғам талабына сай әлеуметтендіру орталығы ретінде қарастыра отырып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жинақталған ғылыми білімдерді, құндылықтарды, мінез-құлық нормаларын меңгерту арқылы оларды жаңа қоғам өміріне ендіруге бағыттап әлеуметтендіру мәселесін көтерді. Ш.Майғаранова еңбегінде оқушыларды рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін пайымдайды. Мектеп өмірінде оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбек түрлеріне араластыру, шығармашылық ізденіске бағытталған сыныптан тыс, үйірме, жұмыстарына тарту, сол арқылы жинақталғанбілімді еңбек үрдісінде пайдалануға бағытталған іс-шаралардың, әсіресе, ауыл мектептерінде жүзеге асырылмауы балалардың өзіндік бос уақытын мақсатсыз өткізуіне әкеп соғады. Оқушылар бойында еңбектің мәні, оның адам мен қоғам өміріндегі маңызы туралы түсініктерінің қалыптасуы мәселенің өзектілігін зерттеген М.Ертаев мәліметтеріне сүйенсек, балалардың мамандық таңдаудағы кәсіби бағдарына жетекшілік жасауда мектептің, мұғалімдердің рөлінің төмендігі, сол сияқты отбасы – ата-ананың ықпалының жетімсіздігі көрсетіледі. Адам баласының белгілі бір мақсатқа негізделген еңбек етуге бағдар ұстауы, еңбек тәсілдерін меңгеруін іс жүзінде жүзеге асыру оқушыларға кәсіптік бағдар беруде негізгі міндет болып табылады. Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың дамуына байланысты елімізде жоғары білікті мамандарға сұраныс пен талаптар кең өріс алып, мемлекетіміздің еңбек-тәрбиесі төмендегідей мақсат пен міндеттерді іске асыруға бағытталуда: 29 Әрбір жастың қабілеті мен икемділігіне сай белгілі мамандықты таңдауға баулу; Қазіргі нарықтық талаптар мен сұраныстарға сай қажетті экономикалық білім беру (кәсіпкерлік, менеджмент, маркетинг, салық, еңбек биржалары және тағы басқа) туралы толық мағлұматтар беріліп, жас ұрпақтың біліктілігі мен білімділігін тереңдету міндеттерін атқару. Ауыл социум мен мектеп арасындағы қарым-қатынаста белең алып отырған кемшіліктер: 1. Мектеп ұйымдарының мектептен тыс, балалар мекемелерімен заң және құқық қорғау органдарымен және денсаулық сақтау мекемелерімен, шығармашылық өкілдерімен, отбасымен тығыз байланыста оқу-тәрбие істерін мақсатты түрде жоспарлап жүргізбеуі. 2. Мектептің қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың дамуына байланысты жоғары білім, білікті мамандарға деген сұраныстар мен талаптарды ескере алмауы, оқушылардың болашақ мамандық таңдауына кәсіби бағдар беру ісінің де қажетті дәрежеде болмауы. Мұндай кемшіліктер ауыл мектебіндегі оқыту үрдісіне кері әсерін тигізгендіктен мектептің жұмысын қанағаттандыру үшін мектеп пен социум арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуына оң әсер ететін төмендегідей факторлар анықталды: Мектеп Социум 1. Оқу – білім – тәрбие 1. Қоғамдық құбылыс 2. Кәсіби біліктілік 2. Еңбек, шаруа түрлері 3. Ғылымды, техниканы, өнерді 3. Күнделікті тұрмыстық меңгеруі жағдай отбасы, қоршаған орта, 4. Ұлттық тәлімдік салт-дәстүр аула, көше, топ. 5. Мінез-құлық пен тәртіптілік 4. Мәдени және эстетикалық нормаларын құндылықтар 6. Инабаттылықты меңгеру 7. Оқушының толыққанды жетілген, қоғамдық өмірге лайықты, өмір сүре алатын білімді, білікті азамат ретінде қалыптастыру Кестеде көрсетілген факторлар өзара жүйелі орналасқанда жас ұрпақты өркениетті қоғам талаптарына сай қалыптастыруға мүмкіндік туады. Әрбір жеке тұлға әлемдік және ұлттық мәдениеттен сусындауы керек. Әрбір 30 мәдениеттің де ұлттық құнардың уызына қанып, дүниежүзілік құндылықтардан нәр алуы ас маңызды. Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының білім беру жүйесін ұлттық құндылықтарын әлемдік педагогика жетістіктерін ұштастыру аясында дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін жасау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізудің қажеттігі заман талабынан туындауда. Ауылдағы білім жүйесін модернизациялау, нарықтық экономика жағдайында нормативтік құқықтық, ғылыми-әдістемелік негізде ұйысдастыру, басқару, қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз ету, ауыл мектептерінің білім жүйесінің құрылымдық жүйесі ретінде және қоғамдық өмірдің әлеуметтік құбылыстарының ерекшеліктерін ескер отырып, дамыту мәселелері әлі де ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. ҚР-ның «Білім туралы» Заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамтиды және оқыту мен қатар тәрбие жұмыстары арқылы бойға дарыту мәселелері қарастырылған. Осы орайда, қазіргі уақытта ауыл мектептерінің оқыту технологиясының өркендеуін, жаңашыл білім алу жолдары мен білім жүйесінің сабақтастығы және тағы басқа секілді мәселелер жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біздің зерттеу нысанымызға алып отырған ауыл мектебіндегі оқыту үрдісі білім заңына сәйкестендіре дамыту көзделген. 31 ІІ. АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 2.1 Ауылдық мекендердегі шағын жинақталған мектептің педагогикалық үдерісті ұйымдастыру ерекшеліктері және мәселелері Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан ауылдық мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Өйткені, ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен, оқушы саны да кеміп келе жатыр. Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп: біріктірілген сыныптармен; біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды. Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Шағын жинақты мектеп мәселесін зерттеушілер Ж.Қ.Астамбаева мен Г.И.Уәйісова өздерінің «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» атты еңбегінде «Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің мәселесі күн тәртібінен түспей келеді» деп атап көрсетеді [1, 3]. «Соңғы 15 жылда шағын жинақты мектептің саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы шағын жинақты мектеп жағдайында оқиды»[2]. Шағын жинақты мектептің үш түрі болады, олар: 1) Бастауыш шағын жинақты мектеп; 2) Негізгі шағын жинақты мектеп; 3) Орта шағын жинақты мектеп. Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі – ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде 32 туындайды. Шағын жинақты мектептің жоғарыда келтірілген түрлерге жіктелуі нормативтік құжаттарға сай жүзеге асырылады: «Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде: 1) бастауыш шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін; 2) негізгі шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін; 3) орта шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді»[4]. Соңғы оқу жылдары шегіндегі оқушы контингенті кестеде берілді. № Көрсеткіштері 2013-2014 1. Оқушылар барлығы Оқушы саны: Бастауыш мектепте Негізгі мектепте Орта мектепте Мемлекеттік тілде оқитындар Мектепті үздік бітіргендер, барлығы. Оның ішінен: 4 сыныптардан 9 сыныптардан 11 сыныптардан 94/5 20152016 84/6 2. 3. 4. Өлшем 2011бірлігі 2012 контингенті, саны 107/7 саны саны саны саны 34 50 23 107 31 47 16 94 30 42 12 84 саны саны саны 11 10 4 13 7 0 13 9 0 Кестеде көріп отырғанымыздай, мектеп оқушыларының саны жыл санап азайып отыр. Бұл ең алдымен, 1-сыныпта қабылданушылардың саны жылда кеми түсуімен, екіншіден, оқушылардың көпшілігі 9-сыныптан соң білімдерін колледждерде жалғастыруды қалайтындығымен, үшіншіден, ауыл тұрғындарының қала, аудан орталықтарына қоныс аударуы жиі орын алатындығымен түсіндіріледі. Жалпы білім беретін ұйымдардың бірі болып табылатын шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға байланысты проблемаларды бірнеше бағытқа біріктіруге болады. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға байланысты проблемалар: 1. Бір мұғалімнің бір мезгілде, бір, екі, кейде үш немесе төрт сыныпты қосып оқыту, оқу сабақтарын қатар жүргізуі; 2. Негізгі және жоғарғы сатыларда бір мұғалімнің бірнеше пәндерді оқытуы. 33 3. Сыныптардағы оқушылардың санының аздығы немесе тұрақсыздығы үнемі сыныптарды біріктіру мен сабақ кестесін жасауға әкелуі; 4. Сыныптардағы оқушылардың санының аздығы немесе біріктіріп оқытуға байланысты мұғалімге, оқушыға ауырлық түсіретін психологиялық ахуалдың орын алуы. 5. Педагогикалық ұжым құрамының аздығына байланысты олардың кәсіптік деңгейін көтеру және өзара тәжірибе алмасу үшін мектепішілік жеке пәндік әдістемелік бірлестіктердің болмауы. 6. Шағын жинақты мектептердің бір-бірінен алшақ орналасуынн мұғалімдердің жүйелі түрде тәжірибе алмасуына мүмкіндіктердің аздығы. Сонымен жоғарыдағы жағдайлар білім берудің жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқу нәтижелерін қамтамасыз ету үшін педагогтардың оқушыларды мектеп жағдайына бейімдеуге, олардың білім алуға деген қызығушылықтарын қалыптастыруға байланысты қосымша шаралар атқаруына тура келеді. Сондай жағдайда ең бірінші шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тұжырымдамалық негіздеріне сүйену. Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тұжырымдамалық негіздері: Педагогикалық ынтымастықтық, мұғалім мен оқушының білім беру үдерісіндегі тең құқылы субъекті болуы. Тұлғаның жеке қасиеттерін жетілдіруге бағытталған дамыта оқыту. Оқушының танымдық қызметін қалыптастыратын, жаңа ұғым мен әрекет тәсілдерін өз бетінше ізденуін қамтамасыз ететін проблемалық оқыту. Әрбір оқушының жеке даму траекториясын құруға мүмкіндік беретін оқытудың тұлғаға бағытталған тәсілі. Кәсіби бағдарлануға ықпал ететін бейінді оқыту. Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың басты қағидалары Білім берудегі сабақтастық Жүйелілік Даралау, саралау Құзырлылық амал Кіріктіру 34 Сонымен педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тұжырымдамалық негіздері, оның басты қағидалары мен дамытушылық қызметі нәтижесінде аталған үдерістің тиімділігі артады. Шағын жинақты мектептегі оқу үдерісінің тиімділігін тқамтамасыз ететін жағдайлар: Сыныптардың біріктірудің педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы. Сабақ кестесін оңтайлы жасау. Оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістері мен түрлерін таңдау, оларды технологиялық үдерісте ұтымды пайдалану. Сабақтың белгіленген мақсатқа сай неғұрлым тиімді құрылымын анықтау. Білім берудің сабақ және сабақтан тыс түрлерін дұрыс үйлестіру. Оқушылардың өз бетінше және мұғалім басшылығымен орындайтын жұмысын орынды алмастыру. Балалардың бойында оқу және өздігінен білім алу біліктілігін қалыптастыру. Оқушылардың білім және тәрбие деңгейлері дамуының мониторингісі. Ізгілікті педагогикалық ұстанымдарға негізделген оқушылардың білім, біліктілігін жүйелі бақылау-бағалау. Әр түрлі жастағы балалардан құрылған бірлестіктерді оңтайлы басқару. Білім берудің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану. Оқу-тәрбие үдерісін білім берудегі тұлғаға бағытталған қағида негізінде құру. Бала өмірінің тұрмыстық жағдайлары және олардың ата-аналары туралы жалпы мәліметтер жинау, ата-аналарды шағын жинақты мектеп жұмысына тарту. Бүгінде республикада шағын жинақты мектеп барлық мектептердің 52,1 пайызын құрап отыр. Сондықтан да шағын жинақты мектептің мәселелерін, соның ішінде ондағы педагогикалық үдерісті зерттеу өзекті мәселе болып отыр. Сондай-ақ елімізде және шет мемлекеттерде осы мақсатта ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы: Белорусияның ғылыми-зерттеу институтында шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс режимінің балалардың оқу қабілеттеріне әсері зерттелген. Зерттеу қорытындысы бойынша оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшелігіне, күн режиміне тікелей байланыстылығы анықталған. Соған байланысты сыныптарда, соның ішінде біріктірілген сыныптарда негізгі пәндерді бөлек оқыту ұсынылған. 35 Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру шағын жинақты мектептің ерекшелігіне байланысты. Сонымен осы ерекшеліктерге сай міндеттерді шешудің бір жолы оқушылардың бүкіл оқу-танымдық әрекетінің, оның міндеттері мен мазмұнының пәнаралық бағыттылығы болып табылады. Сондай жағдайда білім мазмұнының баламалығы аясында пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру негізінде оқу пәндерін кіріктіруге мүмкіндік туады. Соның нәтижесінде шағын жинақты мектепте педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда сыныптарды, пәндерді, сабақтарды, тақырыптарды, сабақ және сабақтан тыс жұмыстарды кіріктіру жүзеге асады. Бұл бағытта ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді (Стрезикозин В.П., Суворова Т.Ф., Канцева Л.Б.) зерттеу сынып-жинақта бір пәндік, бір тақырыптық сабақтарды жүргізудің тиімділігін көрсетеді. Сабақтардың мұндай типі қосымша оқу уақытын шығарып алуға, бұл білім беруді ұйымдастыруда түрлі әдістерді, сондай-ақ өздігінен орындайтын жұмысты әрбір сынып бойынша өз алдына жүргізуге мүмкіндік береді. соның нәтижесінде бірнеше сынып біріктіріліп немесе әр жастағы балалар тобына бір тақырыптық, бір типтес сабақ өткізуге болады. Мысалы. «Су және оның қасиеттері» тақырыбындағы сабақта дүниетану, биология, химия, география пәндері бойынша кіріктіру жүзеге асады. Пәндер бойынша оқу материалын тақырып бойынша жоспарлау тиімді. Бұл мұғалімге әр тақырыпқа қанша сағат берілетінін, қандай тәжірибе сабақтары, саяхат, бақылау-бағалау жұмыстарын алдын-ала анықтауға көмектеседі. Осындай жан-жақты ойластырған жоспар жасалынғаннан кейін, мұғалім міндетті түрде оның орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Шағын жинақты мектептің мұғалімі өз қызметінде пәнішілік және пәнаралық байланыс ұстанымы негізінде оқытуда кірілтірілген амалды басшылыққа алуы қажет. Сондай-ақ шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктеріне сай сабақта мұғалім басшылығымен және өз бетінше орындайтын жұмыстардың дұрыс үйлесім табуына баса назар аударуы керек. Ауылдағы шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері: сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды, басқаша айтқанда, бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет; мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс; 36 мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды, яғни, шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады; мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады, сол үшін мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты пайдалануды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек; біріктірілген сыныптарда мұғалім бір сыныпқа сабақтың жарты уақытын ғана жұмсайтындықтан, көбінесе, әдебиет пәнінде (6-8 және 7-9 сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді; өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды; белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ; оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді; оқушылар, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады; бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын жинақты мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмаған; шағын жинақты мектепте сабақ өздік жұмыс арқылы ұйымдастырылады, ал өздігінше жұмыс істеу әдісі бүгінгі күнге дейін кең қолданыс таппаған; шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдары өте аз, сонымен бірге шағын жинақты мектептердің кітапханалық қоры нашар. Ауылдағы шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар: 37 балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар; дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады; оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады; оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді; бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді; әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол; аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады; оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады; оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады; үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады. Шағын жинақты мектептің күрделі міндеттерінің бірі – сынып-жинақта сабақты ұйымдастыру. Бұл бұрынғы кезде тек бастауыштың мәселесі еді, қазір бұл негізгі және жоғарғы сыныптарда да кездеседі. Осы мәселе бойынша Ресей педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында сыныпжинақта сабақты ұйымдастыру бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша сынып-жинақта динамикалық жоспарлау ұсынылған. Сол үшін бірінші жарты жылдықта бірінші сынып оқушылары өз бетінше жұмыс жасау іскерлігін меңгермегеніне байланысты мұғалім сабақ ұзақтығы бойынша олармен қысқартылған жүйемен жұмыс жасайды. Содан кейін тек бірінші сынып оқушылары дайын болған жағдайда басқа сыныптармен бір мезгілде 45 минут сабақ жүргізеді. Онда бірінші сыныптар үшін 10 минуттық үзіліс болады. Шағын жинақты мектептегі сабақ негізінен екі компоненттің үнемі алмасып отыруынан тұрады, оның бірі мұғалім басшылығымен жүргізілетін оқушылардың жұмысы, ал екіншісі оқушылардың өзіндік әрекеті. Бүгінде сыныптарды біріктіру тәжірибесінде екі жол бар: біріншісі – жақын-шектес сыныптарды біріктіру және екіншісі – әртүрлі жастағы сыныптарды біріктіру. Педагогикалық тұрғыдан әр түрлі жастағы сыныптарды ұйымдастыру неғұрлым қолайлы, өйткені ол балаларды ауыспалы жұптарда жұмыс жасауға, үлкен сынып оқушыларының өзіндік 38 Дүйсенбі Сабақ реті Күні жұмыстарын ұйымдастыруға, көбірек көңіл бөлуді керек ететін кіші сынып оқушылары үшін уақыт бөліп алуға мүмкіндік береді. Шағын жинақты мектептің бастауыш сатысында оқушыларды сыныпжинаққа біріктірудің мынадай баламалары болуы мүмкін: 2+3, 2+4, 3+4, мұнда 2 және 3 сынып оқушыларын біріктіру тиімді болып табылады. Бірінші сынып оқушыларын сынып-жинақ құрамына енгізбеген дұрыс. Себебі бұл кезеңде баланың мектепте күнделікті оқуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дене, психикалық және психикалық және физиологиялық дамуы жүріп жатады. Бұл жастағы балалар болмашы нәрсеге алаңдағыш, зейінін ұзақ шоғырдландыруға қабілеті дамымаған, қозғыш, еліктегіш болады. Жаңа әлеуметтік жағдайлар баланы белгілі бір қалыптағы әлемге ендіреді, бала өмірін тәртіпке түсіреді, сөйтіп оқу жұмысы шаршау мен беймазалықтың көзіне айналады. Мектепке түскен әрбір оқушыға шамадан тыс психикалық қысым түседі. Бұл тек оның денсаулығына ғана емес, мінезқұлқына да кері әсер етеді. Сонымен бірінші сынып оқушыларының оқу әрекетіне, табысқа ұмтылуына, өзін-өзі бақылауға дайын болуына, бейімделу үдерісінің жеңіл өтуіне, оң ынтасының қалыптасу үшін оларды сынып жинаққа қоспай, өз қатарластарымен жеке оқыту ұсынылады. Үш немесе төрт сыныпты біріктіру қажет болғанда (1+2+3+4), сабақтың белгілі бір бөлігін әрбір сыныппен жеке өткізу үшін жағдай жасау мақсатында (бұл талапты сақтау, әсіресе бірінші сынып оқушылары үшін ерекше қажет) әртүрлі жастағы балалар үшін сабақтың жылжымалы келесі кестесін (дүйсенбіге арналған) қолдану дұрыс болады: 1 2 3 4 5 6 Сыныптар ІІІ І ІІ Пән аттары Ана тілі Дүниетану Математика Дене шынықтыру ........................ ........................ Ана тілі Дүниетану Математика Дене шынықтыру ...................... ...................... ..................... ..................... Математика Дене шынықтыру Ана тілі Қазақ тілі ІV ..................... ...................... Математика Дене шынықтыру Ана тілі Қазақ тілі Мектептің негізгі және жоғарғы сатыларында сыныптарды біріктіру, негізінен әр сыныптағы оқушылар санына байланысты болмақ. Негізгі және жоғарғы сатыдағы оқушылар санының аздығы жағдайында сыныптарды мынадай тәртіпке қосу тиімді: 5+6, 6+7 (жақын-шектес сыныптар), 5+7, 6+8, 8+10 (әр жастағы сыныптар). Мұндай біріктіруде математика, химия, физика, 39 биология, мемлекеттік тіл, ана тілі және шет тілдері сияқты базалық пәндер әрбір сыныпта жеке өткізілгені дұрыс. 9,11 (12) сыныптар бітіруші сынып болғандықтан, оларды тіпті бала саны жеткіліксіз болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытуға жол берілмеуі керек. Көпшілік ғалым-педагогтардың, тәжірибелі мамандардың пайымдауынша қазіргі кезде ауылдағы шағын жинақты мектептегі оқытудың басым бағыты оқушылардың әрекеті. Сондықтан шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда түрлі деңгейлік бағдарлама, оқу материалын өтудің өзіндік жеке жолы, пәндік курстарды топтастыру (бірлесіп жұмыс жасау үшін), жаңа материалды меңгеруде оқушылардың өмірлік нәтижесінде негіздеу, дәстүрлімен қатар дәстүрлі емес әдістер мен технологияларды қолдану. Соның ішінде оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына сай жүргізілетін сай жүргізілетін өз бетінше орындайтын жұмыстың мәні ерекше. Кез-келген өз бетінше орындайтын жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған әрекеті, олардың интеллектуалдық біліктілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылуы тиіс, яғни оның барысында оқу материалын таңдау, топтастыру, салыстыру, жүйелеуге байланысты анықтау, негіздеу, дәлелдеу, бағалау, қорытынды жасау, жинақтау әне болжау жүзеге асады. Біріктірілген сыныптардағы оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстары бір сыныптағы сабақтың міндетті компоненті, ал екінші сынып үшін бұл оқу әрекеті үшін дұрыс жағдай. Сондықтан сабақтың сапалы нәтижесі оның барысындағы өз бетінше орындайтын жұмыстарды мұғалімнің тиімді алмастыру шеберлігіне тікелей байланысты. Оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын жоспарлағанда ескеру: Программалық материалды меңгеруді, білім деңгейін жедел тексеру (аз уақыт шығындап). Жаңа материалды меңгеруде оны қабылдауға байланысты оқушылардың өз бетінше жүргізілген дайындығына негіздеу. Мұндай жағдайда қалыптасатын ұғым мәнінің ашылуына аса назар аудару. Алған білімді қолданудың орынды тәсілдерін көрсету негізінде материалды бекіту. Оқу материалын жинақтауды пәнішілік және пәнаралық байланыспен ұйымдастыру. Оқушыларды өз бетінше жинақтау мен қорытындылауға бағыттау. Соның негізінде төмендегі оқытуды жүзеге асыру: Ауылды жерлердегі шағын жинақты мектептегі оқыту үлгісі 40 Мұғалім тарапынан Оқушы қажетті көмек Мұғалім және түзету Сыныптастары мен мұғалім тарапынан Оқушы өзара көмек және түзету Аталған үдерістің дұрыс дамуы үшін барлық тақырыптар бойынша оқу құжаттарын дайындау. Сонымен қатар, балаларға бірлескен әрекеттің біліктілігін, оқулықпен өз бетінше жұмыс жасаудың тәсілдерін меңгерту қажет. Мұғалім жұптағы оқушыларды алмастыра отырып, олардың топта өз бетінше әрекет етуіне бағыттайды. Ауылдағы шағын жинақты мектептегі бала санының аздығы – бұл мектептің тағы бір өзіндік ерекшелігі. Оқушылар мектепте тығыз қарымқатынаста болады, бірге жүруге тырысады, бір-біріне деген үнемі көңіл аудару, қамқорлық жасауы басым. Мұғалім қиындықсыз оқу үдерісін басқарады, әрқайсысымен жеке байланыс орнатады, оларды зерттеуге, мониторинг жүргізуге, соған сәйкес жұмысты жоспарлауға мүмкіндігі мол. Сонымен қатар, сыныптағы бала санының аздығы өзіндік қиындықтар туғызады. Атап айтқанда: мұғалім оқушыны жиі сұрайды, оның әрбір әрекеті бақылауда тұрады. Оқушылар үнемі мұғалімнің ықпалында болады, сондықтан олардың босаңсу мүмкіндігі жоқтың қасында, үнемі жауап беруге дайын болады. Осының бәрі баланың психикасына әсер ететін эмоционалды жүктемені күшейтеді, содан бала шаршайды, уақытша жұмыс істеу қабілетінен айырылады және қажуға әкеледі. Мысалы: бес оқушысы бар сыныптарда бұл уақыт 12-15 минут аралығында дейін ауытқиды. Оқу үдерісін ұйымдастыруда жоғарыдағы келеңсіз жағдайдан шығу жолдары: Оқушының отырып жауап беруіне рұқсат беру; Топтық жұмыстарды көбірек ұйымдастыру; Тоқсанына бір рет шығармашылық жұмысты қорғау; Үйге берілетін жеке жұмыс; Қызығушылығына қарай өз бетінше орындайтын жұмыс; Сабақта сергіту сәттерін жиі жасау; 41 Кабинетте балдардың орналасу тәртібін үнемі өзгерту (бірінің артына бірінің отыруы, бір-біріне қарама – қарсы отыру, шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш бойына отыру және т.с.с.). Оқу кабинетінде қосымша жұмыс орнын әзірлеу (онда тапсырманы тез бітірген оқушылар қосымша тапсырмалар орындайды ). Шағын жинақты мектепте бала санының аздығы бақылау-бағалауды кең көлемде жүргізуге мүмкіндік береді. Бақылау-бағалауда келесі көрсеткіштерді ескеру керек: 1. Нормативті (бақылау нәтижесі белгіленген қалыпқа сай бағаланады). 2. Салыстырмалы – тұлғалық (бақылау нәтижесі оның өткен нәтижелерімен салыстырылады, соның негізінде даму динамикасы анықталады). Жоғарыда аталған барлық жағдайларда нормативтік көрсеткіштердің тұлғалық көрсеткіштермен ұштасуының мәні зор. Шағын жинақты мектепте педагогикалық ұжым құрамының аздығына байланысты олардың кәсіптік деңгейін көтеру және өзара тәжірибе алмасуы үшін мектепішілік жеке пәндік әдістемелік бірлестіктердің болмауы педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы өзекті мәселе. Осындай кедергілерден шығудың жолы: Бірнеше мектеп бірігіп, әдістемелік тақырыптар бойынша жұмыс жүргізу; Мектепаралық әдістемелік бірлестіктер құру; Базалық мектептер арқылы тәжірибе алмасу; Мұғалімдердің қызығушылығы мен сұранысына сай шығармашылық топтар құру; Тәжірибелі ұстаздарды жас мамандарға тәлімгер ретінде тағайындау; Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға байланысты жергілікті жерде үйлестіру кеңесін құру. 2.2 Ауыл мектебіндегі 12 жылдық білім беру мәселесі және болашағы Қазіргі ауыл мектептері болашақ ұлт мектебінің негізін қалаушы, ҚР ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын мекемелер болып табылады. 42 Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде өнегелілік өлшемінен айырылған адамның ақыл-ойы, бағыт-бағдары санасының адасуынан есерсоқтыққа, зорлыққа, қатыгездікке ұрындырады. Оған қоса центризм, рационализм дәстүрлеріне бағдарланған қазіргі мектептерді шығыстық діл мен мәдениетіне бағыттап, озық адамгершілікті тәжірибелерді меңгеруіміз қажет. Оқушы жастарға жалпы білім негіздерін терең меңгеруге, белгілі кәсіби мамандықтарға баулуға ерекше назар аударғаннан гөрі жасөспірімдердің бойына өнегелілік сапаларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді, мәдени мінез-құлықты тәрбиелеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды, игі мұраттарды ұстайтын, салауатты өмір сүретін тұлғаны қалыптастыруға тиіспіз[2]. Білім сапасын арттыру жөнінде тиімді шаралар қабылдау үшін дүниежүзілік тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекет, бірінші кезекте, отандық білім беру жүйесінің шынайы жағдайы мен оның сапасының көрсеткіштерін әділ бағалауы тиіс. Сапалы реформа жүргізу үшін көп күш, білім және табандылық керек. Ең бастысы, мектепте білім беру сапасын арттыру үшін бірінші кезекте, меніңше, білім жүйесін басқару саласында түбегейлі шаралар қабылдау қажет. Елімізде "базалық білім беру” ұғым мазмұнын толықтыратын Бүкіл әлемдік білім беру декларациясы мен Бала құқықтары туралы конвенцияның бағдарламалық ережелерін ұстана отырып, ауыл мектептерінде жасөспірімдердің бойына өнегелілік қасиеттерді, былайша айтқанда, адамгершілікке, инабаттылыққа, қайырымдылыққа, мейірбандылыққа, әділдікке, еңбек сүйгіштікке, өтірік айтпаушылыққа, сөзінде тұруға, зорлықзомбылық жасамауға, бақытты өмір сүруге тәрбиелеуімізді талап етеді. Ауыл мектебі қазақ ұлт мектебінің негізін құрайды. Ұлттық мектеп адамзаттың мәдениетпен этномәдениеттің өзара кіріккен бірлігінде дамитын болғандықтан, ерекше сараланатын ұлттық қалыптастыруда тұлға дербестігін, еркіндік, демократия идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде ұстану қажет[8]. 43 Ауылдық жерлердегі жағдайларда бейіндік оқытуды ұйымдастырудың формалары Ауылдық мектептегі бейіндік сынып Аудан орталығы базасындағы мектеп интернат Интернат типіндегі пансионат Бүгінгі ауыл мектебінің өзекті мәселесі бейіндік оқытуды да ұйымдастыру қажет. Бұл бағытта шешімдерден төмендегі мәселелердің шешімін табамыз: 1. Ауылдағы тұрмыс-тіршілігін сақтау; 2. Ауыл экологиясын қорғау; 3. Отбасын сақтау, отбасын құру, ұрпақтың қалыптасуы; 4. Ауыл мәдениетін көтеру; 5. Ауыл мектебі, оның оқу-тәрбиені сапалы беру мүмкіндігін арттыру; 6. Ауыл мектебі басшысы, мұғалім-әлеуметтік педагогтардың сапалық деңгейін жоғарылату; 7. Ауыл мектебі – даму болашағы. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде ауыл жасөспірімдерімен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын басты талаптарының бірі - өнегелі бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Әрине қазіргі кезде жасөспірімнің өнегелік қасиетінің қалыптасуына, оның өзін-өзі танып білуіне үлкен мән берілуде. Осыған байланысты ауылдық жерлердегі басым көпшілігі шағын комплектілі мектептерде, оның ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Себебі қазақ мектебіауыл мектебі, бұл мемлекетіміздің болашағы. Көптеген ел басқарған азаматтар, зиялы қауым өкілдері осы ауыл мектептерінің тәрбиесін көріп өсіп, жеке тұлға ретінде қалыптасқан. Әрине, қазіргі кездегі ауылдық жерлерде қалыптасқан кейбір келеңсіз жағдайлар тәрбие мәселесіне де өзінің кері әсерін тигіуде. Мысалы, көпшілік ауылдарда мәдениет ошақтары: клубтар, кітапханалар, мектепке дейінгі 44 тәрбие мекемелері --- балабақшалар жабылған. Оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттарында баратын жерлер жоқтың қасы. Бұл жағдайда ауылдық жерлердегі жасөспірімдер арасындағы ұлттық қасиеттердің төмендеуі, мәдениеттен алыстауы, бұзақылықтың көбеюіне жасөспірімдердің басқа да бұрын ауылда болмаған келеңсіз жағдайларға ұрынуына әсер етпей қоймайды. Осы себепті бұл мекемелердің жұмысын қалпына келтіру, жандандыру мәселесі қолға алынуы керек деп есептеймін[1]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында білім беру саласындағы мәселелерді ерекше қарастырады. Жолдаудағы төртінші басымдық осы мәселені қамтиды. Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде:«Жалпы білім беру мекемелері-- мектепті 12 жылдыққа көшірудің неізінде еліміздің ертеңгі болашағы – жас жеткіншектерді сапалы білім, саналы тәрбие беру көзделген. Жолдауда халқымыздың асыл қазыналарын жас ұрпаққа түсіндіріп, олардың қазіргі кезде құнды екендігін түсіндіру арқылы олардың өнегелік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері сөз болады. Бұл арқылы біз дамыған елу мемлекеттің құрамына кіруді жоспарлап отырған Қазақстанның намысын қолдан бермейтін, жоғары парасатты, асыл қазынамызды ұрпақтан ұрпаққа жоғалтпай жеткізетін ұлы тұлғаларды тәрбиелей аламыз», - деп ой қорытады. 12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасатты, пайымы мол, саналы азамат болып жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар, оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада жатыр. Жаңа көз – қарастағы мұғалім – рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, өз мүмкіндіктеріне баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процесстерде бағдарлай алатын деңгейін естен шығармаған жөн[10]. Ауылдық мектепте 12 жылдық оқыту үрдісі БЕЙІНДЕУ 12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУ 45 9-10 сыныптардағы бейіналды дайындық 1-2 сыныптардағы кәсіптік бағдар 11-12 сыныптардағы бейіндік оқыту Ауыл мектебінде білім беру ісінің проблемалары өте күрделі әрі маңызды. Себебі, елімізде оқу – ағарту саласында кезең-кезеңімен жүргізіліп келе жатқан реформаларға үңілер болсақ, ол негізінен жоғары білім жүйесін қамтиды. Енді мұнымен қатар орта білім саласында да жаңа өзгерістер жасау керек. Өйткені, бүгінгі оқушы – ертеңгі абитурент. Ол мектепте алған білімімен институт немесе университет мұғалімінің алдында өз білімін көрсете алады. Сол себепті, жалпы орта білімі саласынығ бүгінгі күнгі негізгі мақсаты оқушыға орта білім беріп қана қоймай, оны жоғарғы оқу жүйесіне даярлай бағытында да жұмыстар жүргізілуі керек. Бұл мектеп оқушыларының отандық және шетелдік нарықта бәсекеге қабілетті сапалы білім алып шығуын қаматамасыз ету. Кез келген жастардың институт қабырғасында білімге деген құштарлығының жалғасуы мектептегі оқудың күрделілігі мен тиімділігіне байланысты. Сол себепті қазір мектеп бағдарламасының сапасын арттыру, оны тіпті, әлемдік деңгейге жеткізу қажеттігі туындап отыр. Себебі, келе жатқан жаһандану үрдісінің өзі түптеп келгенде барлық елдердің білім саласын үйлестіруді талап етеді. Әрине, бұл жерде әр елдің өзінің ұлттық ерекшелігі, ұлттық экономикасының мүддесі есепке алынады. Жалпы, білімде шекара болмауы керек. Әр ел өз оқу орындарының орта және жоғарғы білімдерін өзге елдердің мойындауын қалайды. Бұл дегеніміз ел азаматтарының бәсекеге қабілеттік мүмкіндіктерін арттыра түседі. Жалпы айтқанда, инновациялық мектептер арқылы халықаралық деңгейде үлкен жұмыстар жүргізу көзделіп отыр[8]. Ауыл жасөспірімдерінің өнегелік қасиеттерін қалыптастыру үшін ауыл мектебінің даму бағыттарын дамыту қажет. Ауыл мектебінің даму бағыттары: Әлемдік білім деңгейне негізделген ауыл мектебінің ғылымитеориялық, әдістемелік негізін жасау; Этнопедагогика, этнопсихолгия және әлемдік педагогика, пстхология жетістіктерін негізге алып, білім-тәрбие сатыларында ұштастыра ұлттық білім саясатын жүзеге асыру; Ұлттық діл, мәдениет, тіл,тарихты өркениет жетістігімен қатар өрбіту; Ұрпақтың қалыптасуы , бала тәрбиесі және дамуын қамтамасыз етуді қаржылық, денсаулықты сақтау, дамыту тұрғысында әлеуметтік шешімдер жасау; 46 Ғылыми-техникалық, жахандану үрдісіне сай мектеп құрылысы, материалдық-техникалық базажасау, теория мен білімді ұштастырып білік қалыптастыру; Адамзаттық, экологиялық, имандылық тәрбиесін қалыптастыру; Отбасынан бастап барлық деңгейде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; Дін тарихын, ұлттық психологияны мектепте оқыту; Ауыл мектебінде арнайы курстар 8-11 сыныптардан бастап ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін әлемдік өңдеу технологиясына бағыттауы және туризм әлемдік саяхатқа дайындау, жүргізу мәселесіне мән беру қажет; Ата-анаға арнап дүниеге келетін, дүниеге келген, мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені қамтитын ғылыми-әдістемелік материалдар қажет,+бұл баланы жан-жақты дамытуға және Қазақстандық патриотизм қалыптастыру негізін жасайды. Яғни баланың өзін-өзі жетілдіруіне, дамытуына бағыт-бағдар беру қажет. «Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әңгіменің басын ашып айтқаны бар[4]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты. Бізге 76-қадамда - 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту екені бізге мәлім[9]. ҚР-да жалпы білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр[17]. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі 136 мемлекетте 12 жылдық білім жүйесі іске асырылған әлемдік тәжірибені қолына алды. Әлемдік тәжірибеде көш бастап тұрған мемлекеттер: Австралия, АҚШ, Канада, Жапония, Франция және т.б. Бұл мемлекеттерден кейінгі Грузия, Армения, Литва, Латвия, Молдова, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Эстония және Украина мемлекеттері 12 жылдық білім моделін қолданып жатыр. Біздің елімізде 2008 жылы 12 жылдық білім моделіне көшу 2015 жылға дейін тоқталды. Себебі, мектеп білімінің инфрақұрылымы жеткілікті түрде дамымағаны, яғни, 6 жасар балаларды оқытуда сапалы білімнің болмауы. Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі кұшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған имағжан 47 Жұмабаевтың мына бір сөзіне құлақ асу абзал – ақ: «Қазақстың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі». Келешекте ақынның сөзі алдыңғы буын өкілдерінің жолбасшысы болары анық. Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, яғни, болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысынң тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды. Ендеше сапалы білім беретін ауыл мектебі бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қана қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар. Бүгінгі күнде ауыл мектебінің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді, яғни, мұғалімнің рөлі толығымен өзгереді, қазіргі қоғам мұғалімді ақпарат таратушы рөлі ретінде қабылдай алмайды. Мектепке шығармашылық ойлары бар, жаңа оқу бағдарламасын әзірлейтін және іске асыруға өызығушылық танытатын, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға қабілетті, сабақта оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін меңгерген мұғалім қажет. Осыған байланысты педагогтардың әлеуметтік кепілдігін қою, білім берудің сапсын арттыруға бағытталған, оқу үрдісін ұйымдастыру үшін жағдай жасау бойынша мемлекеттің қабылдаған әс-шаралары еліміздің педагогтары алдында нақты міндеттерді қояды. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз – ұнамды және белсенді қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек. 48 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қарсаңында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай болып табылады. Себебі, Ы.Алтынсарин «Мұғалім - мектептің жүрегі»,- деп айтпақшы, барлық күш салмағы оқытушыға түспек. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі[5]. Ұлы педагогтардың еңбектерін оқығанда, жауапсыз қалған сұрақтың шешімін табуға тырысып бағады екенсің. Сөзге тиек ететін болсақ, сонау өз заманының тұсында « Ұлы дидактика» деген еңбекті жазып шығараған педогок Янна – Амонс – Каменский ойыма оралып отыр. Белгілі педагок өз еңбегінде «Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? Не үшін оқыту керек?» деген сауалдарға өз жауабын нақты түрде бере білген. Ендеше бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?» «Ойлауға қалай үйрету керек?» «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдында негізігі үш бағытты басшылыққа алады. Олар: бірінші бағыты - оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, екінші бағыты - оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, үшінші бағыты - ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру. Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті , зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі , қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. 49 Себебі, мұғалімнің қызметі ең қайырымды мамандықтардың бірі. Өзінің күнделікті көп еңбегінің арқасында адамгершілік негіздегі жеке тұлғаны қалыптастырудағы, оған біздің ертеңіміз тәуелді [7]. 12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға , «барша білім беру» үлгісінен «әрбір адамға өмір бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді. 12 жылдық білім беруге көшу – бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа , ол жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғарғы білімді, шығармашыл, құзыретті тұлғаны қалыптастыруды және дамытуды алдын ала болжайды. Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының демократиялығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – 12 жылдық оқытудың методологиялық негізі ретінде қызмет ете алады. Оқытудың оқушыға бағытталған мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық тұғырнамасын, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасауға болатыны сөзсіз. Онсыз мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдамалық тұтастықты қамтамасыз ету мүмкін емес. Келер жылы, яғни, 2018-2019 оқу жылында 12 жылдық ауыл мектебінде сапалы өтуді қамтамасыз ету үшін, ең бірінші, тым болмаса 1, 5, 9-шы сыныптарға арналған оқу әдебиеттері шығарылуы керек. Бұл өздігінше өте күрделі міндет. 12 жылдық мектепке арналған оқу әдебиеттері авторларының арнайы оқу курсынан өтуі тиіс. Сондай-ақ, эксперименттік оқулықтарымен жұмыс істейтін мұғалімдер де, олардың сапасын бағалайтын сарапшылар да оқытылуы тиіс. 12 жылдық оқыту – оқушылардың негізгі біліктілігін қалыптастыра отырып, нәтижеге бағдарланған білімге незілделген 12 жылдық мектеп талаптарына сәйкес сабақ өткізе алатын әдіскерлер даярлануы керек. Сонымен қатар, 12 жылдық мектеп оқулықтарымен жұмыс істейтін барлық мұғалімдер арнайы оқытылуы керек. Білім сапасына қол жеткізу үшін, дүниежүзілік тәжірибені, 12 жылдық білім мазмұны мен мұғалім кадрларының кәсіби біліктілік деңгейін ескере отырып, барлық өтпелі сыныптар бойынша әр сабақтың оқу әдістемелік материалдарын дайындау қажет. 2018-2019 оқу жылында мұғалімдер осы жоспарлар негізінде коучерлердің әдістемелік жетекшілігімен сабақ өткізуі керек. Сонымен бірге әрбір мұғалімнің жұмыс сапсы мен еліміздің барлық мектептеріндегі оқушылардың білім сапасын бүкіл оқу жылы бойы бірыңғай талаптар бойынша әділ бағалау керек. 50 Өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің тиімділігін арттыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Ол орта білім жүйесінің негізгі міндеті болуы тиіс. Қоғам мен отбасының бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру қажет. Барлық ата-ана өз баласына жақсы тәрбие беріп, оларға жақсы ертегі айтқысы келеді. Бірақ бұған өздері жеткілікті дайындалмаған. Сондықтан тәрбиелі балалар, ең алдымен, қоғамның интеллектуалдық капиталының негізгі екенін ескерсек, жас ата-аналар үшін және жас аналар үшін бала тәрбиелеу жөнінде жаднамалар жасалу керек. Сондай-ақ бір-бірімен кездесіпонда мамандардан бала тәрбиелеу туралы қажетті кеңестер алу үшін мыңдаған клубтар ұйымдастыру керек. Еліміздегі қазіргі экономикалық өсуі жағдайындағы бұл әбден жүзеге асырылуға болатын міндет[10]. 12 жылдық білім беруге сапалы өтудің ғылыми негіздерін жасау керек. 12 жылдық мектептің білім сапасын қамтамасыз ететін ғылыми проблемалардың қат-қабаты әзірге зерттелмей жатыр. Оларды зерттеу керек және зерттеу нәтижелері практикаға енгізілуі тиіс. Бұл үшін педагогикалық ғылымға, білім беру саласындағы зерттеулерге деген қарым-қатынасты түбірімен өзгерту керек. Білім беру саласындағы зерттеулерді қаржыландыру бірнеше есе арттырылуы қажет. Біз 2018-2019 оқу жылында 12 жылдық білім беруге сапалы өтуді қамтамасыз ету үшін орындалуы тиіс жұмыстың жеке бөліктеріне ғана тоқталдық. Біздің еліміз отандық білім жүйесін дамытуда ерекше маңызды оқиға болып табылатын жалпы орта білімнің 12 жылдық жүйесіне өту табалдырығында тұр. Басқа жағынан, бұл білім жүйесін дүниежүзілік білім беру кеңістігіне шығаруды қамтамасыз ететін білім беру саясатын жасау және жүзеге асыру үшін бізге берілген тарихи мүмкіншілік. Кезінде халықаралық білім беруді жоспарлау институтының директоры Ж.Аллак: «Көптеген елдердің тәжірибелері білім беру үдерісі күрделілігінің басты себебі қаржыға ғана емес, қаржы арқылы шешуге болмайтын қиындықтарға байланысты екенін меңзейді», - деп атап өткен болатын. Оның осы қызмет орнындағы ізашары, көрнекті америкалық білім қайреткері және зерттеуші Ф.Г.Кумбс бұл ойды одан да қатаң нақтылады: «Дағдарыспен күресу үшін әрбір білім жүйесіне ақшаға сатып алуға болмайтын көптеген нәрселер – идеялар, батылдық, табандылық, ізденіс пенөзгерістерге ұмтылуда сыни тұрғыда өзін – өзі бағалауға қабілеттілік қажет»[9]. Отандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету үшін 12 жылдық білім беруге өту реформасының ерекше маңызды екенін ескеріп, меніңше, еліміздің әлемдік озат тәжірибені және білім беру саласындағы көшбасшы елдер тәжірибесін ескере отырып, оны табысты жүзеге асыруға арналған барлық шараларды қабылдау керек. 51 ІІІ. АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 3.1 Ауыл мектебінің білім сапасын басқару және білім сапасын арттыру тәсілдері Білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі – білім беру сапасын қамтамасыз ету. Білім беру сапасы қоғамдағы білім берудің жағдайы мен тұлғаның кәсіби, азаматтық, тұрмыстық біліктілігін(құзыреттілігін) қалыптастырудағы қоғамның, тұтынушының сұранысына сәйкестігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы – бұл кешенді түсінік, яғни іс-әрекеттің тиімділігіне сипаттама бергенде, оның әр түрлі жақтары: стратегияны анықтау, білім беру мазмұны және оны ұйымдастыру, педагогтардың кәсіби қызметі, маркетинг және тағы басқа секілді қарастырылады. Олардың барлығын төмендегі үш бағытта топтастыруға болады. Білім беру сапасы мазмұнының үш басты құрылымы Білім беру үдерісінің мақсаты мен мазмұны Педагогтардың кәсіби қызметі және оны ұйымдастыру деңгейі Материалдық – техникалық базаның жағдайы және білім беру үдерісінің ғылыми, әдістемелік, ақпараттық деңгейі Білім беру сапасы – ұйымның негізгі көрсеткіші және ол педагогтар мен оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қызығушылығын қолдайтын, табысты еңбекті атқаруға ынталандыратын білім беру ортасын құруға ықпал етеді. 52 Сондықтан білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін оны басқару қажет. ҚР «Білім туралы» Заңының (2007 жылғы 27.07., 2012 жылғы 10.07.өзгерістері мен толықтырылуы) 55 бабында «Білім беру сапасын басқару – білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты, білім беруді бағалаудың ұлттық жүйесін, білім беруге бөлінген қаржыны дұрыс пайдалануға және білім беру жүйесінің тиімді қызмет жасауын жүзеге асыруға бағытталған» деп көрсетілген[27]. Білім беру сапасын басқару – бұл ұйымның дәстүрлі түрдегі жұмыс жасауынан инновациялық даму режиміне көшу үдерісі. Өйткені, басқару барысында білім беру үдерісінің жағдайы, күтілетін және жеткен нәтижелер жайлы үнемі жедел және нақты ақпарат алудың арқасында түзету жұмыстарын жүргізуді жетілдіруге мол мүмкіндіктер туады. Білім беру сапасын басқару – бұл ерекше басқару. Себебі оның барысы кез келген алдыңғыдан жақсырақ немесе кездейсоқ нәтижелерді алуға емес, алдын-ала анықталған, болжалынған, нақты нәтижені алуды ұйымдастыруға бағытталған. Ауыл мектебіндегі білім беру сапасын басқарудың мазмұны: «Нәтиже – білім беру үдерісі - жағдайы» сызбасы негізінде білім беру үдерісі бойынша проблемалық талдау жүргізу. Мектеп қызметі мақсатын және әр пән бойынша оқыту немесе білім беру салалары бойынша мақсатты анықтау, осы қойылған мақсатта жету іс-әрекетінің жобасын жасау. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде білім беруді ұйымдастырудың бағдарламасын жасау, онда пәндер және білім беру салалары бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу. Білім беру үдерісінің нәтижесін және ағымдағы, қорытынды бақылау-бағалау жүйесін жасау. Білім беру сапасын басқару мәселесі бойынша басшылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау жүйесін және соның негізінде басқарушылық шешім шығаруды ұйымдастыру. Білім беру сапасы бойынша жеткен нәтижені аудан, облыс, республика, әлемдегі білім ұйымдарының нәтижесімен үнемі салыстыру. Оқушылар, ата-аналар, әлеуметтік ортаның мектептегі білім беру сапасына қанағаттануын талдау. Білім беруді басқару органдары тарапынан жүргізілген бағалауды ұйымдастыру. Жоғарыда аталған мазмұнда мектептегі білім беру сапасын басқаруда ескеру: 53 - Үдеріске бағытталған басқару мен нәтижеге бағытталған басқарудың арақатынасының тепе-теңдігін үнемі сақтау; - Білім беру сапасын басқаруда ақпарат алудың басты көзі ретінде мониторингтікеңінен жүргізу. Ауыл мектебіндегі білім беру сапасын басқарудың бағыттары: 1. Сапалы білім мазмұнын қамтамасыз ету. Бұл білім берудегі оқу жоспары мен оқу-әдістемелік материалдарының сәйкестігін сақтау. Осы сәйкестік негізінде тұлға бойында білік, біліктілікті қалыптастыру және оны өмірде қолдана алуын қамтамасыз ету. 2. Білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру. Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін, технологияларын тиімді қолдану. Білім беру үдерісін сапалы ұйымдастырудың мәні: оқушыларды білуге, орындай алуға, бірігіп жұмыс жасауға, жеке тұлға ретінде өзін сезінуге, өзін және қоғамды өзгертуге негіздеу. Аталған ұйымдастыру барысында тұлғаның сұранысын қанағаттандыруға баса көңіл бөлу, сонымен қатар, тұлғаның өз бетінше шешім қабылдау, сыни тұрғысынан ойлау, өз бетінше әрекет жасау, ойын айту, пікір беру, басқалармен қарым-қатынас орнату, өзін, өзгені түсіне білу, қоғам өміріне жан-жақты араласу, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік бірлікті дамыту, басқа адамдарға қызмет жасау, моральдық, этикалық кодексті сақтау, жеке жауапкершілігін ұстау, салауатты өмір слатын қалыптастыру, өзін қорғай білуге баулу. 3. Білім беруде сапалы орта жасау. Мектепте сапалы білім мазмұнын қамтамасыз ету және оны сапалы ұйымдастыру ғана қоймай, ұжымға, оқушыларға жайлы, тілектес, өздерін еркін ұстайтын орта жасау. Сондай-ақ мектеп оңтайлы, қолайлы, қауіпсіз, гигиеналық талапқа сай, таза, су, жарық, жылу, сынып бөлмелерімен қамтамасыз етілуі қажет. Сапалы ортаға бұдан басқа материалдық – техникалық база, соның ішінде оқу әдістемелік құралдар да жатады. Ең бастысы, барлық оқушыларға, педагогтарға білім беруде бірдей мүмкіндік, қолжетімділік жасау. 4. Кәсіби білікті, білім беруге ынтасы мол, қызығушылығы бар педагогтар қауымын қалыптастыру. Педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, мүмкіндік тудыру және әлеуметтік қорғау. 5. Саналы оқушылар қауымын тәрбиелеу. Бұл бағыт бойынша тұлғаның ойлау қабілетінің, психикалық және әлеуметтік дамуы мақсатындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу. Сонымен қатар, ауыл мектебіндегі білім беру сапасын басқару бағыттары: білім мазмұны, білім беру үдерісі, орта, педагог, оқушы – бәрі бірігіп келіп тұлғаның білім алудағы құқығын сақтауға, сапалы білімді қамтамасыз етуге ықпал жасайды. Осы бағыттардың әрқайсысын тұлғаға бағытталған білім беруде стратегия ретінде алып, жергілікті жерде білім беруде бүкіл жұртшылықты жұмылдыруға болады. Ауыл мектебіндегі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін білім ұйымы басшыларымен қатар, ұжымның әр мүшесі өзінің қызметін өзі 54 басқаруы қажет, яғни, бұл әр педагогтың атқаруға тиісті барлық әрекеттерін толық өздігінен орындауы, соңына дейін жеткізуі[50]. Әлемдегі сапа қозғалысы негізін салушылардың бірі профессор Каору Исикава (Жапония) «Сапа – бұл тек өнімнің сапасы ғана емес, бұл бүкіл ұйымның қызметінің және сол ұйымдағы әрбір қызметкердің жұмысының сапасы» деп көрсетеді. Үлгі бойынша мектептегі білім беру сапасын басқару алты кезеңнен тұрады: Бірінші кезең – кез келген жұмысты орындамас бұрын сол мәселе бойынша іздену, оқу. Екінші кезең – атқарылатын жұмыс бойынша мақсат пен міндеттерді анықтау. Үшінші кезең – мақсат пен міндеттерді орындаудың іс-әрекет жоспарын жасау, жолын анықтау. Төртінші кезең – белгіленген іс-әрекет жоспары бойынша жұмысты орындау. Бесінші кезең – орындаған жұмысты бақылау – бағалау. Алтыншы кезең – қорытынды, түзету, басқарушылық шешім шығару. Аталған үлгі негізнде ұжымның әр мүшесінің өзінің атқаратын қызметінде білім беру сапасын басқарудың алты кезеңінен өтуі – міндетті түрде сапаға жетуге кепілдік береді. Соған байланысты жапондық профессор Каору Исикаваның айтқаны «Қандай да бір істі орындау мүмкін емес дегенше, оның себептерін ойдан құрастырғанша, оның орнына бұл істі орындауда не істеу керек екенін анықтау қажет» дегені жоғарыда айтылған басқару қызметінің алты кезеңінің сапаға жетуге ықпал жасайтыны дәлелі. Сонымен ауыл мектебіндегі білім беру сапасын басқару амалын қолдану мектептің биік жетістіктерге жетуіне және тұлғаның бүгінгі күн талабына сай қалыптасуына, өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасайды[55]. Білім сапасын арттыру мақсатымен елімізде қазіргі уақытта кеңінен қолданылып келе жатқан тәсілдерідің бірі – «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» (Reading and Writer for Critical Thinking) жобасы да сабақтың үш құрылымдық кезеңін ұстанады: «Қызығушылықты ояту – Мағынаны ажырату – Ой-толғаныс». Бұл құрылым ойлау үдерісінің қалайша өрбитіндігін сипаттап, әрбір оқушыны «өзінің курстастары және мұғаліммен жүргізетін рефлексиялық диалогқа жұмылдыруды» көздейді. Бұл жобада сабақтың әр кезеңінің ерекшеліктері мен мақсаттарын қалайша сипаттайтындығына тоқталып кетейік. «Қызығушылықты ояту» кезеңінде (Evocation) үйренушілер білім үдерісіне ниеттеледі, айрықша көңіл аударады, жаңа материалды игеруге ынталанады. Бұл кезеңде мынандай үш мақсат жүзеге асырылады: 1. Қарастырылатын тақырып бойынша үйренушілер бұрынғы білімдерін есіне түсіреді. 55 Білім зерттеу – жаңаны ескімен байланыстыратын үдеріс, жаңа білім міндетті түрде қандай да бір жеке тәжірибе негізінде құралады. Өзінің жеке білімін еске түсіру арқылы үйренушілер белсенді түрде өздерінің білімін анықтап, оны талдайды және алдағы уақытта қарастырылатын жаңа мәліметтермен байланыстырады. Сол арқылы олар өз білімінде «бос орындардың» қалмауын қадағалап, білім игеру процесін бір сәтке де тоқтатпайды. 2. Үйренушілер белсенді әрекеттерге жұмылдырылады. Білім игеру – белсенді әрекет. Саналы білім алу үшін үйренушілер білім игеру процесіне белсенді түрде араласуы керек: ойлау, сөйлеу мен жазу арқылы өз білімдері мен түсініктерін өзгелерге жеткізе білуі керек. 3. Үйренудің мақсаттарын айқындау арқылы үйренушілер ойлау жұмысына ынталандырылады. Шығармашылық белсенділікті көтеру үшін бұл кезеңде үйренушілерді зерттеу мақсаттарын айқындауға жұмылдыру керек. Өз мұқтаждарынан туындаған, өздері құрастырған мақсаттар үйренушілердің жаңа білімге деген ынталарын еш бәсеңсітпейді. Ал үйренушілердің жеке тәжірибесінен туындаған пікірлер әрқашанда сан алуан болып, сол арқылы оларды пікір алмасуға және пікірталасқа әкеледі. Өз кезегінде көзқарастардың мұндай қарама-қайшылығы әр үйренушіде түрлі сұрақтардың пайда болуына әкеледі. Ал бұл сұрақтарға жауап беру белсенді түрде жұмыс жасауға (ойлау, оқу, жазу, сөйлеу) ынталандырады. «Мағынаны ажырату» кезеңі (Realization of meaning) жаңа материалды игеруде туындаған сұрақтарға үйренушілердің өз тәжірибелері тұрғысынан жауап беруімен ерекшеленеді. Бұл кезеңде үйренушілер жаңа ақпаратпен немесе идеялармен тікелей қарым-қатынас жасап, оларды дербес түрде зерттейді, ізденеді. Бұл кезеңнің басты мақсаттары мынандай: 1. Үйренушілерді жаңа білім игеру жұмысына асқан құштарлықпен араластырып, олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың басқа кезеңдерімен салыстырғанда мұнда үйренушілер мейлінше дербес болып, ұстаздың араласуын қажет етпей, өзіндік тұрғыдан әрекеттенеді. Олар үйренудің әртүрлі тиімді тәсілдерін қолдану арқылы белсенді танымдық жұмысқа кірісіп, жаңа білім туралы өзіндік түсінік және пікір қалыптастырады. Үйренушілер мұндай жұмысқа жұмылдырылмаса, зерттеудің мағынасы тіпті де жоғалып кетуі мүмкін. 2. Үйренушілердің өзіндік пікір мен түсінік қалыптастыруға ынталандыру. Белсенді үйренушілер жаңа мәлімет жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады. Қажет болған жағдайда олар оны қайта қарастырып, сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін анықтауға тырысады. Мұндай жағдайларда бәсеңді (пассив, ырқы кемшін) үйренушілердің өздері түсінбегенді қалдырып кетуі әбден ықтимал. 56 «Ой-толғаныс» кезеңінде (Reflection)үйренушілер жаңа мәліметтерді өздерінің бұрынғы білімдерімен (ұғымдарымен) салыстыра отырып өзгертеді. Осы кезеңде олар сұрақтар, ұсыныстар, пікірталастар, зерттеулер арқылы бұрнағы түсініктерінің негізінде жаңа білім құрастырады. Үйрену дегеніміз өзгеру және өзгерту деген сөз. Өзгеру жаңа түсініктің атаулары мен терминдері, жаңа әрекеттер, білімнің жаңа ахуалы мен жаңа сенімдер тұрғысында болуы мүмкін. Мұндай өзгерістер үйренушілердің бұрынғы білім негізінде жаңа түсінікті қалыптастыру жұмысына белсене араласқанда пайда болады. Бұл кезеңде мынандай мақсаттар тұтуға болады: 1. Үйренушілер өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтер арқылы жеткізеді. Зерттеу және түсінік - өзіндік, дербес ұғымдар. Үйренушілердің есінде өздерінің тәжірибесі, білімі, сөздері арқылы түсінгендері қалады. Жаңа түсінік тек осындай өзіндік контексте пайда болады. 2. Үйренушілер бір-бірімен ой бөліседі. Пікірлесу арқылы үйренушілерде өзіндік пікірлердің пайда болуына ой талқыда келтірілген көзқарастардың әр түрлігі, сан алуандығы көп септігін тигізеді. Үйренушілердің ой алмасуда әр түрлі пікірлерді келтіруі жаңа мәліметтің игерілуіне жол ашады[12]. «Қызығушылықты «Мағынаны ажырату» «Ой-толғаныс» ояту» кезеңі кезеңінде (Evocation) (Realization of meaning) (Reflection) Сабақ мазмұнын Мұғалімнің Жаңа тақырып бойынша оқушыларды бұрынғы басшылығымен оқушылардың білімдерімен оқытудың белсенді пікірлесуі, ойлануы, байланыстыру, түрлерін қолданып жаңа жаңа мәліметті өз оқушыларды ықыласын мәліметпен танысу, оны түсінігіне икемдеу жаңа білімді қабылдауға жан-жақты қарастыру, немесе проблемаларды белсенділендіру, зерттеу, игеру шешуде қолдану олардың сұрақтары мен мақсаттарын айқындау Сонымен, келтірілген пікірлер мен түсініктердің негізгі идеясы келесі деп тұжырымдауға болатын секілді: сын тұрғысынан ойлау дегеніміз саналы түрде бағалау, ой қорыту, ой толғау. Сын тұрғысынан ойлау адамнан нақты проблеманы шешуге бағытталған психикалық, эмоционалдық және танымдық белсенділікті талап етеді. Сын тұрғысынан ойлаудың ерекшеліктері мынада: Кез келегн проблема не ақпарат бойынша нақты сұрақ қояды; Ең маңызды жәйттерді бөліп шығарады; Проблема не ақпаратқа қатысты деректерді қолданады; 57 Критерийлер мен стандарттарды қолданады; Критерийлер мен стандарттарға негізделген дәлелді қорытынды мен шешімдер келтіреді; Өз пікірі мен көзқарастарына деген жоғары жауапкершілігі бар; Себеп-салдарды анықтайды; Талдайды, тұжырым жасап, қорытындылайды; Ақпаратты шығармашылық тұрғыдан түрлендіреді; Басқалармен тіл табысып, ортақ мәмлеге келеді. Оқушыда сын тұрғысынан ойлаудың қалыптасу деңгейлері Бастапқы деңгей Орта деңгей Жоғарғы деңгей Өз көзқарасы мен Ойлау қадамдарын Негізгі ойлау ұстанымын жан-жақты ретімен қолданады; қадамдарын ретімен, тұрғыдан қалыптастыра логикалы түрде және Өз көзқарасы мен алмайды; тереңінен ұстанымын қолданады; Өз ұстанымын толық қалыптастырғанымен, Өз көзқарасы мен дәлелдей алмайды, оның оларды ұтымды түрде артықшылықтарын дәлелдей алмайды; ұстанымдарын толық көрсетпейді; ұтымды түрде Өз ұстанымдарын дәлеледей алады; Жан-жақты өзгелермен Өзіне өзі нақты салыстырмайды; салыстырады, оның артықшылығы мен аға бере алады; Ұтымды мысалдар кемшіліктерін келтірмейді; Өзге пікірлерді ажыратады; бағалай біледі; Себеп-салдарын Өзіне айтылған дәлелді түрде келтіре Ұсыныс пен сынды сабырмен алмайды; болжам жасай қабылдай алмайды; біледі; Талдау мен Өзге синтездеуді толық Айтылған сынға ұстанымдарды жанжасамайды; байыппен жақты талдамайды, қарайды;өз Жан-жақты баға бере олардың жұмыстарын алмайды. олқылықтарын жақсарту жолдарын ажырата алмайды. іздейді. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін мұғалімнің педагогикалық санасын өзгерту керек. Мұғалім осы модуль көмегімен «пән» және «тақырып» атты ауқымдардың тар шеңберінен шығып, оқушының тек білім мен білігін бағалап қана қоймай, шәкіртін кең тұрғыдан қарастыратын болады: педагог оқушыны «өмір сүру», «тұлға болу» секлді кең ауқым тұрғысынан қабылдайтын болады. Енді мұғалім үшін оқушының Әлеммен, адамдармен жасалған қарым-қатынасы мен орнатқан байланыстары маңызды болады. Осы арқылы педагогикалық мазмұн өміртану мәселелерін 58 қарастыруымен толықтырылады, күнделікті өмірдің қарама-қайшылықтары туралы терңінен ойлаумен байланысты болады. Туындаған проблемаларды шешуде біржақты ұстанымда болмай, оны жан-жақты қарастыру арқылы ең тиімді шешімді іздестіру рефлексиялық әрекеттерді қажет етеді[56]. Кез келген ақпаратты тура сол қалпында қабылдамай, оны күмәнмен қарастырып, жақсы жасалған үлгілермен салыстыру, оны тіпті жоққа шығаруға ұмтылу арқылы оқушы өз әрекеттерін де бағалау дағдылары қыалыптасады, яғни шәкіртте өз кезегінде рефлексиялық дағдылар тұрақты түрде қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлауды қолдану арқылы мұғалім оқушыларда мынандай дағдыларды қалыптастыру мүмкіндігіне қол жеткізеді: Есте сақтау дағдылары (ақпаратты ұзақ мерзімді түрде есте сақтау, оны қайта қалпына келтіре білу); Жинақылық пен шоғырлану дағдылары (жаңа ақпараттағы ашық түрдегі немесе жасырын проблемаларды айқындап, оларды зерттеудің мақсатын, бағыттары мен құралдарын айқындау); Ақпаратты жинау дағдылары (жүйелі түрде ойлау, дербес түрде пайымдау, қорытындылау, логикалық талдауды қолдану, себепсалдарын айқындау, негізгі идеяларды ажырату, қателер мен олқылықтарды тауып, оларды түзету); Жаңа ұсыныстар/шешімдер келтіру дағдылары (ақпараттар мен идеяларды қосу, ең маңызды ақпарат мен идеяларды айқындау, қолдағы ақпарат көмегімен болжау жасау, қосымша ақпарат көмегімен толық мағына құрастыру); Бағалау дағдылары (ақпарат немесе идеялардың бағалау критерийлерін құрастыру, тұжырымдардың дұрыс/бұрыстығын айқындау, рефлексия түріндегі күмәндану); Сыни сауаттылық дағдылары (өзіндік пікір қалыптастыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру, кез келген ақпарат бойынша талдау және сараптау жұмыстарын жүргізу, оны бағалау); Әлеуметтік құзыреттілік дағдылары (өз біліміне деген жауапкершілікті тудыру және қарым-қатынас дағдыларын дамыту). Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы өмірдің сан алуандылығын түсініп, оның жағымды-жағымсыз жақтарын бағалай алатын болады. Бұл оған қатып қалған пікірлер мен көзқарастарға тойтарыс беріп, рефлексия арқылы өзіне қажетті және тиімді деген шешім жасау мүмкіншілігін береді. бқл шешімдер басқалар қабылдаған және ұстанатын қағидалардан бөлек болады, өйткені оқушы бір дұрыс шешімге қанағаттанбай, толассыз іздені мен зерттеуді өмір салтына айналдырады. Бұл шәкірт интуициясының дамуы мен шығармашылығының өсуіне әкеледі. Сан шешімдерді талдап, бағалай білген оқушы кез келегн теориялық және практикалық проблемаларды 59 өздігімен шешу деңгейіне көтеріледі. Ол үздіксіз жаңа идеяларды келтіріп, үнемі даму үстінде болады. Ал бұл әдетті өз кезегінде болашақта оның кәсіби және адами тұрғыдан оң өзгерістеріне алып келетіндігі сөзсіз. Ауыл мектебін басқарудағы халықаралық және отандық тәжірибе, басқару сапасын жоғарылату механизмдері 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі міндеттерді шешуде білім жүйесін дамыту жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл өз кезегінде ерекше жауапкершілікті талап етеді. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда оқитындары сапалы біліммен қаруландырып, халықаралық ритінгілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен Қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін , ең алдымен , педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Әлемдік білім кеңістігіне ене отырып бәсекеге қабылетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Білім берудің сапасын арттыру мақсатында соңғы жылдары ауданымызда заман талабына сай білім жүйесін құру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту,білім беру жүйесін ақпараттандыру, балалардың денсаулығын қорғау және тағы басқа айқын бағыттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, білім беру жүйесін ақпараттық және жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы дамыту негізгі мектептердің басты міндеті саналуда. Сондықтан жалпы орта білім беруде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын жаңарту және нәтижеге бағытталған білім беру үлгісіне көшу стратегияларында мұғалімдермен әдістемелік жұмысты жаңа жолға қоюдың маңызы артып келеді. Шәкірттің ойын, мінезін түзетіп, түйсігіне жеткізетін, сезімін ұштап, саңылауын ашып, тағылымды танымын, тәлімді өнегесін бойына дарытатын тұлға – мұғалім. Ұстаз ширатқан білім, ғылым, өнер, машық шәкірттің ой-өрісін кеңейтетіні белгілі. Ендеше қазіргі заман сұранысына сай мұғалім мамандығы екі бағытта жүруі тиіс. 1. Ең бастысы, мұғалім нұсқауларды орындаушы емес, күтілетін нәтижеге жету үшін оқу-тәрбие үрдісін шығармашылықпен қажет. 2. Мұғалімнің зерттеушілік қызметін күшейту үшін біліктілігін арттыру керек. Мұғалімнің басты ролі - тұлғаның жеке дамуына негізделген , жанжақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Әдістемелік жұмыс - бұл мұғалімдердің ғылыми – теориялық және 60 әдістемелік дайындығын, кәсіптік шеберлігін арттыруға арналған жекелей және ұжымдық жұмыс түрлері. Бұл жұмысқа қойылар басты талап педагогтердің шеберлігін жетілдіру, шыңдау, құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мақсаты – пән мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологиялар мен инновацияларды меңгеруге өз тәжірибесіне енгізуге теориялық және тәжірибелік көмек көрсету, мұғалімдердің және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп дамыту болса, міндеттеріне мыналар кіреді: - жаңашыл үрдістерді , инновациялық оқыту технологияларын оқыту үрдісіне енгізу, зерделеу, үйлестіру; - кадрлардың ақпараттық технологияларды меңгеру деңгейі бойынша үнемі курстар, пед оқулар, семинарлар ұйымдастыру; - тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды үйлестіру, - ақпараттық-коммуникациялық технолгияларды оқу үрдісіне енгізу; - 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстарын үйлестіру; - дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру; - облыстық , республикалық конференцияларға, семинарларға дайындау, қатысу. Бұдан күтілетін нәтиже: жоғары білімді , білікті бәсекеге қабілетті, әлемдік білім кеңістігіне ене алатын, елін, жерін, тілін сүйетін азаматты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымын даярлап шығару көзделеді. Бұл бағыттағы әдіскердің басқару функцияларына мына іс-шараларды жүзеге асыру жатқызылады: жоспарлау; мақсат қою; ұйымдастыру; бақылау; іс-тәжірибе тарату; мониторинг жүргізу; талдау; шешім қабылдау; т.б. Өйткені, әдістемелік қызмет – ғылым жетістігі мен тәжірибеге негізделген, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін, мұғалімнің кәсіби біліктілігін, шығармашылық шеберлігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүйесі. «Халқымыздың өз алдында ел болуының түп тамыры – ауыл халқының жағдайын ойлау , балаларын оқытып, сауаттылықты ашу...» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ауыл балаларына тиянақты білім беруде аудандық әдістемелік кабинеті ауыл мектептерінің арасындағы байланыс көпірін орнатып, жүйелі жұмыстар жүргізуі бірінші кезектегі міндеті. Қазіргі кезде білім беру саласындағы көптеген өзгерістер ауыл және қала мектептерінде шет тілдерін оқыту бағдарламасына да елеулі әсер етті. Сонымен қатар, оқу процесіне ақпараттық технологияларды, атап айтқанда интернет, компьютерлік бағдарламаларды оқыту интенсивті түрде енгізілуде. Полат Е.С., Дмитреева Е.Ш., Новиков С.В., Полилова Т.А., Цветкова Л.А. және де тағы басқа ғылымдар жаңа ақпараттық технологияларды дайындап және оны оқу процесіне енгізуде белсенді қызмет атқаруда. О.И.Руденко-Моргун өзінің «Компьютерлік технологиялар білім берудің жаңа формасы ретінде» атты мақаласында былай деп жазған: «Біз 80ші жылдардың ортасында басталып, қазіргі таңда да өз дамуын үдетіп келе жатқан клмпьютерлік революция, ақпараттық ғасырда өмір сүрудеміз. Оның 61 негізгі даму сатылары: дербес компьютердің пайда болуы, мультимедия технологиясының шығарылуы, ғаламдық ақпараттық компьютерлік интернет желісінің өмірімізге енуі». Аталған жаңалықтар қолданысқа оңай әрі тез енді. Олар тұрмыстың барлық саласында кең қолданысқа ие болды. Э.Л.Носенконың пікірінше ағылшын тілін оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар ХХ ғасырда 80-ші жылдары пайда болды. Автоматты оқыту жүйесі (70 жылдары) оқытудың аралас техникалық құралына жататыны айтылған. Олар компьютердің көмегімен диалогтық режимде жұмыс жасайтын және дәріс мәліметтерін түсінуге ыңғайлы ететін функцияларымен жабдықталған. Проблемалық оқыту жағдайында оқу процесін индивидуалды басқару бағдарланған; біліміңді тексеру, сонымен қатар, компьютердің есептік, ақпараттық анықтамалық ресурстары және тағы басқа мүмкіндіктерге қол жетімді. С.В. Фадеев: «Компьютерлер – біздің өмірімізге және ағылшын тілін оқыту процесіне етене сіңіп кеткені сонша, ол дәстүрлі методиканы және ағылшын тілі мұғалімдеріне осыдан бірнеше он жылдықтар бұрын бірде-бір лингвисттің ойына келмеген мәселелерді шешулеріне тура келді».әрине шет тілдерін оқыту сияқты дәстүрлі емес салаға компьютерлерді жаппай енгізуге көптеген мұғалімдердің дайын болмауы таң қалатын жағдай емес. Зерттеушілердің пікірінше, білім беру жүйесі мемлекеттің саяси немесе әлеуметтік құрылымдарынан тәуелсіз бола алмайды, олар әрқашанда қоғамның талабына сай өзгеріп отырады. Соңғы жылдары мемлекеттің саясаты бойынша мектептер мен ЖООдағы бақылаусыз қалған процесстерді ыңғайлы әрі айқын ету мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу көзделіп отыр. Қазақстандық оқушылар мен студенттерге ыңғайлы электрондық дәрістерді ойлап табуға компьютерлік фирмалар мен пәндік мамандарды ынталандыру жүріп жатыр. Әрбір мұғалім мына бір қарапайым ойды түсінуі қажет. Компьютер – оқу процесінде, механикалық, орын басушы немесе педагогтың аналогы емес, оқушылардың білім алу процесіндегі танымдық мүмкіндіктерін кеңейтетін құрал. Машинаны бағдарлау арқылы мұғалім өзіне керек нәтижеге қол жеткізеді. Сондықтан да компьютер өзіне көптеген шиеленіскен жұмыстарды алып, мұғалімнің шығармашылық қызметіне көбірек уақыт бөлінеді. Оқу техникалық құралдарының жарамдылығы және тексерілуі келесі белгілері бойынша жүргізіледі: 1. Олар еңбек өнімділігін жоғарылатып, оқу процесін тиімді етуі керек; 2. Әрбір қатысушының оқу әрекеттерінің үнемі әрі жылдам дұрыстығын анықтау. 3. Тілді меңгеруге деген ынтасы мен танымын арттыру. 4. Оқушылардың әрекеттеріне операционды бақылау жасап, кері байланыс жасауы керек. 5. Ешқандай кодтаусыз немесе шифрлеусіз жауаптарды беруі. 62 Жасалған тәжірибенің нәтижесіне байланысты барлық оқу құралдарына қарағанда оқу процесінің құрылымына компьютер өте жақсы сәйкес келеді. Ол барлық дидактикалық талаптарға сәйкес және ағылшын тілін оқытуда шынайы жағдайға максималды жақын, компьютер жаңа ақпаратты қабылдап, оны белгілі жолдармен өңдей алады, шешімдер қабылдап, мәліметтерді сақтай алады, видеоларды іске қосады және сөз құрастырушы, видеомагнитафон, магнитафон сияқты техникалық құралдарды бақылай алады. Әрбір оқушы өз ритмінде жұмыс жасайды, яғни материалдардың ыңғайлы көлемін таңдап және олардың меңгеру жылдамдығын анқтай алады. Ағылшын тілі сабақтарында комьютерді пайдалану оқу процесінің интенсивтілігін айтарлықтай жоғарылатады. Компьютерлік оқыту кезінде дәстүрлі оқытуға қарағанда материалдар көп көлемде меңгеріледі. Сонымен қатар, компьютер арқылы сіңірілген материал тұрақты болып табылады. Жыл сайын қазіргі қоғамда шет тілдерінің маңызы күннен күнге артуда. Қазіргі уақытта шет тілдерін оқытудың мақсаты коммуникативтік компетенцияға жету, яғни тілдік құралдарды мақсатқа және коммуникация шарттарына сәйкес пайдалана білу. Шет тілдерін меңгеру әлемдік мәдениетті түсінуге және ғаламдық жүйе интернеттің ұсынған ресурстарына кеңінен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты шет тілдерін оқытуда компьютерлік ақпараттың технологияларды пайдалану методикасын дамыту қажеттігі туындап отыр. Мультимедиа – бұл бір мезгілде дауыспен, анимационды компьютерлік графикамен, видеокадрлармен, статикалық суреттер мен мәтіндермен жұмыс жасауды қамтамасыз ететін интерактивті (диалогтық) жүйе. Бұл терминнің мағынасы бірнеше ақпараттық каналдар көмегімен қолданушыға бір мезгілде әсер ету. Соған қарамастан қолданушыға белсенді рөл беріледі. Басқаша айтқанда мультимедиа – бұл мәтін, графика, анимация, цифрленген қимылдамайтын суреттер, видео, дауыс, сөз сияқты мәліметтерді енгізетін, өңдейтін, сақтайтын, өткізетін және көрсететін технологиялар жиынтығы. Мультимедиа сөзі компьютерлік технологияларға байланысты пайда болмаған. Бұл сөзді алғашқы болып ағылшын әншісі және орындаушысы Боб Гелдштейн 1966 жылы өзінің заманауи шоу концертінде қолданған. Осыдан кейін бұл терминді кез келген дауыс және видео эффектері бар ойын-сауық өнімдеріне қолдана бастады. Тек 1990 жылы бұл сөзге толық анықтама берілді: «мультимедиа (multimedia) – бұл компьютерлік жүйеге мәтінді, дауысты, видеокөріністерді, графикалық суреттерді, анимацияны қоса алатын заманауи компьютерлік ақпаратық технология» - « Multimedia includes a combination of text, audio, still images, animation, video, or interactivity content forms». Осыған дейін мұғалімнің әңгімесі, магнитафонды жазулар,кино, слайд және кез келген оқытудың техникалық құралдары қолданылған сабақтар мультимедиалық деп аталатын. Ал қазіргі 63 мультимедиалық сабақтарда мултимедиалық бағдарланған компьютер немесе ноутбук, проектер, веб камералар қолданылады. Зерттеушілер оқыту теориясын, әсіресе мультимедиалық оқыту теориясының бірнеше бағыттарын ашты. Қазіргі таңда еліміздің білім беру процесіне динамикалық (сөз, музыка, видеобөліктер, анимация) және дәстүрлі статикалық визуалды ақпараттардан тұратын мультимедиалық технологиялардың есту және көру сезім мүшелеріне бір мезетте әсер ету әр түрлі ақпараттың көріністері (аудиалды, визуалды) динамикалық дамушы образдарды шығаруға мүмкіндік береді. Оқу процесінде дәстүрлі технологияларға қарағанда мультимедиалық технологиялардың қасиеттерінің ерекшілігі ақпараттарды мәтін түрінде ғана емес, образ түрінде ұсынып, оқушылардың назары мен ынтасын максималды аударады. Бұл ақпараттың жақсы меңгерілуіне, түсінілуіне және сақталуына көмектеседі. Оқушыларға бір уақытта аудиалды (дауысты) және визуалды (статикалық, динамикалық) мультимедиалық ақпараттармен әсер ету, оларға жоғары эмоционалды қуат беріп, оқытушылар мен оқушылардың креативті потенциалын ашуға, оқудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Шет тілдерін үйрену оқушыларға қиынға түседі, бірақ шет тілдерін оқыту одан да көп қиындықтарға ұшыратады. Мұғаліміне қойылған қиын тапсырма ол оқушыларды шет тіліне үйрету ғана емес, оларды сол пәнге қызықтыру, өзге тілге деген махаббат пен сыйластықты ояту. Бұл мәселелердің шешімін дәстүрлі әдістер қамтамасыз ете алмай отыр. Шет тілдерін оқытуда ең көп тараған әдістерге: түсіндірмелі – көрнекті және репродуктивті әдістер жатады. 1.Түсіндірмелі – көрнекті әдіс қарапайым және түсінікті жолдармен жүргізіледі. 2.Ал репродуктивті әдісте мұғалім жаңа ақпараттың сіңуін және жаттасуын аналогтық жаттығуларды орындау мен қайталау арқылы жүргізіледі. Бұл аталған әдістер оқушылардың білімі мен тәжірибесін қалыптастыратыны сөзсіз. Бірақ, бұл әдістер шығармашылық дамуға кепіл бола алмайды, сондықтан да бұл әдістің нәтижелігі төмендейді. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында мультимедиа сияқты жаңа әдістерді пайдалану әбден қажет-ақ. Мультимедиа термині – мәтін, графика, анимация, видео, дауыс, сурет сияқты мәліметтерді көрсетуге, өткізуге, сақтауға, өңдеуге және компьютерге енгізуге арналған технологиялар қосындысы немесе электронды ақпараттың бірнеше түрлерінің (мәтін, сурет, анимация және т.б.) тасымалдаушысы. Мультимедиялық өнімдер өз құрамына графикалық, аудио және визуалды ақпараттарды сақтай отырып, әр түрлі типтегі ақпараттармен (Мысалы, дауыс, гипермәтін, фото, видеосуреттер) жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде мұғалімнің қызметін айтарлықтай кеңейтеді. 64 Басқаша айтқанда мультимедиа – бұл технологиялар мен идеялардың интеграциясы. Дәл осы идеал Мультимедиа жүйесін жан-жақты етіп, хаосты тудырмайтын, керісінше адам ойы мен салған ізі арқылы уақытпен бірге дамитын – үшінші кеңістікке жол ашады. Заманауи мультимедиалық құралдарға компьютерді жатқызамыз. Компьютердің универсалдығы – барлық сәйкес перифериялық құралдар (проектор, модем, принтер) жиынтығын қоса отырып оқыту мультимедиа – құралдарының функцияларының жұмыс жасауын қамтамасыз ете алады. Ең көп тараған шет тілі сабақтарындағы мультимедиялық құралдарды пайдаланып жүргізу әдістері төмендегі кестеде көрсетілген. Проектілер әдісі оқушыға маңызды, шынайы нәтижеге негізделген, үделушілік, зертеушілік және проблемалық әдістер спектрін кеңінен пайдалануды қамтамасыз етеді. Тіл үйретудің бұл әдісі ел мәдениетін ескере отырып қызықты және тәжірибелі мәселелердің шешімін табатын ниеттілі сабақтарын зерттеушілердің немесе дискуссиялық клубтарға айналдырады. Мультимедиялық технологиялар жұмыстың әрленуін және оның презентациялау кезіндегі техникалық құралдар есебінде қолданылады. Анықтамалық ресурстар әдісі гипермәтіндермен, анықтамалық, оқуәдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, қатысушылар керек емес мәліметтерге жиі елеңдеп, өз мақсатына керекті ақпараттың құндылығын анықтай алмай, «ақпараттық қоқысқа» болып жатады. Сондықтан интернетті пайдаланып сабақ өткізгенде оқушыларға арнайы дайындалған сайттар тізімін беру қажет. Бұл әдіс оқушының теориялық білімін кеңейтіп, оны ақпараттың көп көмегімен жұмыс жасауға үйретіп, өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ақпаратты өңдей алады. Бұл әдісті көбінесе елдерді тану тақырыбында пайдаланған жөн, өйткені аз уақыт ішінде көптеген ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік береді. Мультимедиа – ойын әдісі оқушылардың танымдық қызығушылығын айтарлықтай жоғарылатады. Ойынның түрі мен құрамы оқушылардың жас ерекшеліктерімен сабақтың тақырыбына байланысты. Online режиміндегі жұмыс қатысушылардың танымдық қызығушылықтарын жоғарылатады. Сөздің мағынасын білу толық мәтінді, мақаланы түсінуге жеткіліксіз болғанда, олар үшін шет тілінің жаңа әлемі ашылады. Жасалған тәжірибелер көрсеткендей шет тілі сабақтарын мультимедиа құралдарын пайдаланып жүргізу, оқушылардың ынтасын айтарлықтай жоғарылатады. Мультимедианы қолданар алдында орта мектеп оқушыларының 40 пайызы қызығушылық танытса, ал ақпараттық технологияларды пайдаланған соң олардың саны 60 пайызға жетті. Оқушыларға айтылған мәліметтердің бір бөлігі игерілмейтіні белгілі. Сондықтан айтылатын мәліметтерді осыған сәйкес екі еселенуі қажет: Бір ақпаратты сан рет қайталау. Қосымша элементтерді қосу. 65 Артық ауыспалы әдіс. Психолог Б. Г. Ананьевтің айтуынша, көру жүйесі арқылы түсетін ақпараттар 3-деңгейден өтеді: сезіну, қабылдау және қиялдау, ал есту жүйесі тең қиялдау деңгейінен ғана өтеді. Бұл дегеніміз аудиалды ақпаратқа қарағанда, визуалды ақпараттың қабылдануы жақсы жүреді. Есту жүйесі арқылы келіп түсетін ақпараттың 20 пайызы жоғалып кетуі мүмкін, өйткені: Сөзге қарағанда, ойлау 8-10 есе тез жүреді; Назар бұрғызатын факторлар бар (сыртқы әсерлер); Әрбір 5-10 секунд сайын ши «өшеді», оның қорғаныштық қасиеті оянады. Сондықтан бір ақпаратты сан түрлі жолдармен қайталау керек. Оқушының мультимедиалық жүйемен өз бетінше жұмысы кезінде ақпараттың жаңа бөліктерін өзіне ыңғайлы темппен қабылдап отырады. Оқушының мультимедиалық жүйелерден алған эмоционалдық толқуы, оның қабылдау, зеректік, ойлану, есте сақтау сияқты процесстерін белсендіреді. Оқытудың ұйымдастырудың дәл осындай бағыты Оқушының белсенді, шығармашылық және өнімді қызметіне жағдай жасайды. Ойлау мен сөйлеу белсенділігін стимулдап, түгелдей оқу процесінің нәтижелігін арттырады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе мультимедиалық технологиялар білім беру процесін айтарлықтай өзгертіп, шет тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттырып, меңгерудің тиімді жолдарын табуда мұғалімге таптырмас көмекші болады. Соған қарамастан ақпараттық технологияларды енгізуде кедергі келтіретін бірқатар себептер бар. Біріншіден, білім беру ұйымдарында керекті материалды техникалық базаның болмауы. Екіншіден, жаңа технологияларды меңгере алатын немесе қолданатын мамандандырылған педагогикалық кадрлардың жетіспеуі. Үшіншіден, кейбір мұғалімдердің жаңа технологияларды меңгеріп, сабаққа қолдануға деген сенімдері аз. Сондықтан, ұйымдарда шет тілін оқытуға арналған заманауи ақпараттық технологияларды мұғалімдерге үйрету мақсатында, мектеп, университет негізінде ұйымдастырылған компьютерлік курстар мен мастеркласстар өткізу қажеттілігі туындап отыр. Аудивизуалды құрамдарды (ақпараттарды) қабылдауда есту анализатоларына қарағанда көру анализаторларының өткізетін қабілеті өте жоғары екенін білу өте маңызды. Өкінішке орай, оқушылар негізгі ақпараттың сигналдарын есту анализаторлары арқылы қабылдайды. Осыған байланысты оқыту ақпараттарын енгізуде көру анализаторларының резервтік потенциалын ескерген жөн. Нәтижелі оқыту үшін қабылдау процесіне көбірек қабылдағыштардың қатысқаны маңызды. Сабақта аудиовизуалды құалдарды пайдалану кезінде 66 тиімділігі мен маңыздылығы жағынан бірінші орында қабылдаудың комбинирленген көру-есту түрлері, сосын көру, соңында есту тұрады. Сондықтан әр түрлі анализаторларға алаңдатқыштардың күрделі комплексімен бір мезетте әсер ету ерекше күш пен эмоционалдыққа тең. Сондықтан ақпаратты аудиовизуалды құралдар арқылы қабылдайтын оқушының ағзасы сапалы ерекше күшті ақпараттар ағымында болып, қажетті эмоционалды негізд құрады және сезімталдық образы базасынан логикалық ойлауға жеңіл өтеді. Ауыл мектебінде білім алу бақылау мен шынайы толғанысты қажет ететіні ешкімнің күмәнін туғызбайды. Аудиовизуалды құралдар бұл мәселені табысты шешуде. Олар сыныпқа, сабаққа қоршаған ортаны бейнелейтін, өмір, ғылым туралы ақты материалдарды ұсынады. Олар тілді абстракциядан сөйлесу құралынан айналдырады. Олар тек мұғалімдерге ғана емес оқушыларға да ойлап табу мен қиялдауға, сыныпта өзара тілдесуді модельдеуге мүмкіндік беріп, сабақты қызықты әрі белсенді етеді. Былайша айтқанда аудиовизуалды құралдар – шығармашыл мұғалімнің «сиқырлы таяғы» деуге болады. Ол мұғалімге сабақтарды қызықты және оңай түрлендіруге көмектеседі, сонымен қатар, әр түрлі функцияларды атқарады. Бұл құралдар сабақтың құрылымы мен толықтығын сақтай отырып, кез келген деңгейінде қолданыла береді. Компьютерлер, видеомагнитафон сияқты ақпараттық электронды құралдардан қазіргі уақытта оқушыларды оқыту және тәрбилеу процесінде маңызы артуда. Видео қолдану оқушылардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруда өте тиімді, өйткені видео материалдар қатысушыларға тек тіл иесінің сөйлесуі ғана емес, сонымен қатар оларды ымдау арқылы тілмен таныстырып, үйреніп жатқан тілдің стилімен қарым-қатынасқа түсіріп, сол елмен шынайы танысады. Видеоматериалдар ымдау мен ишараны түсінуге (body language) арналған тапсырмалар, қарым-қатынас стилін ашу ашу және тағы басқа тапсырмалар беру арқылы шынайы жағдайда тек иесімен сөйлескенде өрескел қателіктерді жасаудың алдын алады. Видео балаларды шынайы өмірмен байланыстырып, тілдің табиғи көрінісін алады. Бұл мұғалімнің арсеналындағы материалдарды одан сайын байыта түсетін оқыту құралы. Сабақта видеоның ерекше көмегі тиетін бірқатар жағдайлар бар. Мысалы: Егер біз аяқталған тілдік континентті көргіміз келсе. Ым мен ишараны үйрену арқылы тілдің коммуникативтік жағын көрсету. Аудирлеу әдісін табиғи контексте қайталау. Сөз қорын байыту. Сөз таластыру мен сөйлесуді стимулдеу. 67 Видео сабақтарда ең бастысы, оның жүргізу жолдары мен қағидаларын сақтау керек, әсіресе тақырыпқа байланысты видео-сабақтардың материалдарын таңдауда. 2.Тілге қойылатын талаптар. А) тіл ең алдымен заманауи талаптарға және әдеби тілдің нормаларына сай болуы, әрі оқушылардың жиі ұшырасатын аймақтарынан болуы керек(бұл таңдаулар көбінесе сабақтың тапсырмаларымен анықталады). Б) сөйлеу барысында табиғи үзілістер болуы қажет. В) жаргонды сөздер мен лепті сөйлемдер қысқа әрі түсінуге ыңғайлы болатындай күрделі болмауы қажет. Г) мәтін жаңа сөздерге, тіркестер мен белгісіз ишираларға толы болуы қажет. Видео сабақтың жоспары келесідей деңгейлерде қарастыралады: 1.Дайындық. А) фильмнің тақырыбына сәйкес лексиканы қайталау мен алдын ала талқылау жүргізіліп, оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру. Б) талқыланып жатқан тақырыпқа байланысты проблемалық жағдайларды пайдаланатын фильмнің атын оқушылардың өздері таңдауы, яғни шығармашылық жұмыс. В) оқушыларға тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді беру, жаңа лексикамен жұмыс. 2.Көру. Көру кезінде келесідей жұмыстарды жүргізуге болады. А) көруге дейін оқушылардың айтқан ойларын тексеру. Б) ақпараттық ізденіс. Бір рет көріп болған соң оқушыларға ақпараттық ізденіс бойынша тапсырмалар беріледі және сыныптың деңгейіне қарай және сабақтың тапсырмасына қарай фильм немесе сюжет қарастырылады. В) жеке сегменттермен жұмыс. Бұл деңгей коммуникативтік мәдениетінің элементтерін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл деңгейде аудирлеудің маңызды аспектісі болып табылатын мәтіннің дешифрлеуі жүреді. Оқушылар видео-сюжеттің белгілі бір бөлігін көріп болған соң, төмендегі бір немесе бірнеше жаттғуларды орындайды. Кейде көріністі алып тастап, тек дауысты қалдырады. Оқушыларға сюжетті бөліктен көрсетіп, оларға кім айтты, қай жерде болып жатыр, кейіпкерлер не істеді, қайда барды, не туралы сөйлесті және тағы басқа секілді сұрақтар қойылады. Олар барлық ақпаратты жинап болған соң, өздерінің интерпретацияларын тексеру мақсатында сюжетті көрінісімен қайта көреді. Заманауи мұғалімге оқытудың техникалық құралдарының кең номенклатурасын ұсынады. Олардың ішінде ең көп таралғаны, қолжетімдісі және универсиалдысы видеотехника болып табылады. оқу процесінде 68 видеотехниканың тиімділігі әдістемелік қамтамасыз етілуіне, яғни аудиовизуалды құралдарға байланысты. Аудиовизуалды құралдарға: 1.Фонограммалар: фоножаттығулардың барлық түрлері, фоно-тесттер, мәтіннің фоно-жазуы, аудио-сабақтар және аудио-лекциялар. 2.видеоөнімдер: видеофрагменттер, видеосабақтар, видеофильмдер, видео-лекциялар және тақырыптық слайдтар. Оқу мақсатындағы аудиовизуалды құралдардың барлық түрін патенттелген фирмалар немесе білім беру орталықтарының арнайы бөлімдерінен шығарылады. ДО жүйесіне жалғанған оқу мақсатындағы фонограммалар мен видеоөнімдер осы оқытудың әдістемелік құралы болып табылады. Әрбір видеоөнімдер мен аудиооқулықтардың арнайы жұмыс жасау ережесі мен аннотациясы болуы қажет (фоножаттығулардың тізімі, бір таспаға немесе пленкаға жазылған тақырыптар). Жоғарыда аталған оқулық әдістемелік өнімдер қай білім беру ұйымынан шықса, сол ұйымның картотекасына немесе каталогына енгізілуі тиіс. Аудиовизуалды оқулық өнімдері ережесімен бірге таспада, бобинада, пленкада, альбомдарда, дискідесақталуы қажет. Кино, радио, телевидения, экранды, дауысты оқулықтар және тағы басқа техникалық құралдар – ақпараттық оқулықтардың қайнар бұлағы. Заманауи техникалық құралдар тәрбие ісіне зор мүмкіндік береді. Сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда жергілікті немесе орталық радио және телевиденияның әр түрлі бағдарламаларының тікелей трансляциясы тиімді пайдалануы мүмкін, соның ішінде оқу бағдарламалары да, кинофильмдердің, диафильмдердің , аудио жазбалардың трансляциясы. Ауди және видео құралдарды пайдалану-ақпараттық технологияның маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан оқыту процесінде компьютерлік технологиялармен қатар аудиовизиуалды технологиялар бірге жүреді. Өйткені оқу программаларында арнайы дайындалған аудио-визуалды құралдарды танымдық қызметін басқаруда жиі қолданады. Тіл қарым-қатынасының ең маңызды құралы, онсыз адам қоғамының өмір сүруі мен дамуы болмас еді. Қазіргі уақытта тек ана тілін білу жеткіліксіз, сондықтан мектептерде шет тілдерін оқытуға ерекше назар аударылуда. Шет тілін оқытуда сабақта қолданылатын әр түрлі ойын түрлері арқылы жеткізуге де болады. Мұндай ойындарды жүргізбес бұрын қатысушылардың сабақта кәсіби лексикасымен таныстырып өткен абзал. Егер кәсіби ойынның диалогтары аудио таспаға жазылып, сыныпта қайта тыңдатса қызықты болады. Тыңдау барысында кей жіберілген қателіктерді түзеуге және түсіндіруге мүмкіндік болады. Соның арқасында әртүрлі ойындар өткізілген сайын қарым-қатынас қабілеттері нығая түседі. Қатысушыларды сабақтан рахат алып, одан әрі 69 ынталана түседі. Бұл ойындар оқушылар сөздік қорын шыңдауға жаттығады. Өз сабағымды жоспарлау барысында оқушымның тек қана жаңа сөздерді есте сақтап қана қоймай, әр баланың жеке қасиеттерін дамыту үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысамын. Ауыл мектептерінде сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолдарының бірі – ағылшын сабағында сабақта жиі қолданылатын «Бөлгіш сұрақтары» грамматикалық тақырыбындағы ойын туралы айтқым келіп отыр. Әр түрлі жануарлардың суреттерін саббаққа дайындаймыз(тақтада алмалы-салмалы құйрықтарымен әр түрлі жануарлар бейнеленген). Жануарлардың денесінде (бәдендер) әр түрлі тақырыптағы әңгімелер, ал құйрық жағы бөлігінде жалпы қысқа сұрақтары жазылған. Мына төмендегі мысалмен қарастырайық: Сиырдың денесінде The Cow can’t sing, ал құйрығында can it? жазылған. Сиырдың денесінде сызылған бейнеленген ноталар сиырдың ән айта алмайтындығының белгісі және тағы басқа секілді(тақтаға суреттерді қте орналастырамыз). Сосын әрбір жануарлардың денесін құйрығынан бөліп, араластырып, құйрықсыз қалған мұңлы жануарлар өздерінің құтқарушысын күтеді. Әр жануарға құйрығын жалғастырып, орнына қоямыз. Бұл ойында балалар ағылшын тілі сабағында дұрыс сұрақ қоя білуді үйренеді. Ағылшын тілі сабағы бұл тек қана ойын емес. Ойын - көпір, себебі, ойын арқылы ағылшын тілі сабағында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нығаяды және еркін түрде әр түрлі тақырыптағы әңгімелерде талқыланады. Ойындарды бөлу принциптары Педагогикалық талаптарға сәйкес танымдық қасиетін қалыптастыруға ағылшын тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындарды келесі қағидаларға бөлуге болады. 1.Танымдық психикалық үрдістерін қалыптастыратын ойындар 2. Социомәдени біліктілікті қалыптастыратын ойындар 3.Материалдық дүниенің бейнесін қалыптастыратын ойындар 4.Эмоциональды-эстетикалық ойлауды дамыту ойындары. 70 Танымдық психикалық үрдістерін қалыптастыратын ойындар – есте сақтау, назар аудару, қиялдау, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. «Сиқырлы айна» ойыны Мақсаты: назар аударуды дамыту. Айнаға ойыншық жануарлар бір-бірлеп жақындайды. Сиқырлы айнада бірнеше жануардың бейнесі көрінеді. Балалар айнадан кімді және нешеуін көріп тұрғанын айту керек: I see a dog. I see five dogs. "I can't see"ойыны Мақсаты: назар аударуды дамыту. Үстел үстінде бірнеше бірнеше ойыншық жануарлар тұр.Балалар көзін жұмған кезде бір ойыншықты алып тастаймыз. Оқушылар қай ойыншық жетіспейтінін, қай жануардың қалғанын анықтау керек: I can see… I can't see… "Simon says" ойыны Мақсаты: танымдық мүдделерін дамыту. Оқушылар мұғалімнің қасына барып тұрады. Оқушылар мұғалім берген тапсырма алдында "Simon says…" сөзі айтылған жағдайда, мұғалімнің бұйрығын орындау қажет: Hands up! Sit down! Jump! Run! жәнеде тағы басқа. Бұл ойын барысында әр түрлі тақырыптағы лексикалық материалдарды қолдануға болады. Бұл топтағы әрбір ойын оқушының оқу-танымдық ісәрекетін белсендіреді. Социомәдени біліктілікті қалыптастыратын ойындар, белгілі себептермен сөйлесу сәттерін модельдейді(пішіндейді), әрі қоғамдық қатынастарға ұқсатады. "Toy Shop" ойыны Мақсаты: Социомәдени біліктілікті қалыптастыру. – What are you? – I am a shop-assistant. – Where do you work? – I work in the toy-shop. – What can you do? 71 – I can sell toys. Бұдан кейін балалар сатушыдан дүкен сөрелерінде тұрған ойыншықтарды «сатып алады»: – What would you like to buy? – I'd like to buy a toy car. – Here are you. – Thank you. – You are welcome. Сосын балалар ойыншықтарды сатып алғаннан кейін сатушымен бірге ән айтады: I want to be a shop-assistant, assistant, assistant. I want to be a shop-assistant. I want to sell some toys. Араласу жағдайы әр түрлі жағдайда болады. Мысалы, балаларға қонжық келеді.Оның бүгін туған күні, бірақ оның көңіл күйі жоқ. Неге? Оны қалай жұбатуға болады? Сөзбен бе? Іс-әрекетпен бе? Әрине, балалар ағылшын тілінде сөйлейді (әйтпесе, қонжық түсінбей қалады). Балалар қонжық жұбатып, не болғанын сұрайды (таныс сөздерді қолдану арқылы "Why do you cry, Willy?"). Оған әр түрлі сыйлықтар беріп, былай деп сөйлейді: : "Happy Birthday!". Қонжық сенбей, былай деп сұрайды: "Is it for me?". Жәнеде "Thank you" деп рахметін айтады. Материалдық дүниенің бейнесін қалыптастыратын ойындар, танымдық белсенділіктің дамуына әкеледі және қоршаған орта туралы қызығушылықты арттырады. "Countries" ойыны Мақсаты: Қоршаған дүниенің бейнесін қалыптастыру. 1) Work in groups of four. Decide which country each person will make. 2) Draw the countries. 3) Cut out the countries. 4) Make two circles for the map. 5) Put the countries on the map. Аналогты ойындарды мына тақырып бойынша жүргізуге болады:"My family", "My hobby", "Animals" және тағы басқа. "Seasons" ойыны Мақсаты: Қоршаған дүниенің бейнесін қалыптастыру. Тақтаға жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді ілеміз. Балалар қай жыл мезгілі екенін анықтау қажет(магнитофонда қысқаша текстпен құстардың шулауы, жауып тұрған жаңбырдың шуымен және тағы басқа да дыбысты қолдану арқылы). Эмоциональды-эстетикалық ойлауды дамыту ойындары. 72 Тренинг өткізу, музыкалық ойындар, бұйрық орындау, жарыс ойындары (үстел үсті, аукцион, кроссвор және тағы басқа) эмоциональдыэстетикалық ойлауды дамытады. Бұл ойындар эмоциональды-сезімтал тұстарға әсер ету арқылы танымдық белсенділіктің дамуын тездетеді. "My family" ойыны Мақсаты: эмоциональды ойлауды дамыту. Әрбір оқушының қолына ойыншық кукланың бейнесі бейнеленген (Сабақ барысында оқушылардың өздері бейнелейді). Оқушылар қолдарындағы әрбір бейнені көрсету арқылы жаттау айтады. This is my mother. This is my father. This is my brother Paul. This is my aunt. This is my uncle. How I love them all. "Қошемет" ойыны Мақсаты: эмоциональды ойлауды дамыту. Оқушылар бір-бірінің қолданынан ұстап, шеңбер жасайды. Қарама-қарсы тұрған оқушыға бірнеше мейірімді сөздер, өзіне деген рахметін былай деп айтады: You are my friend", "You are very good", "Your eyes are kind" және тағы да басқа. Қошеметті қабылдаған оқушы оған қарап : "Thank you"деп айтады. Егер оқушы айтуға қысылған жағдайда, мұғалім ол оқушыға айтуға көмектеседі. «Жануарлар саябағы» ойыны Мақсаты: эмоциональды-эстетикалық ойлауды дамыту. Балаларға жануарлар ойынын ойнауды ұсынамыз. Мұғалім кез-келген бір жануардың айтқанда, оқушылар сол жануардың түрін, іс-әрекетін, қимылын келтіру қажет. Бұл ойын оқушылардың көңілін көтеру үшін әуенді болуы қажет. Ағылшын тілі сабағында жоғарыда көрсетілген ойын түрлері бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын түзетуге көмектеседі. Бір ойынның түрі сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолдануға болады. Оқушыларға әр түрлі ойынды ойнату кезінде белгілі бір шектеу қойылады. Себебі, оқушы шаршамау керек. Шаршаған жағдайда оқушы эмоциональды ойлау қабілетін жоғалтып алуы мүмкін. Сондықтан да, ағылшын тілі сабағында ойындар анда – санда емес, үнемі қолдану қажет. Себебі тек оқушыларға жағдай жасаған кезде ғана оқутанымдық іс-әрекетінің белсенділігі қалыптасып, шет тілін сапалы түрде меңгеру жоғары деңгейге көтеріледі. Шет тілі – оқу процесінің міндетті пәні, мұғалімнен ерекше әдістер мен шеберлікті талап ететін, бірақ сол тілдің ортасында болмау үлкен қиындық 73 туғызады. Оқушыдан аз күш талап етілмейді, бірақ мұғалімнің төгер тері көп әрине. Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын және мотивациясын нық оятып, оны қалыптастыру үшін, оқу материалдарын ыңғайлы түрде сіңіру үшін мұғалімге стандартты емес әдістерді қолдануға тура келеді. Яғни оқу процесінде жаңа техникалық құралдар мен оқытудың жаңа әдістәсілдерін қолдануға тура келеді. Қазіргі уақытта ауыл мектебінің білім сапасын жоғарылатуда мектеп басшылығымен шығармашыл ұстаздар мұғалімдердің сабақтарына жиі қатысып, бағыт-бағдар беріп, семинарлар өткізіп, қиындық тудырған мәселелер жөнінде дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, өзара тәжірибе алмасып отырады. Бұдан тыс ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мемлекет тарапынан көмек көрсетілуде. Ауыл балаларының білімдерін шыңдау барысында педагогикалық қамқорлыққа алынған мектептер арасында танымдық байқау, сайыстар жиі өткізіліп тұрады. 3.2 Ауыл мектептерінің сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолдары Ауыл мектептерін сапалы білімге қол жеткізу үшін ең алдымен мектептің даму бағдарламасын жасау. Мектептің даму бағдарламасын жасау және оны іске асыру бәсекеге қабілетті білім ұйымдарын қалыптастыруға және білім беруді дамытудың жаңа тенденцияларына сәйкес басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Білім беруді дамытудың жаңа тенденциялары Болған және қазір де бар Жас ұрпаққа білім мен тәжірибе беру Оқушыларды болашақ өмірге даярлау Жаңа аспект Оқушылардың жеке-дара дамуы, қалыптасуы, жетілуі Басқаларға кедергі келтірмей «осында және қазір» өмір сүруге үйрету Инновациялық қажеттілікті, яғни үнемі өзгерістер жағдайында өмір сүруді қалыптастыру Нақ осы шақтағы өмірдің жақсартылған көшірмесі болып табылатын таяу арадағы болашаққа даярлау Оқытуда материалдың көлеміне Оқытуда материалдың құрылымына бағыттау бағыттау Оқыту мақсаты: білім алу Оқыту мақсаты: өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру Қалыптасқан білімдерінің негізінде Нақты жағдаяттарды сыни 74 оқыту Білімді (әлем туралы, қызметі туралы, өзі туралы) артығымен алады Оқытуда қайта дайындау, қайта жаңғырту әдістері қолданылады Білім – өмірден, мәселелерден бөлек тұрғысынан ойлау негізінде оқыту Білімді өзінің болашақ мамандығына ұқсас қызмет барысында алады Жаңа білім мен өнімді қызмет тәсілдерін ашу Білім – қоғамның, адамның алдында тұрған нақты мәселелерді шешуге бағытталған Оқушылар мақсаттарды даяр күйінде Өз мақсаттарын қою, құрастыру және алады оған жету тәсілдерін таңдау Оқушы мүмкіндігінше бақылаудан Оқушы әділ және уақытылы қашуға тырысады бақылауға ұмтылады Білім беру ұйымдары бір-біріне ұқсас Әрбір оқу орны өзгеше (көп түрлі) (біртектестік) Білім беру ұйымы деңгейлері бір- Білім беру ұйымы деңгейлерінің бірінен оқшау жұмыс істейді («әркім бірлескен жұмысы («барлығы бірі өзі үшін») үшін») Қатаң бағдарламалар Икемді бағдарламалар Мұғалім бекітілген (таңдау жоқ) Мұғалімді таңдау мүмкіндігі Жоғарыдан жіберілетін жекелеген Оқу орнын тұтас қамтитын, қызмет жаңалықтарды енгізу барысы мен нәтижелерін талдау негізіндегі үнемі инновациялық үдеріс Білім беру ұйымдарын дамытудың жаңа тенденциялары Өткені. Қазіргісі Қазіргісі. Болашағы Мұғалім – оқу үдерісінің режиссері Режиссерлік – оқыту негізіне алынған материал мазмұнының құрылымына кіреді Мұғалім жауапкершілікті өз мойнына Жауапкершілікті оқушы өз мойнына алады алады Тұлға жетектеумен жұмыс істеу Тұлға дербес өздігінен жұмыс істеу іскерлігін жүзеге асырады іскерлігін жүзеге асырады Мұғалімнің белсенділігі оқушының Оқушының белсенділігі мұғалімнің белсенділігінен артық белсенділігінен артық Бағдарлама – бұл ұжымның немесе бір топ адамдардың бірлескен ісәрекетінің нормативті үлгісі, оның негізінде төмендегідей жағдайлар анықталады: o Жүйенің осы шақтағы жағдайы; o Жүйенің болашақтағы күтілетін жағдайы; 75 o Жүйенің осы шақтан болашаққа өту ісәрекетінің мазмұны, құрылымы және жүзеге асырылуы. Ауыл мектебінің даму стратегиясының түрлері: Бірінші стратегия – локальды өзгеріс, мұнда мектептің белгілі бір бөліктерінің өзгеруі, жаңаруы көзделеді. Бұл өзгерістер бір-бірінен бөлек, жеке жоспарлар бойынша нәтижеге жетуде жүзеге асырылады, соның арқасында білім ұйымы алдыға жылжиды, дамиды. Екінші стратегия – модульдік өзгеріс, мұнда бірнеше кешенді өзгеріс, жаңару көзделеді. Олардың бір-бірімен байланысы болмауы мүмкін, бірақ, модульдің ішінде барлық оған қатысушылардың үйлесімділігі сақталуы қажет. Үшінші стратегия – жүйелі өзгеріс. Мұнда мектептің толық өзгерісі көзделеді, онда оның іс-әрекетінің барлық компоненттері: мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, технология, құрылымы, байланысы, деңгейлері, басқаруы қамтылады. Бұл стратегия білім ұйымының бір деңгейден екінші деңгейге өтуін немесе оның бұрынғы статусынан жаңа білім ұйымына өтуін жүзеге асырады. Жоғарыда аталған мектептің өзгеруінің қайсысы тиімді десек, әрқайсысы да жаңаруға ықпал етеді, ал оны таңдау нақты осы кезеңдегі білім беру ортасы мен жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты. Бұл өзгерістер стратегиясын таңдағанда, ең алдымен, осы өзгерістердің мәнін, сондай-ақ оған әсер ететін факторлар мен нақты мүмкіндіктерді анықтау қажет. Соның ішінде ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекетіне баса назар аудару керек. Бұдан шығатын қорытынды мектептің дамуы – оның сапалық жағынан өзгеру үдерісі екендігі және соның негізінде білім ұйымдары бұрынғы нәтижесінен де биік нәтижеге қол жеткізетінін дәлелдейді. Сондықтан мектептің басшылары ұжым, ата-аналар, оқушылар, ғылыми-зерттеу, қамқоршылар және серіктестіктер ұйымдары өкілдерімен бірлесе отырып білім ұйымының немесе оның жеке бағыттарының дамуын жүзеге асыратын арнайы бағдарлама жасауы қажет. Мектептің даму бағдарламасын дайындауда міндетті түрде оның сапалық көрсеткіштеріне баса назар аудару керек. Бағдарламаның талаптары(бағдарламаның сапалық көрсеткіштері): Өзектілік – бұл көрсеткіш бағдарламаның мектептің дамуын жүзеге асыруға, оның болашағына оң әсер етуге бағдарланған. Болжаушылық – бағдарламаның өзінің мақсаты мен жоспарланған ісәрекетінде, тек бүгінгі күннің ғана емес, оның болашақтың, яғни, өзгермелі өмірдің талаптары мен жағдайларына сай келу қабілеті. Рационалдық (ұтымдылық) – бұл бағдарламаның сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін мақсат пен оған жетудің жолын анықтайтын қасиеті. Реалистік (нақтылық) – бағдарламаның көзделген мақсат пен оны жүзеге асыру құралының сәйкестік, мүмкіндік қасиеті. 76 Жүйелілік – бағдарламаның белгіленген мақсатқа жетудегі қажетті, толық іс-әрекеті және бағдарламаға енгізілген байланыстардың үйлесімділігі. Бақылаушылық – бағдарламаның соңғы және аралық нәтижелерді мақсатты анықтау қасиеті. Өзгеріске бейімділігі, төтеп беруі – бұл бағдарламаның қойылған мақсатқа жетуге қатер төндіретін ауытқуларды уақытылы анықтау қасиеті (аралық нәтижелерді үнемі анықтау және оның арасының жақын болғаны тиімді). Ауылдағы мектепте сапалы білім қол жеткізуде қолданылатын бағдарламаны құру технологиясы: 1. Мектеп жайлы ақпараттық анықтама дайындау. 2. Мектеп жағдайы бойынша проблемалық талдау. 3. Жаңа ұйым, жаңа жағдай, жаңа деңгей тұжырымдамасын жасау: 3.1 Жаңа ұйым, жаңа жағдай, жаңа деңгейдің өзара байланысты екі бөлігін анықтау. 3.2 Жаңа ұйым, жаңа жағдай, жаңа деңгейге өтудің стратегиясы мен міндеттерін анықтау. 3.3 Жаңа ұйым, жаңа жағдай, жаңа деңгейге өтуге байланысты ісәрекет жоспарын жасау. 4. Бағдарламаны сараптау. 1. Мектеп жайлы ақпараттық анықтама дайындау. Мектептің ақпараттық анықтамасын дайындау үшін төмендегі бағыттарда ақпарат жинақталады: Мектептің оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудағы мақсаты, міндеттері, құрылымы және оның жүзеге асырылуы; Жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттының орындалу жағдайы, мектептегі сапалы білім беру; Бейіналды дайындық және бейіндік оқытудың ұйымдастырылуы; Көптілділік, соның ішінде мемлекеттік тілдің дамуы; Тәрбие жұмысының жүйесі және оның ұйымдастырылуы; Білім ұйымында салауатты өмір салтын қалыптастырудың жағдайы; Жеке тұлғаны қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың үйлестірілуі; Бүгінгі күн талабына сай педагогтардың кәсіби деңгейін көтерудің тиімді жолдары; Оқушылар саны және контингенттің мінездемесі (жынысы, ұлты, денсаулығы, білім алудағы жетістігі, жанұяның әлеметтік құрамы және т.с.с.бағдарламаға қажетті көрсеткіштер); Аусым саны, ондағы сыныптар; Оқушыларды тасымалдау немесе интернатта тұру жағдайы; Материалдық-техникалық база; 77 Ұйымның тарихы, дәстүрі туралы мәлімет; Социумның мінездемесі (ұйымды қоршаған орта, ата-аналар және білім беру ұйымының даму бағдарламасын жасау және жүзеге асыруда міндетті түрде ескерілетін мәдени, спорттық, денсаулық және т.с.с. ұйымдар); Ғалымдар, ғылыми орталықтар, жоғары оқу орындары, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарымен шығармашылық байланыс; Соңғы жылдағы білім беру үдерісінің қорытындысы, нәтижелер динамикасы және оқу-тәрбие үдерісінің басқа да мәліметтері мен нәтижелері; Білім беру ұйымының күшті жақтары мен жетістіктері және т.с.с. 2. Мектеп жағдайы бойынша проблемалық талдау. Жоғарыда белгіленген мектептің ақпараттық анықтамасының бағыттары бойынша талдау жүргізу. Мектеп жағдайы бойынша дәстүрлі талдауда ең алдымен білім беруге ықпал жасайтын жағдайлар талданады, соның негізінде жалпы білім беруге сипаттама беріледі де, ең соңында жеткен нәтижеге тоқталады. Мұндай талдауда нәтижеге әсер еткен нақты себептерді көрсету қиын. Сонымен қатар себептер анықталмаған жағдайда мәселені ары қарай жетілдіруге де мүмкіндіктер өте аз. Сондықтан дәстүрлі талдаудан нәтижеге бағытталған талдауға көшу бүгінгі күннің талабы. Нәтижеге бағытталған талдау – мектептің даму бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуына үлкен мүмкіндіктер тудырады. Дәстүрлі талдау мен нәтижеге бағытталған талдаудың бағыттары да бір-біріне қарама-қарсы, атап айтқанда дәстүрлі талдауда нәтиже соңғы кезеңде тұрса, ал нәтижеге бағытталған талдауда нәтиже бірінші кезеңде қарастырылады. Дәстүрлі талдау кезеңдері Білім беруге ықпал жасайтын жағдайларды талдау: Материалдық-техникалық қамтамасыз ету Ынталандыруды жүзеге асыру Кадрмен қамтамасыз ету Қаржыландыру және т.с.с. Соның негізінде білім беруге сипаттама беру Нәтижеге бағытталған таладау кезеңдері Бірінші кезең – күтілетін нәтижені анықтау. 78 Жеткен нәтиже Екінші кезең – осы көрсеткіштер бойынша білім ұйымының жұмысы нәтижесін бағалау. Үшінші кезең – екі нәтижені (күтілетін және жеткен нәтиже) салыстыру, ауытқуды анықтау. Төртінші кезең – осы ауытқуға әсер еткен білім беру үдерісінің кемшіліктерін анықтау. Бесінші кезең – білім беру үдерісінің кемшіліктері мен нәтижесіне әсер еткен жағдайларды айқындау. Алтыншы кезең – осыдан нақты себептері көрсетілген маңызды мәселелерді белгілеу және шешу. Мектеп жайлы ақпаратты осылай талдау – белгіленген стратегия негізінде білім ұйымының жаңа жағдайы, жаңа деңгейі анықталады. 3.Жаңа ұйым, жаңа жағдай, жаңа деңгей тұжырымдамасын жасау: 3.1 Мектептің дамуының өзара байланысты екі бөлігі: Білім беру ұйымының мінездемесі және оның компоненттері - Білім беру ұйымының жаңа құрылымы; - Жаңа құрылым негізінде білім беру ұйымының жұмыс мазмұны; - Ұйымның білім беруді ұйымдастыруы (жаңа көзқарас, амалдары, жолы және т.с.с.); - Жұмыс мазмұныны жүзеге асыруға ықпал ететін инновациялық технологиялар, әдістер, педагогтарды кәсіби дамыту механизмі (тетігі). Мектепті басқару жүйесінің мінездемесі және оның мазмұны: Басқару жүйесінің жаңа ұйымдасқан құрылымы; Жаңа басқару құрылымына сай басқарушылық функциялары (директор, орынбасар, меңгеруші, маман, әдіскер, кеңестер, бірлестіктер (кафедралар) шығармашылық топтар және т.с.с.); Басқарудың жаңа механизмі (тетігі), амалдары, технологиялары мен әдістері. 3.2 Жаңа ұйым, жаңа жағдай, жаңа деңгейге көшудің стратегиясы мен міндеттерін анықтау алгоритмі: Бастапқы ұйымнан жаңа ұйымға өту кезеңдерін белгілеу Білім беру ұйымы өзгеруінің анықталған бағыттарын топтау Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінің міндеттерін айқындау Осы міндеттерді жүзеге асыру, түзету мақсатында қажетті ресурстарды анықтау 3.3 Жаңа ұйым, жаңа жағдай, жаңа деңгейге өтуге байланысты ісәрекет жоспарын жасау. 79 Қабылданған мектептің даму бағдарламасының мерзіміне сәйкес (2 жыл, 3 жыл, 5 жыл және т.с.с.) іс-әрекет жоспары жасалады. Осы аталған ұзақ мерзімдік жоспар негізінде мектептің ағымдағы (1 жылдық) жоспарлары құрылады. 4.Мектептің даму бағдарламасын сараптау. Мектептің даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында аралық және қорытынды сараптау жүргізіледі. Сараптау бағдарламада белгіленген көрсеткіштер негізінде орындалады. Мысалы: мектептің даму барысын бағалау көрсеткіштерін үш бағытта топтастыруға болады. Ауыл мектебінің даму барысын бағалау көрсеткіштерінің нәтижесі: Бірінші – ұйымның жаңашылдық қызметі: білім мазмұнының жаңаруы, педагогикалық әдіс-тәсілдер, технологияның жаңаруы (оқушылардың танымдық іс-әрекетінде жалпы сыныптық әдістен гөрі жеке және топтық әдістің басым болуы), білім беруде тұлғаның өзін-өзі жетілдіру, өзін өзі бақылау-бағалау, өзін-өзі талдау, сыни тұрғысынан ойлау, ұйым жұмысын серіктестіктердің бағалауының үйлесім табуы және т.с.с. Екінші – білім беруді ұйымдастыру: білім беру мақсатына жету жолындағы ұйым мүшелерінің, оқушылардың және ата-аналардың ынтымақтастығы, өзін-өзі басқару, тең дәрежедегі серіктестіктер ретінде ұйымының, оқушылар мен мұғалімдердің жауапкершілігін анықтау, педагогикалық үдеріске қатысушылардың жоғары ынтасы, барлық педагогикалық үдерістің жүзеге асырылуына қолайлы психологиялықпедагогикалық ортаның болуы, тұлғаның білім мазмұнын, саласын, бағытын, формасын таңдау мүмкіндігі. Үшінші – білім беру үдерісінің тиімділігі: жоспарланған күтілетін нәтиже мен жеткен нәтиженің сәйкестігін салыстыру (оқушылардың, педагогтардың білім, білік (құзырет), білікьілік (құзыреттілік), тәрбие деңгейі, белгілі бір ғылым негізін терең білуі, білім алуға, еңбек етуге, табиғатқа, қоғам заңдары мен нормаларына және өзіне деген көзқарасы және т.с.с.). Ауылдағы мектептің сапасын жоғарлатуда кездесетін педагогикалық қиындықтарды шешудің маңызды бағыттарының бірі тиімді педагогикалық технологияларды ендіру. Мұндағы басты мақсат: педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің бейімделуін көздеу, атап айтқанда оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың мақсаты, мазмұны, әдістері, түрінің күтілетін оқыту нәтижелерімен сәйкестігіне қол жеткізу. Деңгейлеп оқыту технологиясы Деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық негіздемесі оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейіндегі айырмашылықтарға негізделеді. Мақсаты: 80 Базистік стандарттықбілім мазмұнын барлық оқушылардың міндетті меңгеруі; Оқу нәтижелерінің әділетті бағалануы; Қабілетті оқушылардың ақыл-ойының дамуына қажетті жағдайларымен қамтамасыз етіледі. Ерекшелігі: Оқу үдерісінің тиісті мазмұнымен толыққан, блоктардан құрылған модульдік сипаты; Оқытудың әдістемелік жүйесінің сабақтастығы; Диадактикалық үдерістің біртұтастығы. Артықшылығы: Деңгейлеп оқыту жағдайында жұмыс жасау оқушының танымдық қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыруға, жеке жұмысты жүйелеп жүргізуге, оқу үдерісін оқытудың күтілетін нәтижелеріне жетуіне бағыттауға, оқушылар біліміндегі оқулықтарды анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Оқытудың ұжымдық тәсілі Оқытудың ұжымдық тәсілі оқытуда оқушылардың ауыстырмалы жұптардағы бір-бірімен өзара қатынасы арқылы, яғни бір оқушының екінші оқушыны оқытуы жүзеге асатындай етіп ұйымдастыру болып табылады. Мақсаты: - Оқушы бойында ауыстырмалы, өзгермелі жұптарда бірін-бірі өзара оқыту түрін қолдану арқылы жалпы ақыл-ой біліктілігін қалыптастыру. Ерекшелігі: - Тиянақтылығы және күтілетін нәтижелерге бағытталуы; - Үздіксіз білім берудің жүзеге асырылуы; - Тақырыптар мен тапсырмалардың бірлігі; - Педагогикалық үдеріске қатысушылардың әртүрлі деңгейлілігі (әртүрлі жаста болуы); - Жеке оқушыны қабілетіне қарай оқыту. Артықшылығы: Оқытудың ұжымдық тәсілі мынадай мүмкіндіктер туғызады: - Балалардың қарым-қатынастқа зәрулігін болдырмау; - Балалар саны аздығы жағдайында оқушылардың монологтік, диалогтік тілін дамытуға ынталандыру; - Мұғалімді бүкіл сыныппен жаппай жұмыстан босатып, соның нәтижесінде оқушылармен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі мен уақытын арттыруы. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру Бұл білім беруде мағыналық, логикалық байланыстар негізінде біріктірілген және меңгерілген ақпараттың тұтастығын, бірлігін құрайтын белгілі бір түсініктер жүйесі бойынша ұйымдастыру. Мысалы: биологияда 81 «Жануарлар дүниесі» бойынша материалды меңгеруде балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер кластары жеке – жеке оқылады. Мұндай жағдайда белгілі бір класс жануарларының сыртқы, ішкі құрылысын меңгерту барысында, өтіп кеткен жануарлар класымен салыстыруда оқушылар көпшілігінде өткен материалды еске түсіруде қиналады. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын қолдану барысында бес класқа жататын жануарлардың сыртқы құрылысын, сол сияқты ішкі құрылысын кіріктіріп меңгерту жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бес класқа жататын жануарлардың сыртқы құрылысын мұғалім біріктіріп бір сабақта меңгертуді ұйымдастырады. Оның барысында барлық жануарлардың сыртқы құрылыстарын салыстыруға мол мүмкіндік туады, соның нәтижесінде оқушылардың білім, білік, дағдысы тұрақты қалыптасып, сапалық жағынан артады. Мақсаты: - Тұлғаның ақыл – ойының және өзіндік дамуының шарты ретіндегі білімнің бірлігіне қол жеткізу; - Оқу пәндерінің тараулары мен тақырыптарының бірлігін және тұтастығын қамтамасыз ететін желілік жүйе құру. Ерекшелігі: - Өзара байланысты әрекеттер мен оқу тақырыптарын бір мезгілде және бірлесіп оқу; - Оқу тапсырмаларын құруда біртұтастықты сақтау; - Тақырыптар мен тапсырмалардың бірлігі; - Білімнің жүйелілігіне қол жеткізу. Артықшылығы : - Оқу пәндерінің ішіндегі және туыстас оқу пәндерінің блоктарының ішіндегі материалдарының дидактикалық құрылымын қайта қарау мүмкіндігі. Шоғырландырып – қарқынды оқыту Мақсаты: - Оқушылардың әртүрлі пәндерден алған білім, біліктілігін кіріктіре қолдану жағдайында жинақталған танымдық қабілеттерді қалыптастыру. Ерекшелігі: - Әртүрлі жастағы оқушылар бар біріктірілген сыныптар; - Төрт буындық шоғырланған сабақтар (30+30+30+30 мин); - Оқу пәндері бойынша маршрут – бағдарламалар; - Кіріктірілген оқу тақырыптары; - Әртүрлі деңгейлік оқыту. Стандарттық, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық; - Оқушылардың оқу әрекетін рейтинг тәсілімен бағалау. Артықшылығы: 82 - Әрбір біріккен сынып-кешен барлық дәстүрлі сыныптардың оқу бағдарламаларының бүкіл бөлімдері, тараулары мен негізгі тақырыптары қамтылған жеке өзіндік маршрут бағдарлама бойынша оқиды. Жүйелілік тәсілге негізделген оқыту технологиясы Мақсаты: - Жүйелілік-құрылымдық талдау мен құрау арқылы теориялық білімді жинақтау, тұтас ұғымды қалыптастыру. Ерекшелігі: - Өз бетінше ақпаратты іздеу, проблеманы шешу негізінде белсенді жүйелілік ойлауды қалыптастыру; - Рухани және тәжірибелік деңгейде оқушылардың әрекеттік қарым-қатынас аймағын ұйымдастыру; - Оқушылардың жеке, психологиялық және жас ерекшелігін есепке алу; - Өзін-өзі бақылау-бағалау, өзін-өзі дамытудың психологиялық механизмін ендіру. Артықшылығы: - Оқушылардың білім, білік, біліктілігін жүйелі бақылау-бағалау. Осы әдістерді қолдану арқылы мектептің білім сапасын көтереді. Ауыл мектебінде ең алдымен мектеп алды даярлық және бастауыш сынып оқушыларына сабақ беру үрдісін дамыту ең басты міндет болып табылады. Оқушылардың құзырлылығын дамыту мақсатында бастауыш сыныптардағы тәжірибемізде коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамыз. Сабақ түрлерін қолдана отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана біліміміз тиянақты болады. Сабаққа дайындалған уақытта сабақ түрлерін анықтап, іріктеп аламыз. Олар: топтық, ұжымдық, жеке, т.б. содан соң қандай нәтиже беретінін әр түрлі іс-шаралардан көруге болады. Бұл сабақ түрлері арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін сабаққа әр түрлі белсенді тапсырмалар енгіземіз. Сонымен қатар тапсырманы берген соң оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және бақылау жолдарын қарастырамыз. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзінің әдістемелік қорын толықтырып отыруы және үнемі ізденісте болуы керек. Коммуникативтік оқыту технологиясын жүзеге асыру негізінде Сент-Экзепюридің сөзін айтқым келеді: «Жер бетіндегі ең үлкен байлық – бұл қарым – қатынас байлығы». Шынымен де бізге бұл қатынас жеткіліксіз. Өйткені біз балалармен тек қана 45 минут кездесеміз, сұхбаттасамыз. Сол себепті коммуникативтік оқыту технологиясының элементтерін енгізу үшін тиімді жұмыс түрін енгіздік. Бұл балаларды бөлек отырғызып, әрқайсысымен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі. Сонымен осы оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып, сабақта балалардың білімділігін, іскерлігін, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық сезімін дамытамыз. Ал 83 нақтылап айтсақ, салыстыру, жинақтау, талдау, нақтылау, жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен коммуникативтік оқыту технологиясын пайдалану арқылы топпен, жеке, жұппен жұмыс істеу арқылы үлкен жетістіктерге жетеміз. Оқушының құзырлылығы коммуникативтік оқыту технологиясы арқылы дамиды. Танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді. [1. 23 бет] Қазіргі заманғы ауыл мектебінің мақсаты – жеке тұлғаны толық дамыту және білімдендіру болып табылады. Оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызуда инновациялық технологиялардың алатын орны ерекше. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқутәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқу – тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже көрсетіп жүрген инновациялық технологиялар мыналар: дамыта оқыту әдістемесі, оза отырып оқыту жүйесі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, мультимедиалық технология, биоақпараттану және синергетика технологиясы. Жоғары тиімділікке жеткізетін жолдардың бірі – жаңа білім технологиялары мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолданған дұрыс. Мультимедиалық әдіс оқушының өз бетінше жұмыс жасауы үшін өте тиімді және оқушының өз бетінше жұмыс жасауы үшін өте тиімді және оқушы өзіне қолайлы электрондық түрдегі оқу материалын пайдалана алады. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру, рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Бастауыш білім – оқушының интеллектілік дамуының іргетасы, оқу әрекетінің қалыптасуының қуатты кезеңі. Бала мектеп жасына жеткенімен, олардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдауы тұрақсыз, бытыраңқы келеді. Не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Жаңа, өзі білмейтін іске қызығушылығы басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Сондықтан да сабаққа көрнекіліктерді, ойын элементтерін қолданып оқыту үрдісін қызықты ұйымдастыру қажет. Бастауыш сынып оқушыларының пәнді жақсы игеруі педогогтың оқу пәндеріне деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Бастауыш сынып мұғалімі – шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, педагог-психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы болуы керек. Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану негізінде жүргізілетін оқыту әдісі оқытудың теориясы мен технологиясын бір-бірімен 84 байланыстырып оқытуды қажет етеді. Ақпараттық құралдар білім беруді қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиалық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз. Ғалымдардың айтуынша, жаңа ақпараттың адам миында сақталуы бірнеше сатыдан тұратын күрделі үдеріс. Атап айтқанда, бұл мәліметтерді қабылдау, оларға зейін қою, іріктеу, жүйелеу және өзара байланыстыру кезеңдерінен тұрады. Мидың қабілеті адамның есту, көру және оқу арқылы жинақтаған ақпараттарын өзара байланыстырып, білім қорына айналуына мүмкіндік береді. Қазіргі кезде мультимедиалық құралдардың тиімділігін түсіндіретін зерттеулер саны артуда. Мультимедиалық құралдарды оқытуда пайдаланудың маңызды қағидаларын толық, жан-жақты зерттеген Ричард Майер: «Тек сөзді ғана пайдаланумен салыстырғанда, адамдар сөздер мен суреттерді пайдаланған кезде тиімдірек үйренеді» - деп дәйектеп, сөздерге жазбаша және ауызша мәтінді, ал суреттерге графикалық суреттерді, анимацияны және видеоны қосады. Мультимедиалық ақпарат ұмытылмай бастауыш сынып оқушыларының миында сақталуы үшін мүмкіндігінше мәтін аз қолданылып жасалған анимациялық презентация тиімді болады. Қысқаша айтқанда, бейне мен мазмұны бірге ұсынылса, оқушының қабылдауына жеңіл тиеді. Мәтінге қосылған видео немесе графикалық ақпараттар суреттерге жақын берілуі тиіс. Біртұтас, жинақы тұрған ақпаратты оқитын оқушылар ақпаратты жеңіл қабылдап, тез түсініп, игеріп алады. Біріктірілген күрделі үлгілер, қазақ тілі пәнінде ереже мен оған келтірілген мысал ақпаратты бір экранда ұсыну тиімді. [2. 3 бет] Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзім қызмет жасайтын мектепте де жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивтік тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз. Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді: 1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді; 2. Тіл байлығын дамытады; 3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді; 4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді. 85 5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады. Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видеоқұралдар, компьютер, интерактивтік тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Бұны бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам – ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттақ құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайданалу оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз. АКТ-ны оқу тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын 86 қалыптастырады. Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжытуға тиімділігіне жетеді. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Ақпараттық технологияларды педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді. Ал оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс – тәсілі артады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс – тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін игеруге қолы жетеді, оқытушының сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Ұлы педагог Ушинский: «бла балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін. Қазіргі заман талабы оқушыларды бастауыш сыныптан бастап, ақпаратты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігімен таныстыру керек. Ол үшін ұстаз компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек. Сонымен қатар ұстаз өзінің оқыған технологиясын әр сабақта қолданып жүруі керек. Мен өзім «Биоақпараттану және Синергетика» технологиясын оқып келдім. Қазіргі таңда осы технологияның элементтерін сабақтарымда қолданып жүрмін. Бұл технологияның авторы - ұстазпсихолог, Н.Назарбаевтың Білім беру Қорының жаңа технологиялар бойынша кеңесшісі Федор Яковлевич Вассерман. Технологиядағы оқыту бағыты «нәтижеден бұрын, үрдісті бақылау тиімді» TQM принципінің негізінде құрылған. Аталған бағытты іске асыруда 11 технологиялық карта бойынша сабақ беру негізгі орынды алады. Әр карта 87 алгоритм бойынша құралған және сабақ барысында оқыту субъектілерінің өзара байланысын көздеп, бірқатар мақсаттар мен оқу міндеттерін тиімді іске асырады: жаңа тақырыпты оқу, шығармашылықты дамыту немесе пәнді тереңдету. Бұл бағыттың маңызды ерекшелігі - «биоақпараттық» өлшеуіштердің болуы, олардың негізінде оқыту үрдісінде адамның ақпаратты белгі мен символдар арқылы ажырата білу принциптері жатыр. Оқыту сапасын өлшеуде оқытушының эксперттік бағалауы көзделмейді, ал өлшеудің дәлдігі оқыту сапасын қарым-қатынастар шкаласы бойынша анықталады. Бұл бағыт жұмысының технологиялық нәтижесі әрбір пән бойынша сабақта көзделген оқыту сапасы 63% деңгейге қол жеткізу болып табылады. Қазіргі кезде білім беру саласындағы көптеген өзгерістер ауыл мектебінде шет тілдерін оқыту бағдарламасына да елеулі әсер етті. Сонымен қатар, оқу процесіне ақпараттық технологияларды, атап айтқанда интернет, компьютерлік бағдарламаларды оқыту интенсивті түрде енгізілуде. Полат Е.С., Дмитреева Е.Ш., Новиков С.В., Полилова Т.А., Цветкова Л.А. және де тағы басқа ғылымдар жаңа ақпараттық технологияларды дайындап және оны оқу процесіне енгізуде белсенді қызмет атқаруда. О.И.Руденко-Моргун өзінің «Компьютерлік технологиялар білім берудің жаңа формасы ретінде» атты мақаласында былай деп жазған: «Біз 80ші жылдардың ортасында басталып, қазіргі таңда да өз дамуын үдетіп келе жатқан клмпьютерлік революция, ақпараттық ғасырда өмір сүрудеміз. Оның негізгі даму сатылары: дербес компьютердің пайда болуы, мультимедия технологиясының шығарылуы, ғаламдық ақпараттық компьютерлік интернет желісінің өмірімізге енуі». Аталған жаңалықтар қолданысқа оңай әрі тез енді. Олар тұрмыстың барлық саласында кең қолданысқа ие болды. Э.Л.Носенконың пікірінше ағылшын тілін оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар ХХ ғасырда 80-ші жылдары пайда болды. Автоматты оқыту жүйесі (70 жылдары) оқытудың аралас техникалық құралына жататыны айтылған. Олар компьютердің көмегімен диалогтық режимде жұмыс жасайтын және дәріс мәліметтерін түсінуге ыңғайлы ететін функцияларымен жабдықталған. Проблемалық оқыту жағдайында оқу процесін индивидуалды басқару бағдарланған; біліміңді тексеру, сонымен қатар, компьютердің есептік, ақпараттық анықтамалық ресурстары және тағы басқа мүмкіндіктерге қол жетімді. С.В. Фадеев: «Компьютерлер – біздің өмірімізге және ағылшын тілін оқыту процесіне етене сіңіп кеткені сонша, ол дәстүрлі методиканы және ағылшын тілі мұғалімдеріне осыдан бірнеше он жылдықтар бұрын бірде-бір лингвисттің ойына келмеген мәселелерді шешулеріне тура келді». Әрине шет тілдерін оқыту сияқты дәстүрлі емес салаға компьютерлерді жаппай енгізуге көптеген мұғалімдердің дайын болмауы таң қалатын жағдай емес. Зерттеушілердің пікірінше, білім беру жүйесі мемлекеттің саяси немесе 88 әлеуметтік құрылымдарынан тәуелсіз бола алмайды, олар әрқашанда қоғамның талабына сай өзгеріп отырады. Соңғы жылдары мемлекеттің саясаты бойынша мектептер мен ЖООдағы бақылаусыз қалған процесстерді ыңғайлы әрі айқын ету мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу көзделіп отыр. Қазақстандық оқушылар мен студенттерге ыңғайлы электрондық дәрістерді ойлап табуға компьютерлік фирмалар мен пәндік мамандарды ынталандыру жүріп жатыр. Әрбір мұғалім мына бір қарапайым ойды түсінуі қажет. Компьютер – оқу процесінде, механикалық, орын басушы немесе педагогтың аналогы емес, оқушылардың білім алу процесіндегі танымдық мүмкіндіктерін кеңейтетін құрал. Машинаны бағдарлау арқылы мұғалім өзіне керек нәтижеге қол жеткізеді. Сондықтан да компьютер өзіне көптеген шиеленіскен жұмыстарды алып, мұғалімнің шығармашылық қызметіне көбірек уақыт бөлінеді. Оқу техникалық құралдарының жарамдылығы және тексерілуі келесі белгілері бойынша жүргізіледі: 6. Олар еңбек өнімділігін жоғарылатып, оқу процесін тиімді етуі керек; 7. Әрбір қатысушының оқу әрекеттерінің үнемі әрі жылдам дұрыстығын анықтау. 8. Тілді меңгеруге деген ынтасы мен танымын арттыру. 9. Оқушылардың әрекеттеріне операционды бақылау жасап, кері байланыс жасауы керек. 10.Ешқандай кодтаусыз немесе шифрлеусіз жауаптарды беруі. Жасалған тәжірибенің нәтижесіне байланысты барлық оқу құралдарына қарағанда оқу процесінің құрылымына компьютер өте жақсы сәйкес келеді. Ол барлық дидактикалық талаптарға сәйкес және ағылшын тілін оқытуда шынайы жағдайға максималды жақын, компьютер жаңа ақпаратты қабылдап, оны белгілі жолдармен өңдей алады, шешімдер қабылдап, мәліметтерді сақтай алады, видеоларды іске қосады және сөз құрастырушы, видеомагнитафон, магнитафон сияқты техникалық құралдарды бақылай алады. Әрбір оқушы өз ритмінде жұмыс жасайды, яғни материалдардың ыңғайлы көлемін таңдап және олардың меңгеру жылдамдығын анқтай алады. Ағылшын тілі сабақтарында комьютерді пайдалану оқу процесінің интенсивтілігін айтарлықтай жоғарылатады. Компьютерлік оқыту кезінде дәстүрлі оқытуға қарағанда материалдар көп көлемде меңгеріледі. Сонымен қатар, компьютер арқылы сіңірілген материал тұрақты болып табылады. Жыл сайын қазіргі қоғамда шет тілдерінің маңызы күннен күнге артуда. Қазіргі уақытта шет тілдерін оқытудың мақсаты коммуникативтік компетенцияға жету, яғни тілдік құралдарды мақсатқа және коммуникация шарттарына сәйкес пайдалана білу. Шет тілдерін меңгеру әлемдік мәдениетті түсінуге және ғаламдық жүйе интернеттің ұсынған ресурстарына кеңінен қол 89 жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты шет тілдерін оқытуда компьютерлік ақпараттың технологияларды пайдалану методикасын дамыту қажеттігі туындап отыр. Мультимедиа – бұл бір мезгілде дауыспен, анимационды компьютерлік графикамен, видеокадрлармен, статикалық суреттер мен мәтіндермен жұмыс жасауды қамтамасыз ететін интерактивті (диалогтық) жүйе. Бұл терминнің мағынасы бірнеше ақпараттық каналдар көмегімен қолданушыға бір мезгілде әсер ету. Соған қарамастан қолданушыға белсенді рөл беріледі. Басқаша айтқанда мультимедиа – бұл мәтін, графика, анимация, цифрленген қимылдамайтын суреттер, видео, дауыс, сөз сияқты мәліметтерді енгізетін, өңдейтін, сақтайтын, өткізетін және көрсететін технологиялар жиынтығы. Мультимедиа сөзі компьютерлік технологияларға байланысты пайда болмаған. Бұл сөзді алғашқы болып ағылшын әншісі және орындаушысы Боб Гелдштейн 1966 жылы өзінің заманауи шоу концертінде қолданған. Осыдан кейін бұл терминді кез келген дауыс және видео эффектері бар ойын-сауық өнімдеріне қолдана бастады. Тек 1990 жылы бұл сөзге толық анықтама берілді: «мультимедиа (multimedia) – бұл компьютерлік жүйеге мәтінді, дауысты, видеокөріністерді, графикалық суреттерді, анимацияны қоса алатын заманауи компьютерлік ақпаратық технология» - « Multimedia includes a combination of text, audio, still images, animation, video, or interactivity content forms». Осыған дейін мұғалімнің әңгімесі, магнитафонды жазулар,кино, слайд және кез келген оқытудың техникалық құралдары қолданылған сабақтар мультимедиалық деп аталатын. Ал қазіргі мультимедиалық сабақтарда мултимедиалық бағдарланған компьютер немесе ноутбук, проектер, веб камералар қолданылады. Зерттеушілер оқыту теориясын, әсіресе мультимедиалық оқыту теориясының бірнеше бағыттарын ашты. Қазіргі таңда еліміздің білім беру процесіне динамикалық (сөз, музыка, видеобөліктер, анимация) және дәстүрлі статикалық визуалды ақпараттардан тұратын мультимедиалық технологиялардың есту және көру сезім мүшелеріне бір мезетте әсер ету әр түрлі ақпараттың көріністері (аудиалды, визуалды) динамикалық дамушы образдарды шығаруға мүмкіндік береді. Оқу процесінде дәстүрлі технологияларға қарағанда мультимедиалық технологиялардың қасиеттерінің ерекшілігі ақпараттарды мәтін түрінде ғана емес, образ түрінде ұсынып, оқушылардың назары мен ынтасын максималды аударады. Бұл ақпараттың жақсы меңгерілуіне, түсінілуіне және сақталуына көмектеседі. Оқушыларға бір уақытта аудиалды (дауысты) және визуалды (статикалық, динамикалық) мультимедиалық ақпараттармен әсер ету, оларға жоғары эмоционалды қуат беріп, оқытушылар мен оқушылардың креативті потенциалын ашуға, оқудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. 90 Шет тілдерін үйрену оқушыларға қиынға түседі, бірақ шет тілдерін оқыту одан да көп қиындықтарға ұшыратады. Мұғаліміне қойылған қиын тапсырма ол оқушыларды шет тіліне үйрету ғана емес, оларды сол пәнге қызықтыру, өзге тілге деген махаббат пен сыйластықты ояту. Бұл мәселелердің шешімін дәстүрлі әдістер қамтамасыз ете алмай отыр. Шет тілдерін оқытуда ең көп тараған әдістерге: түсіндірмелі – көрнекті және репродуктивті әдістер жатады. 1.Түсіндірмелі – көрнекті әдіс қарапайым және түсінікті жолдармен жүргізіледі. 2.Ал репродуктивті әдісте мұғалім жаңа ақпараттың сіңуін және жаттасуын аналогтық жаттығуларды орындау мен қайталау арқылы жүргізіледі. Бұл аталған әдістер оқушылардың білімі мен тәжірибесін қалыптастыратыны сөзсіз. Бірақ, бұл әдістер шығармашылық дамуға кепіл бола алмайды, сондықтан да бұл әдістің нәтижелігі төмендейді. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында мультимедиа сияқты жаңа әдістерді пайдалану әбден қажет-ақ. Мультимедиа термині – мәтін, графика, анимация, видео, дауыс, сурет сияқты мәліметтерді көрсетуге, өткізуге, сақтауға, өңдеуге және компьютерге енгізуге арналған технологиялар қосындысы немесе электронды ақпараттың бірнеше түрлерінің (мәтін, сурет, анимация және т.б.) тасымалдаушысы. Мультимедиялық өнімдер өз құрамына графикалық, аудио және визуалды ақпараттарды сақтай отырып, әр түрлі типтегі ақпараттармен (Мысалы, дауыс, гипермәтін, фото, видеосуреттер) жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде мұғалімнің қызметін айтарлықтай кеңейтеді. Басқаша айтқанда мультимедиа – бұл технологиялар мен идеялардың интеграциясы. Дәл осы идеал Мультимедиа жүйесін жан-жақты етіп, хаосты тудырмайтын, керісінше адам ойы мен салған ізі арқылы уақытпен бірге дамитын – үшінші кеңістікке жол ашады. Заманауи мультимедиалық құралдарға компьютерді жатқызамыз. Компьютердің универсалдығы – барлық сәйкес перифериялық құралдар (проектор, модем, принтер) жиынтығын қоса отырып оқыту мультимедиа – құралдарының функцияларының жұмыс жасауын қамтамасыз ете алады. Ең көп тараған шет тілі сабақтарындағы мультимедиялық құралдарды пайдаланып жүргізу әдістері төмендегі кестеде көрсетілген. Проектілер әдісі оқушыға маңызды, шынайы нәтижеге негізделген, үделушілік, зертеушілік және проблемалық әдістер спектрін кеңінен пайдалануды қамтамасыз етеді. Тіл үйретудің бұл әдісі ел мәдениетін ескере отырып қызықты және тәжірибелі мәселелердің шешімін табатын ниеттілі сабақтарын зерттеушілердің немесе дискуссиялық клубтарға айналдырады. Мультимедиялық технологиялар жұмыстың әрленуін және оның презентациялау кезіндегі техникалық құралдар есебінде қолданылады. Анықтамалық ресурстар әдісі гипермәтіндермен, анықтамалық, оқуәдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірақ 91 тәжірибе көрсеткендей, қатысушылар керек емес мәліметтерге жиі елеңдеп, өз мақсатына керекті ақпараттың құндылығын анықтай алмай, «ақпараттық қоқысқа» болып жатады. Сондықтан интернетті пайдаланып сабақ өткізгенде оқушыларға арнайы дайындалған сайттар тізімін беру қажет. Бұл әдіс оқушының теориялық білімін кеңейтіп, оны ақпараттың көп көмегімен жұмыс жасауға үйретіп, өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ақпаратты өңдей алады. Бұл әдісті көбінесе елдерді тану тақырыбында пайдаланған жөн, өйткені аз уақыт ішінде көптеген ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік береді. Мультимедиа – ойын әдісі оқушылардың танымдық қызығушылығын айтарлықтай жоғарылатады. Ойынның түрі мен құрамы оқушылардың жас ерекшеліктерімен сабақтың тақырыбына байланысты. Online режиміндегі жұмыс қатысушылардың танымдық қызығушылықтарын жоғарылатады. Сөздің мағынасын білу толық мәтінді, мақаланы түсінуге жеткіліксіз болғанда, олар үшін шет тілінің жаңа әлемі ашылады. Жасалған тәжірибелер көрсеткендей шет тілі сабақтарын мультимедиа құралдарын пайдаланып жүргізу, оқушылардың ынтасын айтарлықтай жоғарылатады. Мультимедианы қолданар алдында орта мектеп оқушыларының 40 пайызы қызығушылық танытса, ал ақпараттық технологияларды пайдаланған соң олардың саны 60 пайызға жетті. Оқушыларға айтылған мәліметтердің бір бөлігі игерілмейтінібелгілі. Сондықтан айтылатын мәліметтерді осыған сәйкес екі еселенуі қажет: Бір ақпаратты сан рет қайталау. Қосымша элементтерді қосу. Артық ауыспалы әдіс. Психолог Б. Г. Ананьевтің айтуынша, көру жүйесі арқылы түсетін ақпараттар 3-деңгейден өтеді: сезіну, қабылдау және қиялдау, ал есту жүйесі тең қиялдау деңгейінен ғана өтеді. Бұл дегеніміз аудиалды ақпаратқа қарағанда, визуалды ақпараттың қабылдануы жақсы жүреді. Есту жүйесі арқылы келіп түсетін ақпараттың 20 пайызы жоғалып кетуі мүмкін, өйткені: Сөзге қарағанда, ойлау 8-10 есе тез жүреді; Назар бұрғызатын факторлар бар (сыртқы әсерлер); Әрбір 5-10 секунд сайын ши «өшеді», оның қорғаныштық қасиеті оянады. Сондықтан бір ақпаратты сан түрлі жолдармен қайталау керек. Оқушының мультимедиалық жүйемен өз бетінше жұмысы кезінде ақпараттың жаңа бөліктерін өзіне ыңғайлы темппен қабылдап отырады. Оқушының мультимедиалық жүйелерден алған эмоционалдық толқуы, оның қабылдау, зеректік, ойлану, есте сақтау сияқты процесстерін белсендіреді. Оқытудың ұйымдастырудың дәл осындай бағыты студенттің белсенді, шығармашылық және өнімді қызметіне жағдай жасайды. Ойлау мен сөйлеу белсенділігін стимулдап, түгелдей оқу процесінің нәтижелігін арттырады. 92 Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе мультимедиалық технологиялар білім беру процесін айтарлықтай өзгертіп, шет тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттырып, меңгерудің тиімді жолдарын табуда мұғалімге таптырмас көмекші болады. Соған қарамастан ақпараттық технологияларды енгізуде кедергі келтіретін бірқатар себептер бар. Біріншіден, білім беру ұйымдарында керекті материалды техникалық базаның болмауы. Екіншіден, жаңа технологияларды меңгере алатын немесе қолданатын мамандандырылған педагогикалық кадрлардың жетіспеуі. Үшіншіден, кейбір мұғалімдердің жаңа технологияларды меңгеріп, сабаққа қолдануға деген сенімдері аз. Сондықтан, ұйымдарда шет тілін оқытуға арналған заманауи ақпараттық технологияларды мұғалімдерге үйрету мақсатында, мектеп, университет негізінде ұйымдастырылған компьютерлік курстар мен мастеркласстар өткізу қажеттілігі туындап отыр. Аудивизуалды құрамдарды (ақпараттарды) қабылдауда есту анализатоларына қарағанда көру анализаторларының өткізетін қабілеті өте жоғары екенін білу өте маңызды. Өкінішке орай, оқушылар негізгі ақпараттың сигналдарын есту анализаторлары арқылы қабылдайды. Осыған байланысты оқыту ақпараттарын енгізуде көру анализаторларының резервтік потенциалын ескерген жөн. Нәтижелі оқыту үшін қабылдау процесіне көбірек қабылдағыштардың қатысқаны маңызды. Сабақта аудиовизуалды құалдарды пайдалану кезінде тиімділігі мен маңыздылығы жағынан бірінші орында қабылдаудың комбинирленген көру-есту түрлері, сосын көру, соңында есту тұрады. Сондықтан әр түрлі анализаторларға алаңдатқыштардың күрделі комплексімен бір мезетте әсер ету ерекше күш пен эмоционалдыққа тең. Сондықтан ақпаратты аудиовизуалды құралдар арқылы қабылдайтын оқушының ағзасы сапалы ерекше күшті ақпараттар ағымында болып, қажетті эмоционалды негізд құрады және сезімталдық образы базасынан логикалық ойлауға жеңіл өтеді. Ауыл мектебінде білім алу бақылау мен шынайы толғанысты қажет ететіні ешкімнің күмәнін туғызбайды. Аудиовизуалды құралдар бұл мәселені табысты шешуде. Олар сыныпқа, сабаққа қоршаған ортаны бейнелейтін, өмір, ғылым туралы ақты материалдарды ұсынады. Олар тілді абстракциядан сөйлесу құралынан айналдырады. Олар тек мұғалімдерге ғана емес оқушыларға да ойлап табу мен қиялдауға, сыныпта өзара тілдесуді модельдеуге мүмкіндік беріп, сабақты қызықты әрі белсенді етеді. Былайша айтқанда аудиовизуалды құралдар – шығармашыл мұғалімнің «сиқырлы таяғы» деуге болады. Ол мұғалімге сабақтарды қызықты және оңай түрлендіруге көмектеседі, сонымен қатар, әр түрлі функцияларды атқарады. 93 Бұл құралдар сабақтың құрылымы мен толықтығын сақтай отырып, кез келген деңгейінде қолданыла береді. Компьютерлер, видеомагнитафон сияқты ақпараттық электронды құралдардан қазіргі уақытта оқушыларды оқыту және тәрбилеу процесінде маңызы артуда. Видео қолдану оқушылардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруда өте тиімді, өйткені видео материалдар қатысушыларға тек тіл иесінің сөйлесуі ғана емес, сонымен қатар оларды ымдау арқылы тілмен таныстырып, үйреніп жатқан тілдің стилімен қарым-қатынасқа түсіріп, сол елмен шынайы танысады. Видеоматериалдар ымдау мен ишараны түсінуге (body language) арналған тапсырмалар, қарым-қатынас стилін ашу ашу және тағы басқа тапсырмалар беру арқылы шынайы жағдайда тек иесімен сөйлескенде өрескел қателіктерді жасаудың алдын алады. Видео балаларды шынайы өмірмен байланыстырып, тілдің табиғи көрінісін алады. Бұл мұғалімнің арсеналындағы материалдарды одан сайын байыта түсетін оқыту құралы. Сабақта видеоның ерекше көмегі тиетін бірқатар жағдайлар бар. Мысалы: Егер біз аяқталған тілдік континентті көргіміз келсе. Ым мен ишараны үйрену арқылы тілдің коммуникативтік жағын көрсету. Аудирлеу әдісін табиғи контексте қайталау. Сөз қорын байыту. Сөз таластыру мен сөйлесуді стимулдеу. Видео сабақтарда ең бастысы, оның жүргізу жолдары мен қағидаларын сақтау керек, әсіресе тақырыпқа байланысты видео-сабақтардың материалдарын таңдауда. 2.Тілге қойылатын талаптар. А) тіл ең алдымен заманауи талаптарға және әдеби тілдің нормаларына сай болуы, әрі оқушылардың жиі ұшырасатын аймақтарынан болуы керек(бұл таңдаулар көбінесе сабақтың тапсырмаларымен анықталады). Б) сөйлеу барысында табиғи үзілістер болуы қажет. В) жаргонды сөздер мен лепті сөйлемдер қысқа әрі түсінуге ыңғайлы болатындай күрделі болмауы қажет. Г) мәтін жаңа сөздерге, тіркестер мен белгісіз ишираларға толы болуы қажет. Видео сабақтың жоспары келесідей деңгейлерде қарастыралады: 1.Дайындық. А) фильмнің тақырыбына сәйкес лексиканы қайталау мен алдын ала талқылау жүргізіліп, оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру. Б) талқыланып жатқан тақырыпқа байланысты проблемалық жағдайларды пайдаланатын фильмнің атын оқушылардың өздері таңдауы, яғни шығармашылық жұмыс. 94 В) оқушыларға тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді беру, жаңа лексикамен жұмыс. 2.Көру. Көру кезінде келесідей жұмыстарды жүргізуге болады. А) көруге дейін оқушылардың айтқан ойларын тексеру. Б) ақпараттық ізденіс. Бір рет көріп болған соң оқушыларға ақпараттық ізденіс бойынша тапсырмалар беріледі және сыныптың деңгейіне қарай және сабақтың тапсырмасына қарай фильм немесе сюжет қарастырылады. В) жеке сегменттермен жұмыс. Бұл деңгей коммуникативтік мәдениетінің элементтерін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл деңгейде аудирлеудің маңызды аспектісі болып табылатын мәтіннің дешифрлеуі жүреді. Оқушылар видео-сюжеттің белгілі бір бөлігін көріп болған соң, төмендегі бір немесе бірнеше жаттғуларды орындайды. Кейде көріністі алып тастап, тек дауысты қалдырады. Оқушыларға сюжетті бөліктен көрсетіп, оларға кім айтты, қай жерде болып жатыр, кейіпкерлер не істеді, қайда барды, не туралы сөйлесті және тағы басқа секілді сұрақтар қойылады. Олар барлық ақпаратты жинап болған соң, өздерінің интерпретацияларын тексеру мақсатында сюжетті көрінісімен қайта көреді. Заманауи мұғалімге оқытудың техникалық құралдарының кең номенклатурасын ұсынады. Олардың ішінде ең көп таралғаны, қолжетімдісі және универсиалдысы видеотехника болып табылады. оқу процесінде видеотехниканың тиімділігі әдістемелік қамтамасыз етілуіне, яғни аудиовизуалды құралдарға байланысты. Аудиовизуалды құралдарға: 1.Фонограммалар: фоножаттығулардың барлық түрлері, фоно-тесттер, мәтіннің фоно-жазуы, аудио-сабақтар және аудио-лекциялар. 2.видеоөнімдер: видеофрагменттер, видеосабақтар, видеофильмдер, видео-лекциялар және тақырыптық слайдтар. Оқу мақсатындағы аудиовизуалды құралдардың барлық түрін патенттелген фирмалар немесе білім беру орталықтарының арнайы бөлімдерінен шығарылады. ДО жүйесіне жалғанған оқу мақсатындағы фонограммалар мен видеоөнімдер осы оқытудың әдістемелік құралы болып табылады. Әрбір видеоөнімдер мен аудиооқулықтардың арнайы жұмыс жасау ережесі мен аннотациясы болуы қажет (фоножаттығулардың тізімі, бір таспаға немесе пленкаға жазылған тақырыптар). Жоғарыда аталған оқулық әдістемелік өнімдер қай білім беру ұйымынан шықса, сол ұйымның картотекасына немесе каталогына енгізілуі тиіс. Аудиовизуалды оқулық өнімдері ережесімен бірге таспада, бобинада, пленкада, альбомдарда, дискідесақталуы қажет. 95 Кино, радио, телевидения, экранды, дауысты оқулықтар және тағы басқа техникалық құралдар – ақпараттық оқулықтардың қайнар бұлағы. Заманауи техникалық құралдар тәрбие ісіне зор мүмкіндік береді. Сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда жергілікті немесе орталық радио және телевиденияның әр түрлі бағдарламаларының тікелей трансляциясы тиімді пайдалануы мүмкін, соның ішінде оқу бағдарламалары да, кинофильмдердің, диафильмдердің , аудио жазбалардың трансляциясы. Ауди және видео құралдарды пайдалану-ақпараттық технологияның маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан оқыту процесінде компьютерлік технологиялармен қатар аудиовизиуалды технологиялар бірге жүреді. Өйткені оқу программаларында арнайы дайындалған аудио-визуалды құралдарды танымдық қызметін басқаруда жиі қолданады. Тіл қарым-қатынасының ең маңызды құралы, онсыз адам қоғамының өмір сүруі мен дамуы болмас еді. Қазіргі уақытта тек ана тілін білу жеткіліксіз, сондықтан мектептерде шет тілдерін оқытуға ерекше назар аударылуда. Шет тілі – оқу процесінің міндетті пәні, мұғалімнен ерекше әдістер мен шеберлікті талап ететін, бірақ сол тілдің ортасында болмау үлкен қиындық туғызады. Оқушыдан аз күш талап етілмейді, бірақ мұғалімнің төгер тері көп әрине. Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын және мотивациясын нық оятып, оны қалыптастыру үшін, оқу материалдарын ыңғайлы түрде сіңіру үшін мұғалімге стандартты емес әдістерді қолдануға тура келеді. Яғни оқу процесінде жаңа техникалық құралдар мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға тура келеді. Ауыл мектебіндегі білім берудегі сапалы білім алушыларды оқытудағы, дамытудағы және тәрбиелеудегі нақты талаптарға қол жеткізуді көздейді. Аталған талаптар бойынша білім беруде білім, білік, дағдылар түрінде нақты белгіленген, ал дәстүрлі оқытуда тәрбиелеу мен дамытуда нақтыланған өлшеу көрсеткіштері белгіленбеген. Жоғарыда атап өткен технология қазіргі уақытта ауыл мектебінде тек оқыту, тәрбиелеу және дамыту өлшеуіштері бар ғана жүйені құрап қоймайды, сонымен қатар сапалы оқыту, дамыту және тәрбиелеуге қол жеткізетін әдістер мен құралдар болып табылады [3. 15 бет]. 96 ҚОРЫТЫНДЫ Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі нарық жағдайындағы ауыл мектебіне, оның ауылда орналасқан шағын жинақталған мектептерге мемлекет тарапына ерекше қамқорлық қажет. Бүгінгі таңда ауылдық жерлерде қалыптасқан жағдай ешқандай сын көтермейді. Оңтайландыру себептерімен ауылдық жерлердегі мектептердің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде орналасқан шағын жинақталған қазақ мектептерінің жабылуы ешкімді де бейтарап қалдырмайды. Ауыл мектебі дегеніміз жас ұрпақтың өй – өрісін жан-жақты дамытып, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және халықтық педагогиканың негізінде мол мұраларын пайдалана отырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығы. Ауылдағы бiлiм мекемелерін реформалап, оны нарықтық экономика жағдайында нормативтiк құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк негiзде ұйымдастыру, басқару, қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз ету, ауыл мектептерiнің құрылымдық жүйесiн жетілдіруді қоғамдық өмiр мен әлеуметтiк құбылыстардың ерекшелiктерiн ескере отырып, дамыту да өзекті мәселелер қатарынан орын алып отыр. Қазіргі ауыл мектептерінің құрылымдық жүйесі оқушы санына ғана байланысты емес, ол сонымен қатар мектептің орналасқан мекені мен табиғи ерекшеліктеріне де тәуелді болады. Ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік теңсіздік те мектептердің атқару қызметіне әсерін тигізбей қоймайды. Ауыл мектептерінде білім беру пәрменділігін арттыруды ұлттық құндылықтар мен отандық педагогика жетістіктерін ұштастыру арқылы жоғары деңгейге көтерудің өзекті екендігін танытады[48]. Мұндағы зерттеуіміздің мақсаты, ауылды қайта көркейтіп, дамыту және жастарды өркениеттілікке ұмтылдырып, білімді де тәрбиелі, ұлтын, туып өскен жерін қадірлеп, жаңалыққа талпынысын қанағаттандыру. Жалпы алғанда, қадір-қасиетін түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді, руханиадамгершілігі бар, ұрпақ тәрбиелеу мақсатымен ауыл мектептерінде сапалы білімге қол жеткізу болмақ. Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, яғни, болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың 97 жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысынң тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды. Ендеше сапалы білім беретін ауыл мектебі бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қана қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар[50]. Бүгінгі күнде ауыл мектебінің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді, яғни, мұғалімнің рөлі толығымен өзгереді, қазіргі қоғам мұғалімді ақпарат таратушы рөлі ретінде қабылдай алмайды. Мектепке шығармашылық ойлары бар, жаңа оқу бағдарламасын әзірлейтін және іске асыруға өызығушылық танытатын, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға қабілетті, сабақта оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін меңгерген мұғалім қажет. Осыған байланысты педагогтардың әлеуметтік кепілдігін қою, білім берудің сапсын арттыруға бағытталған, оқу үрдісін ұйымдастыру үшін жағдай жасау бойынша мемлекеттің қабылдаған әс-шаралары еліміздің педагогтары алдында нақты міндеттерді қояды. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз – ұнамды және белсенді қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек. Ауыл мектебінде білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету үшін 12 жылдық білім беруге өту реформасын және сапалы білімге қол жеткізу үшін қолданылатын заманауи оқыту технологияларын ерекше маңызды екенін ескеріп, меніңше, еліміздің әлемдік озат тәжірибені және білім беру саласындағы көшбасшы елдер тәжірибесін ескере отырып, оны табысты жүзеге асыруға арналған барлық шараларды қабылдау керек. 98 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Әдістемелік журнал. «Мектеп директорының орынбасары» №3 2013ж 2. Әдістемелік журнал. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» №1 2016ж 3. Әдістемелік журнал. «Мектеп директорының орынбасары» №3 2011ж 4. «Биоақпараттану және Синергетика» технологиялық карталар. 45 бет 5. Бондаревская Е.В., Пивненко П.П. Ценностно-смысловые орентации и стратегические направления развития сельской школы //Педагогика 2000, №5, С.52-64. 6. Гурянова М. П. Российская сельская школа как социокультурный феномен // Педагогика 1999, №7. С. 58-61. 7. Стерлин Л.Ф., Зайцев Е.С. Трудовое воспитание в селькой школе М., 1990, С. 84. 8. Ертаев М.Ә. Еңбек және еңбекке жаңаша қатынастардың әлеуметтiк мәнi. Түркiстан,2000 9.Баланың құқығы туралы Конвенция. А.,1995. 10. Нұсқабаев О. Мектеп- жас ұрпақты әлеуметтендiру институты Алматы, Қазақстан 1997. 11. Адилгазинов Г.З. Теоретические основы совершенствования подготовки учителя к управлению педагогическим процессом в малокомплектной школе. Дисс., докт. пед наук Алматы, 2002, С.337. 12.Педагогикалық сөздік. М.1968. 13.Наторп П. Социальная педагогика. СП б. 1911. 14.Адилгазинов Г.З. Теоретические основы совершенствования подготовки учителя к управлению педагогическим процессом в малокомплектной школе. Дисс., докт. пед наук Алматы, 2002. 15.“Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2012- 2020 жылдарға арналған Мемлекетттiк бағдарламасы. 16.Ауыл мектебi 2005-2010 жылдарға арналған бағдарлама (Қазақстан Республикасы Президентi мен үкiметiнiң актiлер жинағы. Астана, 2004. 17.Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 1- наурыз, 2006 . 18.Мижериков В.А. Словарь –справочник по педагогике. Творческий цент.Москва, 2004. 19.Шамшидинова К.Н. Малокомплектная школа:проблемы, поиски, решения. Издательства ВКГУ,2002. 20.Қазақстан Республикасы шағын жинақталған мектептердi дамыту тұжырымдамасы. Алматы, 2012ж. (жоба). 21. Основные тенденции развития образования в мире и пути модернизации системы образования Казахстана Астана,2005. 22. Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику - М. Институт практической психологии, 1997 99 23. Аязбекова Г. Әлеуметтiк- педагогикалық қызметтiң үлгi ережесi. Астана, 2005. 24.Комаров М.С. Введение в социологию.- М., 1994. 25.Бочарова В.Г. Педагогика социальной работы.- М., 1994. 26.Баенова Д.Б. Ауыл мектебіндегі гендерлік әлеуметтендіру мәселелері «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» республикалық ғылымипрактикалық конференция материалдары (28-29 наурыз, 2006 жыл) 2-том. Алматы, 2006. 27.С.Сайлаубекова. Ауыл баласының білімі неге төмен? // Егемен Қазақстан. 2004 жыл 12-қазан №254. 28.Семенов В.Д. Социальная педагогика: История и современность. Екатеринбург, 1995. 29.Сақтағанова Т.С. Өркениетті білім беру жүйесіндегі педагогикалықпсихологиялық қызмет // Мектептегі психология, 2006, №2, 6-бет 30.Методические рекомендации и материалы к профессиограмме современного учителя /под ред. Г.А.Бордовского. - Л., 1987 31.Стефановская Т.А. Педагогика: наука и искусство. – М., 1998. 32.Есаулова М.Б., Лобанова Н.Н. Самоанализ профессиональной педагогической деятельности. - СПб. 1999 33.Поляков В.А. Технология карьеры. – М., 1995. 34.Рогов Е.И. Личность учителя: теория и практика. – Ростов-на-Дону. 1996. 35.Сорина Н. Необходимый имидж. – М., 1999. 36.Бурбаев Т.К .Этномәдени архетип - ұлт менталитетінің өзегі //Қоғамның рухани дамуы: музыка және ғылым. - Алматы: Ғылым, 2002. -244 б. 37.Дүйсембекова.Ш.Д. Мұғалімнің жеке тұлғасы және оның кәсіби мәдениеті. – Семей, 2005. 38.Макаренко А.С. Педагогикалық шығармалар. - Алматы.1954. 39.Шафажинская Н.Е. Психические особенности формирования самосознания будущих учителей. Жинақта:Совершенствование спихологопедагогическо подготовки студентов педагогических вузов, Москва,1985, 3333б. 40.Сазонов В.А. Педагогические условия профессиональной адаптации сельской молодежи в сельскохозяйсвенном пройзводстве: автореф. дисс…пед. ғыл. канд., Челябинск, 1980, 20 б. 41.Насырова Г.И. Профессиональная адаптация будущих учителей, Жинақта: Формирование социальной активности личности учителя, Москва, 1985, 5863 б. 42.БогдаревскаяЕ.В., Пивненко П.П. Ценностно-смысловые ориентации и стратегические направления развитмя сельской школы.// Педагогика.-2000, №5, 52-64 б. 43.Колесников Л.Ф. Село начинается со школы.// Народное образование, 1983, №11, 18-21 б. 100 44. Жильцов П.А. Воспитательная работа в сельской школе, Москва, 1980, 52 б. 45. Григорьева В.К. Улучшать подготовку учителя сельской школы.// Проблемы высшего педагогического образования. (А.И.Герцен ат.ЛПМУ конференциясының материалдары), Ленинград, 1971, 48-49 б. 46. Демчинская А.П. Особенности взаимодействия учителя и ученика в малокомплектной школе.// Советская педагогика, 1990, №4, 39-42 б. 47. Зайкин М.И. Плюсы и минусы малой наполняемости классов в организации учебного процесса, Нижний Новгород, 1991, 76 б. 48. Иванов А.Ф. Сельская школа: состояние и перспективы развития. // Советская педагогика, 1990, №9, 14-20 б. б. 49.Калеева Ж.Г. Заботы сельской школы.// Педагогика, 2000, №5, 64-69 б. 50. Фролов В.А. Вариативное образование на селе: состояние и перспективы.// Наука и школа, 1999, №5, 36-39 б. 51. Суворова Г.Ф. Чему учить в сельской школе?// Педагогика, 1992, №3-4, 31-36 б. 52. Жильцов А.П. Подготовка будущего учителя к работе в сельской школе. // Советская педагогика, 1982, №10, 73-78 б. 53. Стирлин Л.Ф., Зайцев Е.С. Трудовое воспитание в сельской школе: В б. 54. Шакуров Р.Х. Творческий рост педагога, Москва: Знание, 1985, 80 б. 55.Магомедов А.М. О подготовки будущих учителей к работе в сельской малокоплектной школе.//Советская педагогика, 1985, № 11, 69-71 б. 101