МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ І. Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ 1.1 А.Байтұрсынов пен Ы. Алтынсаpиннің ағаpтушылық-педагогикалық мұpалаpының үндестігі 1.2 Ы.Алтынсариннің ағарту-педагогикалық көзқарасының қазіргі кезеңде қолданылуы ІІ. Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ 2.1 Ыбырай шығармаларындағы оқу тәрбие мәселелері 2.2 Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының жаңартылған білім мазмұнымен сабақтастығы ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 2 3 5 5 6 10 10 20 25 26 КІРІСПЕ Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз. Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы. Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді, ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі. Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды. Ағартушылық қызметінің алғашқы қадамдарында кездескен кедергілердің бірі-ол кездердегі шалғай түкпірдегі мектеп ашудың қиындығы, қаражат, мектеп үйі, оқу құралдарының жетіспеуі. Оның үстіне осындай ізгілікті іске қараңғы орта –облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтыны, оқу мен білімге деген надан әкімдердің енжарлығы да болды. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанағаттанған Ыбырай халықтың мұң-мұқтажы мен арман тілегін орындау мақсаты оның көздеген мақсаты болып сол арманға жетуге құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел-елді аралап қаражат жинауға кірісті. Сонымен, Ы.Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды[1]. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрылысын, тұнғыш берілетін білімнің бағыт-бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке қажетті оқуқұралдарын дайындады. Педагогикалық идеяларының негізінде Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік, нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер – білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды.Ы.Алтынсарин надандықтың 3 зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерімен көрінеді. Курстық жұмыстың мақсаты: Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқрастарын талдап, оның педагогикаға қосқан үлесіне кеңінен тоқталу. Міндеттері: Ы.Алтынсариннің педагогикалық ойларына тоқталу; Ы.Алтынсариннің өлеңдеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеяларын талдау; Педагогикалық көзқарастарын талдау; Зерттеу жұмысының нысаны: Ы.Алтынсариннің педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу. Курстық жұмыс: кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. 4 І. Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ 1.1 А.Байтұрсынов пен Ы. Алтынсаpиннің педагогикалық мұpалаpының үндестігі ағаpтушылық- Бүгiнгi таңда қоғамда болып жатқан өзгеpiстеp бiлiм беpу iсiне өзiндiк ықпал етiп отыp. Қоғамдағы әлеуметтiк жағдайлаpды негiзге ала отыpып, бiлiм мен тәpбие беpудiң мазмұны жаңаша жасалу үстiнде. Мұнда ұлттық салт-дәстүp, таpих, мәдениетiмiздi меңгеpуге аса зоp мән беpiлiп жалпы бiлiмм беpудiң әлемдiк стаңдаpтына сай келтipу мәселесi қаpастыpылуда. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына дейiн ұлттық таpих, салт-дәстүpлеpiмiздi еpкiн игеpiп, пайдалануға мүмкiндiк болмады. Ұлы оpыс импеpиясының зұлмат өpтiнен заpдап шеккендеpдiң бipi - қазақ халқы едi[2, 17 бет] А.Байтұpсынов қазақтың ағаpтушы педагогы Ы. Алтынсаpиннiң тiкелей iзбасаp-мұpагеpi және оның идеясын жалпақ қазақ даласында iске асыpушы қайpаткеp болғандықтан, оның педагогикалық мұpалаpын Ыбыpай еңбектеpiнен бөлiп қаpауға болмайды. Сондықтан, ең алдымен Ыбыpайдың ағаpтушылық идеясы қандай едi, А.Байтұpсынов бастаған зиялы топ ол идеяны қалай жалғастыpды деген мәселелеp төңipегiңде ой қозғау қажет. Ыбыpай заманы Pесей патшалығының отаpшылдық саясатымен тұстас келдi. Оpыс патшасы қазақ елiне мектеп ашуды сылтауpатып өзiнiң отаpшылдық саясатын жүpгiздi. Оны Н.И.Ильминскийдiң синодтық обеp-пpокуpоp К.Н.Победоносцевке жазған хатынан аңғаpуға болады. Ы. Алтынсаpин жас өспipiмдеpге адамгеpшiлiк pухта тәpбие беpу мақсатын ұстанды. Ол еңбек, адамды сүйе бiлу, кiшiпейiлдiлiк, қаpапайымдылық, үлкендi сыйлау, жолдастық т.б. мәселелеpге кең көңiл бөлдi. Өзiнiң хpестоматиясында қазақтың төл әңгiме, аңыз, еpтегiлеpiне кеңipек оpын беpу аpқылы ол ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтаpды үйлестipе үйpетудi көздедi. Ы. Алтынсаpин шығаpмалаpының тәpбиелiк потенциалы бүгiнгi күнге дейiн өз күшiн жойған жоқ. Ағаpтушы шығаpмашылығының негiзi - адамгеpiшлiкке, имандылыққа тәpбиелеу болды. Оның пiкipiнше, осыңдай қасиеттеp тугелдей бip адам бойыңда қалыптасқаңда ғана ол паpасаттылық- пен бipеуге жанашыp бола алады[2, 20 бет]. Ы. Алтынсаpин шығаpмалаpының бәpi адам жанының небip түпкipлеpiне үңiлетiн, адамгеpшiлiкке тұнып тұpған озық идеялаpға толы. Оның ойынша оқытудың негiзгi мақсаты - пән мазмұны бойынша ақпаpаттаp беpу ғана емес, жалпы iскеpлiктi, адамгеpшiлiк қасиеттеpдi қатаp қалыптастыpу болуы тиiс. Ы. Алтынсаpин ашқызған алғашқы ұлттық мектептеpдiң құpылымдаpы төмендегiдей едi: 1. Екi жыл оқытатын ауылдық мектеп. 2. Төpт жыл оқытатын бip кластық мектеп. 5 3. Алты жыл оқытатын екi кластық училище. А. Байтұpсынов "Бастауыш мектеп" атты мақаласыңда Pесей үкiметiнiң оpыстандыpу саясатының бет-пеpдесiн ашады әpi: "Хүкiметке кеpегi мемлекеттегi жұpттың бәpi бip тiдде, бip дiңде, бip жазуда болуы, әp халыққа кеpегi өз дiнi, тiлi, жазуының сақталуы. Солай болған соң бастауыш мектеп, еуелi миссионеpлiк пiкipден, политикадан алыс болаpға кеpек... Олай болса, мектеп аpқылы қазақтың дiнiн, тiлiн, жазуын жоғалтып, оpысшаға аудаpамын деген пiкipден хүкiмет безiп, тиiстi бастауыш мектеп екi жаққа да зиянсыз, пайдалы болуын көздеу кеpек. Солай оилағанда көңiлге ұнамды мектептiң түpi бiздiң ойымызша мынау",- деп бастауыш мектептiң 5 жылдық болуын, қазақ халқының көшпелi еpекшелiгiн ескеpiп, мектептеpдi келiп оқитын және жатып оқи- тындай ғып құpуды, қыp мектептеpi мен қала мектептеpi еpекшелiктеpiн ескеpе ұйымдастыpылуын талап етедi. Жалпы 5 жылдық бастауыш сатының 3 жылы ауыл, -екi жылы болыс мектебiне беpiлсiн. Ауыл мектебi тек ана тiлiнде болсын. Оңда оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, ұлт таpихы, жағpафия, шаpуа-кәсiп, жаpатылыс жайы пәндеpi оқытылсын. Болыс мектебi оpысша оқыла- тын соңғы екi жыл. Мұңда беpiлетiн бiлiм гимназияның төменгi сыныбына кipеpлiк пәндеp болуы кеpек дейдi. Демек, бұл салыстыpулаpдан ғалымдаpдың мақсат-мүддесiнiң үндестiгiн, әpi заманына қаpай өзiңдiк еpекшелiктеpi болғанын аңғаpамыз[2, 23 бет]. Қоpыта келгеңде, Ы. Алтынсаpин мен А. Байтұpсыновтың ағаpтушылық-педагогикалық мұpалаpын зеpделей келе, олаpдың идеялаpының үш бipдей бағытта үңдесетiнiн байқауға болады. Бipiншiден, екеуi де баp ғұмыpлаpын ұлттық мектеп ашуға, қазақ балалаpына дүниежүзiлiк бiлiмдi теpең меңгеpтуге,өнеpге, мәдениетке таpтуға аpнаған. Екiншiден, соңдай дәpежеде бiлiм беpетiн төл оқу-құpалдаpын, сол оқулықтаpға дқpыс басшылық жасауды үйpететiн ғылыми-әдiстемелiк құpалдаp жазды. Үшiншiден, болашақ маман даяpлау iсiн жандандыpу, ұлттық мектептеp құpылымын анықтау, мектептеpдiң матеpиалдықтехникалық базалаpын нығайту, оқу-бiлiм аpқылы қоғамдағы саясиәлеуметтiк мәселелеpдi түсiндipiп, ұлттық сананы ояту үшiн ұлттық баспасөздi насихаттау құpалы pетiңде пайдаланған[3, 32 б]. 1.2 Ы.Алтынсариннің ағарту-педагогикалық көзқарасының қазіргі кезеңде қолданылуы Қоғамның санасын Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйемен баяндап эстетикалық таныммен пәлесапалық қағидаларымен тұжырымдап отырды.Қазіргі таңда ұстаздың сабағында жаңа техналогия әдіс-тәсілдері оқушыларды ортамен қарым-қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын еркін айтып қорғай білуге, әдептілікке, жауапкершілікке, өнерге, еңбектенуге үйретеді. Ыбырай ұстазымыздың да ұсынған әдістемесінің негізі осы емес пе. 6 Білім берудегі демократиялық, ізгілендіру, ынтымақтастық идеясы, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты өзгертті. Мұнда мұғалімнің кәсіби-әдістелік шеберлігінің маңызы зор. Қазіргі жаңалық деп жүрген ынтымастық, ізгілендіру идеясын сол кездің өзінде-ақ Ыбырай Алтынсарин қалыптастырған болатын. Ыбырай Алтытынсариннің ізгі ойлары, талғамы, педагогикалық идеялары көптеп саналады. Еліміздің үлкен бір проблемасы жастар проблемасы болып есептеледі. Ендеше бүгін алда қойған мақсат Ыбырай Алтынсаринның еңбек, тәртіп, тәрбие идеяларына тоқталып, қазіргі заман талабымен ұштастыру. Данышпан әр оқушыны біртұтас жасампаз тұлға деп қарайды. Сондықтан жеке адамның бойынан жоғарыда айтылған адамгершілік қасиеттерінің бірі табылса, біртұтас мінез қалыптасады. Бұлар ұстаздардың оқушыларға дұрыс, жүйелі, табанды түсіндірумен, балаға дұрыс талап қоя білулерімен жүзеге асырылады және ұзақ уақытты қажет етеді[4]. Бүкіл адамзат қоғамындағы материалдық және рухани байлықтың бәрі де адам еңбегінің қүдіреті арқылы жүзеге асады. «Еңбек-байлық атаулының негізі. Ол бүкіл адамзат өмірінің бірінші алғы шарты. Адамның өзін жасаған еңбек»-деп Ыбырай Алтынсарин ғылыми түрде тұжырымдап көрсеткен. Сол адамзат қоғамы тарихымен тығыз бірлікте жасап келе жатқан жасампаз тәрбие нысаны-еңбек пен кәсіпке үйрету, оның еңбегін үнемді ету. Өзім кәсіби қазақ тілі сабақтарында бағдарлама бойынша тақырыптарды оқытқанда қазақ халқының қолданбалы өнерінің тарихы, түрлері жайында мәтіндер құрастырып, орынды пайдаланамын; халқымыздың еңбекке баулу тәсілдеріне назар аударамын; оқудың ұлттық сапасын оятумен бірге атабабаларымыздың қонақжайлық, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық жасау, мейірімділік, еңбекке үйрететін әділ- тәсілдерді қолданамын. Қазақ тілі сабағын үнемі ұлттық педагогикамен ұштастыруды көздеймін. Ыбырай Алтынсарин мектептегі тәртіпке зор көңіл бөлген «Тәртіптің шындыққа айналауы тәртіптілік сезімін тудырады»-деген ұлы ұстаз. Тәртіп деген педагогикалық ұғымға Ыбырай Алтынсарин терең талдаулар жасайды. Ол бірде тәртіп-тәрбие құралы десе, бірде тәртіп-тәрбиенің нәтижесі деген анықтама береді. Ал бұл халық педагогикасындағы «тәрбие-тәртіптің құлы» деген түсінікке жақын. Сондай-ақ тәртіп оқушының мектеп ережесіне бағына білу.мен шын еркіндіктің табиғи бірлігі дегенді де ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин жазған. Міне, кезінде аса көргендікпен көпшілікке ұсынған осы ұғым тұжырымдары қазір де мұғалімдердің қажетіне жарап жүр. Еңбекті қадірлеу-оның шығармаларының басты тақырыбы өсиет, өнеге айта отырып, ой саларлықтай салмақ тастады. Адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбие рөлінің ерекшелігіне тоқталып, «бағып-қағып үлкен мән бер бала тәрбиесіие» жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен парапар. 7 «Дүнйедегі жақсы атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызда дарып, сіңеді»-деп тұкжырым жасайды. Ыбырай әңгімелерінің ішіндегі ең бір шоқтығы биік шығармасы - «бай баласы мен жарлы баласы».Қазақ қоғамындағы өмір шындығын, тап жігін аша отырып, ауыр тұрмыстың ыстық қазынасында пісіп, шығып тағдыр тауқыметін көрген кедей баласының еңбек қорлығын баяндайды. Мұғалім өз сабағында осы мәселеге көңіл қойып, үйретудегі мақсат: Асан мен Үсенге салыстырмалы мінездеме бере отырып, кедей баласының сабырлығы мен көргендігін, еңбекқор өмірге икімділігін; екіншісінің шыдамсыздығын жинақтай отырып, жазушының айтайын деген ойын, шығарманың идеялық мазмұнын айқын түсіндіру. «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин еңбектенсең, талаптансаң, мақсат- мұратыңа жетерсің-дей келіп осы идеяны ашып көрсетеді. Балаға білім берудегі еңбекке баулудың рөлі өте зор деген ой тастайды. Ыбырай Алтынсарин оқушыларды еңбек арқылы тәрбиелеу, оқыту өз еңбегіңің нәтижесін көруге, одан қанағат, ләззат алуға үйретеді, еңбек етіп үйренген адамға білім беру жеңілірек болады деген пікір ұсынады[5]. Білім мен тәрбие берудегі Ыбырайдың алға қойған мақсаттарына тоқталсақ, жоғарыда айтылғандай: оқушыларға жан-жақты және кең көлемде білім беру; мұғалімнің рөлін жоғары көтеру, оқулықтардың сапасына көңіл аудару; оқу бағдарламаларын үнемі жетілдіріп,толықтырып отыру; оқушылар білімін қосымша материалдармен толықтыру; Ыбырай Алтынсарин адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтерді, оны шешу жолдарын іздестірді. Тәрбиенің қазіргі біз пайдаланып жүрген кай саласын да Алтынсарин еңбектерінен табуға болады. Білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы - жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Мұғалім оқушынын табиғи дарын, қабілетін ащу арқылы жас ерекшелігін ескере отырып, технология әлементтерін тиімді пайдалану керек бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, оқушыны жалықтырмай жүргізуге болады. Сабақ - ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Кезінде Алтынсарин да мұғалімдерге дәл осындай талап қойған болатын. Бұл Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық иделарының өміршендігін-байқатады. Мұғалімнің беделін көтере отырып, Ыбырай Алтынсарин мұғалімге талап қойған. Қазіргі оқыту әдістемесінде қолданып жүрген көптеген технологияларда бар. Сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп - саралап оқыту, проблемалық оқу, интерактивті, белсенді оқыту т.б. - қайсысын алсақ та негізінде Ыбырайдың педагогикалық идеялары жатыр деуге болады. Осы жерде «Новое - это хорошо забытое старое» - деген сөзбен келіспеуге болмайды. Техникалық - кәсіптік білім беруде модульдік оқыту технологиясы өте тиімді екені даусыз. 8 Сондай - ақ арнаулы пән сабақтарында В.Ф Шаталовтың технологиясына сай тірек-сызба әдістері тиімді. Мысалы, кәсіби қазақ тілі сабақтарында тірек-сызба арқылы, тірек конспектілерді пайдалану арқылы рөлдік- ойындар арқылы оқушының сөйлесу мәдениетін дамытуға піхір таластыра білуге үйретемін[6]. Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты көрсеткіші-білім сапасы мұғалімнің негізі міндеті-оқушыны білімге, өз бетінше ізденіске және шығармашылық жұмысқа баулу болып табылатыны бәрімізге белгілі. Елбасының жолдауында: «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген. Қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, саяси- экономикалық сауатты, яғни интелектуалдық деңгейі жоғары болса, тәуелсіз мемлекетіміздің мықты тірегі болатынына сеніміміз мол. 9 ІІ. Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ 2.1 Ыбырай шығармаларындағы оқу тәрбие мәселелері Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарга (қазақтарга) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты. Ол қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды. Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты[7]. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталды. 1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгіт жұмыстарының нәтижесінде оқуға 16 бала жазылды. Кейінірек бұл мектептердегі оқушылардың саны арта бастады. Халық ағартушысы жүргізген үгіт жұмыстары нәтижелі болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды: «Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кірістім және мені өте қанағаттандыратыны — бұл балалар әлдеқандай уш айдыц ішінде оқуды, тіпті жазуды үйреніп алды». 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Оның еңбегінің арқасында білім беру саласы қазақ даласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шықты. Халықтан қажетті қаржы жинастырды. Соның нәтижесінде Ырғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашты. Оларды мұғалімдермен және оқушылармен толық қамтамасыз етті. Ол мектептердің жабдықталуына, олардың жанында шағын кітапханалар ұйымдастыруға ерекше күшті мән берді. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды. Ол мектептердің жанында интернаты болды. 1886 жылы мектеп-интернаттарда 211 қыз бала оқыды. Ы. Алтынсарин мектепті халық ағарту ісінің маңызды буыны санады. Ы.Алтынсариннің “Мұсылмандық тұтқасы” (“Шараит-ул-ислам”) кітабын жазып шығаруына екі түрлі жағдай себеп болды: біріншіден, сол 10 заманда қазақ ауылдарында оқытылатын діни кітаптар (“Иманшарт”, “Кәлем шариф”, “Әптиек” т. б.) араб тілінде жазылғандықтан, оның мазмұнын не молда, не оқушы түсінбей, құрғақ жаттаумен болды. Ал діни оқулықтардың мазмұнын жете түсінбеген дүмше молдалар дін-шариғат қағидаларын өздерінше бұрмалап, теріс түсініктер беретін. Ыбырай ислам дінінің аяттарындағы адамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылық қағидаларын өзінің педагогикалық көзқарастарына негіздей отырып түсіндіруді көздеді[8]. Ол діннің өзін тәрбиенің құралы деп қарады. Мысалы, Ыбырай осы кітаптың кіріспесінде: “…Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі дұрысталмаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды…” Құдай тағала ешкімді жамандық жолға бұйырмайды, мынау жамандық, мынау жақсылық деп көрсетіп, адам баласына қай жолға түссе де ықтияр береді”, – деп адамның жамандық, яки жақсылық іс-әрекетін Алла тағала істетті дейтін молдалардың жалған насихатына қарсы шығады. Өзінің ағартушылық, тәлімгерлік ісінде Ыбырай талай қиыншылықтарға кездесті. Оның елден қаржы жинап, орыс-қазақ мектептерін ашып, дүнияуи пәндерді оқытуды енгізіп, мәдениет атаулыны насихаттауын көре алмай өшіккен ел ішіндегі кейбір қожа-молдалар оны “шоқынған кәпір” деп өсек таратса, енді біреулер 1884 жылы Ішкі істер министрлігі мен Орынбор генерал- губернаторына “үкіметке қарсы ойы бар”, “социалист” деп, өтірік арыз жазып, қаралауға дейін барды. Ы. Алтынсарин болса, өзі ашқан орыс-қазақ мектептерін миссионерлік бағыттағы жат пікірден де, шығыстың жаттамалы діни оқуынан да қорғап бақты. Жастарға шынайы білім беретін дүнияуи пәндерді (жаратылыстану, география, тарих, есеп, т.б.) оқытуды іске асырды. Ол орыс-қазақ училищелерінің шәкірттеріне сол кездегі прогрессивтік, гуманистік идеяда жазылған К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, Л.Н.Толстойдың “Әліппе және оқу кітабы”, Б.Ф.Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралы”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсы” атты оқу құралдарын пайдалануды ұсынды. Ы.Алтынсарин алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салтдәстүрлеріне негізделген екі төл оқу құралын (“Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”) 1879 жылы жазып бастырып шығарды[9]. Ол қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу ісіне ең басты мәселе деп қарады. “Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып-тәрбиелеу ісінен артық еш нәрсе жоқ”,— деп ой түйді. Хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципі көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, 11 талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту көзделді, үшіншіден, жастардың, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруге тырысты. Ыбырай аударып, хрестоматияға енгізген орыс жазушылары Пауэльсонның, Ушинскийдің, Толстойдың әңгімелерінде де қайырымдылық, кішіпейілділік, талаптылық, еңбексүйгіштік сияқты зор адамгершілік қасиеттер дәріптеліп, оған қарама-қарсы жауыздық, екіжүзділік, дүниеқорлык, т.б. жексұрын мінез-құлықтарды әшкерелеу өзекті орын алады. Ыбырай осы арқылы жастардың ізгі жүректі, инабатты, талапты, ел-жұртына пайдалы азамат болуын көздейді. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында дүнияуи мектептер ашу, оқушыларға арнап тұңғыш оқулықтар жазумен бірге, мектептің материалдық базасын күшейтуге баса зер салды. “Мектеп дегеніміз шын мектепке ұқсас болуы үшін оған қаржыны көбірек бөлу керек… Өйткені мектеп – білім берудің басты құралы” деп қарады. Ол оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялатуға бар күшін жұмсады. Ол өзінің досы Н.Н.Ильминскийге жазған бір хатында “Шәкірттер кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын… Мен балаларды жазалауды сүйетін онша қатал адам емеспін… Бірақ, кейде, балаларды тентектіктен тыймай да болмайды. Тентек етіп өсірсең, балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың” деп өзінің педагогтік ұстанымын айқын көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салтдәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады[10]. Ол 1870 жылы Ресей география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тапсыруы бойынша “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “Орынбор ведомствосы қазақтарының құда тұсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазып тапсырды. Бұл еңбектер орыс зиялы қауымына қазақ қоғамының әр алуан тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы түсінік берген тұңғыш жазба еңбектер еді. Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты — дәстүрдің озығы мен тозығын ғылыми түрде талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән-мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету болатын. Қазақтың салт-дәстүрін жан-жақты зерттеп, жинақтаумен бірге, әр ауыл мен болыс сайын мектеп ашып, мектеп жанынан монша, кітапхана салып, қайтсем қазақ елін мәдениетті елдердің қатарына жеткіземін деп арпалысқан Ыбырай “қазақ халқы деген оқу-білімге сусап отырған халық, әттең, бұл іске оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде, кейде күйінесің” деп, ел билеуші орыс әкімдеріне қатты реніш білдіреді. Ы. Алтынсарин өзінің ориенталист досы В.В.Катаринскийге жазған хатында: “…ең жаманы халықтың караңғылығымен емес, қоғамның әл12 ауқаты мен мәдениетін көтеруге көмектесу үшін үкіметтің өзі қойған білімді адамдармен күресуге тура келеді” деп қынжылуы да тектен-тек емес еді. Ыбырай орыс мәдениетінен нәр ала отырып, патша өкіметінің отарлау саясатына, патша чиновниктерінің қарапайым халыққа жасап отырған қысымына ашық наразылық білдірген. Ол жөнінде өзінің “Орынбор листогы” газетіне (1880 ж. 4 сәуірде) жазған мақаласы туралы В.В.Катаринскийге жолдаған хатында: “…Осы мақаламда қазақ еліне орыс переселендерін (көшіп-қонушы орыстар) әкеп орнатпақ болған пікірге қарсы екенімді білдірдім”, — дейді. (Бұл жерде Ыбырай орыс патшасының 1879-1880 жж. орталық Ресей мен Украина жерінен орыс крестьяндарын көшіріп, Қазақстанның шұрайлы егістік жерлеріне орналастыру туралы заңы жайында сөз қозғап отыр (С.Қ.))[11]. Ыбырайдың Орынбор генерал-губернаторы Проценко тарапынан қуғынға ұшырауы, оның Ыбырай ашқан мектептерді жауып, өзін инспекторлық қызметтен босатпақ болып, ісін сотқа беруді ұйғаруы да осы кез болатын. Ыбырай өзінің орыс достары Н.И.Ильминский мен В.В.Катаринскийлердің қолдауымен ғана бұл істен аман қалған еді. Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен Ы.Алтынсариннің ғылыми және әдеби еңбектерінің бүгінгі жастарға берер ғибраты мол асыл мұра. Біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қоғам құрамыз десек, дәл бүгін бесікте жатқан бөбектерді, балабақшада жүрген балдырғандарды, мектеп шәкірттерін тектілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеуді қазіргі уақыттың міндеті, талабы деп қарауымыз керек . Осы талап пен міндеттерді орындалудағы ең бір пәрменді құрал – оқу, тәлім – тәрбие жұмыстарында халықтық құндылықтардың алтын мұрасын пайдалану. Қазіргі таңда білімнің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі жоғары, жаңаша ойлайтын шығармашылықты мамандар даярлау және жасампаз іс әрекетті қалыптастыру. Олай болса, тарих көшінде өзіндік орны бар айрықша зиялы қауым өкілдерінің ұрпақ тәрбиесі туралы мәселелер ауқымындағы ой пікірлерін зерделеу, сипаттау, таразылау, жинақтау, оларды қоғамдық іс – тәжірибе шеңберіне енгізу. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы – педагог. Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым – қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе , қазақтың мәдениетін , өнерін терең білетін, ақыл – парасаты жоғары, сөзге шешен , елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім – тәрбиесін , үлгі – өнегесін көңіліне түйгендерін 13 оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңдіре білді. Ы. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ Ы. Алтынсариннің ұлттық – эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты. Ы. Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ы.Алтынсарин жастарды оқу – білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, айтпақ пікірін оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады[12]. Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – деген өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге мін бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей – жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Өнерді үйрен, үйрен де жирен деп санаған халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер тамған шебер болуына да мән берген. Ағартушы ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына мақсат қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін»-дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны шешудің жолдарын іздестірді. Шығармаларының идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш, әдепті, қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді. Ата-ананы сыйлау, құрмет тұту ана қадірін түсіну, жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпыхалықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әр-бір тәрбиешінің міндеті дейді. «Ананың сүйюі» деген өлеңі бала жанын тебірентіп, ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді. Ананың балаға берілген сезімі мен ізгі ниетінжеткізе отырып, аналық мейірімнің молдығын асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Ата-ананы сыйлай білген, оның қадір-қасиетін өз ата-анасындай құрметтей алатын болып өседі деген тұжырымды білдіреді. Сол сияқты «Аурудан-аяған күштірек» деген әңгімесін де осы тақырып кеңінен ашылады. Мұнда жас баланың, шыдамдылық, төзімділік, имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері сипатталады. Аяғын сындырып алған бала қиналғанын анасына білдірмейді. Бұған таң қалған сынықшы:--Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың ғой—деп сұрайды. Қасында шешесінің жоғын көрген бала «Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп шыдап жатырмын»-депті. Ал, «Асыл шөп» деген әңгімесі балаларды ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Бірдей жәшік көтерген екі қыздың бірі мазысданып :-Сен неге қуанып, мәз болып келесің?деген сұрағына Бәтима[13]: 14 Мен жәшігімнің ішіне жеңілдететін шөп салып алдым, аты «сабыр» дейді. Қысқа да нұсқа әңгіме мазмұны балалрға үлкен ой тастайды. «Бір уыс мақта» деген әңгімесі жастарды ұқыптылыққа тәрбиелесе, «Жеміс ағаштары» әңгімесінде бала тәрбиесінде дұрыс бағып қағудың, дұрыс бағыт берудің маңызды екенін ашып көрсетті.Аталған әңгіменің оқытушылар мен оқушылар үшін де тәрбиелік мәні зор. «Баланы жастан» дегендей жас кезінен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң, қисығын түзеу қиынға түседі. Баласының: --- Мына ағаш неге тіп- тік, ана біреуі неліктен қисық біткен? – деген сұрағына әкесі: -- Түзу ағашты қисық бұтақтан кесіп бағып қағумен өсірген, ал қисық ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен. Мұнда көп мәні бар. Сен де жас ағашшың, саған да күтім керек:- мен сенің қате істеріңді түзеп пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып орнына келтіресің, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деп жауап береді. Ұлы ұстаздың мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелері адамзат баласы үшін қай заманда болсын құнын жоймайды. Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде ағартушы- ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. Еңбек етсең ғана көздеген мақсатыңа жетесің. Өмірдің ащысы мен тұщысын еңбек еткен адам ғана біледі. Солардың кейбіреулерін мысал келтірейік: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде әрқайсысы өзінше тамақ табумен шұғылдануда, еңбек етуде, өмір сүру үшін күресуде. Әңгімеде атасы өзінің кішкентай баласымен осы жөнінде кеңеседі. -Анау өрмекші көремісің не істеп жүр? ---Көремін өрмек тоқып жүр. Анау құмырсқа көремісің? Көремін аузында бір нанның уалшығы бар. Жүгіріп кетіп барады. Жоғары қара аспанда не көрдің? Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар. Сонда атасы айтты: Олай болса шырағым, бұл кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші, маса шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне азық етуге, құмырсқа бала- шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей аузына тістеп, қуанып үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жаратпаған жұмыс, жұмыстауға әдеттенуге керек»- деді. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде оңай келетін олжаға қызықпай, қиналып тапқан дәулеттің баянды болатыны айтылады. Ұрлықпен күн 15 көріпжүргенде қолға түсіп, ағасын балгісіз біреулер өлтіріп кетеді. Ал ерінбей егін салып, еңбек еткен Сейітқұл отыз үйлі кедейге кетпен ұстатып, кәсіп меңгертеді. Ынтымақты, іргелі ел болып, сол жерді шаһарға айналдырады. Оқушыны жаман істен жирендіріп, қиындықтан қашпай, аянбай еңбек етсең ғана абыройың артады дегенді дәлелдейді. Ы. Алтынсариннің негізгі тақырыптарының бірі- талап. «Сәтемір хан», «Талаптың пайдасы», «Лұқпан әкім» сияқты әңгімелерінде талап етіп талпынбаса адам баласы алға баспаған болар еді, деген тұжырымға келеді. Жастық шақ жігер қайраттың толы кезінде бойдағы жасырын талант, өнерді жарыққа шығарып қалатын кез болады[14]. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өз қабілет ыңғайыңды таны. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап- жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі мүмкін.Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дейді. «Надандық», «Жамандыққа жақсылық», «Салақтық», «Таза бұлақ», «Әдеп» деген әңгімелерінің негізгі идеялары жастарды тазалыққа, адалдыққа, әдептілікке, қарапайымдылыққа, мейірбандыққа үйрету еді. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, тәкәппарлықты, надандықты қарсы қойып, жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсаң да оқушысының санасын оятып, жасөспірімдерге үлгі- өнеге берерлік, болашағана жол сілтерлік, оларды іс- әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю, талаптылық, жігерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар Ыбырай қазақ ауыз әдебиетінің шығармаларын да тәрбие мақсаттарына пайдалана білді десек артық айтпаған болар едік. Өз кітабының мазмұнын балаларға саралай отырып, Алтынсарин қазақ халқының бай қазынасына үлкен назар аударды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті творчествосынан өзінің кітабына жеке ертегілерді, мысалы батырлар жырының үлгісі «Қобыландыны» алсақ. Қобыланды батыр—халқы үшін ең қиыншылық кезеңде тамаша ерлік көрсеткен жаудан елін қорғаған батыр. Бұл дастанда балаларға әсіресе батырдың аты Тайбурылдың шабысы қатты ұнайды. Қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу және орындау саласында Алтынсарин үлкен табысқа жетті. Ол мектепте ұйымшылдық және тәртіп орнатып, оқу процесінде қатаң режим және оқушылар арасында тәртіп болуын талап етті. Алтынсариннің міндеттері мұғалімнің туралы нұсқаулары- оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, олардың қалай оқу керектігі- оның өз заманындағы методиканы терең және жан- жақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығулардың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды.Әрі қарай ол балаларды 16 тәрбиелеуде үстіртін және мардымсыз түсініктердің, шалағайлықтың болмауы керектігінескертті. Ол нашар оқыту мен нашар қарым- қатынас балалардың басын қатырып, шатастыратын ал, керісінше балалар сергек, олармен қарым- қатынас неғұрлым жақсы оқушылардың көңіл- күйіне әсер неғұрлым көп болса, сабақ соғұрлым табысты болатынын нақтылы мысалдар арқылы түсіндірді[15]. Алтынсарин қандай да болмасын оқулықтардың құнды жақтарын меңгеріп, оларды қазақ мектептерінде пайдалануға бар күштерін салды. Қазақтың тұңғыш педагогтарының бірі болған ол Ушинскийдің кітаптарын өте жоғары бағалады. Оның «Балалар әлемін алғаш рет баспадан шыққан кезінде – ақ, ол оны өзінің оқытушылық жұмысында пайдалануға асықты. Оның пікірі бойынша бұл оқулық әсіресе орыс емес балаларды оқытуға арналған деп тапты. Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағынасында түсіндіретін. а) оқыту методтары- балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын (ынталандыратын, ықыластандыратын) жол ә) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Бұл көрнекілік заттарды және өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі қортындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса бастайды. Сол заманның жағдайында, қазақ даласында, жапан түзде алдыңғы қатарлы орыс мектептерінің үлгісімен бірінші рет «халық мектебі» ашылған кезде, ол орыс білімінен, орыстың алдыңғы қатарлы мектебімен берік байланыс жасағанда ғана халықтың тіршілік тілегіне жауап берерлік мектеп бола алады. Қазақ жастары үшін орыс оқу орындарына түсу орыстың бай мәдениеті мен ғылымын меңгеру—орыстың тілі мен әдебиетін білгенде ғана мүмкін еді. Осындай пікірді Алтынсарин да Абай Құнанбаев та айтқан болатын «орыс мектебі, орыстың ғылымы мен техникасы—бүкіл болашағымыздың кілті міне осында» . Абай Құнанбаев бұл сөздерді Алтынсарин ашқан мектептерде оқыту тілі туралы мәселені шешуде анықтаған формула болды. Абай Құнанбаев пен Алтынсарин жастар үшін өз ана тілін білуі және сонымен қатар орыс тілін меңгеруді де қажет деп санады. Алтынсарин бастауыш мектепте және екі класты училищелерде сабақтың екі тілде жүргізуін ойластырды. Барлық оқу жылдарында оның жасаған хрестоматиялары бойынша орыс тілімен қатар қазақ тілі де оқылуға тиіс. Қазақтан шыққан мұғалімдер оқыту кезінде қазақ тілінің құралы етіп орысшадан қазақшаға және керісінше аудару арқылы пайдалануы керек. Мектепте қазақ тілі мен орыс тілін қатар оқыта отырып, үш- төрт айдың ішінде айтарлықтай жақсы табыстарға ие болды. Егер орысша сөйлеу, 17 орысша жазу және оқу оның өзінен асқан шеберлікті, қажырлылықты талап етсе, бұл міндетті орындауда ол «баланың соңынан қалмау керек» деп есептеді, ал ана тілін оқытуда ол оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге ерік беруге болады дедеі. Оның жеке ескертулерінен ( теориялық оқытумен тым әуестенбей, істі оқушылардың табыстарына, қабілеттілігіне қарай жүргізу) біз мынандай қорытынды шығарамыз : ана тілін меңгеру сауаттану, өзге тілді үйренумен салыстырғанда, оқушы үшін едәуір оңай міндет. Сонымен қатар көбінесе орыс- қазақ мектептеріне сегіз жастан емес, едәуір кешірек кейде 15-17 жастағылар түсетінін ескерту керек, кейбір оқушылар мектепке келгеннің өзінде- ақ сауатты болатын[16]. Алтынсариннің мектебінде ана тілін үйрету әжептеуір жоғары дәрежеде басталды. Балаларға неғұрлым түсінікті заттарды таныстырудың, осы заттарды қарапайым түрде суреттеудің қажеті болған жоқ. Алтынсариннің оқулығы неғұрлым қиын мазмұнды суреттеулер мен баяндаулардан басталады. Балаларға оқу үшін ана тілінде қарапайым, қызықты, көңілді әңгімелерді, ертектерді, мысалдарды, өлеңдерді ұсына отырып Алтынсарин оларды осылар арқылы қызықтырды. Алтынсариннің хрестоматиясы тақырыптарының байлығымен және жанрлардың әр алуандығынан көзге түседі. Балаларды ана тілінде оқытуда Алтынсарин белгілі мөлшерде Л. Н. Толстойдың методикалық көзқарастарын ұстады, сөйтіп ана тілінде оқуға және жазуға үйретудің дайындық сатысында көп тоқтау қажетсіз деп санады. Мұндай дайындық оқушылырда өзінен- өзі пайда болады. Оқушылар өздері ең жақсы жол іздеп табады. Әрине баланың рухани күші мен мүмкіншіліктеріне тым сенушілікпен келісуге болмайды, оның салдарынан ана тілі қажетті системалы жаттығулар жүйесінсіз және грамматикалық формалар системасыз оқытылады. «Тіл сезімін» дамыту, оқушылардың мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын әрі қарай байыту, әрине оқушының басқаруымен сабақ пен жаттығудың әбден ойланған системасын талап етеді. Алтынсарин мектептегі оқытуда орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті( әліппені) тұңғыш рет қолданды. Бірақ жаңа алфавитке көшудің табысты болуы, оның пікірінше, бұл алфавит нағыз бұқаралық баспасөзде— халыққа арналған оқу құралдарының қаруы болғанда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін еді. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің бірі аңыз әңгіме негізінде жазылған. «Бай ұлы» шығармасында Алтынсариннің назарын аударған сірә екі баланың, бай ұлы мен кедей ұлының, достығы болу керек. Хрестоматияға енген барлық басқа шығармаларында бай ұлы жағымсыз образ ретінде көрсетілетін. Дегенмен балалар арасындағы достық, олардың ойын үстіндегі ниеттестігі мұнымен ерекшеленбейді. Әңгімедегі басты кейіпкер бай ұлы ауыл көшкенде тай міне алмай, түйеге мінетінін біліп жылап тұрған кедей баласына әкесінен өзіне арналған тайын балаға беруін сұрайды. Мұнда бай 18 баласының мұндай «қайырымдылық» көрсетуі қажетті екендігін көрсеткісі келген. Сол уақытта бір ақсақал бай ұлының әлгі қайырымдылығын көріп сыртынан «Е, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер»- деп батасын берген екен. Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында бай ұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай болды. «Он екі ата бай ұлы» содан шықты деседі. Бұл әңгіменің тәрбиелік, адамгершілік мәні бүкіл ғасыр бойы керектігі айқын көрініп тұр. Қазіргі жастарымыз да осы кішкентай мысалдан үлкен мағына тапса керек. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер»деген мақалға осы әңгіме дәлел іспетті[17]. Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерінен мазмұн әсерлілігін стильінің жанды тартымдылығы кейде юмордың кездесетіндігін анық байқауға болады. Иесіне қайсысы көп пайда келтіретін жануарлардың дауласқаны деген атақты шығарма өзінің өңдеуімен ауыз әдебиеті материалымен әдемі үйлескен. Жан- жануарлар туралы осы әңгімесінде ескі қазақ халқының жыл есебі туралы мағлұмат берілген. Осы әңгімеден үзінді: Жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, тышқан және басқа жанжануарлардың бәрі жыл басы болуға таласады дейді. Олар жыл басын кім бұрын көрсе сол жыл басы болсын деп ұйғарды. Таласта түйе күшіне, бойына және шаруашылықта бәрінен көп пайда келтіретініне сеніп, менен өзге кім жыл басы бола алады деп тәкаппарланады. Тышқан не дерін білмейді. Сөйтіп тұрғанда тышқан өрмелеп түйенің өркешіне шығып алады да 12 жылдың жыл басы «тышқан» аталады. Хрестоматияға енген тәлім- тәрбиелік мәні өте үлкен шығармаларына шолу, талдау жасауды аяқтай отырып, бұл шығармалар ұсақ болғанымен таза ақыл беретін, өзіне тән белгілі тәрбиелік идеясы бар шығармашылық екенін айта кеткен жөн. Тағы да айта кетсек осындай ақыл үйрететін шығармаларға мыналар жатуға тиіс. «Әке мен бала»( жалқаулықты сынайды) «Асыл шөп» ( сабырлықты) «Шеше мен бала» ( қайырымдылықты) «Кішіпейілділік», «Түлкі мен ешкі» ( өтірікшілікті) «Жаман жолдас» ( қара басының қамын ойлауды) «Баланың айласы», «Алтын шеттеуік» ( момындықты) «Қисық ағаш» ( қыңырлықты) «Таза бұлақ» ( адалдықты уағыздайды) т.б. Халық мақалдарынан да орын алған хрестоматияға енген мақалдар да бар. Олардан кейбіреулерін мысал келтірейік: «Ерте тұрғанның ырысы артық», «Ойнақтаған от басады», «Ұят өлімнен күшті», «Талаптыға нұр жауар», «Саяқ жүрсең таяқ жерсің», «Ащы мен тұщыны татқан білер», «Алыс пен жақынды жортқан білер», «Кім жүгірсе сол озады», «Жатқанға жан жуымас», «Кім жүгірсе сол озады», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», Еңбегі ештің күні кеш» т.б. Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік , нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер – білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты 19 мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды.Ы.Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерімен көрінеді[18]. Шығармаларында оның өнерге деген ықылас – ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдері мен әңгімелері арқылы жастарды табиғаттың әсемдігін , адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиелейді, оның өлеңдері мен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол аймақта мектептер мен кәсіптік училищелер ашу арқылы жалпы және кәсіптік білім беру ісінің негізін қалады. Сиса көйлек үстінде,Тоқуменен табылған.Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған,- деп педагогтік тәсіліменен балаға еңбек атаулыдан хабар аңғартады. Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында , тек осы мектептерде ғана деп жазған болатын. Ы.Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімдіден үйрену , талпыну, адамды сыйлау үгіттеледі. Ы.Алтынсарин – қазақтың салт – дәстүрін зерттеумен айналысқан ғалым этнограф. Еңбек тақырыбы – Ыбырай әңгімелерінің арқауы. Ол техниканы меңгерген адам зор игілікке ие болады, жаратылыстың тілін біледі, оны өзінің айтқанына көндіреді, халықтың жалпы мәдениетін көтерумен қатар негізінен олардың тұрмысын жақсартады дейді. ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатовтар жалғастырды. 2.2 Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының жаңартылған білім мазмұнымен сабақтастығы Қазақ халқының ұлы перзенті Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде оқуағарту ісін жүзеге асырып,тұңғыш халық ағартушысы атанып қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күресіп, халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсетті, бүгінгі күнде білім беру мазмұны Ыбырай Алтынсаринның жасаған игі істерімен жалғасын тауып жатыр десек қателеспейміз. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушыдемократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді[19]. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрылысын, тұңғыш берілетін білімнің бағыт20 бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке қажетті оқу-құралдарын дайындады. Мұғалімнің бүгінгі таңдағы ұстанымы қалай жалғасуда? Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты.Ұстаным дегеніміз не? ( Психологтар«ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады.Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде атап көрсетеді.)Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді.Мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылдаған шешімі мен ісәрекетінің негізі.Педагогикалық ұстаным – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар. [20]. Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйретуге тиіс, олардың білімге деген ынтасын мейлінше арттыруға тиіс. Мұғалімнің бүгінгі таңдағы ұстанымы қалай жалғасуда? Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты.Ұстаным дегеніміз не? Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде атап көрсетеді. Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылдаған шешімі мен іс-әрекетінің негізі. Педагогикалық ұстаным – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік ісәрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар. Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйретуге тиіс, олардың білімге деген ынтасын мейлінше арттыруға тиіс. Қазіргі мектептерде оқытылып жатқан жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнынынан кешегі Ыбырай салған жолмен ілгері жылжуды бақылауға болады. Бүгінгі заман талабына сай білім беруде мұғалімнің алдына қойған басты мақсаты, өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу. Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ, ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту. Әр оқушыны дара тұлға деп танып, 21 олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту Ыбырай еңбегімен үндесіп жалғасын тауып отырған іс деп қарауымызға болады. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілілігін арттыруға арналған «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасының мазмұнынынан кешегі Ыбырай салған жолмен ілгері жылжуды бақылауға болады. Ыбырай Алтынсарин оқыту мен тәрбиелеуде негізгі тұлға мұғалім екенін ұғынып, сапалы білім беретін мұғалімдерді дайындау жолында жұмыс жасаған болса,бұл игі бастама әлі де күшін жойған емес,бүгінгі бағдарламада: «Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мүғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad,2007).Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім (Strong,Ward& Grant,2011) [21].Бүгінгі заман талабына сай білім беруде мұғалімнің алдына қойған басты мақсаты,өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу. Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту. Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту Ыбырай еңбегімен үндесіп жалғасын тауып отырған іс деп қарауымызға болады. Алтынсариннің міндеттері мұғалім туралы нұсқаулары- олардың қалай оқу керектігі- оның өз заманындағы методиканы терең және жанжақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығулардың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды.Әрі қарай ол балаларды тәрбиелеуде үстіртін және мардымсыз түсініктердің, шалағайлықтың болмауы керектігін ескертті. Ол нашар оқыту мен нашар қарым- қатынас балалардың басын қатырып, шатастыратын ал, керісінше балалар сергек, олармен қарым- қатынас неғұрлым жақсы оқушылардың көңіл- күйіне әсер неғұрлым көп болса, сабақ соғұрлым табысты болатынын нақтылы мысалдар арқылы түсіндірді. Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағынасында түсіндіретін. а) оқыту методтары- балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын (ынталандыратын, ықыластандыратын) жол ә) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Бұл 22 көрнекілік заттарды және өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі қортындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса бастайды. «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасында балаларды оқыту тәсілдері тиімді оқыту, табысты оқыту,сындарлы оқыту тәсілдерімен жалғасын тауып отыр. Оқытудың бұл тәсілдерін қолдануда мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырады,оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді,ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болады-бұл жерде де ұлы ағартушының ұстанымының жаңа заман талабымен үндестігін көруімізге болады. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын діндегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасында оларды жинақтап берілген топтамасын көруімізге болады. [22]. Іс-әрекет Шешім Көзқарас Ұстаным Ы. Алтынсариннің демократиялық- ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми- әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.Үшіншіден шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде,болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан- жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық зорлық жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады. Қазақ халқының келешегі тек өнер білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл, кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатына жете білді. 23 Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсаң да оқушысының санасын оятып, жасөспірімдерге үлгі- өнеге берерлік, болашағана жол сілтерлік, оларды іс- әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю, талаптылық, жігерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды. Алтынсарин өз халқының игілігі үшін қажымай еңбек етіп, дарындылығын, мәдениетке қабілеттілігін дәлелдейді. Ол жастарды жарқын болашақ үшін қажымай күресуге, мәдениеттілікті қабылдап, ұғынуға жол көрсетті. Ол болашаққа деген сенімді қолдады. Алтынсариннің педагогикалық тәрбие қиялдары мен мектеп системасы ғылым мен жалпы білімді жоғары бағалауға, балаға сүйіспеншілікпен қарап, оны қадірлеуге және өз халқының мүддесі үшін қызмет істей алатын жас адамдарды дайындауға негізделіп жазылған және де бүгінмен үндесіп, Мәңгілік еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуде зор үлесін қосып отыр десек қателеспейміз. Білім беру саласында мұғалімнің алдына қойған қазіргі мақсаты- Ыбырай Алтынсарин атамыздың салып кеткен сара жолымен, оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті, сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын.«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деп Стронг айтқандай, ұстаздық білімділікпен қоса ізденпаздықты, дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптеген құндылықтарды талап ететін маман иесі. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету. Ол үшін мұғалім ғылымда болып жатқан жаңалықтармен үнемі танысып,өз біліктілігін үнемі арттырып, толықтырып отыруы керек[23]. Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық идеясы мен қазіргі білім берудегі сабақтасып келеді. Ол жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл аударды, сол жолды біз жалғастырып келеміз. Қазақ даласындағы аумалы-төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлаған ғалым еңбегі өлшеусіз, қазіргі білім беру саласына үлкен өзгерістердің негізін Ыбырай сол кезде болжап кеткендей. Жас ұландарға айтарым, халқымыздың жақсы қасиеттерін, өнегелерін өзімізге үлгі тұтайық, себебі, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді, салт-дәстүрлерімізді құрметтеу –ұрпақтың борышы. 24 ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ балалары үшін ана тілінде құнды әңгімелер мен өлеңдер жазған Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихында Абаймен қатар жазушы- суреткер ретінде тиісті орын алды. Оның шын ниетімен, жан-тәнімен жазған шығармаларының соншалықты ол күні бүгінге дейін жастарды жалықтырып, ескерген жоқ. Алтынсарин өз халқының игілігі үшін қажымай еңбек етіп, дарындылығын, мәдениетке қабілеттілігін дәлелдейді. Ол жастарды жарқын болашақ үшін қажымай күресуге, көршілер ( орыстар) мәдениетін қабылдап, ұғынуға жол көрсетті. Ол болашаққа деген сенімді қолдады. Өзінің барлық сөздерінде еңбекші қазақ халқын, қарапайым халықтың бишаралық халге түскен балаларын ескеріп, сонымен бірге билеуші топтардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптарының жарамсыз жақтарын көрсетті. Ыбырай Алтынсарин – оқутушы педагог қана емес, оқу-ағарту майданының белсенді қайраткері еді. Оқу инспекторы қызметін атқарып жүрген кезінде ауылдарға мектеп ашты. Ақтөбе, Торғай, Ырғыз, Тройц уездеріне бір-бірден орталық училище ұйымдастырды. 1881 жылы Орск қаласында қазақ мектептерін мұғалімдер даярлайтын училище аштырды. Жеті жерден болыстық мектеп ұйымдастырды. Ол мектептердің бесеуі ұлы ағартушы тірісінде : Бөрте, Қарабұлақ, Обаған, Жетіқара болыстарында 1887 жылы Қараторғай болысында 188 жылы ашылды. Қалған екеуі Ыбырай қайтыс болғаннан кейін 1991 жылы ашылды. Алтынсариннің педагогикалық тәрбие қиялдары мен мектеп системасы ғылым мен жалпы білімді жоғары бағалауға, балаға сүйіспеншілікпен қарап, рны қадірлеуге және өз халқының мүддесі үшін қызмет істей алатын жас адамдарды дайындауға негізделген. Ыбырайдың да алға қойған мақсаты-қайткен күнде де «қалың елі, қазағым» терезесі тең көсегелі, көргенді мәдениетті, өнері өркендеген ел қатарына қосу болатын. Осы жолда сан кедергілерге кездесіп, «мыңмен жалғыз алысып», аңсаған арманға жету жолында бойдағы бар күш- қайратын, ақыл-парасатын сарп еткен Ыбырай да қалың бұқараны шынайы қамқоршылары бола білді. Ыбырай идеяларын дамытып, қоғамда пайдалана білу үлкен бір жетістік. 25 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.-Алматы,1981. 2. Қоянбаев Б.Ж. Педагогика.-Оқу құралы.-А лматы, «Рауан»,1992. 3. Игнатьев Е.И. Психология в беседах с учителеями.-СанктПетербург,2001. 4. Макаренко А.С. Педагогикалық шығармалары. Т.5.-Москва, 1958 5. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас.-Алматы, «мектеп», 1987. 6. Бастауыш мектеп №7, 2001ж 7. Советская педагогика №7, 1965ж 8. Қазақстан мектебі №4, 1995ж. 9. Салтақова Л.Қ. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы оқыту әдістері. 10.Сарбасова Қ.А. Бастауыш мектепке математиканы оқытуда қазақ халқының ауызша есептерімен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері. 11.Бейсенбаева М.А. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетке баулуда қазақ этнопедагогикасының орны. 12.Әлібаева Ж. Балаларға ұлттық тәлім-тәрбие берудегі әдеп мәселесінің алатын орны. 13.Әлімханов М. Қазақтың халық медицинасы.-Алматы: қазақстан 1992 14. Бержанов К., Сейталиев К. Ауыз әдебиетіндегі адамгершілік, тәрбие мәселелері.-қазақстан мектебі, 1970 15. Боданов Ж., Болеев К. Қазақтың халық педагогикасы. Жамбыл: 1992 16. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. «Қазақстан мектебі», 1989 17. Беркімбаева Ш.К., Құсайынова А.Қ., Педагогика, Алматы-2007. 18. Жүкеш Қ., Ұлттық педагогика-психологияның сипаты. Көмекші құрал, Алматы, 1993. 19. Сейталиев Қ., Педагогика тарихы, Алматы, 2012 20. Қазақ хрестоматиясы , 2007ж., “Білім” баспасы 21. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. Алматы,1981. 22. Қоянбаев Б.Ж. Педагогика.-Оқу құралы.-А лматы, «Рауан»,1992. 23. Игнатьев Е.И. Психология в беседах с учителеями.Санкт-Петербург,2001. 24. Макаренко А.С. Педагогикалық шығармалары. Т.5. Москва, 1958 25. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас.-Алматы, «мектеп», 1987. 26