Uploaded by Bahu Moraes

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдар

advertisement
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ
ЖӨНІНДЕГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
Адам құқықтары жөніндегі
жалпыға ортақ Декларация
Негізгі құқықтар мен
бостандықтар
Адамның негізгі құқықтарын қорғау (соның ішінде ой мен сөз
және ақпарат бостандығы) - көптеген халықаралық
келісімдердің іргетасы болып табылады.
Мемлекеттер тарапынан ешбір жағдайда шектеуге болмайтын,
жалпы халықаралық құқықтың міндетті бірқатар негізгі
құқықтары мен бостандықтары бар. Мысалы, азаптауға,
кемсітушілік пен құлдыққа жол бермеу, тараптың сот арқылы
қорғалу құқығы.
Негізгі халықаралық ұйымдардың құжаттарында
белгіленген сөз бостандығы мен ақпарат
бостандығына қатысты нормалардың мазмұнын
қарастырайық.
Адам құқықтарының жалпыға ортақ
Декларациясы
Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі
Халықаралық Пакт
Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын
қорғау жөніндегі Еуропалық конвенция
ЕО-ның Негізгі құқықтар Хартиясы
БҰҰ
Адам құқықтарының жалпыға ортақ
Декларациясы
Азаматтық және саяси құқықтар
жөніндегі Халықаралық Пакт
Адам құқықтарының жалпыға ортақ
Декларациясы
БҰҰ-ның барлық қызметі 1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы
жариялаған Адам құқықтарының жалпыға ортақ
Декларациясына негізделген.
БҰҰ Жарғысына сәйкес бұл құжат тек ұсынымдық және
міндетті емес сипатқа ие. Декларацияның 19-бабында ой және
сөз бостандығының мәні көрсетілген.
19-боп бойынша: «Әркімнің өз пікірін білдіру бостандығына
құқығы бар; бұл құқық өзінің пікірін еркін ұстану бостандығын
және мемлекеттік шекараларға қарамастан кез келген тәсілмен
ақпаратты іздеу, алу және тарату бостандығын қамтиды».
Бұл құқық, ұйымда бекітілген басқа бостандықтарға ұқсас,
АБСОЛЮТТІ ЕМЕС.
Азаматтық және саяси құқықтар
жөніндегі Халықаралық Пакт
Осыған ұқсас ережелер тағы бір маңызды құжатта – 1966 жылы БҰҰ
Бас Ассамблеясы қабылдаған Азаматтық және саяси құқықтар
жөніндегі Халықаралық Пактте қамтылған.
Бұл шарт Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясының сөз
және ақпарат бостандығы туралы 19-бабына сөз еркіндігі шекарасын
толығырақ белгілейтін жаңа элементтер қосты.
Бұл элементтердің пайда болуына кей мемлекеттердің басқа елдерді
өз азаматтарына ақпаратты еркін қабылдауға және таратуға мүмкіндік
бермейді деп айыптай бастауы себеп болды. Бұған жауап ретінде
айыпты елдер өз азаматтарын фашизмді, зорлық-зомбылықты,
порнографияны және т.б. насихаттаудан қорғау шарасы деп ақталды.
Келіссөздер нәтижесінде аталған құқықтарды жүзеге асыру адамға
ерекше міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді деген норма
қосылды.
Журналистердің сөз бостандығының
шектелуі
Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы баяндамашысы өзінің 2010
жылғы Жылдық есебінде 19-баптың ақауларын атап өтті,
Оның ойынша, мемлекеттер бұл ережені журналистердің сөз
бостандығына орынсыз араласуды ақтауға, олардың үкіметтің
немесе ірі кәсіпорындардың сыбайлас жемқорлығын немесе
елеулі теріс әрекеттерін әшкерелеуіне, және басқа да саяси
мәселелерді хабарлауына жол бермеу үшін жиі қолданады.
Көптеген жағдайларда бұл мәселе бойынша ережелер анық
емес болып табылады және қатаң жазаларды (бас
бостандығынан айыруды, жоғары айыппұлды) қамтиды.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі де осы ойды
ұстанады.
Адам құқықтары жөніндегі Кеңес
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі сөз бостандығы
саласындағы негізгі проблемаларды қарастыратын саяси орган
ретінде 2006 жылы құрылды. Кеңес 47 мүшеден тұрады; және ол
Женевада жылына үш рет кездесу өткізеді.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары БҰҰ
жүйесі бойынша адам құқықтары жөніндегі іс-әрекеттерді
үйлестіру, жаңа нормаларды әзірлеуге жәрдемдесу, адам
құқықтары саласындағы білім беру және консультативтік
қызметтерді көрсету арқылы адам құқықтары мәселелері
бойынша халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Осы ұйымның негізгі актілерінің сақталуын бақылау жөніндегі
БҰҰ органдары жүйесінде ең маңызды орынды БҰҰ
халықаралық соттары алады. Бұл соттар бұқаралық ақпарат
құралдарындағы адам құқықтарының бұзылуына байланысты
жанжалдарды да қарайды.
Еуропа Кеңесі
Адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын қорғау жөніндегі
Еуропалық конвенция
Адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын қорғау жөніндегі
Еуропалық конвенция
Еуропа Кеңесінің барлық қызметі адам құқықтары жөніндегі
акт – Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау
жөніндегі Еуропалық конвенцияға негізделген.
Бұл аймақтық құжат Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттер үшін
міндетті акт болып табылады, сол арқылы олар онда
белгіленген құқықтарды, соның ішінде сөз бостандығы
құқығын қорғау бойынша міндеттемелерді алады.
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция
континенттің көптеген елдерінде дерлік конституциялық
мәртебесі бар заңды түрде міндетті шарт болып табылады.
Еуропа Кеңесінің ережелері шеңберіндегі бақылау жүйесі Адам
құқықтары жөніндегі Еуропалық сотпен жүргізіледі.
Еуроодақ
Негізгі құқықтар Хартиясы
Негізгі құқықтар Хартиясы
ЕО Шартына 2009 жылдан бастап Еуропалық Одақтың Негізгі
құқықтар Хартиясын осы ұйымның барлық елдері үшін заңды
түрде міндетті құжат ретінде енгізілді.
Негізгі құқықтар Хартиясы Еуропалық Одақ бөлінбейтін және
жалпыадамзаттық құндылықтарға - адамның қадір-қасиеті,
бостандығы, теңдігі және ынтымақтастығына негізделгенін
жариялайды; ол демократия мен заң үстемдігі принциптеріне
негізделген.
Ол бостандық, қауіпсіздік және әділеттілік кеңістігін құра
отырып, адамды өз заңнамаларында ең алдыңғы қатарға қояды.
Алайда БАҚ-тың мәдени құрамдас бөлігіне, әсіресе мазмұн
мәселелеріне келетін болсақ, ЕО-ның бұл саладағы құқықтық
құзыреті шектеулі.
Журналистерді
құқықтық қорғау
Бүкіл әлемде журналистердің сөз бостандығы мен
ақпаратқа қол жеткізу құқықтары туралы заңдар үнемі
өзгеріп отырады, бірақ олардың жұмысы үшін
физикалық және қаржылық жағынан зардап шегу
қаупі өте жоғары.
Осы мәселелерді қарастыру мақсатында аймақтық,
республикалық және халықаралық деңгейде
заңнамалық актілермен бекітілген журналистердің
құқықтарын қорғауға маманданған ұйымдар қызмет
етеді.
Алайда, бұл ұйымдардың заңды тұрғыдан көмек
көрсету мүмкіндігі географиялық немесе көрсетілетін
құқықтық қорғау қызметтерінің ерекшеліктеріне
сәйкес қатты шектеледі.
Журналистердің өлімі
Алжирде, бұрынғы Югославияда және Руандада азаматтық соғыстар жүріп жатқан 1990-шы
жылдардың басынан ортасына дейін өлім саны күрт өсті. Содан кейін 2003 жылы Ирактағы соғыс
кезінде тұрақты өсу байқалды, ең жоғары өлім саны 2006 жылы 155, одан кейін 2007 жылы 135 болды.
Түрмеге қамалған журналистер
Страны с наибольшим количеством журналистов, лишенных свободы за выполнение
своей работы: Турция с 73 журналистами, Китай с 41 журналистом и Египет с 20.
2017 жылы өлтірілген журналистер
Бірнеше БАҚ құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметінше, 2017 жылы
өлтірілгендердің көпшілігі саяси сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты
тергегені үшін өлтірілген.
Жаңа шараларды ойластыру
қажеттілігі туындауда
Бүкіл әлемде баспасөз бостандығына қауіп
төніп тұр.
Қабылданған халықаралық келісімдер
бұрмаланып, журналистерді өлтіру, азаптау,
өлім жазасына кесу, түрмеге отырғызу және
қудалау шаралары көптеген мемлекеттерде еш
салдарсыз жүзеге асырылып жатыр.
Тіпті Еуроодақ елдерінде де журналистің
жұмысы қауіпті болып барады.
Адамдар адамның негізгі құқығы ретінде сөз
бостандығын қорғауға қорқады.
Ой талқы
Неліктен халықаралық ұйымдар белгілі бір
мемлекеттерде БАҚ бостандығын реттеуге
араласуға құқылы? Сіздің ойыңызша, бұл
сала мемлекеттің ішкі ісі болуы қажет пе?
Сөз бостандығы мен ақпарат бостандығына
халықаралық стандарттары мен
заңнамалары әсері жайлы не айта аласыз?
Журналистердің қызметін қауіпсіз қылу
үшін қандай шаралар қолдану қажет деп
ойлайсыз?
Ой талқы
Сноуденнің мысалы жайлы не айта аласыз?
Джамал Хашоги жайлы ше?
Мемлекеттер өзінің егемендігі мен сөз
бостандығы шекарасын қалай жүргізу
керек?
Тағы қандай журналистердің жазықсыз
айыпталу мысалдары жайлы білесіз? Ол
жағдайлар жайлы ойыңыз қандай?
Download