Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасы ISBN Халықаралық стандартты кітап нөмірі Тақырыбы: Оқытушы: Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы Г.Қ.Ертасова ISBN дегеніміз не? • ISBN (Халықаралық стандартты кітап нөмірі) - әр мемлекетте шығарылатын кітап басылымының көлеміне қарай код белгілеп, кітаптарды өзіне тән ғана нөмірмен тіркеу. Бұл тәртіпті кітап жүйесіне енгізу осы ISBN агенттігіне енген мемлекеттерде кітаптар туралы ақпаратты автоматтандырудың, электрондық жүйелермен дерек беруді іске асырудың бірден-бір жүйесі. 1965 жылы Ұлыбританияның үлкен кітап фирмасынан басталған жұмыс қазіргі уақытта 210-ға тарта елді қамтыған. 1972 жылы Берлинде мүше-мемлекеттер бірігіп, Орталығын құрды, соған сәйкес Халықаралық стандарт ИСО 2108 «Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу» стандартының жобасы жасалған. Бұл орталыққа кірген мемлекеттер сол стандартқа сәйкес жұмыс істеп, орталық ISBN агенттіктің методикалық нұсқауларын, ережелерін, жаңалықтарын басшылыққа алып жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы республикада халықаралык стандартқа сай ISBN агенттігінің жұмысын реттеу, әр баспаға, баспаның құқығы бар мекемелерге өз кодын тағайындап, сол баспа өнімдерінің жұмысын стандартка сай реттеп отыру жұмыстарын жүргізеді. Республикалық деңгейде ISBN агенттігінің жұмысын реттеп, басшылыққа алып отыратын ҚР СТ 994-2012 (ISO 2108:2005) «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Басылым. Халықаралық кітаптың стандарт нөмірі. Баспалық рәсімделуі және колданылуы» стандарты бойынша жұмыс жүргізіледі және тексеріледі ISBN кітаптарды халықаралық стандартты нөмірімен тіркеу жүйесі баспагерлер арасында кеңінен колдану тауып, Қазақстанда жақсы жолға қойылған. Кітап палатасы Қазақстаннан шығатын әр кітапты ISBN нөмірімен тіркеу, штрих-код жасап беру мәселесін толығымен шешіп отыр. • Әлемде ISBN жүйесі жемісті болғаннан соң халықаралық деңгейде бұл жұмысты әрі қарай жетілдіру тоқтаған жок. Соның нәтижесінде ISBN цифрларын енді штрих-кодка айналдыру мәселесі тұрды. Өткен ғасырдың 80-жылдарында басталған бұл жұмыс өз нәтижесін беріп, үлкен мемлекеттер өз тәжірибелерін енгізе бастады. ISBN агенттігі Халықаралық тауарларды нөмірлеу орталығымен келісе отырып (Ассоциация товарной нумерации ЕАN) дүниежүзінде кіпаптарды тауар ретінде 978 деген бірыңғай код алды. Әрі қарай кітаптардағы цифрлык кодпен бірігіп машина оқи алатын штрих-код жасалады. Ол, әрине, халықаралық деңгейдегі стандартқа сай сол ережелеріне сәйкес келтіріледі. Әрине, ISBN саласы болсын, штрихкод болсын, біздің республикамызда да әлемдегідей өз нәтижесін беруде. Бұл жүйенің басты нәтижесі кітап туралы деректер электронды жүйелер арқылы таратыла алады, штрих-код арқылы кітапқа тапсырыс беру, жедел бақылаулар, таралымының сатылу мөлшері, каржылық істерді жеңілдету, қағазбастылық белен алған іс-қағаз жұмысын жеңілдету жүйесін іске асырады, кітапханаларда кітаптарды іздеу, тапсырыс беру жұмыстарын жеңілдетеді. Мұның бәрі сайып келгенде, экономикалық тиімді жақтарды көрсетеді Халықаралық стандартты нөмірлеуге мына басылымдар жатады: кітаптар мен кітапшалар; дата қойылған күнтізбелер; препринттер; көркем басылымды кітаптар мен журналдарда суреттерден бөлек мәтін болса, оның ішінде кітап немесе журнал түріндегі күнтізбелер, аудармалы күнтізбелер; картографиялық басылымдар (атластар және карталар); аудиокітаптар; біріктірілген басылымдар; аудиокітаптар; мәтіні бар комплект басылымдар; нормативті өндірістік-практикалык басылымдар, стандарттар; оқулық, өндірістік-практикалық видеобасылымдар; локальды және желілерге арналған мәтіндік электронды басылымдар, оның ішіне Интернет басылымдары кіреді; басылымдардың электронды баламалары; Брайл қаріпімен берілген басылымдар оқулық, өндірістік практикалық бағдарламалық өнімдер; микроформаттағы басылымдар Халықаралық стандартты нөмірлеуге жатпайтын басылымдар: • • • • • • • • • • • • мәтіні жоқ кітап немесе журнал түріндегі көркем басылымдар; мәтіні жоқ комплект басылымдар; парақ түріндегі көркем басылымдар; уақытша қолдануға арналған басылымдар, оның ішінде жарнамалық, мәжіліс бағдарламалары, күнтізбелік жоспарлар; табиғат пен коршаған ортаның дыбыстары жазылған аудио басылымдар; оқулық, өндірістік-практикалық болып табылмайтын бағдарламалық өнімдер; патенттер; ойындар; электронды хаттар; басылым болып саналмайтын баспа өнімдері (бланкілер, толтыруға арналған формалар т.с.с.) мекеме қызметкерлері арасында таратуға арналған мекемелердің тираждалған қызметтік құжаттары; оқу орны оқушыларына таратуға арналған оқу жоспарлары және бағдарламалары. • Сериялық басылымдарға халықаралық стандартты сериялық ( ISSN) нөмірі ГОСТ 7.56-бойынша беріледі. Ноталық басылымдарға халықаралық стандартты (ISSN) нөмірі, музыкалық аудиобасылымдарға халықаралық стандартты (ISMN) нөмірі беріледі. ISBN мына басылымдарға берілуі тиіс: • халықаралық стандартты нөмірлеуге жататын кітаптардың әрбір жаңа басылымына; • әрбір қайта басылған немесе жана шығарылған басылымға; • факсимильді, репринтті басылымға; • бір құжаттың әртүрлі формада сақталған, әртүрлі жолмен машина арқылы оқылатын басылымдарына; • бір құжаттың әртүрлі тілде шығарылған басылымдарына; • бір құжаттың әртүрлі полиграфиялык жолмен шығарылған басылымдарына; • комбинациялы біріктірілген тұтас басылымға; • комбинациялы біріктірілген басылым құрамына кіретін жеке басылымдарға; • тұтас комплект басылымға; • тұтас комплект басылымының құрамына кіретін жеке басылымдарға. • аударма басылымға; • тұтас көп томды басылымға; • көп томды басылымның жеке томдарына (шығарылымына); Бір басылымның бір күнтізбелік жыл ішінде шығарылған, баскаша полиграфиялық өзгерістер, толықтырулар болмаған жағдайда, жаңа ISBN берілмейді. ISBN жүйесі түсінікті болу үшін ондағы 13 цифр нені көрсетеді: ISBN 978-601-7414-20-7 Бірінші ISBN аббревиатурасынан: кейін тұратын цифр 978- префикс EAN.UCC, 601 - бұл мүше елдің идентификаторы. Үшінші цифр 7414 - баспа идентификаторы. Төртінші цифр 20 - бұл кітаптың реттік идентификаторы. Бесінші цифр - бақылау цифры, яғни кітапта ISBN дұрыс жазылып тұр ма, жоқ па, соны тексеру. Жалпы сонда ISBN 978-601-7414-20-7 деген цифрдің беретін ақпараты: Кітап Қазақстанда шыққан, (Қазақстанда скі код бар - 9965,601) шығарған баспа «Әдебиет Әлемі», кітаптың аты Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Соңғы шифр жоғарыда айткандай тексеру цифры. ISBN Агенттгіне енген мүше елдердің қайсысында болса да, бұл цифрлар арқылы кітап туралы ақпаратты осы 13 цифрмен ала алады Әрине, сонымен бірге осы 13 цифр аркылы бұл мемлекеттің шығаратын кітап өнімдерінің көлемі, одан сон баспаның шығаратын өнімінің көлемі туралы да мәлімет ала алады Егер цифр бірінші бір санды ISBN 978-5 болса, яғни бір таңбалы ол мемлекеттің шығаратын баспа өнімі көп, (978- барлық мемлекетке ортақ деп атап кеттік қой, сол себепті мемлекеттің коды ылғи да екінші сан болып келеді). Егер ISBN 978-03, яғни екі таңбалы болса, одан аздау, ISBN 978-645 болса, яғни үш таңбалы болса, одан аздау, егер ISBN 978-9965 болса одан да аздау екенін көрсетеді. Бұл кодтарды республиканың шығаратын баспа өніміне байланысты халықаралық орталық тағайындайды. Мысалы, Қазақстан егемендік алған алғашқы жылдары бірінші рет кіргенде кітап басылымының санына байланысты төрт таңбалы -9965 санымен кірген болса, одан кейін үш таңбалы -601 санына да ие болдық, бізде екі код та қатар жүреді. Ресей ISBN 978-5, бір таңбалы, Украина ISBN 978-966, үш таңбалы, Белоруссияда ISBN 978-985 үш таңбалы мемлекеттермен бірге тұрамыз. Бұл халықаралық код біздің берген мәліметтерге байланысты (яғни шығатын кітап өнімдері көп болса) өзгеріп отыруы да мүмкін. Сол сияқты ISBN 978-601-7414 үшінші сан баспа өнімін көрсетіп тұр, ол ISBN 978-601-7414-00-0 немесе ISBN 978-601-400-000-0 болып тұрса, үшінші сан баспа ҡоды болғандықтан онын екі таңбалы код, үш таңбалы код, төрт таңбалы код берілуіне байланысты баспа өнімінің жиынтығын көрсетіп тұрады. Сіз ISBN 978-601-7414-20-7 баспа коды 7414-төрт таңбалы шығаратын өнімдері аса көп емес баспа деген хабар беріп тұр (төрт таңбалы «Әдебиет Әлемі» баспасы). Бұл дерек бір жылда шығаратын кітап өнімі көп емес баспа екенін көрсетеді. ISBN аббревиатурасы мен бірінші цифр арасы бос орынмен ажыратылады. Он орынды ISBN -нін цифрлық бөлігінде (978- префикс EAN.UCC санын қоспағанда) 0ден 9-ға дейінгі араб цифрлары қолданылады. ISBN -нің соңғы (бақылау) цифры 10 санынан тұратын болса, оның орнына рим цифры Х арқылы беріледі. Он орынды ISBN -ның цифрлық бөлігі, ұзындықтары әртүрлі, бір-бірінен дефис арқылы ажыратылған төрт топтан тұрады Мысалы: ISBN 978-601-7414-20-7 Халықаралық стандартты ISBN нөмірі, «ISBN аббревиатурасымен бірге титул парақтың сыртқы бетінің төменгі сол жак бұрышында немесе соның қызметін атқаратын басылым элементінде келтіріледі. Көп томды басылымдардың томдарына (бөлімдеріне) екі ISBN нөмірі қойылады: берілген томның ISBN нөмірі және онын астына толық көп томды басылымның ISBN нөмірі көрсетіледі. Берілген томның ISBN нөмірінен кейін дөңгелек жақша ішінде томның (шығарылымның) нөмері көрсетіледі. Кітапты бірнеше баспагер бірігіп шығарса және олардың әрқайсысы титул бетінде әріптесбаспагерлердің бәрінің ISBN нөмірлері көрсетіледі. Аударма басылымдарында аударма жасалған басылымды шығарушы баспагердің ISBN нөмірлері көрсетілмейді. Назарларыңызға рахмет!