Uploaded by Banu Ermahan

мөж философия

advertisement
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
МӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: СТАТИСТИКАЛЫҚ ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕРМОДИНАМИКА
ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ
Орындаған: 7М01504 - Білім берудегі физика мамандығының
магистранты Байғалиева А.И
Қабылдаған: философия ғ-ң докторы, профессор Бекежан Ө.К.
Атырау-2021
ӘОЖ: 378.16:004.85
СТАТИСТИКАЛЫҚ ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕРМОДИНАМИКА ПӘНІН
ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ
Аннотация: мақала ЖОО оқыту процесін электрондық оқулықты
пайдалану арқылы жандандыруға арналған. Электрондық оқулық оқыту
процесін оңтайландыруға, ақпаратты қабылдау процесін жеделдету мүмкіндігін
береді. Электрондық оқулықтың құрамы аталған.
Кілт
сөздер: электрондық ресурстар, иллюстрациялар, модульдік
электрондық оқулық, гипермәтін, технология, оқыту технологиясы.
Негізгі бөлім. Қазіргі таңдағы электронды оқу құралдарын дайындау
мәселелері: ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді
пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы
қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп,
оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді.
Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту
әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда.” Мультимедиялық технологияның,
компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы ісәрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға «ену» жолымен оқыту әдістемесінің
кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы
класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді
машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсіби сайыстар мен
іскерлік ойындар бұрынан бері кәсіби дайындық пен іскерлікті арттыру
барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология оларды жаңа
деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда).
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық
технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын
оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика
ғылымының алдында электронды оқытудың жүйе құраушы факторлары мен
негізгі педагогикалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты
бірқатар міндеттер қойылды. Сонымен қатар электронды оқыту құрылымы мен
мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын
кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электронды оқытудың әдістемелік
жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.
Электрондық оқулық деп компьютерлік дискіден оқылатын және дискiде
сақталатын білім берудің жаңа жолы, аудио-, бейне-, мәтіндік және графикалық
түрде ұсынылатын хабарды айтады. Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде
дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды оқулықты
дайындаудың негізі – модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып
табылады. Онда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі,
графикалық иллюстрациялар, әртүрлі суреттер арқылы теориялық білім
толықтырылады. Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты – оқыту
процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық
ізденіс қабілетін дамыту [1].
Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік бекіту
және білімді тексеру кіреді.
Электрондық оқытудың әдістемелік оқыту моделінде оқыту құралдарының
орын алуы өзгерді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнын, әдістерін және
оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электронды оқыту
шеңберінде жиі қолданылатын оқыту әдістері мен формаларына тоқтала
кетейік. Электрондық оқытудың әдістеріне топтық әдіс және жеке-дара оқыту
әдісі жатады. Бұлар – кеңінен тараған оқыту формалары.
Электрондық оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру және жүргізу
үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Нақты бағдарламалық
өнімді жасау мен қолдану технологиясы жеке-дара және топтық оқыту сияқты
әртүрлі әдістерді қолдана отырып, оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар олар электрондық оқыту шеңберінде оқытудың басқа да
формаларын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Ұсынылатын аспаптар жиынтығы оқыту мазмұнының құрылымын қандай
да бір тәсілмен қалыптастырып, әртүрлі типті сабақтарды ұйымдастыруға жол
ашады. Электрондық оқыту шеңберінде оқыту үрдісіне нақты бағдарламалық
өнімді ендіру мен қолданудың тиімділік деңгейін, әдістемелік толықтығын
өнімнің аспаптар жиынтығы анықтайды [3].
Студенттер электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып
тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест
сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады.
Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында студенттер:
1. Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді.
2. Студент жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына
тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса
бастайды.
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына
тоқталайық.
Тиімді жақтары
- Студент уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
- Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер,
аудиохабарларды пайдаланады.
- Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
- Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
- Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
- Оқытушы әр студентпен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
- Студенттің ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
- Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
Тиімсіз жақтары
- Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.
- Пән аралық байланыстың аздығы.
- Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.
- Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.
- Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.
- Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.
- Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.
- Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және
әлсіздігі.
- Білім алушыныі тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе
алмауы.
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей
ұсыныс жасауға болады:
1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу.
Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын
қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу,
тестілеу және т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай
оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
- Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
- Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды
оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
- Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге
көмектеседі.
Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды
дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған
байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық
шарттарды ескерген жөн:
- Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік
бағдарлаиасына сәйкес болуы;
- Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және практикалық
тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама,
библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан
тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері
бөлімдерін қамтуы;
- Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық
болмау.
Жоғары оқу орындарындағы статистикалық физиканы оқытудың
зерттеулері мен талдауларынан физиканы оқытудың мазмұндық және
әдістемелік жағынан жаңарып, электрондық ресурстардың тиімділігін
арттыруда қойылатын талаптар мен критерийлер жүйесі жасалса дейміз.
Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде студенттерге статистикалық физика және
физикалық кинетика негіздері пәнін оқытуда электрондық оқулықты
пайдаланып келемін. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен
анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер,
ғалымдардың өмірбаяндары, жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары
қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық
тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды
көрсете отырып,
түсіндіруге ыңғайлы.
Электрондық оқулықтың мазмұнын «Статистикалық физика және
термодинамика» пәнінен типтік бағдарламасына сай етіп құрастырдық.
Электрондық оқулықты негізінен екі нұсқасы бойынша: қазақ және орыс
тілдерінде көрсетіліп шығады. Оның қазақ тілінде қысқаша мазмұны төменде
келтірілген.
Тарау 1. Статистикалық физиканың негіздері.
Статистикалық физика заңдары. Жүйенің макроскопиялық және
микроскопиялық күйлері. Гиббстің функциясы.
Тарау 2. Кванттық статистика физикасының элементтері
Планк осцилляторы. Бозе-Эйнштейннің статистикалық үлестірілуі.
Ферми-Дирактың кванттық статистикасы.
Тарау 3. Физикалық кинетиканың элементтері
Больцманның кинетикасы теңдеуі. Релаксация уақытын жуықтау.
Тасымалдау теңдеуі. Бір және көп компонетті жүйелердегі тепе-теңдіктегі
емес процестер [2].
Оқулық екі тілде жазылған. Ол мынадай бөлімдерден тұрады:
Кіріспе;
Тарау 1. Статистикалық физиканың негіздері.
Тарау 2. Кванттық статистика физикасының элементтері
Тарау 3. Физикалық кинетиканың элементте
Титул беті
Мазмұны
Кіріспе
Тарау 1. Статистикалық
физиканың негіздері.
Параграф 1
Тарау 2. Кванттық статистика
физикасының элементтері
Параграф 2
Тарау 3. Физикалық
кинетиканың элементтері
Тесттер
Тарау 4. Қосымшалар
Тесттер
Әдебиеттер
Сурет 1. Оқулықтың жалпы құрылымы.
Оқу материалы тараулар және параграфтарға бөлінген. Сондай-ақ, әр
тараудан кейін және жалпы курс бойынша тесттер келтірілген, яғни
пайдаланушы өз бетінше білім деңгейін тексере алады. Оқулық
пайдаланушының бір бөлімінен екінші бөліміне оңай өтетіндей жасалған.
Мысалы, әр тараудан және «Кіріспе», «Тесттер», «Әдебиеттер» бөлімдерінен
жасалған сілтемелер көмегімен мазмұнына немесе титул бетіне өтуге болады.
Қорыта айтқанда, электрондық оқулық студенттердің өз бетімен
ізденісіне,
пәнге
деген
қызығушылығының
артуына,
дербес
жұмыстарын ұйымдастыруға, тұлғалық дамуына, ерекше қолайлы жағдай
туғызып отырандығын көруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Абубаева А.А. «Электронды оқулықтарды пайдалану, Информатика
негіздері» Алматы, 2006 №4
2. Истеков К.К., Косов В.Н., Д.П.Стрыгин Статистическая физика. Основы
физической кинетики. Алматы. ТОО Триумф «Т» 2007.
3. Теңгебаев Т., Мыңжасарова Т. «Электронды оқулықтар – оқыту
үрдісінде» Қазақстан мектебі - №7/2008
Download