Қоғамдағы этникалық топтар: әлеуметтанулық зерттеулер Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың этносоциология деген арнаулы теориясы зерттейді.Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық және түрлі ұлт өкілдері) пайда болуын, мәнін, мазмұнын, олардың қоғамдағы атқаратын әртүрлі қызметін, араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын, қажетті байланыстарды анықтап, жаңа заңдылықтарды ашады. Этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс әрекеттерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді.Этника деген ұғым этнос деген ұғымнан шыққан. Этнос грек тілінен аударғанда ру, тайпа, халық дегенді білдіреді.Этнос адамдардың тарихи этникалық тұрақтылық бірлігі. Бұл термин халық деген ұғымға жақын келеді. Осыдан келіп метаэтнос және субэтнос деген терминдер шығады. Этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс әрекеттерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді.Этника деген ұғым этнос деген ұғымнан шыққан. Этнос грек тілінен аударғанда ру, тайпа, халық дегенді білдіреді.Этнос адамдардың тарихи этникалық тұрақтылық бірлігі. Бұл термин халық деген ұғымға жақын келеді. Осыдан келіп метаэтнос және субэтнос деген терминдер шығады. Метаэтнос-бұл халықтың үлкен топ бірлігі Субэтнос – бұл бір халықтың территориясынан бөлініп шығуы Этногенез – бұл әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, қазір жер бетінде 3 мыңнан астам ұлт өкілдері әлемнің 220 мемлекетінде өмір сүреді екен. Этностар мәңгілік өмір сүрмейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай процесті этноәлеуметтану теориясында этногенез деп атайды. Этногенез ұғымын ең алғаш рет ғылыми айналымға енгізген Л.Н.Гумилев болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, қазір жер бетінде 3 мыңнан астам ұлт өкілдері әлемнің 220 мемлекетінде өмір сүреді екен. Этностар мәңгілік өмір сүрмейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай процесті этноәлеуметтану теориясында этногенез деп атайды. Этногенез ұғымын ең алғаш рет ғылыми айналымға енгізген Л.Н.Гумилев болатын. 1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және ұғымдарды тұжырымдау «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты.Оның негізін XIX ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады.«Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды.Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты.Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалықәдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді.Яғни, әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық.Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты.Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады. әлеуметтану пәнінің басты міндеті әлеуметтік жүйелерді типологизациялау яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау, әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.«Әлеуметтік» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», «қоғадық қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған, сәйкес «Әлеуметтік қатынастар» ұғымы туралы айтқан.Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде «әлеуметтік» ұғымы «азаматтық» ұғымымен алмастырылған. «Азаматтық » деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған. Ал, батыс елдерінде Маркс пен Энгельстің жолын ұстаушылар «қоғамдық», «әлеуметтік», «азаматтық» ұғымдарын одан әрі шатыстырды.«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамның жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады. Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі әр уақытта адамдардың өзара қарым – қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.Әлеуметтілік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-бірімен байланыс қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір–бірінен өзгеше қоғамдық үдірстерге деген қатынасынан көрінеді. 2. Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар; 2) интерпретативті немесе микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы (құрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі. Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ, олар төмендегідей: 1)функционалдық (қызметтік) парадигмалар; 2)конфликтік (конфликтологиялық) парадигмалар. Конфликтологиялық парадигманың өзі үш тармаққа бөлінеді: а)марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық социология. Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар: 1)әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар; 2)символикалық интеракционизм; 3)феноменологиялық парадигма; 4) этнометодологиялық парадигмалар. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі – функционалдық парадигма. Құрылымдық – функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Толкотт Парсонс т.б. Т.Парсонстың еңбектерінде құрылымдық-функционалдық бағыт әзірленді. Жалпы ғылыми әдістерден құрылымдық-функционалдық әлеуметтануда кеңінен қолданылады. Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік, неомарксистік және беймарксистік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның үстем және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың арасындағы, ең алдымен, экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау жасауға басты назар аударылған. Социологиялық жүйелері марксистік теорияның ықпалында болған ғалымдарды неомарксистерге жатқызамыз. Дегенімен, олардың кейбіреулері өз көзқарастарын қалыптастырды. Неомарксистер, әсіресе, Маркстің қоғам даму тарихын анықтаудағы экономикалық фактордың маңызды немесе шешуші роль атқарады дейтін көзқарасына қарсы шығады. Неомарксистік парадигманың негізгі өкілдері қатарына Антонио Грамши, П.Уиллис, Инграм Тейлор, П.Уолтон, Дж.Янг, Юрген Хабермас сияқты ғалымдарды жатқызуға болады. 3. Қазіргі қоғамдағы теңдік пен теңсіздікті бағалау Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы өте күрделі және бірқатар құрылымдарды қамтиды: әлеуметтік-аумақтық, әлеуметтік-салалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтік-демографиялық, этникалық. Теңсіздік - экономикалық ресурстарға, әлеуметтік құндылықтар мен саяси билікке қол жеткізу үшін әлеуметтік топтардың (страталар, таптар, касталар, топтардың) әртүрлі мүмкіндіктері. Әлеуметтік теңсіздік-бұл адамдардың өмірлік мүмкіндіктерінің теңсіздігі, яғни олардың әлеуметтік игіліктерге (байлыққа, билікке, білімге, беделге және т. б. шектеулі ресурстарға тең қол жеткізбеуі) Теңсіздік ғылыми және қоғамдық дискурстың мәні болған кезде ғана түсініледі. Сонда теңсіздік өмір сүре бастарды деп айтуға болады. К. Эдер, антрополог Әлеуметтік теңсіздік туралы айту мүмкіндігі болу үшін екі танымдық операция жасау керек: 1.Әлеуметтік әлемді тік жіктеу 2.Класстарға бөлінген индивидтерден тұратын, теңдік идеалынан ауытқыған тік жіктелген әлемді жариялау. Қоғамдағы теңсіздіктің тұрақтылығы мен алуан түрлілігі Әлеуметтік теңсіздік әрдайым балды. Адамдар өзінің физикалық және ақыл-ой қабілеттері, сыртқы түрі, табысы, білімі, жынысы, кәсібі, билігі, меншігі және басқа да көптеген белгілері бойынша ерекшеленеді. Әлеуметтік теңсіздік туралы адамдардың параметрлердің қандай да бір айырмашылығы институциональдық бекітілген және адамдардың өздерінің өмірлік мүмкіндіктерімен бөлінетін топтар бойынша бөлінуі үшін негіз болған кезде ғана айтуға болады. Әлеуметтік теңсіздік-бұл тек әлеуметтік ғана емс, сонымен қатар мәдени өнім. Яғни, қоғамдағы теңсіздіктің болуын мойындау адамдардың қандай да бір қарым-қатынаста қандай мағынаға салтындығына байланысты. Әлеуметтік теңсіздік позитивті және негативті аспектілерге ие: Позитивті жағы бұл сыйақы теңсіздігінің адамдарды білімін кеңейтуге, ынталы жұмыс істеуге, инвестиция салуға және инновациялар енгізуге ынталандырады. Негативті жағынан өнімділікке қатысы жоқ, мысалы, нәсілдік немсе гендерлік кемсітушіліктің салдары болып табылатын материалдық саралау бар. 4. Тұлға әлеуметтануы. Өмір әлеуметтенуі: институттар мен процестер «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.Осыдан барып, тұлға-қоғамдық қатынастардың жемісі деген тұжырым жасалады. Екінші жағынан, әрбір тұлға өзінше ерекше, қоғамнан біршама тәуелсіз, еркін болады. Оның осындай өзгешелік қасиеттерін, қабілеттерін тұлғаның ерекшелігі деп атайды.Құқықтық мемлекеттерде жеке тұлға өркениет пен мәдениеттің жоғары адамгершілік қасиеттердің жиынтығы және субъектісі ретінде танылады.Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі біліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, боына сіңіруге, өндеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар: а) іс-әрекет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады ә) қарым-қатынас, бұл – адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді б) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс-әрекет етуі жатады. Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді. Біріншісі – туғаннан ер жеткенге дейін. Екіншісі – ер жеткен, кемеліне келгеннен кейінгі кезең. Бірінші кезеңде жасөспірім бала сыртқы дүние туралы белгілі бір деңгейде білім жиынтығының жүйесін, негізгі бағалы, құнды бағыттар мен нұсқаларды игеріп, меңгереді. Ол бірнеше әлеуметтік рөлдер атқарады.Екінші кезеңде тұлғаның бүтін, біртұтас көзқарастары, идеологиясы және белсеңділігі, өмірлік құбылыстарға байланысты бағыты қалыптасады. Осы екінші кезеңде тұлға әлеуметтік сипатта болады, оның өмірлік стратегиясы және өзіндік ерекшелігі басым көрінеді. 5. Отбасы: типологиясы, функциясы, перспективалары Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлізайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.Сонымен қатар отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады. Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сұйіспеншілік , өзара сыйластық жатады. Ал оның негiзгi белгiлерi: а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы; б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi; в) ортақ отбасылық бюджет (қазына) Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн, балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша айтсақ, неке-ол отбасының дәстұрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау қоғамның өзiн өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы. Отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі —дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Дәстүрлі отбасында мынандай сипаттар тән: · Ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы саналады, оның қожайындығы басым; · болып әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі; · отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі. Отбасындағы билікті бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі згалитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасында: · ұй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі; · ерлі - зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы; · 6. демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән Девианттық пен қылмыстың әлеуметтік құрылыстары Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарамақарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарамақайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды. Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. 7. Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. Э. Дюркгейм «діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж.) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормаларын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдаланамыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз» – деген Э. Дюркгейм. Бірақ әрбір кезектегі ұрпақ бұл нәрселерді дайын күйінде алады, оларды қайта жасамайды, өйткені қандай да бір тылсым жоғары күш бар және ол тылсым дүние оған емес қоғамға берілген. «Адам өзінен тәуелсіз қандай да бір белсенді күштердің бар екендігін сезінеді және бақытты тағдырды иеленуге мүмкіндік беретініне сене отырып, оны сол қалпында сақтап өзіне берілген күшті, жоғары бағалауға тырысуы ықтимал». Э. Дюркгейм өзінің қорытындысына австралиялық тайпаның тотемдік дінін зерттеу негізінде келді. Тотем – қасиетті саналатын табиғаттан берілген символ (мысалы, жыландар немесе кеңгіру). Әрбір тотем туысқандық топтың немесе кланның символын көрсеткен. Кландар қоғамның негізгі бірлестіктері болса, ал тотем – клан бірлігінің символы, елтаңбасы болған. Кланның өзіне бас игеннің орнына, оның мүшелері тотемге бас иген. Олардың діндері, өздері өмір сүрген қоғамның құрылымын көрсетті. Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың үміті мен сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады. Мұндай бірігу қызметі ритуалдарды орындау барысында жүзеге асады. Мысалы, тотемизм таралған тайпалардың арасында тотем болып саналатын өсімдік немесе жануарды тұтынуға арнайы ритуалдарды орындау кезінде ғана рұқсат етілген. Қасиетті құпияларға толы христиандық ритуалдар да осындай принциптерге негізделген. Нан және шарап – өзінше тотем. Олар Христостың қаны мен тәнінің символы. Осы тәріздес ритуалдар сенуші топтардың құндылықтарын қолдайды және олардың негізгі нормаларының бұзылуына жол бермейді. Э. Дюркгеймнің дін теориясында, біріншіден қоғам адамдық тәжірибені нығайтады. Екіншіден, адамдар сыртқы күштердің әсерін түсіндіруге жауап іздейді. Бұл қоғамның құрылымына сәйкес келетін діннің қалыптасуына әкеледі. Дюркгейм бойынша, діннің негізгі белгісі – қасиетті объектілерге бағытталған, қоғамдық келісім күшін жинайтын, ұжымдық сананы қолдайтын және оларға өмірге қажетті сенімді ұялататын ол – ритуалдарды орындау деген. Қоғам бір мезетте әрі Құдай, әрі сенуші болып табылады. Діндегі басты нәрсе – догматикалық бөлік емес, керісінше ритуалдарды ұжымдық орындау түріндегі діни іс-әрекет. Діннің әлеуметтік қызметтері, негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді. Бірінші бағыт – дүниеге көзқарастық қызмет. Дүниеге көзқарас адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін, құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни абсолютті күш деп түсіндіреді.Екінші бағыт – бағалаушылық. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге, ең алдымен, отбасының, оның мүшелері мен туған-туысқандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті, халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдетғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнегеөсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым күштердің – әулие, періште, құдайдың бейнелері жатады. Үшінші бағыт – реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, олардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарын реттеп отырады.