Uploaded by Айжан Сагадиева

зорлық зомбылық қарсымын тренинг

advertisement
«Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тренинг
Мақсаты: зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу, зорлық – зомбылықтан, қатігездіктен аулақ
болуға тәрбиелеу.
9-11 сыныптар аралығында «Зорлық – зомбылыққа қарсымыз» атты тренинг өтті. Бұл
өткізілген тренингтің мақсаты агрессия ұғымын түсіндіру. Жеткіншек кезеңдегі зорлық –
зомбылық ерекшеліктерін талдау. Балаларды агрессиядан арылуға үйрету.
Тренинг - сабақтың мақсаты түсіндіріледі. Оқушыларды топқа бөлу. «Қол алысу»
жаттығуы.Әр оқушы басқалармен қол алысуға тырысады. Әр қол алысқаны үшін бала
жүрекше алады. Қол алысу достық аясында, мейірімі бір-біріне сезіліп тұратындай болсын.
«Ассоцация» ойыны
Балаларға қатысты қатал көзқарас, қарым-қатынас және олардың қызығушылықтарын
кемсітудің түрлері мен формалары олардың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына ауыр
зардабын тигізеді, өміріне жиі қауіп төндіреді немесе өлімге алып келеді. Жастар арасында
кездесетін зорлық –зомбылық біздің қоғамымызда орасан зор мәселе, кейде оны анықтаудың
өзі қиын. Жастар айналасындағы адамдарды басқару үшін зорлық-зомбылықты қолданады.
Басында зорлық ауызша түрінде туындауы мүмкін, бірте-бірте ол физикалық, кейде нәтижесі
өлімге алып келеді. Кейбір зерттеулерге сүйенсек әрбір 5-ші жеткіншек өзіне қатысты зорлық
–зомбылықты басынан кешірген.
Вербальды зорлық : көңілге тиетін лақап атпен атау, ұрысу, қорлау, айғайлау, дауыс көтеру,
келеке қылу, өсек тарату, үнемі сынау, бұйрық беру.
Эмоциялық, ақыл-ой зорлығы: қысым көрсету, біреуді қорқыныш сезімінде ұстау, елемеу.
Физикалық зорлық: түрткілеу, шымшулар, үрып-соғу, заттарды лақтыру, қабырғаға соғу,
біреуге зиянын тигізу, адамның жеке меншігін бұзу, отбасына қауіп төндіру.
Сексуальдық зорлық: сексуалдық қатынастарға көндіру, зорлау.
Оқушылар пікірін білу.
1.«Агрессивті адам» ұғымын ашу
2.Кімге жиі зорлық көрсетіледі?
3.Біздің мектепте зорлық- зомбылық байқала ма?
.
Топпен талқылау (дайындалған сұрақтар әр топқа таратылып беріледі)
1. Сіздің ойыңызша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды,
күледі/ ? (Ол басқаларды төмендету арқылы, жолдасын келемеждеп, оны күлкіге
қалдыру арқылы өзіне назар аудартатын шығар. Мүмкін оны да біреу төмендеткен
шығар.Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие
болуға, олардың басшысы болуға тырысатын шығар.
2. Кімді жиі ренжітеді? (Кішілерді, әлсіздерді, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленеді)
3. Қаталдық көрсетудің себебі? (Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан
көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту,
нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады)
4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге
жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? (қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді)
5. Жәбірленушігі көмек қажет деп ойлайсың ба? (Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой
сезімдерімен бөлісу)
6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек? (Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, атаанасымен көмектесе алатын ересектермен кеңесу)
7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? (әңгімеге тартуға
тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау,тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету).
8. Мүмкін зорлық туралы бірден айтпау керек шығар, біраз күте тұру керек пе? (Зорлық
туралы бірден айту керек өйткені ол өрши түседі).
«Біз зорлыққа қарсымыз!»жаттығуы. Біз зорлыққа қарсымыз. Әр оқушы жүрекшелерге
себебін жазып тақтаға ілумен тренинг аяқталды.
Download