3Тақырып: Бастауыш сыныптарда информатика пәнін жоспарлау. Информатика курсының көп аспектілі әрбір сабақты өткізгенде көп жоспарлы міндеттерге негіздейді. Егер белгілі бір сабақтың мақсаты анықталса, ережеге сай модулдің негізгі бағыты және осы сабақта пайдаланылатын бағдарламамен қамтасыз етілсе, онда сабақта тапсырмалардың орындалуы, курстың сан қырлылығын ашып береді. Ақпараттық мәдениет курсының әрбір сабағында қолданбаоы, информациялық оқыту, дамушы және тәрбиелік мәндегі тапсырмалар алға қойылады және шешіледі.Курс авторларының ойынша, алғашқы екі компонент жетекші орын алады.Әрбір модулдегі барлық компоненттердің үлес салмағын анықтау, оларды тәжірибеде пайдалану және әрбір сабақтың жекелеген тапсырмаларын шешкенде кездесетіндігі – міне осылар курстың жүйелік талдауының маңызды құрастырушысы болып табылады. Бірінші сыныпта ақпараттық мәдениет сабағын жоспарлағанда сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою. Бірінші сынып модулінің мазмұны ерекшелігіне қарай қолданбалы сипаттағы тапсырмалардың басылымдылығымен айқындалады.Бірінші сабақтан бастап-ақ курстың ең негізгі тапсырмасы шешіледі- «адамдардың іс-әрекеттерінің барлық салаларында жаңа технологиялардың пайдаланылуын көрсету».Ал оқушыларға оқу іс-әрекеттері жақын болатын себепті, пәнаралық байланыстар бірінші сыныпта модулді оқытудың негізгі мазмұнына жақын болады. Қолданбалы компоненттерінің көрсеткіштерінің кеңеюіне курстың бағдарламалары қолдап мүмкіндік туғызады. Атап айтсақ «Буквария» бағдарлы -әдістемелік кешен. Бұл бағдарлама «Жанды математика», «Табиғат әлемі» сериясынан алынған. Сонымен, 1-сыныпта информациялық(ақпараттық) мәдениет сабағы үшін келесі қолданбалы тапсырмаларды қою ешқандай орынсыз болады: Санды графикалық түрде көрсетуді бекіту.(«Алыстағы елдер», «Қорғанға кір» бағдарламасы.) 1-5 санының құрамын көрсетуді бекіту.(«Архитектор» бағдарламасы) Алғашқы ондықтың шегіндегі тікелей және кері санауды дағдыландыру(«Қорғанға кір», «Алыстағы елдер» бағдарламасы) Жай ғана есептеуге дағдыландыруды қалыптастыру.(«Қорғанға кір», «Түлкі мен балапандар», «Әткеншек» және т.б. бағдарламалар ). •Сюжет бойынша тапсырманың шартына байланысты бағдарламаны қамтамасыз ету дағдысын қалыптастыру.(«Камалға кір», «Қонақтар», «Құсқа көмектесті»). •Тіке және кері есеп ұғымын енгізу («Архитектор» бағлармасы) •Дыбыстың графикалық символы іспетті әріптермен таныстыру және әріптің бейнесін бекіту.(«Буквария»,Бағдарлы-әдістемелік кешен) •Буындарды оқып үйрену машықтану(«Буквария» БӘК) •Орфографиялық қирағылықты қалыптастыру, сөздікті кеңейтіп белсенді ету. («Букария» БӘК) •Сөздің дыбыстық- буынды талдауын өткізу дағдасын қалыптастыру («Буквария» БӘК) және т.б. Осы пән бастауыш мектептің оқу курсына, оқытудың жүйесінің құрамасы болып кірсе, және арнайы дайындықтан өткен бастауыш сынып мұғалімі өзі сабақ өткізсе, сонда ғана оқушыларды ақпараттық мәдениетке оқыту процесі көбірек тиімдірек болар еді . Сонымен бірге 1-сынып модулінде информациялық оқыту сипатындағы тапсырмаларды шешу жолдары алға қойылған. Себебі онда пайдаланушының алғашқы дағдысын қалыптастыруды қоса алғанда информатиканың пропедевтикалық негізгі ұғымы. Алғашқы ақпараттық сабағының қалыптастыруда пайдаланушының негізгі дағдысына жататындар: кіру – шығу тетіктерімен өз-ара әрекеттер (клавиатура және тышқан жұмыс істеуді игеру) экрандағы бейненің мән аймағын айыра білу («Буквария» БӘК, «Архитектор», және басқа бағдарламалар) экраннан обьектіні таңдау және орнын ауыстыра білу («Әткеншек», «Қоныстанушылар», «Буквария» БӘК ж.б. бағдар) Тақырыптық және иконографикалық меню арқылы комьютермен диалог жүргізу («Алыс елдер», «Үй жануарлары», «Архитектор» бағдарламалары) Жай тақырыптық талдау операциясын игеру :үстеме, символдарды ауыстыру және алып тастау, жылжымалы алфавит негізінде регистрді алмастыру (жазу және жолдық әріптерді енгізу), («Әріптер кассасы», «Буындарды оқимыз», «Буквария» БӘК жаттығулар) Графикалық ақпараттарды алғашқы өңдеуге дағдылану : түрлі –түсті политрамен жұмыс («Сырлаушы» бағдарламасы), ұсынылған элементтер жиынтығымен обьектіні құрастыру («Буквария» БӘКешенінен «Әріптерді құрастыр» жаттығуы) Қойылған тапсырмалардың маңыздылығы ерекше Мысалы, компьютермен диалог әдісін енгізіп жинақтап оқыту (иконографиялық менюдің көмегі арқасында ), төменгі сынып оқушылары үшін қазіргі кездегі әр түрлі графикалық интерфейстерді үйреніп жаттығуға жеңіл болады. Өз кезегінде, обьектінің экранда орнын алмастыру дағдысын қалыптастыру, болашақта оқушының обьектімен Windows графикалық операциялық ортаға негізгі операцияларды орындауға дайындайды.