ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ пәні бойынша 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған есептік-сызбалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Кіріспе Қазіргі кезде ақпаратты өңдейтін жүйелер үлкен мәліметтер массивтерін түрлендіруді орындайды. Бұл ақпараттық жүйенің практикалық тиімділігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру, сақтау, іздеу және мәліметтерді талдау мәселелері туындады. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйенің әдістемелік негізі болатын мәліметтер қорының концепциясы өткен ғасырдың 70 жылдарында құрылған. Код ұсынған мәліметтердің реляциялық моделі және компьютерлік жүйенің тез дамуы ақпараттық жүйенің қазіргі заманғы ақпараттық технология обылысындағы негізгі құрал екенін анықтады. Осы әдістемелік нұсқау «Деректер базасын ұйымдастыру негіздері » курсының бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Курстың мақсаты – керекті салаларда қолдануға негізделген мәліметер қорын жобалау құралдарын және әдістерін оқыту болып табылады. МҚЖ курсын оқитын студенттер Есептік сызбалық жұмысын орындауға міндетті. Төменде ЕСЖ тапсырмаларының нұсқалары берілген. Күндізгі бөлімде оқитын студенттердің нұсқасын аға оқытушы белгілейді. Сырттай оқитын студенттердің нұсқасын сынақ кітапшасының екі санын 25ке бөлгендегі саны мен қалдығы алынады. Мысалы, соңғы цифры 37 болса, 37-ні 25-ке бөлгенде 37/25=1 (12). Шыққан (қабылданған) қалдық 12 нұсқа болып табылады. ЕCЖ-ны орындауға арналған нұсқаулар ЕCЖ СУБД аумағында ПК-да орындалуы тиіс (MS Access болғаны абзал). Нұсқауланған сұрақтарға жауап беруге рұқсат ететін және нұсқауға сабақ аумағына модельді құраңыз. Жаңадан шыққан модельді реляционды модельге өзгертіңіз. Кестенің қалыптастыруын орындаңыз. Access кестесін жасап, өріс құрамын құрыңыз. Мәліметтер сұлбасын жасаңыз. Кестені мәліметтермен толтырыңыз. МҚ-да қажетті ақпаратты іздеу жүргізіңіз. Ескерту ! Жұмыс барысында мәліметтер қоры Microsoft Access программасында орыс тілінде құрылған. Себебі, программа функцияларымен жұмыс жасау қазақ тіліне қарағанда орыс тілінде ыңғайлы. ЕCЖ-ны орындауға қойылатын талаптар ЕCЖ А4 парақта теріледі: сол жағы-25мм, оң жағы-18мм, үстіңгі жағы20мм, төменгі жағы-25мм. Мәтін Word көмегімен қара шрифтпен 12-ден кем емес кегльмен теріледі. Азат жол 5 символ. Кестелер мен суреттерде 11 кегльді шрифттер рұқсат етіледі. ЕСЖ құрамына: -негізгі бет; -әр парақтың жоғарғы колонтитулында нұсқа номері мен автор белгіленуі керек; -парақ номері ортасында белгіленген төменгі колонтитул; -тапсырма; -бастапқы мәндерін енгізу; -мәндері мен таблицаларын орындау; -МҚ сұлбасы; -кесте толтыру; -диаграммалар құру; -есеп берулер. 1 Мәліметтерді жобалау деңгейлері ЕCЖ орындаудың алдында студенттер МҚ құру туралы, МҚ-мен жұмыс жасау туралы түсінік алды деп белгіленуі. «Пәндік сала» деген ұғымды тағы еске бір түсіріп жіберсек. «Пәндік сала» - автоматтандыру және басқару ұйымдарын оқу мақсатында нақты әлемнің бөлігі болып саналады. Пәндік сала көптеген фрагменттермен, мысалы, мекеме-цехтармен, басқарушылармен, бухгалтерлермен және т.б. Пәндік саланың әр фрагменті көптеген объектілермен және объектілер қолданатын процесстермен сипатталады. Ақпараттық жүйені жобалау теориясында пәндік сала үш көрсеткішпен көрсетіледі: - Пәндік сала негізгі күйінде көрсету; -оны адам қалай қабылдайтындығы; -символ көмегімен қалай сипатталатындығы. 1 сурет Концептуалды сұлба-нақты өмір туралы қолданушы көзқарастарынан алынған мәліметтерге қойылатын талаптардың толық бірлігі болып табылады. Ішкі сұлба мәліметтер базасының өзі. Осыдан ақпараттық жүйенің мәліметтер базасын жобалау прцессі бөлінетін негізгі кезеңдер шығады: 1) Концептуалды жобалау-жинақтау, анализ және мәліметтерге қойылатын талаптарды өзгерту. Ол үшін мына шаралар қолданылады: - пәндік саланы қарау, оның ақпараттық құрлымын оқып үйрену; -қолданушы көзқарасымен ақпараттық объектілер мен араларындағы байланыстарымен, ақпараттық объектілерде жүретін процесстермен сипатталатын фрагменттерді шығару; -барлық қолданушылар үшін модельдеу және интеграция. 2) Осы кезеңнің бітуімен «сущность-связь» концептуалды моделін аламыз. МҚ жобалау мысалы ЖОО-да деканат жұмысын автоматтандыруға арналған МҚ жобалауының мысалын қарастырайық. Ол үшін студенттердің барлық пән бойынша семестрлік жұмыстарын тапсырылуын қадағалайтын Деканат мәліметтер базасын құру керек. Сонымен қатар МҚ оқытушылардың сағат бойынша жасалған жұмысын қадағалау керек. Қажет есептеулер: -Қысқы сессия қорытындысы. -Жақсы оқитын студенттер. -19-21 қазан аралығында тапсырылған пәндер. -Қысқы семестрдегі оқытушылар сағаты. Әрине Студент негізінің болуы шарт, онда белгілі бір студентті сипаттайтын аргументтер: «Код студента (РК)» (Cтудент коды) (РҚ), «ФИО студента» (Студенттің аты-жөні), «Пол» (Жынысы), «Телефон студента» (Студенттің телефон номері) және сервистік жолдар «Группа», (Топ), «Староста» (Топ басшы) және «ФИО эдвайзера» (Жетекшіңің атыжөні) болу керек. Алғашқы кілт «Код студента» (Студент коды) аргументтері ұқсас студенттердің ерекшеленуі үшін енгізілген. Жаңа практикалық көзқараста аралық бағалар және емтихан бағалары көрсеткендей, әр пәнді бірнеше тәуелсіз атаулармен жазу керектігі предметная область анализі көрсетті. Мысалы, ТОЭ-нің орнына ТОЭ лекция, ТОЭ практика және ТОЭ зертханалық жұмыс деп жазу. Пәндер тізімі «Учебный план» (Оқу жоспары) негізімен анықталады. Оның ішінде, белгілі бір пәнді (ТОЭ лекция, ТОЭ практика, ТОЭ зертханалық жұмыс және т.б.) сипаттайтын негізгі аргумент және негізгі емес аргумент: есеп беру түрі, сағат саны, оқытушының аты-жөні, кафедра, кафедра телефоны және басқалар. Оқытушының жұмыс көлемін қадағалау үшін, «Поток» (Ағын) және «Количество студентов» (Студент саны) аргументтерін енгізу керек. Топтағы студенттер саны ЕСЖ-ны, курстық жұмысты тексеруге кеткен сағат санын анықтайды. Бірақ Дисциплина аргументі бұл жерде негізгі бола алмайды. Шындығында, бір пәнді әр түрлі топқа,мысалы, ТОЭ зертханалық жұмысты топтағы БЭ-09-1, БЭ-09-2 және БЭ-09-3 топтарына бір немесе бірнеше адам жүргізуі мүмкін.Соған сәйкес, бұл аргумент қайталануы мүмкін, сол себепті «Код дисциплина» (Пән коды) деген негізгі аргумент енгіземіз. Студенттердің оқуын қадағалау үшін студенттің қай пәннен, қай күні емтиханнан немесе аралық бақылаудан алған бағасын түсіретін негіз болу керек. Емтихан қабылдайтын оқытушының аты-жөнін енгізу қажет емес, өйткені ол «Учебный план» (Оқу жоспары ) негізінде, «Дисциплина» (Пән) негізгі аргументінде белгіленген. Бұл негізді Ведомость деп белгілейміз.Оның құрамында «Код студента» (Cтудент коды), «Код дисциплина», (Пән коды) деген құралған негізгі аргумент пен негізгі емес аргумент «Оценка» и «Дата сдачи» (Баға және Тапсырған күні) аргументтерінің ролін атқаратын аргументтің болуы шарт. Көбінесе етістікпен, кейде зат есіммен белгіленетін, негіздер арасындағы байланысты табу қажеттігі туады. Теорияда нені негіз, нені байланыс деп белгілейтін анықтама жоқ. Сұлбаларда негіз тіктөртбұрышпен, байланыстар ромбылармен беріледі. Барлық негіздер мен байланыстар 2суретте көрсетілген. 2 сурет – Бастапқы ER-диограммасы Барлық негіздерді айналдырамыз. кестелерге, ал аргументтерді жолдарға МҚ потенциалды қарсылықта және артықшылықта болмау үшін (әр факт 1 рет көрсетілу керек) кестелер бірінші, екінші, үшінші нормалды формада болу керек. Барлық жасалған кестелер 1НФ-да орналасады, барлық мәліметтер күрделі. Барлық кестелер 2НФ-да орналасады, себебі функционалды түрде алғашқы кілттерге байланысты. барлық жолдар Кесте 3НФ-да орналаспайды, өйткені тікелей негізгі емес жолдарға тәуелді жолдар бар.Соған байланысты кестені 3НФ-ге нормалау көмегімен келтіру керек. Кесте проекциясы және толық кесте декомпозициясы деген ұғым енгіземіз. 3 сурет –Қарым-қатынас түріндегі мән ұсынысы Жоба кестесі- деп кейбір жолдары алынып тасталғаннан кейінгі жаңа кестені айтамыз. Ал «полная декомпозиция таблицы» (Толық декомпозицияланған кесте) деп алғашқы кесте құрамымен сәйкес келетін бірнеше жобалардың бірігуін айтамыз. 2 Қалыпқа келтіру процедурасы Кестенің 3НФ-ке келтірілуін қарастырайық. Ол алғашқы кілт кез келген жолды анықтаған кездегі тәуелділік жалғыз функционалдық тәуелділік болу керектігіне негізделген. «Бір факт бір жерде» принципі кесте құрамында басқа тәуелділіктің жоқтығын айтады. Нормалау мақсаты сол артық функционалдық тәуелділіктерді жоюдан тұрады. Нормалаудың 2 мүмкін нұсқасын қарастырайық: 1 нұсқа. Кесте құрамында Dк, Ек жолдары және А, В, С жолдары болады. А жолы функционалды тек құрамындағы кілттің бөлігі және Ек жолына тәуелді болсын (сурет 4 қара). Бұл жағдайда құрамында Ек (алғашқы кілт ретінде) және А жолдары болатын қосымша кесте құру керектігі айтылады. Негізгі емес А жолы алғашқы кестеден кетіріледі. Алғашқы кестеде Dк, Ек,В, С жолдары қалады. 3 сурет 2 нұсқа. Кестеде Ск алғашқы кілті және А,В жолдары бар. А жолы Ск кілтіне және кілтсіз жолға функционалды тәуелді. Нормалау кезінде құрамында Вк (алғашқы кілт ретінде) және А жолдары бар қосымша кесте құрылады. А жолы алғашқы кестеден жойылады, Ск және В қалады. Ск,А,В→Ск,В+Вк,А. Жоғарыда көрсетілген екі ережені қолдана отырып, 3НФ-та орналаспаған кез-келген кесте үшін соңында көптеген жай кестелер алуға болады. Олардың бәрі 3НФ-та болады және қосымша ешқандай функционалдық тәуелділікте болмайды. «Студенты» (Студенттер) қатынасында (3 суретте көрсетілген), «Староста» (Топ басшы) және «Эдвайзер» (Жетекші) жолдары тек «Код студентадан» (Студент коды) ғана емес «Группа» (Топ) деген жолға да функционалды тәуелді. Осы тәулділікті 2 нұсқа бойынша жоямыз.(5 суретті қара). 5 сурет – Студенты кестесінің декомпизициясының нәтижесі 6 сурет – Учебный план кестесінің декомпозиция нәтижесі «Учебный план» (Оқу жоспары) кестесінде ұқсас жағдай: «Телефон кафедры» (Кафедра телефоны) жолы негізгі емес Кафедра жолына тәуелді, ал «Кол.студентов» (Студенттер саны) жолы негізгі емес «Поток» (Ағын) жолына тәуелді; «Телефон преподавателя» (Оқытушы телефоны) және «Должность» (Атақ) негізгі емес «ФИО преподавателя» (Оқытушылар аты-жөні) жолына тәуелді. Осыған дейінгі жағдайлар сияқты «Учебный план» (Оқу жоспары), кестесін 4 проекцияға: «Учебный план» (Оқу жоспары), «Потоки» (Ағындар), «Кафедры» (Кафедра), «Преподавтели» (Оқытушылар) бөлеміз, сонымен қатар «Кафедры» (Кафедра), «Преподавтели» (Оқытушылар) кестелеріне біз істегендей тек алғашқы кестеге тәуелді сервистік жолдарды қосуға болады. «Кафедры» (Кафедра), кестесіне «ФИО заведующего» (Меңгерушінің аты-жөні) және Аудитория жолдарын қосылған. «Преподавтели» (Оқытушылар) кестесіне «Адрес» (Мекен-жай) жолы қосылған, кейбір мүмкін болатын қателіктер үшін «Код преподавателя» (Оқытушы коды) деген негізгі жол енгізілген. Ал «Учебный план» (Оқу жоспары) кестесі сол күйінде қалады. 6 суретте көрсетілген жолдар қалады. «Учебный план» (Оқу жоспары) толтырып көрейік (1кестені қара). Көргеніміздей «Форма отсчетности» (Форма есебі) және «Кол.часов» (Сағат саны) жолдары тек негізгі «Код дисциплины» (Пән коды) жолына ғана емес, сонымен қатар негізгі емес «Дисциплина» (Пән) жолына тәуелді. Кесте 1- «Учебный план» (Оқу жоспары) Код дисциплины (РК) 2 5 6 7 8 9 Дисциплина ТОЭ лек. ТОЭ лаб. ТОЭ лаб. Физика лек. Физика лаб. Физика лаб. Форма отчетности Экзамен Рубеж Рубеж Экзамен Рубеж Рубеж Кол часов 32 32 32 32 16 16 Код преподавателя Тайцев Л.К. Турова Л.Б. Титова Л.Б. Факов Л.К. Феменов Л.Б. Феменов Л.Б. Поток БЭ-09-1,2,3,4 БЭ-09-1 БЭ-09-2 БЭ-09-1,2,3,4 БЭ-09-1 БЭ-09-2 «Учебный план» (Оқу жоспары) кестесін қайта декомпозициядан өткіземіз, оны 2 нұсқа бойынша 2-ге бөлеміз ( 7 суретті қара). 7 сурет – «Учебный план», (Оқу жоспары) қатысының нормализацилануы МҚ-дағы барлық кесте 3 НФ-ға келтірілген. Ведомость қатысын қарастырайық(3 суретті қара). «Оценка» и «Дата» (Баға және Күні) жолдары «ФИО студента» (Студенттің аты-жөні) мен «Дисциплина» (Пән) күрделі кілтіне тәуелді.Шындығында, баға белгілі бір студентке, белгілі бір пән бойынша оқыту жоспарымен белгіленген күні қойылады. Оқытушы аты-жөнін емтихан нәтижесі туралы анықтаманы жасауда қолдануға болады. Соған сәйкес Ведомость кестесі де 3 НФ-та орналасқан. Пайда болған МҚ 8 суретте көрсетілген. МҚ құру ешқандай артықшылық пен қарама-қарсылыққа кездеспейді, өйткені бір факт бір рет кездеседі. MS Access-те кестелер арасындағы байланыс түрін көрсеткенде, біз байланыстың барлық түрін қолдана аламыз: мәліметтің тұтастығын қамтамасыз ету, байланысқан жолдардың каскадты жаңаруы мен байланысқан жазулардың каскадты жойылуы. Бұлар мәліметтерді енгізуді жылдамдатады және автоматты түрде МҚ тұтастығын қадағалайды. 6 сурет- МҚ толық сұлбасы Назар аударыңыз, барлық кестелер өз арасында сағаттық бағыт бойынша жүйелі байланыспен қосылған. Келесі кестеден алдыңғы кестеге қайта келетін байланыс болмайды. Кестеде түйінді өрістен басқа қайталанатын өрістер болмайды, олар негізгі кестелерде ғана толтырылатын кесте арасындағы байланыс үшін қызмет етеді, сондықтан олар артық емес. Мәліметтер түрлерін анықтау Жобалаудың келесі деңгейі-кестеде сақталған домендерді (мәліметтер түрін) анықтау. Түрді белгілеумен қатар, бүтінге шектеу қою, түріне байланысты және берілген диапазонның рұқсат етілген мәліметтер мәнін енгізу қажет. Жол мәнінің ерекшелігіне қарай «типы данных» (түр қоры) және өзгеру аралығы белгіленеді. Мысалы, жолға барлық мәннің белгілі бір бөлігін пайызбен сақтайтын болсақ, онда «числовой» (сандық) түрін белгілер аралықты 0-ден 100-ге дейін береміз. Бұдан әрі, кестенің әр жазбасын құруда міндетті түрде толтырылуы, өрісі әр кестеде белгіленуі қажет. Мұндай тұтастықтың шектеу тапсырмасы, мысалы, «Студент» кестесіне топ номері көрсетілмеген жазбаны енгізуге мүмкіндік бермейді. Егер тұтастықтың осы сияқты шектеуі тапсырылмаған болса, кестеде мәліметтер өңдеуде ескерілмейтін жазбалар пайда болуы мүмкін. Бұл сұрау көмегімен ведомостты қалыптастыруда қателікке ұшыратады. Келесі қадам - өріс үшін тапсырма «значений по умолчанию» (Үнсіздік мәні). Содан соң «Значений по умолчанию» (Үнсіздік мәні) кестенің әр жазбасы үшін көрсетілген өрісіне автоматты түрде енгізіледі. Мысалы, кезекті жазбаны жасыру бойынша толтыруда «Дата сдачи» (Тапсырған күні ) өрісіндегі Ведомость кестесіне ағымдағы күн автоматты түрде енгізіледі. MS Access бағдарламасында көрсетілген шектеулі өріс қасиеті (қасиетіне) енгізіледі. 2 кесте Студенты қатынасы өрісінің қасиеті. Имя поля Подпись Тип данных Значение по умолчанию Условие на значение Обязательное поле Пустые строки Индексированное поле (ключевое) Подстановка Код студента Счетчик ФИО студента Группа Текстовый Текстовый Пол Текстовый Стипендия Денежный БЭ-09- Да (совпадения не допускаются) Да Нет Нет >=0 And <=15000 Нет Нет Нет Да Нет Да Нет Да Нет Муж, Жен из списка Төменде өріс қасиеті Access-те қарастырылған. «Имя» (Аты) – мәліметтер қорын басқаруға арналған. «Подпись» (Қолтаңба) – өріс атауы аса көрнекті болу үшін қолданады. Ол экранға немесе қағазға өріс атының орнына шығады. «Значение по умолчанию» (Үнсіздік мәні) – жиі кездесетін мәліметтерді автоматты түрде шығару үшін қолданады. Мысалы: жазулар немесе күндер. «Условие на значение» (Тағайындалған шарт) – өрістің рұқсат етілген мәліметтер ауқымын көрсетеді. Мысалы: мәліметтер ауқымын 0 мен 9 балл аралығында. «Обязательное поле» (Міндетті өріс) – бұл өрісте барлық ұяшықтарды міндетті түрде толтыру керек деген талап қоюға болады. Мысалы: «Группа » (Топ) өрісі «Студенты» (Студенттер) кестесі үшін . «Пустые строки» (Бос жол) – бұл өрісте бос жол қалдыруға болады. Мысалы: Телефон өрісін толтырмауға болады. «Индексированное поле» (Индекстеу өрісі) – бірінші реттік кілттік өрісте мәндердің қайталануына тиым салынады, ал құрама кілттің бөлек өріс мәндері қайталануы мүмкін, бірақ бүкіл кілттің қайталануына рұқсат берілмейді. «Подстановка» (Жайғастырғыш) – өрісті мәліметтермен не белгіленген тізімдердегі немесе негізгі кестенің аттас өрісіндегі мәліметтермен толтыру және тізім ретінде қолданылатын, сонымен қатар тізімде негізгі кесте өрісінің ұяшықтарындағы мәнді өзгерткенде автоматты түрде өзгеретін мәні үшін қызмет етеді. «Студенты» (Студенттер) кестесімен байланысқан келесі кесте Экзамены, онда емтихандарды тапсыру күндері 3 күн аралықпен құрылады. 3 кесте- Экзамены (Оценка өрісінсіз) қатынасы өрісінің қасиеті Имя поля Код записи Подпись Тип данных Значение по умолчанию Условие на значение Обязательное поле Пустые строки Счетчик Код студента ФИО студента Числовой Да Дата сдачи ТОЭ Оценка по Дата сдачи ТОЭ физики Дата/время Текущая дата Date() Числовой Да Нет >=0 And <=9 Да Дата/время Текущая дата плюс 3 дня Date()+3 Да Нет Индексированное поле (ключевое) Подстановка Да (совпадения не допускаются) Нет Нет Нет Нет Из таблицы Студенты 3. ЕСЖ-ң тапсырмаларының нұсқасы Нұсқа 00 -Сабақ саласы: «Дербес компьютер жинағы». Жобаланған санақ келесі ақпаратта : - ПК санақ жинағы; - жинақтама және жинақталатын жеткізілім есебі; - өнімді жабдықтаушылардың анықтамасын жазу; - есеп беру тізімі: - көрсетілген жинақтама туралы мәлімет (олардың санының жинақтама құрамы); - өкрсетілген жинақталатын өнімнің бары туралы мәлімет; - көрсетілген жабдықтаушыда бар өнім туралы мәлімет. Нұсқа 01 1) Сабақ саласы: «Қоймадағы материалдарды есепке алу». Келесі процестерді орындау болжануда: - белгіленген уақыттығы түскен материалдарды есепке алу; -белгіленген материалды-жауапты материалдарды есепке алу; тұлғаның сақтауында тұрған - істен шыққан материалдарды есепке алу 2) Есеп беру тізімі: - белгіленген материалды-жауапты тұлғаның жауапты сақтауында тұрған материалдар туралы есеп беру. - материалды-жауапты тұлғаның аты-жөнін көрсете отырып, анықталған кезеңде келіп түскен материалдық құндылықтар туралы есеп беру; - істен шыққан материал құндылықтарын көрсетілген номенклатура нөмерімен есеп беру; Нұсқа 02 1) Сабақ саласы: «Студенттер кітапханасы». Келесі ақпараттарды есепке алу болжануда : - бар кітап қорын есепке алу; - оқырмандар каталогын жасау; - берілген және қайтарылған кітаптарды есепке алу. 2) Есеп беру тізімдері: - көрсетілген авторлардың кітапханада бар кітаптары; - көрсетілген оқырманға берілген кітаптар тізімдері; - атау фрагменті бойынша кітаптарды іздеу. Нұсқа 03 1) Сабақ саласы: «Стандарттау зертханаларындағы өлшеуіш құралдарын есепке алу». Орындалу процедурасы: - белгіленген кезеңде тексеруге келіп түскен құралдарды есепке алу; - белгіленген кезеңде тексеруден өткен құралдарды есепке алу; тексеруден өтпеген құралдарды есепке алу, олардың қайдан келгендігі туралы мәліметті бөлімге көрсетуі қажет. 2) Есеп беру тізімі: - бөлім көрсеткен құралдардың тексеруден өтпегендігі туралы есеп беру; - белгіленген кезеңде тексеруге келіп түскен бөлім құралдары туралы есеп беру; -айына 1 рет, 6 айда бір рет және жылына 1 рет тексеруден өтетін құралдар туралы есеп беру. Нұсқа 04 1) Сабақ саласы: «Кәсіпорын кадрлары». Келесі процессертерді орындау болжануда: - қызметкерлер анықтамасын жасау; - бос орындарды тіркеу; - кадрлау қозғалысын тіркеу. 2) Есеп беру тізімдері: -қызметкерлердің көрсетілген топтары туралы мәлімет (бір бөлім қызметкерлері, жоғары білімді қызметкерлер және т.б.); - бар бос орындар туралы мәлімет; - қызметкерлердің белгілі бір кезеңге жұмыстан шығарылғандығы туралы мәлімет. Нұсқа 05 - Сабақ саласы: «Жарнама агентігінің жұмысын орындауға берілген тапсырыстарды есепке алу». Орындалатын жұмыстар: -түскен тапсырысты есепке алу; -орындалатын тапсырыстарды есепке алу (мерзім бойынша, көлемі бойынша, орындаушылар бойынша); 2) Есеп беру тізімі: -белгілі бір уақыт аралығында орындалған жұмыстар жөнінде есеп беру; -берілген орындаушы орындаған жұмыстар көлемі жөнінде есеп беру; - орындалмаған жұмыстар жөнінде есеп беру . Нұсқа 06 1) Сабақ саласы: «Жөндеу ведомосттарын қалыптастыру». Орындалатын жұмыстар : -«Жөнделетін жұмыстарды бағалау» жөнінде анықтама жүргізу; - жөнделетін ведомость құру; - жөндеуді орындау калькуляциясын құру. 2) Есеп беру тізімі: -белгілі бір уақыт аралығында жөндеуге алынған тапсырыстар тізімі; -берілген тапсырыс номері бойынша жөндеу ведомосты; -берілген жөндеу бойынша калькуляция. Нұсқа 07 1) Сабақ саласы: «Электротехникалық кұрылғылар көрмесі» Орындалатын жұмыстар: -көрмеге қатысушылардың каталогын дайындау; -көрсетілген экспонаттарды есепке алу. Есеп беру тізімі: -белгілі бір уақыт аралығында көрмеге тіркелген қатысушылар тізімі; -белгіленген қатысушының белгіленген экпонат туралы анықтама; -экспонаттар тобы бойынша есеп беру (саны және оларды кім көрсетті). Нұсқа 08 1) Сабақ саласы: «Ғылыми конференция». Орындалатын жұмыстар: -конференцияға қатысушылар құрамын есепке алу; -конференция іс шараларын есепке алу (іс шаралар кестесі); -қатысушылар хабарламасы, баяндамаларды есепке алу. 2) Есеп беру тізімі: -берілген мерзім ішінде белгіленген күнде өткізілетін іс шаралар туралы мәлімет; -берілген тақырып бойынша баяндама жасайтын қатысушылар жөнінде мәлімет; -белгіленген қатысушының баяндамасы, хабарламасы жөнінде мәлімет. Нұсқа 09 1) Сабақ саласы: «Поездар қозғалысының кестесі». Орындалатын жұмыстар: -поездар кестесін жүргізу; -поездар құрамы мен орындар саны жөнінде ақпарат алу. 2) Есеп беру тізімі: -берілген бағыт бойынша поездар кестесі; -берілген поездағы берілген вагондардағы орындар саны жөнінде мәлімет (плацкарт, купе, жалпы); -берілген поезд құрамы жөнінде ақпарат, қанша және қандай вагон. Нұсқа 10 1) Сабақ саласы: «Әуе кестесі» Орындалатын жұмыстар: -авиарейстердің ұшу және қону кестесін жүргізу; -бос орындар жөнінде және билет құны жөнінде ақпарат алу. 2) Есеп беру тізімі: -берілген бағыт бойынша рейстер кестесі; -берілген рейстегі бос орындар жөнінде ақпарат; -берілген әуекомпаниясы орындайтын бағыты жөнінде ақпарат. Нұсқа 11 Сабақ саласы: «Банктік операциялар». Орындалатын жұмыстар: -банк клиентерін есепке алу; -банк клиенттерінің есепшотын жүргізу; -шығыс және кіріс ақшаларды есепке алу. 2) Есеп беру тізімі: -берілген тоқсанда несие алған клиенттер және есепшоттар тізімі; -белгілі бір мерзім аралығында есепшоттары бар белсенді емес клиенттер тізімі; -есепшотында берілген сомадан аспайтын сомасы бар клиенттер тізімі. Нұсқа 12 Сабақ саласы: «Студенттік кітапхана». Орындалатын жұмыстар: -бар кітаптар қорының санағы; -берілген күнге берілген және қайтарылған кітаптар тізімі; -оқырмандар каталогын жүргізу. Есеп беру тізімі: -берілген күнге берілген оқырманға берілген кітаптар тізімі; -берілген автор бойынша берілген оқырманның қолда жүрген кітаптарын іздеу; -оқу залындағы берілген автордың кітаптар тізімі. Нұсқа 13 1) Сабақ саласы: «Студенттік конференция» Орындалатын жұмыстар: -конференцияға қатысушыларды есепке алу; -секция бойынша баяндамалар және стендтер тізімі. 2) Есеп беру тізімі: -берілген ғылыми жетекшінің конференцияға қатысушылар тізімі; -факультет бойынша конференцияға қатысушылар жөнінде есеп беру; -берілген күнде қатысушылар тізімі. баяндама жасайтын конференцияға Нұсқа 14 1) Сабақ саласы: «Студенттік олимпиада» Орындалатын жұмыстар: -әр түрлі спорт түріне қатысушыларды есепке алу; -әр түрлі билікті қатысушыларды есепке алу; -жас деңгейі бойынша қатысушыларды есепке алу. 2) Есеп беру тізімі: -әр түрлі спорт түрі ойынша жүлдегерлер тізімі; - факультетте жүлдегер болған қатысушылар тізімі; -берілген спорт түріне қатысушылар тізімі. Нұсқа 15 1) Сабақ саласы: «Дербес компьютерлерді жинау». Келесі процестердің орындалуы : - ДК комплекттерін есепке алу; - комплекттерінің және жинақтаушыларының жеткізілуін есепке алу; - жеткізуші және жинақтаушылары анықтамасын жүргізу. 2) Есеп беру: - көрсетілген комплект туралы мәлімет (комплекттің құрамы, саны); - көрсетілген жинақтаушы өнім құрамы туралы мәлімет; - көрсетілген жабдықтаушыда бар өнім туралы мәлімет; Нұсқа 16 1) Сабақ саласы: «Электротехникалық фирманың жинақтаушы өнімдер қоймасы». Келесі процесстердің орындалуы : - анықталған уақытта келіп түскен материалдарды есепке алу; - көрсетілген материалды-жауапты тұлғада жауапты сақталатын материалдарды есепке алу; - шығып қалған материалдарды есепке алу. 2) Есеп беру: - көрсетілген материалды-жауапты материалдар жөніндегі есеп; тұлғада сақталатын - анықталған кезеңде материалды-жауапты тұлғаның аты-жөні көрсетіліп келіп түскен материалдық құндылықтар жөніндегі есеп; - көрсетілген номенклатурлы нөмірден материалдық құндылықтар жөніндегі есеп. шығып қалған Нұсқа 17 1) Сабақ саласы: «КИП ішкі бөліміндегі зертханадағы бақылауөлшеу құралдарын есепке алу». Орындалатын процедуралар: - анықталған кезеңде тексеруге келіп түскен құралдарды есепке алу; - анықталған кезеңде тексеруден өткен құралдарды есепке алу; - бөлімнен келіп түскен, сол бөлімнің нұсқауымен тексеруден өтпеген құралдарды есепке алу; 2) Есеп беру: - көрсетілген бөлімнен тексерудінен өтпеген құралдар жөнінде есеп беру; - бөлімдердің нұсқауымен анықталған кезеңднгі тексеруге келіп түсу керек болған құралдар жөніндегі есеп беру; - 1айда бір рет, 6 айда бір рет, 1 жылда бір рет тексерілуден өтетін құралдар жөнінде есеп беру. Нұсқа 18 1) Сабақ саласы: кадрлары». «электротехникалық кәсіпорындардың Келесі процестердің орындалуы - қызметкерлердің картотекасын жүргізу; - бос орынды есепке алу; - кадрлардың қозғалыстарын есепке алу. 2) Есеп беру: - аталған топтардағы қызметкерлер туралы мәліметтер (бір бөлімнің қызметкеғрлері, жоғары білімді қызметкерлер және т.б.); - бар бос орын туралы мәліметтер; - анықталған кезеңде жұмыстан шығарылған қызметкерлер туралы нұсқаулар. Нұсқа 19 1) Сабақ саласы: «Тұрмыстық электротехниканы жөндейтін фирма». Орындалатын процедуралар: - «Жөндеу жұмыстарын бағалау» анықтамасын жүргізу; - жөндеу ведомостьтарын құрастыру; - жұмысты орындауға калькуляция құрастыру; 2) Есеп беру: - анықталған кезеңде жөндеуге қабылданған өтініштер тізімі; - көрсетілген өтініш нөмірі бойынша жөндеу ведомості; - көрсетілген жөндеу бойынша есептік калькуляция. Нұсқа 20 1) Сабақ саласы: «Жарнама агенттігі». Орындалатын процедуралар: - қызметтердің каталог жүргізу (прайс-лист); - келіп түскен өтініштерін есепке алу; - өтініштерді мерзім, көлем, атқарушысы бойынша орындалуын есепке алу. 2) Есеп беру: - шығып қалған материалдарды есепке алу; - анықталған кезеңде орындалған қызметтер туралы есеп беру: - көрсетілген атқарушы орындаған жұмыс көлемі туралы есеп беру; - орындалмаған жұмыстар, қызметтер туралы есеп беру. Нұсқа 21 1) Сабақ саласы: «Коммерциялық банк клиенті». Орындалатын процедуралар: - банк клиенттерін есепке алу; - банк клиенттерінің шотын жүргізу; - ақшалай кірісін және шығысын есепке алу. Есеп беру: - анықталған тоқсанда несиемен есеп айырысқан клиенттердің және шоттардың тізімі; - несие алған клиенттер тізімі; - шоттарында көрсетілген шамадан асып кеткен сомалы клиенттер тізімі. Нұсқа 22 1) Сабақ саласы:«Алматы станциясының поездарының жүру кестесі». Орындалатын процедуралар: - поездардың жүру кестесін жүргізу; - поездің құрамы және орын саны туралы ақпарат алу. 2) Есеп беру: - көрсетілген бағыттағы поездардың жүру кестесі; - көрсетілген типті вагондардағы (плацкарт, купе, жалпы) орындар саны туралы мәліметтер; - көрсетілген поездің құрамы туралы мәліметтер. Нұсқа 23 1) Сабақ саласы:«Астана қаласының Әуежайдан әуерейістердің ұшу кестесі». Орындалатын процедуралар: - әуерейістердің ұшып келу және кету кестесін жүргізу; - бос орындар және авиабилеттердің құны туралы мәліметтер; 2) Есеп беру: - көрсетілген бағытта авиарейстардың ұшу кестесі; - көрсетілген рейстердің көрсетілген класстарындағы бос орындар туралы мәліметтер; - көрсетілген авиакомпания орындайтын рейстер туралы мәліметтер; Нұсқа 24 1) Сабақ саласы: «Студенттік спартакиада». Орындалатын процедуралар: - әр түрлі спортқа қатысатын қатысушыларды есепке алу; - әр түрлі квалификациялары бар қатысушыларды есепке алу; - әр түрлі жастар арасындағы қатысушыларды есепке алу. 2) Есеп беру: - әртүрлі спорттан орын алғандардың тізімі; - бір факультет ішінен орын алғандар тізімі; - көрсетілген спорт түрінен қатысушылар туралы мәліметтер. А Қосымшасы Титулдық беттің үлгісі АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ «Инженерлік кибернетика» кафедрасы «Мәліметтер қорын жобалау» пәнінен ЕСЕПТІК-СЫЗБАЛЫҚ ЖҰМЫС 14 нұсқа Орындаған БЭк-09-1 тобының студенті Молдасанов А.А. Тексерген аға оқытушы Белгибаев Н.Н. «___»_____________200__ г. Алматы 2011 Тапсырма Әр семестрде жоспарланған пәндерді барлық студенттердің тапсырғанын есепке алатын Деканат мәліметтер базасын құрастыру қажет. Одан бөлек, МБ оқытушының сағаттағы жұмысын есепке алуы тиіс. Керек есеп берулер: 1) Қысқы сессия нәтижелері. 2) Озат студенттер. 3) 19-21 қазанда тапсырылған пәндер. 4) Қысқы семестрде оқытушылардың сағат саны. МҚ жобасы Әрине, Студент мәні болу керек, онда белгілі бір студентті сипаттайтын аргументтер: «Код студента (РК)» (Cтудент коды) (ҚР), «ФИО студента» (Студент аты-жөні) «Пол» (Жынысы) «Телефон студента» (Студенттің телефон номері) және сервистік жолдар «Группа» (Топ) «Староста» (Топ басшы) және «ФИО эдвайзера» (Жетекші атыжөні) болуы тиіс. «Код студента» (Студент коды) алғашқы кілті аттас студенттер болса ғана енгізіледі. Сессиядағы пәндер тізімі «Учебный план» (Оқу жоспары) мәнімен анықталады. Онда белгілі бір пәндерді (ЭТН дәрістер, ЭТН зертханалық жұмыстар және т.б.) сипаттайтын кілттік аргумент және есеп беру формасын (аралық бақылау немесе емтихан), оқуға жоспарланған сағат саны, оқытушы аты-жөні және сервистік аргументтері: оқытушы телефоны, кафедрасы, кафедра телефоны және басқаларын сипаттайтын аргументтер болуы керек. Оқытушының сағат бойынша жұмыс көлемін бақылау үшін «Поток» (Ағын) және «Количество студентов» (Студент саны) аргументтерін қосамыз. Ағындағы немесе группадағы студенттер санын оқытушының ЕСЖ, курстық жұмыс қабылдау, емтиханға кеткен сағат санымен анықталады. Студенттердің оқу барысын бақылау үшін әр студенттің емтиханда немесе аралық бақылауда қандай бағаны қандай пән мен күнде алғанын көрсететін мәнді енгіземіз. Емтиханды қабылдаған оқытушының аты-жөнін жазу міндетті емес, себебі оқытушы «Учебный план» (Оқу жоспары) мәнінде «Код дисциплина» (Пән коды ) кілттік қасиетінде толықтай анықталған. Бұл мәнді Ведомость деп атайық. Онда Студент коды, Пән аргументтері құрама кілттік аргументтінің рөлін ойнайды және кілттік емес аргументтер – «Оценка и Дата сдачи» (Баға және Тапсырған күні) бар. А.1 суретінде бастапқы ER-диаграммасы көрсетілген. А.2 суретінде қатынас түрінде ER-диаграммасы көрсетілген. А.1 сурет– бастапқы ER-диаграммасы А.2 сурет– Мәндерді қатынас түрінде көрсету Барлық қатынастар 1НФ-да орналасқан, себебі барлық өрістің қасиеттері бөлінбейді және 2НФ-да, себебі барлық кілттік емес өрістер кілттік өрістермен анықталады. Бірақ функционалды түрде кілттік емес өрістерге тәуелді өрістер де бар. Бұл тәуелдіктер А.2 суретінде сызықшалармен белгіленген.Төменде А.3 және А.4 суреттерінде 3НФ-ке (декомпозициялар) қатысты нәтижелері көрсетілген. А.3 сурет– Студенты қатынасының декомпозиясы нәтижесі Сурет А.4 – «Учебный план» (Оқу жоспары) қатынасының декомпозиясы нәтижесі Алайда «Учебный план» (Оқу жоспары) қатынасында Есеп беру формасы және «Кол.часов» (Сағат саны) өрістері тек қана «Код дисциплины» (Пән коды) кілттік өрісіне ғана емес, Пән кілттік емес өрісіне де тәуелді. Нұсқа 2-ге сәйкес екіге бөліп, қайтадан «Учебный план» (Оқу жоспары) қатынасының декомпозиясын орындаймыз (А.5 суреті қара). Сурет А.5 – «Учебный план» (Оқу жоспары) кестесінің декомпозиясы нәтижесі Барлық кестелер 3НФ-те келтірілген. Табылған кестелерге сәйкес МҚ сұлбасын құрастырамыз және біріншілік және екіншілік кілттер көмегімен байланыс орнатамыз. А.6 сурет– МҚ толық сұлбасы Мәліметтер базасының қатынасы Байланысқан кестелерді толтыруды басты кестені толтырудан бастаймыз. Кесте А.1 – «Группы» (Топ) қатынасы (үзінді) Группа (РК) БЭ-09-1 Староста Сытник А.Т. Эдвайзер Калабеков С.С. Кесте А.2 – «Студенты» (Студент) қатынасы (үзінді) Код студента ФИО студента Пол (РК) 2 Иванов И. Муж Телефон студ. Адрес студ. Мкр 1, д 2 325-32-14 Группа (FK) БЭ-09-1 Кесте А.3 – Кафедра қатынасы (үзінді) Кафедра (PK) Кибернетика ФИО заведующего Курмангалиев И.Т. Телефон каф 231-56-45 Аудитория А411 Кесте А.4 – «Поток» (Ағын) қатынасы (үзінді) Поток БЭ-09-1 БЭ-09-1,2,3,4 Кол студентов 21 90 Кесте А.5 – «Преподаватель» (Оқытушылар) қатынасы (үзінді) Код преподаваФИО Должность теля (PK) преподавателя Телефон Адрес Кафедра (FK) 3 Тайцев Л.К. Профессор 255-56-41 Мкр 2, д 3, кв 55 ТОЭ Кесте А.6 – «Дисциплина» (Пән) қатынасы (үзінді) Дисциплина (РК) ТОЭ лаб ТОЭ лек Форма отчетности Рубеж Экзамен Кол часов 32 32 Кесте А.7 – «Учебный план» (Оқу жоспары) қатынасы (үзінді) Код дисциплины Дисциплина (РК) 2 ТОЭ лек 5 ТОЭ лаб. Код Поток преподавателя Тайцев Л.К. БЭ-09-1,2,3,4 Турова Л.Б. БЭ-09-1 Кесте А.8 – Ведомость қатынасы (үзінді) Студент Иванов И. Дисциплина ТОЭ лек Оценка 7 Дата 18.10.2009 Ведомость кестесінде «Студенты» (Студенттер) басты кестесінен орнына қою қолданылған және «Код студента» (Студент коды) өрісінде «Студенты» (Студенттер) қолы қойылған. «Код дисциплины» (Пән коды) өрісі үшін «Дисциплина» (Пән) басты кестесінен орнына қою қолданылған. Орнына қою «Поток» (Ағын) қосымша өрісін көрсетуімен қойылған. А.7 сурет - Подстановка А.8 сурет– «Код студента» (Студент коды) қатынасындағы Ведомость өрісінің қасиеттері Кесте А.9 – Жүктемені анықтауға арналған «Перекрестный запрос» (Қиылысқан сұраныс) ФИО преподавателя Тайцев Л.К. Теткова П.Р. Итоговое значение ТОЭ лаб. ТОЭ лек. Физика лаб. Физика лек. Кол часов 54 22 32 32 Отчет «Отличники» (Озат студенттер) (фрагмент) Дисциплина ТОЭ лек. Физика лек. Физика лек. Форма отчета Экзамен Экзамен Экзамен ФИО студента Оценка Преподаватель Эдвайзер Новикова Н. Иванов И. Сарсембаев Б Серов В.М. Калабеков С.С. Серов В.М 8 9 8 Тайцев Л.К. Факов Л.К. Факов Л.К. Отчет «Зимняя сессия» (Қысқы сессия) (фрагмент) Дисциплина ТОЭ лаб. ТОЭ лек Форма отчета Рубеж Экзамен ФИО студента Лыкова Н Новикова Н. Оценка Преподаватель Эдвайзер 5 9 Титов Л.Б. Тайцев Л.К А.9 кесте - Круговая диаграмма Калабеков С.С. Калабеков С.С. Отчет «19-21 қазанда тапсырылған Дисциплины» (Пән) есеп беруі Дисциплина ТОЭ лаб Физика лаб. Физика лаб. ФИО студента Лыкова Н Иванов И Петров П Группа БЭ-09-1 БЭ-09-1 БЭ-09-2 Оценка 5 8 7 Дата 22.10.2009 20.10.2009 19.10.2009 Әдебиеттер тізімі 1. О. Голицына, Н. Максимов, И. Попов. Базы данных. -М.: “Форум”, 2005. 2. С. Робинсон. Microsoft Access 2000. Учебный курс. - СПБ: Питер, 2001. 3. Дейт К.Дж. Введение в системы баз данных. / Перевод с англ. 7-е издание. -М.: Вильямс, 2001. 4. MS Access. Меню справка. - Примеры баз данных. – Учебная база данных БОРЕЙ. 5. Питер Роб, Карлос Коронел. Системы баз данных: Проектирование, реализация и управление.- Санкт-Петербург: БХВ- Петербург, 2004. 6. Р. Ахоян, А. Горев, С. Макашарипов. Эффективная работа с СУБД. – Санкт-Петербург: Питер, 1997. 7. С. В. Глушаков, Д. В. Ломотько. Базы данных: Учебное пособие. М.:АБФ, 2000. Мазмұны Кіріспе 1 Мәліметтерді жобалау деңгейлері 2 Қалыпқа келтіру процедурасы 3 ЕСЖ-ге арналған тапсырма нұсқасы А Қосымшасы . Мәліметтер қоры жобасы (үлгі) Әдебиеттер тізімі 3 4 7 12 20 26