Uploaded by aiaujanabu01

ва3

advertisement
Теңге – мемлекет келбеті
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі,
қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен
таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі,
безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: Балалардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін
дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген
жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, басқа елдер ақшалары мен
монеталары қойылады, слайд шоу, сөз жұмбақ.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар!: Біздің Отанымыз - егеменді,
тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті
мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей
толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір
адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады.
Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем -дей отыра. Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына
орай өткізілейін деп отырған тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Теңге -мемлекет
келбеті»- деп аталады.
«Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, жұмбақпен
бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге) Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі!
Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің
нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі – төл валюта –
теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық
құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт
адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты
дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов,
Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.Олар
Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені
елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи
күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.Тәуелсіздік
алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта.Ол – Қазақстан
Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.Ақша – асыл
қазына, халық байлығы.
I - бөлім
«Буындарды жина» тапсырмасы.
Балалар мақалдардың орнын дұрыс құрастырып, мағынасын түсіндіруі шарт.
Мақалдар:
1.Теңге өсер тиынан,
2.Баққанға-мал
Құлынан өсер жылқы
Тапқанға ақша бітеді
II - бөлім «Ақша және психология»
Тәрбиеші: Ақша туралы ырымдар
1. «Қағаз купюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп,
аялағанды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден
шыққысы келмейді.
2. «Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған
өзіңізден көріңіз»
3. «Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда
қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде
ұқсатқанды ұнататын көрінеді.
4. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша
тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең, жоғала береді.
Балалар:
1.Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге – ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.
2.Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.
3.«Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
4.Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқының қамын ойлап қамыққандар.
Әл - Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан
III – бөлім «Әр елде — өз валютасы»
ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006 жылғы
үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары
айналысқа шықты. Міне тақтада тур.
Әр елдің өз валютасы бар.Мен бірнеше елдің валютасын айтып өтейін.Сендер
мұқият тыңдап отырыңдар.
Қазақстанда
Теңге
Ресейде -рубль
Германияда — марка
Қытайда — юань
Түркияда - лира
Қырғызстанда -сом
Америкада — доллар
Кореяда — йена
Өзбекстанда — сум
Балалар тапсы рма: сендер тақтада іліулі тұрған елдердің қасына өз валютасын
кезектеп ілесіңдер.
-Қазақстанда қандай валюта (теңге)
-Қырғыстанда қандай валюта (сом)
-Ресейде қандай валюта (рубаль)
-Америкада қандай валюта (доллор)
-Қытайда қандай валюта (юань)
IV - бөлім «Ақша туралы ой»
Тәрбиеші:
Қазақстан – қарқындап дамып, біртіндеп байып келе жатқан тәуелсіз ел. Ал баю
үшін ерінбей еңбектену қажет. Бір сәт өздеріңді кәсіпкер, яғни бизнесмен деп
елестетіңдер. Өзің ұнатқан не жаңа бір істі ашып, айналыспақшысың. Саған не
керек?
(Балалар 5 минут уақыт беріледі және алдарына берілген тапсырмасы арқылы
плакат бетіне түсіріп қорғайды.)
V - бөлім: «Теңге әдебиетте».
Бұл бөлімде сөз жұмбақ шешеміз «мемлекет»
-Алаған нем береген? (қолым)
-Қазақстаның валютасы қалай аталады? (теңге)
-Ту,елтаңба,әнұран бұлар біздің неміз? (рәміздер)
-Теңге тиынан өсер,жылқы неден өсер? (құлынан)
-Н.Ә Назарбаев кім? (президент)
-Туымыздың түсі қандай? (көк)
-Қазақстан Республикасы біздің неміз? (еліміз)
-Көк байрағымыз не? (ту)
Қорытындылау:
Балалардың орындауында ән «Атамекен»
– Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас
ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының
тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас
мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 29 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік.
Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан
республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек
айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей
келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. көңіл бөліп тыңдағандарыңызға
рахмет сау болыңыздар
Download