Uploaded by aykush2707

Софья Николаевна Лысенкованың өмірбаяны

advertisement
Софья Николаевна Лысенкованың өмірбаяны. Лысенкованың оза оқыту
технологиясының ерекшелігі неде?
Лысенкова Софья Николаевна 1924 жылы ақпанның 24-ші жұлдызында Мәскеу
қаласында туған.
Ол КСРО халық жаңашыл- мұғалімі. 1945 жылы ол 10 сыныпты бітірді, содан кейін 349шы Мәскеу мектебінің 11-ші педагогикалық сыныбына түсті. 1946 жылдан бастап ол
Мәскеуде бастауыш сынып мұғалімі болып үздіксіз жұмыс істеді.
70-жылдарға дейін ол озық оқыту әдістемесінің негізгі постулаттарын тұжырымдады.
Оқыту ортасында ізбасарлары мен беделі бар. Оны дәстүрлі әдіспен жұмыс істейтін
әдіскерлер мен мұғалімдер бірнеше рет сынға алды. Ол ынтымақтастық педагогикасының
негізін қалаушылардың бірі болды.
Жасына қарамастан, ол өмірінің соңғы күндеріне дейін мектепте жұмыс істеді. Оның
балаларды оқыту бағдарламасы бүгінде де танымал. Ол мектепте В.Ф.Шаталовпен бірге
жұмыс істеді. С.Н.Лысенкованың бастауыш сынып оқушыларына білім беру ісінде ашқан
үлкен жаңалығы – пән бағдарламасын меңгертудегі қиындықтарды болдырмау немесе
азайту үшін кейбір тақырыптар дәл бағдарлама бойынша емес, анағұрлым ертерек беріле
бастайды.
С.Н.Лысенкова - оқытудың озық әдістемесінің авторы, білім берудің басты мақсаты жазылған дәрістерді сындарлы түсінуге көмектесетін тірек сызбалары.
Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал.
Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта
қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі
жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.
Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші.
Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш-жігерін
жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да
жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп
отыруы керек. Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын
қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері
байланысты қамтамасыз етеді.
Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде
байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді.
Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде
оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар,
сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт –
сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс-әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы
оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.
Оза отырып оқыту технологиясының негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту.
Бұл оқыту технологиясы төмендегі ерекшеліктермен сипатталады:




оқу материалдардың жүйелілігі, бірізділігі;
саралау, әр оқушыға берілген тапсырманың қолайлылығы;
бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын
тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану: сабақты пысықтауға әуелі
озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқитын оқушылар
қатыстырылады;
бірте-бірте толық дербестікке жету;





сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек,
ынтымақтастық қарым-қатынас;
оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын
жағдайға ғана) беріледі;
білім,білік, дағдыны дамыта меңгерту;
түсіндіруді қабылдау;
Білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық та
дамуының негізі ретінде танылған. Білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы –
бастауыш сынып, сондықтан осы жаңа технологияларды пайдалана отырып, бастауыш
сыныптарда білім сапасын көтеру білімнің басты негізі болып табылады. Қорыта
айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі
дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін,
нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапалы
меңгеруге бағытталған.
Download