Эссе Клондар өзіне жұмсалған қаржыны ақтай ма? Клондау – тірі ағзаларды жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол тірі ағзаларға ұқсас ұрпақтар алу үрдісі. Кез-келген организмнің ядросының геномдары туралы мәліметтер сақталса, бұл үрдіс арқылы сол ағзаны немесе оның бір бөлігін клондауға болады. Бірнеше онжылдық бұрын клондау тек ғылыми фантастика шығармалар жазушыларының арасындағы талқыланатын тақырып болған, алайда қазіргі замандағы гендік инженерия мен биотехнологияның қарқынды дамуы клондауға көптеген мүмкіндік бере алады, бұл қоғамда клондаудың оң және теріс жақтары туралы пікірталастарды туғызады. Менің ойымша, клондар өзіне жұмсалған қаржыны ақтамайды және қоғам үшін қауіпті бола алды. Біріншіден, адамды клондау мәселесі бірінші кезекте этикалық мәселе болып табылады. Клондау идеясы табиғи емес және ол адамның бірегейлігіне қайшы келеді, адамның өзін көшіруге моральдық құқығы жоқ. Әрбір туған балаға басқа адамның көшірмесі емес, тұлға ретінде қарау керек. Генетика саласының және медицина ғылымының докторы, Ян Вилмут адамды клондауға мүлдем жол берілмеу керек деп санайды, оның сөзінше «БҰҰ ғылымның соңғы жетістіктерін ескеретін биоэтикаға қатысты міндетті халықаралық стандарттарды әзірлеу қажет, оларды тіпті адам құқықтары декларациясына енгізу керек». Екіншіден, клондар әлемдегі халық санының өсу мәселесіне қатты әсер ететін болады. Қазіргі кезде әлем халқы 7 млрд. адамды құрайды, зерттеулер бойынша, өсіп келе жатқан әлем халқын тамақтандыру үшін 2050 жылға қарай жаһандық азық-түлік өндірісін, егістік жерлер мен климаттың өзгеруі жағдайында 60% -ға арттыру қажет болады. Клондар болса, халық санын одан әрі көбейтіп, болшақта ресурстар мен жер үшін дауларға әкеле алады. Оған қарамастан, клондау медицина саласында көптеген перспективалар ашады. Мысалы, терапиялық клондау арқылы донорлық жасушаларға ұқсас эмбрионалды бағаналы жасушаларды түзіп, оларды көптеген ауруларды емдеуде қолдануға болады. Алайда, көптеген ғалымдар адам клонын құру әрекеттері қауіпті екендігімен келіседі. Көптеген жануарлардың клондары әртүрлі ауытқулармен дүниеге келді, олар сирек сау болып туылды. Тышқан мен қой сияқты кейбір жануарлар сәтті клондырылды, бірақ барлық түрлердің жасанды түрде көбейе алмайтыны айқын белгілерге ие. Қорытындылай келе, клондау үрдісі көптеген әртүрлі пікірлерді туғызуда. Үрдіс медицина мен ғылымда жаңа перспективалар ашса да, этика және әлеуметтік жағынан қауіпті болып келеді. Бір сөзбен айтқанда, клондар өзіне жұмсалған қаржыны ақтамайды.