Uploaded by bekbolatovna.ayaulym

Философия-1 апта

advertisement
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ойлау мәдениетінің пайда
болуы.
Философияның пәні мен әдіс
•
•
•
•
Орындаған: Бекболатқызы Аяулым
Тобы: 201
Мамандық: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Қабылдаған: Курманбаева Ляззат Тулбаевна

Кіріспе

1. Ойлау мәдениетінің қалптасуы.

Негізгі бөлім

а)Философия – даналыққа құштарлық ретінде.

ә) Философияның пәні мен әдіс

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
«Ойлау
мәдениеті »
«Ойлау» адам санасы мен
объективті шындық арасындағы
диалектикалық бірлікті білдіреді. ол
адамның сыртқы дүниемен
қарымқатынас процесінде туындап
отыратын, өте күрделі және
маңызды, түпкілікті
процесс. Ойлау – қарама-қарсы
қайшылықтарға толы процесс. бұл
ойлаудың дамуы мен іске асуының
қозғаушы күші. ойлаудың пайда
болуы – белгісіз нәрселерге зер салу
мен таныпбілуге деген
қызығушылықтан туындайды.
«Ойлау дегенiмiз- »
Ойлау дегенiмiз- әлеуметтiк жағдаймен
ұштасқан, тiлiмен тығыз
байланыстыпсихикалық үрдiс, сол
арқылы болмыстың, дүниедегi
нәрселердiң жалпы және жанама
бейнеленуi.
Бұл бейнелену адам ойының талдау
және бiрiктiру әрекеттер арқылы
танылады. Бiр сөзбен айтқанда, ойлау –
сыртқы дүниедегi болмыстың жалпы
жанамажолмен бiздiң санамыздағы ең
биiк сатыдағы бейнесi.
Ойлау адамның өмiр тәжiрибесi мен
практикалық iс-әрекеттерi нәтижесiнде
пайда болып, тiкелей сезiм үрдiсiнiң
шеңберiнен әлдеқайда асып түседi.

Философия – ғылымы адамзат
мәдениетінің қайталанбас әрі
ерекше құбылысы. Философияны
мақсатты түрде оқу – ойлау
мәдениетінің өсуіне, өзіндік
сананың қалыптасуына,
дүниежүзілік мәдениет пен
өркениеттің байлықтарын
тұрақты және жүйелі игеруге,
табиғат, қоғам болмысының
даму заңдылықтарын түсінуге,
мамандықты саналы таңдап,
жетілдіруге жетелейді.

Философия – көзқарастың бір түрі. Ертеде
әр нәрсенің себебін білігісі келгендер, діни
ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай
құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы
өзіндік пікір айтты. Оларды – «философ»
деп атайды. «Философ» деген сөзді алғашқы
рет гректің, ойшыл, математигі Пифагор
(580-500 б.ғ.д) енгізді. Бұл термин Еуропа
мәдениетінде Платонның (427-347 б.ғ.д)
атымен тығыз байланысты. Philo – сүйемін,
sophia – даналық, яғни даналықты сүйемін
деген мағынаны береді. Араб тілінде
«фәлсәфа» деп аталады.
Философия негізгі сұрағы –
Философияның дәстүрлі
негізгі сұрағы деп 
ойлаудың болмысқа, болмыстың - ойлауға (санаға)
қатынасы мәселесін айтады.

Сұрақтың негізгі болуының мәні, маңыздылығы:
адамның (философияның басты міндеті болып
табылатын) қоршаған дүние және ондағы адам
орны туралы тұтас білім жинақтауы, қандай
сипаттағы жүйе құруын - дәл осы сұраққа беретін
жауабына тікелей байланыстылығында.

Материя және сана (рух) - болмыстың қарамақарсы және ажырамас екі сипаты. Осыған
байланысты философияның негізгі сұрағынан
оның екі - онтологиялық және гносеологиялық
жақтары туындайды.

Философияның негізгі
сұрағының онтологиялық
(болмыстық) жағы: «не бірінші:
материя ма, әлде, сана ма?»
деген сұрақпен беріледі.

Философияның негізгі
сұрағының гносеологиялық
(танымдық) жағының мәні «Дүние таныла ма, әлде
танымнан тыс па? Таным
процесінде не бірінші?» - деген
сұрақ.
Ғалымдардың пікірлері
Пифагор:
Т. Гоббс:
«Дүниені танып
білуге деген
қызғушылық
философияның пайда
болуына түрткі
болды. Философия –
даналыққа
құштарлық ».
«Философия – сенің
ойлауыңның жемісі
болып табылады
және сенің өзіңде
өмір сүреді»
Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ,
ҰҒА академигі:
Философияның негізгі мәселесі
адам мен әлемнің арақатынасы,
адам, оның өмірі мен
дүниетанымы, құндылықтары,
бостандығы мен құқықтары.
Ал адам өмірінің мәні оның
руханиятымен тікелей астасып
жатыр. Адам өзінің бойындағы
рухын асқақтата, рухани
қуатын әлемге паш етуі арқылы
өзінің өмірінің мәнін
рауаждайды.
1)
онтология (болмыс
туралы ілім);
2)
гносеология (таным
туралы ілім);
3)
7) эстетика
(сұлулықтың заңдары мен
канондары туралы ілім).
6)
ФИЛОСОФИЯНЫҢ
НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ
антропология (адам
туралы ілім);
4) аксиология
(құндылықтар туралы
ілім);
логика (ойлау заңдары
туралы ілім);
5)
этика (мораль туралы
ілім);
Философияның қалыптасу кезеңдері
Мифология
Алғашқы қауымдық мәдениет және
барлық өркениеттер мәдениеті
Алғы философия
Египет , Үнді ,Месопотамия, Иудея ,Қытай
Греция
Философия
Үнді
Қытай
Греция
Философияның
зерттеу әдістері.
диалектикалық –
материалдық дүниенің
құбылыстарын, заттарын,
процестерін дамудың
барлық жағынан бірлікте,
байланыста қарастырады
метафизикалық – материалдық
дүниенің заттары мен
құбылыстарының байланысын
статикалық жағдайда,
қозғалыссыз қарастыру.
Философиялық теория теориялық білімнің
мазмұны ретінде және де жалпы зерттеу әдістері
болып, жалпы методология ретінде шығады; оның
зерттеу пәні болып әрбір танымның және ойлау
принциптері табылады.

Философия
құрылымы
Философияның білім
жүйеесі ретінде өзіндік
құрылымы бар. Оның
құрылымдық элементтері
болып рухани және
материалдық дүниенің бір
жағын қарастыратын
философиялық ілімдер
табылады.
Философияның ғылым ретінде негізгі бөлімдері
болып философия тарихы және философия
теориясы бөлінеді, ол өзіне онтологияны –
болмыс туралы ілім; әлеуметтік философияны –
қоғам туралы ілім; диалектиканы – материалдық
дүниенің процестері мен құбылыстарын,
заттардың дамуы мен жалпы байланыстары
туралы ілім; гносеологияны немесе
эпистемологияны – таным теориясы;
философиялық антропологияны – адам туралы
ілім; аксиологияны – құндылық туралы ілім;
праксиологияны – қоғамдық практика туралы
ілім; методологияны - әдіс туралы іліімді
қамтиды. Кейбір жағдайларда философиялық
теорияның негізгі бөлімі болып натурфилософия
немесе табиғат философиясы бөлінеді, ол
табиғатты бір бүтін ретінде қарастырып, оған ой
түрінен сипаттама береді.
ФИЛОСОФИЯ
Философия дүниеге көзқарас қана емес, ол ғылым. Сондықтан барлық
ғылымдар сияқты дүниенің (табиғат, қоғам, сана) заңдары мен
заңдылықтарын ашуға ұмтылады.
Заң дегеніміз – заттар мен
құбылыстардың, олардың қасиеттерінің
қайталана беретін тұрақты байланысы,
ал философия - дүниенің ең түпкі
заңдарын ашуды міндет тұтса, ең түпкі
қасиеттерді анықтап, солардың тұрақты
байланысын табуға тырысуы керек.
Ондай қасиеттерге дүние болмысының
зат және идея түрінде берілетіні
жатқандықтан, материя мен идея,
болмыс пен сана, объект пен субъект
қатынастары философияның негізгі
мәселесі деп, алғаш Ф. Энгельс айтқан.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала
қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы,
ондағы адамның орны, тіршіліктің мән - мағынасы
туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің
жүйеленген жиынтығы.
 Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған коғамдық
тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның
тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның
эвалюциялык тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі
орны, болмыстын мән жайы, адамзат өніп - өсуінің сипаты мен
бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып,
көкейлерінен кеткен ізденіске салды. Сөйтіп, әлем құбылыстарын
түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің
ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы,
өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарылауы,
яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибенің молаюы дүниетанымдық
ықыласты жетілдіре түсті. Осы факторлар өмірдің негізгі
мәселелерін ескерусіз қалдырмай, ол туралы түсініктерді үнемі
дамытып, тереңдетіп отырды.
Философия ғылым ретінде нақты
функцияларды орындайды
Функция деп нақты іс-әрекет, міндеттер айтылады. Логикалық тұрғыда
функция объектілердің екі не топтық қатынасын білдіреді, оның біреуінің өзгеруі
екіншісінің өзгеруіне әкеледі. И.Т.Фролов философияның келесі негізгі
функцияларын көрсетеді:
 1. Экспликация функциясы (көріну) адамдардың қоғамдық-тарихи өмірі немесе
нақты мәдениет негізделетін тәжірибе формаларының, жалпы идеяларының көрінуі.
 2. Рационализация функциясы, яғни осы универсалийлердің логикалық, ұғымдық
формаға көшіру.
 3. Систематизация функциясы, яғни адамзат тәжірибесінің барлық оның
формасында жинақы нәтижесінің теориялық көрінуі.
 4. Критикалық функция, әрбір қалыптасып келе жатқан жаңа дүниеге көзқарас
ақиқат танымның жолына тұратын адасулармен, қателіктерге сынмен жүріп отыруы
керек.
 5. Келісу функциясы, яғни адамзат тәжірибесінің барлық формаларының
интеграциясы.
Философияның негізгі категориялары мыналар:
 болмыс, материя, табиғат
 қоғам, адам, қозғалыс,
 даму, заң, зат
 қатынас, мазмұн, форма,
 мән, жалпылылық, бірлік,
 қасиет, құбылыс,
 себептілік, салдар

Философияның зерттейтін нәрсесі — жалпылама әлем
және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға
барлың мәнділіктердің—қандай да болсын, болмыстың
(өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің
жалпылама және қажетті заңдылықтары мен
формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері
жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен
туындайтын айырмашылығы — жалпылама сипатта
болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа,
қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді.
Философияның ерекше белгісі — дүниенің тұтастығын,
қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау.
Пайдаланылған әдебиеттер

http://lib.kazmkpu.kz/info/kz

Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға
дейін (Джонстон Д.,Астана 2018)

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D1%8F%D1%
81%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83

http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-nakazakskom/238-sayasattanu/3276-caiasi-zhyie.htmlhttp://referat.resurs.kz/ref/kogamnin-sayasi-zhuyesikizmetinin-tusinigi

Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика
философиясы(Кенни Э.Астана 2018)
Download
Study collections