Сабақтың тақырыбы Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибиені зерттеу. Ойыңды ортаға сал 1.Елдер арасындағы халықаралық өзара іс-қимылға мысал келтір. 2.Тұрақты даму ұғымын түсіндір. 3.Неліктен ғаламдық экологиялық мәселелерді бір ғана елдің күшімен шешу мүмкін емес? Экологиялық мәселелерді шешудегі әлем елдерінің тәжірибесі Жапония. Әлемдегі гибридті қозғалтқыштар мен электромобильдерге арналған патенттердің 40%-ы, ғимараттар мен жарықтандырғыштардың энергия тиімділігі саласындағы патенттердің 33% құрады. Жапонияда істен шыққан тұрмыстық техника босқа тасталмайды. Ұялы телефондарды ұсақ бөлшегіне дейін кәдеге жаратып, құрамындағы алтын, платина ұнтақтары арнайы технологиялық әдіспен балқыту арқылы бөлініп алынады. Ал тұрмыстық техниканы өңдеу орталығында кір жуғыш машина, теледидар, кондиционер, тоңазытқыш, компьютерлер, т.б. бөлшектеніп пайдаланылады. Жапонияда экологиялық проблемаларды шешудің үш негізгі қағидасы бар: қалдықтардың нөлдік концепциясы (CO2), қалдықтарды басқару саласындағы 3R қағидаты, халықтың экологияға бағдарланған өмір салты: «жасыл» маркетинг, тұтыну деңгейінің төмендеуі, экологиялық таза өнімге бағдар. АҚШ Энергияның екі түрінің тепе-теңдігіне қол жеткізген алғашқы ел. 2014 жылы күн мен жел энергиясының бағасы көмір мен газды жағу арқылы өндірілетін киловатттың бағасымен теңесті. Ол мемлекеттік субсидиялар есебінен мүмкін болды. АҚШ-та жаңа ашық полигондарды ұйымдастыруға тыйым салынған. Қалдықтарды қайта өңдеу мен қайта қолдану америкалықтар үшін өртеу мен қоқыс тастауға қарағанда үш есе арзан. Көптеген штаттарда әр округ өз аумағында қалдықтардың бір бөлігін қайта өңдеуге міндеттейтін заңдар бар. Әйтпесе, олар мемлекеттік қорлардың қаржыландыруын жоғалтуы мүмкін. Қытай Чжэцзян провинциясының тұрғын үйлері шатырындағы Күн батареялары Қытай баламалы энергияны белсенді түрде енгізуде. Инвестициялардың негізгі бөлігі күн энергиясын дамытуға бағытталған. Қытай қалаларындағы көптеген үйлер суды жылытуға арналған күн батареяларымен және күн коллекторларымен жабдықталған. Қалаларда күн батареялары жоқ ғимараттардың төбесін табу өте қиын. Ұлыбритания 2008 жылдан бастап Лондонда қалаға кіруді шектеу және автомобиль паркін «жасылдандыру» бағдарламасы іске қосылды. Қаланың орталығында ауаны ластайтын көлік құралдары үшін ақы төленетін аймақ бар. Лондон орталығында жұмыс күндері 7:00ден 18:00-ге дейін кіру – £10. Төлемегені үшін айыппұл – £130. Іштен жанатын қозғалтқышы бар экология тұрғысынан таза машиналар және Еуро5 стандартына сәйкес келетін көлік иелері салық төлеуден босатылды. Барлық электромобильдер ақы төлеуден босатылған. Германия 1996 жылы қайта өңдеу туралы заң қабылданды. Негізгі идея – өндірушілерге өнім әзірлеу кезеңінде қалдықтардың мөлшерін азайтуды міндеттеу. Мысалы, BMW компаниясында бөлшектелген автомобиль модельдерін 95% қайта пайдалануға болады. Шығарылған бөлшектер ұсақталады, сығылады және қайта балқытылады. Майлар, антифриз, бензин жанармай ретінде ЖЭС-ке жіберіледі. Қосалқы бөлшектер ретінде жарамды элементтер (әйнек, есік, орындық) жаңаларының жарты бағасына сатылады. Швеция Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша Еуропа елдері арасында көшбасшы ел. Қалдықтардың 98,6%-ы қайта өңдеуге және электр энергиясын өндіруге кетеді. Швецияда қалдықтарды жылу мен электр энергиясына өңдейтін 31 зауыт пен қайта өңдеу бойынша 57 кәсіпорын бар. 15 жыл ішінде қоқыс ағымы 1,4%-ға дейін төмендеді. Қалдықтарға негізделген энергия 48,4%-ға дейін өсті. Полигондардағы қалдықтар – бұл қалдықтарды жағудан кейін алынған, жылу мен электр энергиясына дейін өңделген күл. Салық және айыппұл көмегімен экологиялық реттеу • Экологиялық салық – қоршаған ортаға зиянды әсер еткені үшін міндетті төлем, яғни қоршаған ортаға ластаушы заттарды белгіленген лимиттер шегінде, сондай-ақ бекітілген лимиттерден тыс мөлшерде шығарғаны үшін заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін төлемақысы. Экологияны жақсартуға бағытталған ең танымал іс-шаралар Халықаралық экологиялық ынтымақтастық • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 1972 ж. СТОКГОЛЬМ конференциясы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) жүзеге асыра бастады. • Бұл ұйым осы кезеңнен бастап жаһандық және аймақтық деңгейде экологиялық қызметті үйлестіруші орган болып табылады. ЮНЕП өз бағдарламаларын елдер және аймақтар ерекшеліктерін ескере отырып бекітеді. • Штаб-пәтері Кенияның Найроби қаласында орналасқан. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық • ЮНЕП жұмысшылары 100-ге жуық мемлекеттреден келеді. Олардың үштен-бірі (шамамен 1000 жұмысшы) Найробиде өмір сүреді және жұмыс жасайды. ЮНЕП-тің кеңселері: • Африка: Найроби, Кения • Азия және Тынық мұхиты: Бангкок, Тайланд • Еуропа: Женева, Швейцария • Латын Америкасы мен Кариб бассейні: Мехико, Мексика • Солтүстік Америка: Вашингтон Колумбия аймағы, АҚШ • Батыс Азия: Манама, Бахрейн 2018 жылдың ең маңызды қорытындылары кестеде көрсетілген. Табиғи жүйелерді сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидалары