Uploaded by Нурдаулет Омирзак

ЖұмағұлА.хо.122

advertisement
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Білім берудегі мультимедиялық технологиялар
Орындаған: Жұмағұл Алтынай 125-27А
Қабылдаған: Битурсын С
Шымкент қаласы, 2020жыл
Жоспары:
1. Мультимедиаға жалпы түсінік
2. Мультимедиалық технологиялардың әдістемелік мүмкіндіктері
3. Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде
пайдаланудың шарттары мен аспектілері
4. Мультимедианы оқытуда қолданудың артықшылықтары мен
кемшіліктері
5. Мультимедианың техникалық құралдары
Мультимедиа - компьютерлiк графикамен, суреттермен,
бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы
дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.
Мультимедиаға зерттеушi ғалымдар түрлiше анықтама бередi:
Мультимедиа - әртүрлi типтi ақпараттарды компьютердiң ұсыну мүмкiндiгiн
дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негiзделген
технология (D.Little).
Мультимедиа - әртүрлi формада ұсынылған ақпараттарды бiрiктiруге
мүмкiндiк беретiн компьютердiң аппараттық және бағдарламалық
құралдары кешенi (И.И.Косенко).
Мультимедиа - графика, гипермәтiн, дыбыс, анимация, бейнемәлiметтердi
пайдалануға мүмкiндiк туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал
(И.Вернер).
Мультимедиа терминi латын тiлiнiң „multy” (көп) және „media” (орта) деген
сөздерiнiң бiрiгуiнен құралған. Сондықтан да, мультимедиалық жүйеге
арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектердi саралай келе бұл терминге
„ақпараттық орта” деген мағына беруге болады. Ал, ақпараттық орта
түсiнiгiн белгiлi бiр ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған
процесс деп қабылдай аламыз.
Кез келген қарым-қатынас тілінде әртүрлі мағынада қолданылатын сөздер
бар. Сол секілді „мультимедиа” сөзін де бірнеше мағынада қолдана аламыз.
Яғни, мультимедиа –
•
әртүрлі типті ақпараттарды өңдейтін құралдарды жасаудың,
пайдаланудың тәртібін анықтайтын технология;
•
әртүрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсыну технологиясы негізінде
құрылған ақпараттық ресурс;
•
түрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсынуға мүмкіндік беретін
компьютерлік бағдарламалық жабдық;
•
пайдаланушыға барынша тиімді әсер ету мақсатында түрлі
бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық
технологиялар спектрі.
Мультимедиалық технологиялар - әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау,
өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық
жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер
мен тәсiлдер)жиынтығы. Мультимедианың бағдарламалық құралдары – кез
келген типті ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн
компьютердiң бағдарламалық жабдықтары. Мультимедиалық ресурстар мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар
көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер.
Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлiк
технологиялардың өркендеуi нәтижесiнде жүзеге асуда. Мультимедиа
статикалық (мәтiндiк, кестелiк, графиктiк) және динамикалық (анимациялық,
бейнелiк), дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды iске
асырады. Қазiргi таңда электрондық оқулықтарды, компьютерлiк оқыту
бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелiк оқу материалдарын
пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту
процесiндегi инновациялық әдiстердi жүзеге асыратын бiрден бiр
жаңа ақпараттық технология болып саналады.
Мультимедиалық технологиялардың әдістемелік мүмкіндіктері.
Мультимедиа түрлiше ақпаратты ұсынудың немесе пайдаланудың әртүрлi
әдiстерiн қолдануға мүмкiндiк бередi. Бiз қазiргi күнге дейiн
мультимедианың кейбiр түрлерiн күнделiктi тұрмыста қолданып келдiк.
Мысалы, теледидар және кино - мультимедианың құрамдас бөлiктерi.
Көптеген шет елдiк зерттеушiлер мультимедиа және гипермедиа ұғымдарын
бiр мағынада қарастырады. Мұнымен қатар, кейбiр ғалымдар мультимедиа
ұғымын гипермедиа ұғымының құрамына кiргiзедi. Мысалы, И.Браун
„гипермедиа - мультимедианың сызықты емес түрде ұсынылған жиынтығы”
деген пiкiр айтады. Бiздiң пiкiрiмiзше, мультимедиа - пайдаланушыға әртүрлi
типтi ақпараттарды бiрiктiрiп ұсыну технологиясы болса, гипермедиа пайдаланушының түрлiше типтi ақпараттардың бiрiнен екiншiсiне оңай
ауысуын жүзеге асыру технологиясы.
Мультимедиалық ақпарат түрлерiн (мәтiн, графика, анимация, дыбыс,
бейнеақпарат т.б.) өзара байланыстыру нәтижесiнде гипермедиа
технологиясы пайда болды. Гиперсілтеме – компьютердегі пайдаланушының
бір орындағы ақпараттан екінші орындағы ақпаратқа ауысуы үшін жасалатын
сілтеме. Гипермәтiн - әртүрлi мәтiндiк ақпараттардың бiрiнен кез келгенiне
сызықтық емес формада ауысу технологиясы. Гипермәтiн ұғымын 1965 жылы
американдық ғалым Т.Нельсон енгiзген. Оның айтуынша “гипермәтiн –
сызықтық емес түрде байланысқан жазбалар”. Гипермедиа (гиперорта) –
компьютер экранына текстографиялық тораптарды ғана емес, анимация,
графика, дыбыс, бейнеөнiмдердi де гипермәтiндiк жүйе ретiнде ұсынатын
технология.
Виртуалды нақтылық – пайдаланушыны стереоскопиялық негіздегі
виртуалды кеңістікте нақты уақыт кезеңінде жүргендей әсерге бөлейтін және
сол кеңістікте пайдаланушыға әртүрлі типті ақпараттарды ұсына алатын
мультимедиалық технология қызметі.ен мультимедиалық құралдар да
қолданылуда.
Модель – қандай да бір нақты объектінің қасиеттерін білу үшін, оны екінші
бір объекті арқылы сипаттау. Басқаша айтқанда, модель – бір құрылымды
екінші құрылым негізінде бейнелеудің нәтижесі. Кез келген модель белгілі
бір гипотеза негізінде құрылады және зерттеледі. Модельдеу – нақты
объектіні жан-жақты сипаттайтын ақпараттарды модельге ауыстыру процесі
мен әдісі.
Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде
шарттары мен аспектілері
пайдаланудың
Әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қызметін жоғары деңгейде көрсетуі
үшін мультимедиалық технологияларды пайдалана білуімен қатар, сол
аталған технологияларды тікелей оқыту процесінде қолданудың
қажеттіліктерін анықтай білуі керек.
Бірінші қажеттілік – дәстүрлі оқыту әдісінде тәжірибелік дәлелдеулері
жүзеге асырылуы мүмкін емес заңдылықтар мен теорияларды, ұғымдарды,
макро және микроәлем жөніндегі түсініктерді, пәнаралық байланыс
сипатындағы күрделі оқу материалдарын оқыту үшін студенттер мен
оқушыларда қажетті білімдер жүйесінің болуы.
Екінші қажеттілік – студенттер мен оқушыларда репродуктивті дағдының
қалыптасуы. Мұндай қажеттілік оқу экспериментін жобалау, оқу мазмұнына
қатысты мәліметтерді жинақтау, жүйелеу, жіктеу, талдау секілді іс-әрекеттер
кезінде байқалады.
Үшінші қажеттілік – студенттерде, оқушыларда шығармашалық
(креативтілік) дағдының қалыптасуы. Бұл қажеттілік күрделі есептерді шешу,
зертханалық эксперименттерді жүргізу, объектіні модельдеу, қандай да бір
процестің өтуіне әсер етуші факторларды анықтау кезінде байқалады.
Төртінші қажеттілік – студенттер мен оқушыларда белгілі бір тұлғалық
сапаның қалыптасуы. Бұл қажеттілік әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы
жас жеткіншектерді адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу кезінде көрініс
береді. Жастарда тұлғалық сапаның болуы оның қоғам алдында
жауапкершілігін күшейтеді.
Мультимедиалық технологияларды бiлiм беруде қолдану мынадай
педагогикалық мақсаттарға бағытталады:
1)
Ақпараттық қоғамда студенттiң, оқушының тұлғалық iс-әрекетiн
дамыту:
•
жеке тұлғаның ойлау деңгейiн жоғарылату, оның бойында бiлiм
қорын қалыптастыру мақсатында психологиялық-педагогикалық әрекеттер
қарқынын арттыру;
•
қабылдау, есте сақтау секiлдi iс-әрекеттердi жүзеге асыру iскерлiгiн
қалыптастыру және дамыту;
•
имитациялау, модельдеу процестерiн ұйымдастыру негiзiнде
студенттер мен оқушылардың эксперименттi-зерттеушiлiк қызметтерді
орындау ебдейлігін қалыптастыру.
2)
Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi оқыту процесiнiң барлық деңгейiн
жандандыру:
•
мультимедиалық технологиялардың мүмкiндiктерiн пайдалану
есебiнен оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн, сапасын арттыру;
•
түрлi пәндiк ортада ақпарат өңдеу құралдарын пайдалану арқылы
пәнаралық байланысты тереңдету;
•
мультимедиа-ресурстарды тиiмдi пайдалану негiзiнде ашық бiлiм беру
идеясын дамыту.
Қазiргi таңда өзiндiк iс-әрекеттi қалыптастыруда мультимедиалық
технологиялар:
•
микро және макроәлемдегі күрделi құбылыстар мен процестердi
модельдеу арқылы оқытуды жүзеге асыруға;
•
әртүрлi физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтiк т.б. өте
жылдам немесе жай өтетiн құбылыстарды кез келген уақытта оқып үйренуге
мүмкiндiк беру мәселелерiн шешуге бағытталуы керек
Мультимедианы оқытуда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Мультимедианың білім берудегі артықшылықтарына мысалдарды көптеп
келтіруге болады. Соның ішінде негізгілеріне тоқталайық:
•
білім мазмұнын құрылымдау технологиялары мен әдістерін жетілдіру;
•
дәстүрлі оқыту жүйесіне өзгерістер енгізу;
•
қосымша мотивациялық тіректерді пайдалану және оқытуды
дараландыру арқылы білім беру тиімділігін арттыру;
•
оқыту процесінде өзара қарым-қатынастың жаңаша формаларын
ұйымдастыру;
•
мұғалім мен оқушының, студент пен оқытушының іс-әрекеттер сипатын
өзгерту;
•
білім беру жүйесін басқару механизмін жетілдіру.
Кемшіліктері:
•
ұсынылған ақпараттың шектен тыс әртүрлі типте берілуі (кескін, дыбыс,
бейнемәлімет, анимация) студент пен оқушының негізгі мәліметті
қабылдауына кері әсер етуі мүмкін;
•
оқушының, студенттің экспериментті өз қолдарымен жасап көру
мүмкіндігінің болмауы;
•
оқытуды дараландыру оқытушы мен студенттің, мұғалім мен
оқушының бір-бірімен диалогты қарым-қатынас жасауына әсерін тигізеді;
•
мультимедиалық құралдарды шектен тыс қолдану
пайдаланушылардың денсаулығына кері әсер етеді.
Мультимедианың техникалық құралдары
Мультимедиалық ресурстарды дайындаудың бағдарламалық жабдықтары
Сурет, графика өнімдерін дайындау бағдарламалары.
Adobe Photoshop – сандық кескіндермен, растрлық графикамен жұмыс
жасауға арналған. Бұл бағдарлама кескіндерді әртүрлі жағдайда әсерлеу,
безендіру жұмыстарын орындайды. Растрлық графика файлдары GIF және
JPEG форматында сақталады.
Анимация жасау бағдарламасы.
Macromedia Flash анимациялық өнімдер жасауға арналған. Бұл бағдарлама
пайдаланушыға растрлық графикамен қатар векторлық графиканы да
пайдалануға мүмкіндік береді.
Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеу бағдарламалары.
Sound Recorder – дыбыстық файлдарды өңдеуге арналған Windows
операциялық жүйесінің қосымша бағдарламасы. Бұл бағдарлама дыбыстық
файлды құру, ашу, өңдеу (дыбыстық файлды үзінділерге бөлу, қиып алу, оны
басқа дыбыстық файлмен біріктіру, дыбысты беру жылдамдығын өзгерту,
дыбыстық файлды қандай да бір эффектімен толықтыру т.б.) сақтау
жұмыстарын орындайды.
Бейнеақпаратпен жұмыс жасау бағдарламалары.
IuVCR бағдарламасы - Microsoft DirectShow технологиясының базасында
құрылған. Ол бейнемәліметтерді AVI және WMV типті форматта жазып алуды
жүзеге асырады. Бағдарлама сонымен қатар, компьютерді теледидарлық
каналдарға бейімдеуді жеңілдетеді.
Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды
ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда:
•
дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);
•
телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту
теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);
•
проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық
проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
•
интерактивті тақта;
•
ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс,
ризограф);
•
компьютерлік құралдар;
•
телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік,
оптоволокондық желілер т.б.).
Интерактивті тақта – дәстүрлі тақтаның барлық оң сипаттамаларына ие; кең
ауқымды графикалық мүмкіндіктермен қамтылған; аз уақытта көп мәлімет
ұсына алатын; оқу мотивациясын арттырудың тиімді құралы болып
табылатын; оқытуды диалогты түрде ұйымдастыратын аппараттыбағдарламалық құрал.
Интерактивті проектор – білім беру процесінде қолдануға арналған,
проекциялық құрылғы мен интерактивті тақта қызметін бір өзі атқаратын
технология.
Медиавизор – мультимедиалық құрылғылардың бір орталыққа
жинақталған кешені
Медиавизордің ерекшелігі – мұнда компьютердің монитор экраны мен
интерактивті тақта экранының қызметін бір ғана құрылғы (кері проекциялы
сенсорлық экран) атқара алады.
Интерактивті панель – сымсыз электрондық қаламсап арқылы
пайдаланушыға қолжазбалық мәтін немесе графикалық фигуралар салуға
мүмкіндік беретін құрылғы. Панель бетіне мәлімет енгізу электромагниттік
технологияға негізделген.
Компакт-дискiлер. Мультимедианың басты мєселесi мультимедиалық
ақпаратты тарату және жеткiзу. Бұл мәселе оптикалық дискiлердiң түрлi
типтерiнiң пайда болу нєтижесiнде шешiлдi. Компакт-дискiлердiң пайда
болуы компьютерде пайдаланылатын кез келген көлемдi ақпараттарды
сақтауға, тасымалдауға зор мүмкiндiк туғызды.
CD-R дискілері. Соңғы уақыттарда мәліметті қайталап жазуға мүмкіндік
беретін компакт-дискілер (CD-R – Compact Disc Recordable) шыға бастады.
Мұндай компакт-дискілерге пайдаланушы керекті мәліметтерді арнайы CD-Rдискіжүргізушілері арқылы жаза алады. Мұнда жарық шағылдырғыш қабат
ретінде алюминий емес, лазерлік сәулені шағылдыру коэфициентін
жоғарылату мақсатында алтын қолданылады.
CD-R-ге пайдаланушы мәлімет жазғаннан кейін ол қарапайым компактдискі есебінде болып қалады. Мәлімет ішкі жолдан бастап сыртқы жолға
(яғни, диаметрі аз жолдан диаметрі көп жолға) қарай жазылады.
Компакт-дискiнiң түрлерi
CD – диаметрi 8 немесе 12 см, қалыңдығы 1.2 мм болатын мәлiмет сақтаушы
лазерлiк дискiлердiң жалпы атауы.
CD-WO (CD-Write-Once) - бiр рет қана мєлiмет жазылатын компакт-диск. CDROM стандартына сєйкес келедi.
CD-WORM (CD-Write-Once-Read-Many) - бiр рет қана мєлiмет жазылатын жєне
бiрнеше рет оқылатын компакт-диск. CD-ROM стандартына сєйкес келмейдi.
CD-DVІ (CD-Digital-Video-Іnteractive) - сандық бейнесигналды ақпаратты
жазатын интерактивтiк компакт-диск. Қозғалыстағы бейнекескiндердi
сақтауға арналған компьютердiң сыртқы есте сақтау құрылғысы ретiнде
қолданылады.
CD-EROM (CD-Eraseble-Read-Only-Memory) – бiрнеше мєрте мєлiмет жазуға
арналған компакт-диск. Сондықтан да ондағы ақпаратты өшiрiп тастауға
болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мультимедиа, мультимедиалық технологиялар ұғымдарын қалай
түсінесіз?
2. Мультимедиалық ақпарат түрлерін атаңыз.
3. Мультимедианың бағдарламалық құралдары не үшін қолданылады?
4. Мультимедиалық ресурстар дегеніміз не?
5. Гипермедиа, гиперсілтеме, гипермәтін түсініктерін талдап беріңіз.
6. Гипермедианың мультимедиадан айырмашылығы қандай?
7. Гипермедиа ұғымын басқаша қалай атауға болады?
8. Модель және моделдеу дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Есжанов А. Электрондық мультимедиа: ресурстары мен құралдары.//Қазақстан мұғалімі, 16 сәуір, 2008.
2. Егорова Ю.Н. Теоретические и практические аспекты мульти-медиа
технологии: монография.-Ч.:НАНИ ЧР, 2000. -189 с.
3. Досжанов Б.А. Мультимедиалық құралдардың оқыту процесіндегі
тиімділігін анықтау./ “Үздіксіз кәсіби білім беру: проблемалары мен
болашағы” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
материалдары. –Қызылорда: ҚМУ, 2006. –Б.191-193.
4. Досжанов Б.А. Тұлғаның танымдық іс-әрекетін мультимедиалық
технологияларды пайдалану арқылы дамыту. Қ.А.Ясауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысы. –Түркістан. 2007. -№3.
–Б.176-180.
5. Косенко И.И. Изучение мультимедиа в процессе подготовки учителя
информатики: дисс…канд.пед.наук. -Москва, 1999, -119с.
6. Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы. Оқу құралы.
–Қызылорда:ҚМУ, 2004, -81 б.
1. Мультимедиа дегенiмiз не?
A) Бiр ғана типтi ақпаратты ұсыну технологиясы
B) Әртүрлi типтi ақпараттарды компьютер желiсiне шығару технологиясы
C) Бағдарламалар жиынтығы
D) Компьютерлiк жүйе
E) Мәтiндiк, графиктiк, анимациялық, дыбыстық, бейнелiк
ақпаратпен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе
2. Сурет, сызба, график, диаграмма тәрiздi бейнелеу жолдары арқылы
берiлетiн ақпараттың түрi қалай аталады?
A) Графиктiк
B) Символдық
C) Мәтiндiк
D) Сандық
E) Кестелiк
3. Бiр ғана типтi ақпаратпен жұмыс iстеу технологиясы:
A) Гипермедиа
B) Мультимедиа
C) Мономедиа
D) Гиперорта
E) Полимедиа
4. PowerPoint бағдарламасы не үшiн қолданылады?
A) Бағдарлама құру үшiн
B) Бейнемәлiмет өңдеу үшiн
C) Презентация дайындау үшiн
D) Компьютерлiк желiлер үшiн
E) Бағдарламаларды үйлестiру үшiн
5. Бейнежады қандай қызмет атқарады?
A) Компьютерде ұзақ уақыт бейнемәлiметтердi сақтау iске асырады
B) Дыбыстық мәлiметтiң кодын сақтайды
C) Процессорға бейнемәлiмет жiбередi
D) Монитор экранына кескiнделетiн бейненiң сандық кодын сақтайды
E) Мәлiметтi енгiзу-шығару жұмысын атқарады
6. Гипермедиа дегенiмiз не?
A) Ақпараттардың сызықтық байланысы
B) Әртүрлi типтi ақпараттардың сызықтық емес байланысы
C) Бiр ғана типтi ақпараттардың сызықтық емес байланысы
D) Гиперақпаратты дайындаушы бағдарламалық жабдық
E) Байланыс ережелерi
7. Мультимедиа терминi қандай мағына бередi?
A) Көп орта
B) Техникалық орта
C) Бағдарламалар ортасы
D) Микроорта
E) Байланыс ортасы
8. Мәтiндiк ақпараттың бiрiнен екiншiсiне ауысу (мәтiндiк байланыс)
технологиясы қалай аталады?
A) Мультимедиа
B) Гипермәтiн
C) Гипермедиа
D) Полимедиа
E) Медиабайланыс
9. Бiрнеше рет мәлiмет жазуға болатын компакт-дискiлер қалай
аталады?
A) CD-DVІ
B) CD-EROM
C) DVD-ROM
D) DVD-A
E) DVD-R
10. Мына бағдарламалардың қайсысы дыбыс өңдеу үшiн қолданылады?
A) Adobe Photoshop
B) Sound Recorder
C) Flash
D) CoolEdit
E) GoLive
Download