Uploaded by Balnura kydyrbayeva

Final paper Academic Kazakh Kydyrbayeva Balnura

advertisement
EDUC 573: Academic Writing in Kazakh
Final Paper
Кыдырбаева Балнура
ЖАС МАМАННЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ТӘЛІМГЕРЛІКТІҢ РӨЛІ.
Абстракт
Тәлімгерлік білім беруде маңызды рөл атқарады. Ол жас мұғалімге көмектесуге
және мұғалімдердің кәсіби өсуіне бағытталған. Бұл тәжірибелі мұғалімнің жаңадан
келген мұғалімнің оқыту шеберлігін дамыту үшін қолданылатын күрделі процесс
(Hester and Setzer, 2013, as cited in Petrovska, Sivevska, Popeska & Runcheva 2018).
Жаңадан келген мұғалімдер оқыту практикасында бірқатар қиындықтарға тап болады.
Жаңадан келген мұғалімдердің мәселелерін шешудің бір тәсілі - бұл тиімді тәлімгерлік,
оларды қолдау және оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша бағыт-бағдар
беру. Сол арқылы жас маман өз тәжірибесін жетілдіреді. Ganser, Bainer, Bendixen-Noe,
Brock, Stinson, Giebelhaus, & Runyon (1998), жас мұғалімдер үшін, осы саладағы
алғашқы жұмыс тәжірибесін бастауда тәлімгерліктің маңыздылығын атап өткен. Жас
мұғалімдер сыныпты басқаруда тәртібі нашар және қабілеті төмен оқушылармен
қарым-қатынас жасау, беделділік орнату, оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнату,
сыныпты басқару және тәртіпті сақтау, сабақты дайындау және өткізу, оқушыларды
ынталандыру және олардың жұмысын бағалау сияқты қиындықтарға кезігеді.
Тәлімгерлік жас маман кездестіретін қиындықтарды шешуге және білікті маман
қалыптастыруына септігін тигізеді.
Бұл
мақалада
жас
маманға
қиындықтарды
тәлімгерліктің атқаратын рөлі қарастырылады.
жеңуде
және
кәсіби
дамуда
Зерттеу мақсаты – жас мамандардың тәжірбиелі ұстаз болып қалыптасуына
және кәсіби дамуына тәлімгерліктің атқаратын рөлін зерттеу. Сонымен қатар, ұстаздық
жолының алғашқы кезеңінде жас мамандардың қиыншылықтарын анықтау.
Зерттеу өзектілігі.
Ұстаз болу – ерен еңбек, жауапкершілік және өмір бойы білім алуды талап
етеді.
Алайда
жаңартылған
бағдарламаның
барлық
мектептерде
енгізілуіне
байланысты жоғары оқу орнын аяқтаған, ұстаздық еңбек жолын жаңа бастаған жас
мамандар біршама қиындықтарға тап болады. Оқыту мен оқу үрдісіне қатысты
сұрақтар туындайды, жаңа ортаға бейімдену уақытты талап етеді, осындай кезеңде
тәжірбиелі тәлімгердің әдістемелік көмегі жас маманға бағыт-бағдар беріп қана
қоймай, кәсіби дамуында орасан рөл атқарады. Статистикаға сүйенсек, жас мамандар
мектептегі қиыншылықтарды жеңе алмай, әріптестерінен ешқандай әдістемелік көмек
ала алмағандықтан, ұстаз мамандығын тастап басқа салаға ауысады. Сондықтан, жас
мамандардың кәсіби дамуына тәлімгерліктің қосатын үлесі зор.
Зерттеу сұрақтары:
1.
Жас мамандар еңбек жолын бастағанда қандай қиындықтарға тап болады?
2.
Жас маманның кәсіби дамуында тәлімгерліктің рөлі қандай?
Кілт сөздер: тәлімгерлік, жас маман, жас мамандар тап болатын қиыншылықтар,
кәсіби даму.
Мектептің негізі, қозғаушы күші – мұғалім. Кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім
атану жас маманнан толассыз еңбек пен үздіксіз оқуды талап етеді. Кез-келген жас
маманнан тәжірбиесі мол, жаңашыл оқу-әдістемелік құралдарды меңгерген, оқытуға
ынтасы бар, жауапкершілігі жоғары мұғалім тәрбиелеу білікті тәлімгерге байланысты.
Тәлімгерлік
-
тәжірбиесі
(Жанатбекқызы, 2018).
мол
маманның
тәжірбиесі
аз
маманмен
бөлісуі
Келесі анықтамаға сәйкес, “тәлімгерлік (mentoring) – ұзақ
уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі педагог) мен тәлім алушы (тәжірибесі аз
педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі”
болып табылады (Сахова, 2017, 1 б.). Сол себепті ұстаздық жолын жаңадан бастаған
жас маман үшін және оқытуда тәжірибесі жоқ мұғалімдер үшін тәлімгердің рөлі зор.
Тәлімгерліктің мақсаты – жас маманға еңбек жолын бастау кезеңінде кездесетін
қиындықтарды жеңуге көмектесу. Rakicioglu-Soylemez & Eroz-Tuga, (2014) тәлімгердің
жас маманның кәсіби дамуына қосатын үлесі орасан екенін атап өтеді. Тәлімгерлер
бақылаушы, кеңесші және проблемаларды шешуші сияқты әр түрлі рөлдерге ие
(Ganser, Bainer, Bendixen-Noe, Brock, Stinson, Giebelhaus, & Runyon, 1998). Яғни,
тәлімгер қажетті педеагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан жас
маманға қолдау көрсетеді. Алайда, оқыту үрдісіндегі қиындықтарға төтеп бере
алмаған, сапалы әдістемелік көмек крсетілмеген жас маманның ұстаздықты тастап
басқа салаға ауысу қаупі бар. Осы орайда, тәлімгерлік мамандықтан кету қаупін
азайтуға және жаңадан келген жас мұғалімдердің оқытуды жалғастыруына септігін
тигізеді (Murray, Mitchell & Dobbins, 1998).
Жас мамандар еңбек жолын бастағанда кездесетін қиындықтар
Жас мамандар үшін бірінші жыл әрқашан қиындықтарға толы жыл. Бұл кезеңде
жас маман тек оқытуда ғана емес, сонымен қатар мектепке бейімденуде де
қиыншылықтарға тап болады. Көптеген әдебиеттер жас мамандардың барлығы
кездестіретін негізгі жеті қиыншылықтарды айқындайды:
-
Сыныпты басқару;
-
Сабақ жоспарын құру;
-
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану;
-
Бағалау;
-
Ата-аналармен жұмыс;
-
Әріптестермен қарым-қатынас;
-
Мектеп әкімшілігімен қарым-қатынас (Bengtson & Connors, 2014 as cited in
Shamatov, 2006).
Жаңадан келген мұғалімдер жас болғандықтан, сыныпты басқаруда оқушылармен
жақсы қарым-қатынас орнату, тәртібі нашарлау және қабілеті төмендеу оқушылармен
қарым-қатынас жасау, тәртіпті сақтау сияқты қиындықтарға кезігеді және оларды
шешуде дағдылары болмауы мүмкін (Brock & Grady, 2001 as cited in Shamatov 2006).
Олар оқушылардың құрметіне және ықыласына ие болғысы және өздерінің беделін
орнатқысы келеді (Shamatov, 2006). Бұл мәселенің шешімі ұзақ уақытты, үздіксіз
ізденуді және тәлімгер тарапынан көмекті талап етеді.
Жас мамандардың барлығы дерлік өз пәндерін жетік меңгеруі мүмкін, алайда сол
білімдерін оқушыларға жеткізуде тәжірбиелері аз. Сондықтан, кең таралған қиындық
ол сабақты жоспарлау мен өткізу. Жас мамандар оқушылар деңгейіне және жас
ерекшелігіне баланысты оқытылатын материалдар таңдау, сабақ мақсатын және
критерийлерін құрастыру, мақсаттарға жету әдістері мен оқушылардың сабаққа
белсенді қатысуы үшін қолданылатын ынталандыру тәсілдерін
таңдау
сынды
қиындықтарға тап болады (Brock & Grady, 2001 as cited in Shamatov 2006). Тәжірбиелі
мұғалімдермен салыстырғанда, жас мамандар жоспарлау кезеңіне көп уақыт
жұмсайды, себебі бұл олардың алғашқы сабақ жоспарлауы және бұрын тәжірбиесі жоқ
болғандықтан, сапалы жоспар дайындау және сол жоспар бойынша сабақ өту қиынға
соғады (Bullough et al., 1992, as cited in Kadyrova, 2016). Ал сабақ өткізу барысында ең
қиыны уақытты әр тапсырмаға дұрыс бөлу және сабақ мақсатына жету үшін сол
уақытты жоспарланғандай тиімді жұмсау.
Оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану да жас маманға қиындық туғызады. Біріншіден, жас
мамандарға оқытуда тәжірибесі жетіспейді, сондықтан олар тек дәстүрлі оқыту әдісін
қолданады. Екіншіден, олар әріптестерінің қолдауына ие болмағандықтан жалғыз
жұмыс істеуі мүмкін (Plush & Kehrwal 2014). Әріптестерінің көмегінсіз жұмыс жасау
жас маманның сабағының сапасына және психологиялық жағдайына кері әсерін тигізуі
мүмкін. Дәстүрлі әдістердің жағымсыз салдары - бұл пәндік білімді практикамен
ұштастыра алмау және басқа пәндермен кіріктіру қиындықтары (Astin 1993; Hanson
2006, as cited in Haymore, 2011). Қазіргі уақытта барлық мектептерде жаңартылған
оқыту бағдарламасы кеңінен қолданылады. Жас маман оқушыға бағытталған (studentcentered) оқыту әдісін емес, көбінесе мұғалімге бағыттылған (teacher-centered) оқытуды
қолданады, бұл әдістің кемшілігі - мұғалім оқушылардан гөрі көбірек сөйлейді, оның
салдары оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Дегенмен, оқушыларға бағытталған оқытуды тиімді қолдану қоғамда табысты болуға
қажетті оқушылардың дағдыларын жетілдіреді (Haymore, 2011).
Жаңартылған мектеп бағарламасымен қатар критериалды бағалау жүйесі 2016-2017
оқу жылынан бастап республиканың барлық мектептерінде енгізілуде. Сабаққа табыс
критерийлерін құру, тапсырмаларға критерийлер құрастыру және сол рубрикалар
бойынша оқушыларды объективті бағалау, әрі кері байланыс беру әрбір жас маманға
өзекті мәселе. Бағалау жүйесін жетік меңгеру яғни мейлінше әділ, объективті бағалау
жас маманмен оқушының қарым-қатынасына әсер етеді.
Жалпы орта мектептерде жас маманға сынып беріледі және олар ана-аналармен
жиналыс өткізу сынағынан өтеді. Тәжірбиесі жоқ жас маманға ана-аналардың
сенімсіздікпен қарайтыны жасырын емес. Әрбір ата-ана өз баласына тәжірбиесі мол,
білікті мұғалім сабақ бергенін қалайды. Сол себепті, бұл кезеңде тәлімгерден білім алу,
оның ата-аналармен жұмыста қолданатын әдістерін үйрену өте маңызды.
Әріптестермен жақсы қарым-қатынас орнату жас мамандар үшін сынақ секілді,
себебі
кейбір
мұғалімдер өз
білімімен, тәжірбиесімен
бөліскісі келеді
жас
мамандармен, ал кейбіреулері тәжірбиені әр мұғалім өзі қателіктер жасау арқылы
жинайды деп сенеді. Shamatov (2006), жас мамандар туралы еңбегінде мұғалімдер
өздерінің еңбек өтіліне байланысты сыныптар мен пәндерді бірінші таңдайды және жас
мұғалімдерге тәртібі мен үлгерімі нашар сыныптар қалатынын атап көрсеткен.
Мектеп әкімшілігі жас мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсетеді және жаңа жұмыс
орнына бейімделуге көмектеседі. Мектеп әкімшілігі жас мұғалімдердің қабілеттерін
мұғалімнің сыныпты басқару деңгейіне және тәртіпті қалай басқаратынына қарай
бағалайды (Veenman 1985, as cited in Shamatov, 2006). Сондықтан, жас мамандар
әкімшілігімен қарым-қатынас жасауда алаңдаушылық пен сенімсіздік сезінеді.
Жас маманның кәсіби дамуында тәлімгерліктің рөлі
Кәсіби даму дегеніміз - бұл кәсіби өмірде мұғалімнің білімін, дағдыларын,
тәжірибесін, құзіреттілігін және біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру жаңадан
келген мұғалімдерді мектепте ұстап қалу үшін маңызды рөл атқарады (McKenzie et al.,
2005) және оқушылардың жетістіктеріне оң әсер етеді (Chapman et al., 2012, as cited in
Koroleva 2017). Нәтижесінде кадрлық тұрақсыздық мәселесін шешуде таптырмас
құрал.
Көптеген
халықаралық
зерттеулер
тәлімгерлікті
мұғалімдердің
кәсіби
шеберлігін жүйелі түрде дамытудың бір әдісі ретінде санайды (Hudson, 2013).
Тәлімгерлік – жас мамандарға қиындықтарды жеңуге және кәсіби білікті маман
болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Оқушының үлгерімі оқытушылар құрамының
сапасына тікелей байланысты: мұғалімнің білімі мен педагогикалық шеберлігі
неғұрлым жақсы болса, оқушылардың оқу үлгерімі соғұрлым жоғары болады (Pons et
al., 2015, as cited in Koroleva, 2017). Сондықтан жас маман еңбегінің жемісті болуы
және оқушыларының білім деңгейін арттыру үшін тәлімгермен бірлесе жұмыс жасау
міндетті.
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жас мұғалімдер қажетті
дағдыларды игеруі керек, сондықтан мұғалімдердің кәсіби білімі мен дағдыларын
үнемі жетілдіру маңызды мақсаттардың бірі болып табылады. Кәсіби құзіреттілік
арқылы мектептің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік емтихандарда жоғары
нәтижелерге қол жеткізуге тырысады (Ehrich & Hansford, 1999, as cited in Koroleva,
2017).
Жас маманның кәсіби дамуына тәлімгердің атқаратын рөлі зор, себебі ол ісәрекеттерімен, ойы, сөзі және ісінің бірізділігімен және біліктілігімен үлгі бола алады.
Сонымен қатар тәлімгер:
Жас маманға жоспар құруына көмек көрсетіп сабақтарына қатысқаннан кейін
дұрыс кері байланыс жасап, сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарына көңіл
бөліп, сәтсіз тұстарды болдырмау үшін жолдарын көрсетіп ұсыныс ретінде
айтатын болса, онда жас маман әрекет жасауға бейімделетіні анық ( Даулетова
& Курманова, 2020, б. 39).
Жас маман сабағына қатысып, конструктивті кері байланыс беріп, сыныпты басқаруда,
бағалауда, жоспар құруда, ата-аналар мен әріптестермен жақсы қарым-қатынас
орнатуда тәжірбиесімен бөлісу арқылы тәлімгер білікті маман тәрбилеуге септігін
тигізеді. Сонымен қатар, бірлесе жоспарлау жас маманның қорқынышынан арылуға
көмектеседі әрі сенімділікті арттырады. Жас маман сабақ жоспарына қатысты өз ойын
еркін жеткізе алады және қолданылған әдіс – тәсілдердің қандай негізде таңдалғаны
туралы тәлімгерден сұрай алады, сол арқылы жоспарлаудың дұрыс және бұрыс
түрлерімен танысады.
Кәсіби біліктілікті арттырудың тағы бір жолы – түрлі семинарлар мен
практикалық треннингтер өткізу. Жас мамандар оқытуға қатысты пайдалы кеңестер
ала алады және тапсырмалар жасау арқылы білімдерін шыңдайды. Алайда, жұмыстың
көптілігіне байланысты кейде семинар өткізуге уақыт тапшы.
Тағы бір кәсіби даму жол ол өзара сабаққа қатысу. Жас маман тәлімгерден өзіне
қажетті сабақ ала алады. Оқытуда қандай да бір қиыншылық болса, тәлімгерден сол
мәселенің шешімін табады. Тек жас маман ғана емес, тәлімгер де өзіне қажетті
пайдалы әдіс, стратегия үйрене алады.
Кәсіби даму – үздіксіз үрдіс. Кез-келген мұғалім заман талабына сай болу үшін
үнемі біліктілікті арттырып отыруы керек, әсіресе жас мамандар.
Қорытынды
Бұл мақалада тәлімгерліктің жас маманның кәсіби шеберлігін дамытуда
атқаратын рөлі зерттелген. Жас маман тәжірбиелі маман атану үшін үздіксіз еңбек ету
керек және оқу қажет. Алайда, жоғары оқу орнын жаңадан бітірген мұғалім үшін
теориялық білімді практикада тиімді қолдануда тәлімгерліктің ықпалы зор. Тәлімгер
жас маманмен өз тәжірбиесімен бөліседі, бағыт-бағдар береді, оқытуға қатысты
мәселелерді шешуге көмектеседі, жоспарлау мен сабақ беруде кеңес береді.
Егер
жаңадан еңбек жолын бастаған маман әріптестерінен көмек алмаса, мұғалімдікке деген
ынтасы төмендейді және басқа салаға ауысу қаупі пайда болады. Сондықтан тәлімгер
мен жас маманның бірлесе жұмыс жасауы жас мамандарды ынталандырып қана
қоймай, білімі, біліктілігі және құзіреттілігі жоғары ұстаз тәрбиелеуге қосар үлесі
орасан.
Жас мамандар мен кәсіби даму арасындағы байланысты дәлелдемелермен
көрсету үшін болашақта сапалық зерттеуді талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Даулетова Д., & Курманова М. (2020). “Жас маманның – кәсіби құзіреттілігін
қалыптастырудағы тәлімгер- ұстаздың рөлі”. Алынған
http://is.nkzu.kz/publishings/%7B22356E5C-455C-4DF6BBC628E713E7A4D4%7D.pdf#page=39
Жанатбекқызы, Ә. (2018). “Тәлімгерлік - мекеме қызметкерлерін дамыту жүйесінің
элементі ретінде”. Алынған http://edunews.kz/ruhanijangiru/777-tlmgerlk-mekemeyzmetkerlern-damytu-zhyesn-element-retnde.html
Жолдасова, А. (2019). “Мектепте жас мамандарды қолдауды ұйымдастыру”. Алынған
http://zkoipk.kz/kz/nconf2019/2-section/4796-conf.html
Ganser, T., Bainer, D. L., Bendixen-Noe, M., Brock, B. L., Stinson, A. D., Giebelhaus, C., &
Runyon, C. K. (1998). Critical Issues in Mentoring and Mentoring Program for
Beginning Teachers.
Haymore, J. (2011). Preservice Teachers ’ Conceptions of Effective and Ineffective Teaching
Practices. (2), 27–47.
Hudson, P. (2013). Mentoring as professional development:‘growth for both’mentor and
mentee. Professional development in education, 39(5).
Kadyrova, S. (2017). The Role of the Mentor in the First Year of Teaching. NUGSE Research
in Education.
Koroleva, Y. (2017). The Role of Mentoring in Teacher Professional Development.
Nazarbayev University Graduate School of Education.
McKenzie, P., Santiago, P., Sliwka, P., & Hiroyuki, H. (2005). Teachers matter: Attracting,
developing and retaining effective teachers. OECD
Murrey, S., Mitchell, J., & Rosie, D (1998). An Australian mentoring program for
beginning teachers: benefits for mentors. Australian Journal of Teacher Education., 23
(1).
Petrovska, S., Sivevska, D., Popeska B., Runcheva J. (2018). Mentoring in teaching
profession. 6
(2). https://doi.org/10.5937/ijcrsee1802047P
Plush, S. E., & Kehrwald, B. A. (2014). Supporting New Academics. Use of Student Centred
Strategies in Traditional University Teaching Supporting New Academics. Use of
Student Centred Strategies. 11(1).
Rakicioglu-Soylemez, A., & Eroz-Tuga, B. (2014). Mentoring Expectations and
Experiences of Prospective and Cooperating Teachers during Practice Teaching.
Australian Journal of Teacher Education, 39(10).
http://dx.doi.org/10.14221/ajte.2014v39n10.10
Сахова, А. (2017). “Тәлімгерлік – мұғалім тәжірибесін жетілдіру үдерісі”. Алынған
http://sabaq.kz/%D1%82%D3%99%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B3%D0%B5%D1%
80
D0%BB%D1%96%D0%BA%D0%BC%D2%B1%D2%93%D0%B0%D0%BB%D1
%96%D0%BC%D1%82%D3%99%D0%B6%D1%96%D1%80%D0%B8%D0%B1%
D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD-%D0%B6%D0%B5/
Shamatov, D. A. (2006). Beginning teachers’ professional socialization in post-Soviet
Kyrgyzstan: The challenges and coping strategies. Quality in education: Teaching and
leadership in challenging times, 2, 601-613.
Download