Uploaded by zhumanova_gaziza

Салауат түрлері

advertisement
Оқылуы: «Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд»
Оқылуы: «Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм»
Оқылуы: «Аллаһуммә салли ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә
Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә
Ибраһимә иннәкә хамиидун мәжиид»
Мағынасы: «Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына салауат
еткеніңдей (мейірімің мен разылы-ғыңа бөлегеніңдей) хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.)
және оның отбасына салауат еткейсің. Шын мәнінде, Сен бар мақтау мен мадаққа
лайықсың әрі ең Ұлысың!».
Оқылуы: «Аллаһуммә бәәрик ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә
Мухаммәдин кәмә бәәрактә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә
Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид».
Мағынасы: «Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына береке
бергеніңдей, Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына да береке бере гөр. Шын
мәнінде, Сен – бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі ең Ұлысың!»
Оқылуы: «Аллаһуммә салли алә Мұхаммәдин уә алә әзуәжиһи уә алә
зурриятиһи кәмә салләйтә алә Ибраһимә, уә бәрик алә Мұхаммәдин уә алә
әзуәәжиһи уә алә зурриятиһи кәмә бәәрактә алә Ибраһимә, иннәкә Хамидун
Мәжидун»
Мағынасы: (Уа, Алла тағалам! Ибраһимге салауат еткеніңдей, Мұхаммедке
және оның жұбайлары мен ұрпақтарына да салауат еткейсің. Сондай-ақ,
Ибраһимге береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның жұбайлары мен
ұрпақтарына да береке бергейсің. Шын мәнінде, Сен әр алуан мақтау мен
мадаққа лайықсың әрі Ұлысың!)», – деп айтыңдар», – деген (Бұхари,
дағауат, 33; Муслим, саләт, 69).
Download