Uploaded by Диана Меденова

Рухани жаңгыру бағдарлама перевод

advertisement
Ф. 7.03-07
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«Бекітемін»
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Оқу және ОӘЖ жөніндегі проректор
Байболов Қ.С.
«____»____________2019 ж
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Рухани жаңғыру» пәні бойынша
жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған
кредит саны - 2
Шымкент, 2019 ж
Құрастырушылар:
1. т.ғ.к., доцент Жұмабеков М.У.
2. PhD доктор, аға оқытушы Турекулова Ж.Е.
Бағдарлама «Философия және мәдениеттану» кафедрасының мәжілісінде
талқыланып ұсынылған «____»_______ 2019 ж. Хаттама №____
Кафедра меңгерушісі
Жұмабеков М.У.
Бағдарлама «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті әдістемелік
комиссия мәжілісінде талқыланған «____»_______ 2019 ж. Хаттама №____
Әдістемелік Кеңес төрайымы
Ким Э.П.
Бағдарлама М.Әуезов атындағы ОҚМУ әдістемелік Кеңес мәжілісінде
мақұлданып, ұсынылған.
«_____»________ 2019 ж. Хаттама №
ОӘБ жетекшісі __________________________
© М. Әуезов атындағы Оңтүстік – Қазақстан мемлекеттік университеті, 2019
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазіргі таңда біз ғаламдық деңгейдегі экономикалық, саяси және
рухани дағдарыстардың куәсі болып отырмыз. Мемлекеттер арасындағы
келісімнің болмауы, өркениет және дін аралық мәселелердің өзгеруі
жағдайында әрбір Қазақстандық азаматтың жүрегінде менің елімде бейбіт
өмір тұрақты болып, әлемдік деңгейдегі кикілжіңдерден сақтансақ екен деген
ой мазалайды. Бейбітсүйгіш ел ретінде отанды, елді, елдікті, тілімізді,
дінімізді сақтау, ғаламданудың кері жақтарынан сақтану қазіргі таңдағы ең
маңызды міндет.
Бұл жолда әрбір Қазақстан Республикасының азаматының көкейінде,
қазіргі ғаламдану кезеңінің қауіп-қатерлерінен сақтанып, халқымыз
болашақта «бейбіт өмір сүріп, жаңа серпіндер, жетістіктерге жете беруін»
қандай жағдайда жүзеге асыруға болады деген маңызды мәселелер тұр. Сол
үшін бізге жаңа қағидатқа негізделген, тұжырымдамалық – мазмұндағы және
рухани жауапкершілікті жүктейтін жаңа өмірлік ұстанымдар қажет.
Қоғамның осы бағыттағы бағдар шамы бұл – Елбасының « Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.
Пән бағдарламасы, 2017 жылғы 12 сәуірде Елбасының «Болашаққа
бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы негізінде
және қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын
іске асыру
мақсатында әзірленді.
Бағдарламада, Қазақстан халқын Қазақстан Республикасының әлемнің
ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатына қол жеткізуге жұмылдыруға
үндейтін және «Рухани жаңғыру» ұлттық сананы рухани жаңғырту және
жаңарту ұлттық идеясының барлық бағыттары қарастырылады.
Пәннің мақсаты – студенттер арасында рухани жаңғыру және ұлттық
сананы жаңарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу,
бағдарламалық мақалада жарияланған идеяларды насихаттау және іске
асыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Пәннің міндеттері:
- қоғамдық сананы жаңғыртуға негізделген әлеуметтік-гуманитарлық
құндылықтарды білу және түсіну;
- белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететін
гуманитарлық және әлеуметтік-мәдени білімге ие болу.
- студенттердің рухани-адамгершілік бағдарларын, қазақстандық жаңа
патриотизммен орнықты құндылықтар жүйесін және жалпыға ортақ еңбек
қоғамының жасампаздық негіздерін қалыптастыру;
- жас ұрпақты жат идеология ықпалынан үздіксіз қорғау ретінде
ұлттық символиканы құру және ілгерілету, өзіндік ұлттық брендтерді
қалыптастыру;
- жаһандық әлемде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті ілгерілету.
Пәнді игеру нәтижесінде:
Білу – Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының және
идеологиясының негізгі теориялық ережелерін, негізгі санаттарын, қазіргі
бағыттары мен тұжырымдамаларын.
Қабілетті – елдегі жағдайға талдау жасауға, қажетті ақпараттарды өз
бетінше өңдеуге, өз ойын толық жеткізе білуге, шығармашылық әлеуетті
пайдалана отыра қорытындылар жасауға.
Игеру – әлеуметтік өзгерістер жағдайында саяси мәселелерді шешуге
бағытталған тәжірибелік дағдыларды және қазіргі кездегі қолданылатын
түсініктік аппаратты.
Қолдану – тәжірибеде пәннің негізгі теориялық ережелерін және
тұжырымдамасын.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Тақырып 1 Ұлттық идея
Тақырып 2 ХХІ ғасырдағы ұлттық сана
Тақырып 3 Бәсекелік қабілет
Тақырып 4 Прагматизм құндылықтары
Тақырып 5 Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Тақырып 6 Білімнің салтанат құруы
Тақырып 7 Қазақстанның эволюциялық дамуы
Тақырып 8 Сананың ашықтығы
Тақырып 9 Латын әліпбиіне көшу
Тақырып 10 Жаңа гуманитарлық білім.
Тақырып 11 Туған жер бағдарламасы және Қазақстандағы 100 жаңа есім
жобасы
Тақырып 12 Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы
Ұсынылатын семинар сабақтарының тақырыптары
Ұсынылатын СӨЖ тақырыптары
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
«Рухани жаңғыру» пәнінің нысаны, санаты, мақсаты мен міндеттері.
«Рухани жаңғыру» оқу пәнінің гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орны.
Республика халқының түбегейлі мүдделерін қозғайтын жобалар, заңдар,
тұғырнамалар. Саяси, экономикалық, мәдени және идеологиялық өзгерістер.
Тақырып 1 Ұлттық идея
Ұлттық идея: қалыптасу және даму үдерістері. Қазақ халқының ауызша
және жазбаша тарихи ескерткіштеріндегі ұлттық идея көрінісі. Әл-Фараби,
Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектеріндегі
ұлттық идея. «Қазақ Елі» идеясы және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеялары арақатынасы. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының теориялық-тұжырымдамалық
аспектілері. Елбасы Н. Назарбаев еңбектеріндегі ұлттық идеяның теориялық
және тәжірибелік дамуы. Қазақстан Республикасындағы ұлттық идея және
идеология мәселелері. Қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы
ұлттық идеяның мәні. Мемлекеттік билікті қалыптастырудағы ұлттық
идеяның мазмұны.
Тақырып 2 ХХІ ғасырдағы ұлттық сана
«Ұлттық сана» түсінігі. «Ұлттық идеяның» әлеуметтік-философиялық
және тарихи негіздері. «Ұлттық сананың» құрамдас бөліктері (тарих, тіл,
дәстүр және әдет ғұрыптар). Қазақ ұлтының қалыптасуының тарихи
ерекшеліктері. Қазақ халқының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері. Ұлтқа
деген сүйіспеншілік және ұлттық мақтаныш сезімдерін қалыптастыру
мәселелері. Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сана. Қазақ ойшылдары мен
ағартушыларының шығармаларындағы «ұлттық код» концепциясы.
Тақырып 3 Бәсекелік қабілет
Саяси реформа және экономикалық жаңғыру. Қазақстандық дамудың
жаңа кезеңі – жан-жақты жаңғыртуды жеделдету. Бәсекеге қабілеттілік –
қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті.
Жоғары технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға
бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия. Цифрлы Қазақстан»
бағдарламасы. Цифрландырудың жаһандық трендтері және халықаралық
тәжірибе. Экономика салаларын цифрландыру. Цифрлық мемлекетке көшу.
Цифрлық Жібек жолын іске асыру. Адами капиталды дамыту. Инновациялық
экожүйені құру.
«Үш тілде білім беру» және «Мәдени және конфессияаралық келісім»
бағдарламалары. Қазақстан –толерантты қоғамды зайырлы мемлекет.
Отансүйгіштік, ұлттық дәстүр және мәдениет –ұлттың рухани негізі.
Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы. Ұлтаралық татулық – Қазақстан
Республикасында тәуелсіздік пен демократияны
Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы.
нығайтудың
негізі.
Тақырып 4 Прагматизм құндылықтары
Прагматизм түсінігі. Классикалық прагматизм. Прагматизмнің діни
және этикалық негізі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың прагматистік ұстанымы:
нақтылық, дәлдік, тиімділік, пайдалылық, нәтиже, кез келген күрделі
ахуалдан тез шығудың жолы, сөзден іске көшу т.б. қағидалары.
Ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу.
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби
тұрғыдан жетілуге басымдық таныту.
Тақырып 5 Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Азаматтық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру саласындағы әлемдік
тәжірибе. «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту
тұжырымдамасы. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени,
этникалық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық
құндылықтар. Қазақстанның жаңа елордасы – қазақстандық бірегейлік пен
бірлікті қалыптастырудың айшықты символы. Бірлік пен келісімнің «Бірлік –
әралуандылықта», «Бір ел – бір тағдыр» сияқты тұғырлық қағидаттары.
Қазақстандағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей
үлгісінің авторы және архитекторы – Президент Н.Ә. Назарбаев. «Менің
елім» жалпыұлттық жобасы. «Қазақстан энциклопедиясы» интернет жобасы.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы. «Нұрлы болашақ» жалпыұлттық
жобасы. Болашағы біртұтас ұлттың негізі ретінде жаңа қазақстандық
патриотизмді қалыптастырудың негізгі тұжырымдары мен тәсілдері. Жаңа
қазақстандық патриотизм, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттары
негізінде білім беру және жастар саясаты саласындағы жұмыс. Отбасылықдемографиялық және гендерлік саясатты және оның отбасы институтын, ана
мен бала құндылықтарын нығайту жөніндегі құндылық негізін жаңғырту.
Экономика мен әлеуметтік еңбекпен қамту сегменттері ретінде мәдениетті,
туризмді және спортты дамытудың жаңа стратегиялық тәсілдері.
Тақырып 6 Білімнің салтанат құруы
Мемлекеттік жастар саясатының маңызды бағыттары. Қол жетімді және
сапалы білімді қамтамасыз ету. Білім жобалары: «Болашақ» халықаралық
бағдарламасы. «Назарбаев – Зияткерлік мектептері». «Назарбаев –
Университеті». Жастарды әлеуметтендіру мәселелері.
Жалпы ұлттық
бастама «Ауыл жастары». «Жас кадрлар резерві» жобасы. Жастардың
әлеуетін ашу. Еңбегіне қарай ілгерілету. Жастар бастамаларын қолдау.
Қаржылық кепілдіктер. Мемлекетпен диалог. Мақсатты топтармен жұмыс. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор
сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлау. Әлемдік
стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыру.
Тақырып 7 Қазақстанның эволюциялық дамуы
Жүйелі жаңғыру және қайта жаңғырған мемлекеттілік. Заманауи үлгідегі
бәсекеге қабілетті нарықтық экономика. Эволюциялық саяси даму және
қоғамдық тұрақтылық. Әлеуметтік бағыттағы мемлекет құру. «100 нақты
қадам» ұлттық жоспары.
Кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Заңның
үстемдігін қамтамасыз ету. Индустрияландыру және экономикалық өсім.
Біртектілік және бірлік. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. Қазақстан
Президенті Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты
халыққа үндеуі.
Тақырып 8 Сананың ашықтығы
Қоғамды рухани жаңғырту мен сананың ашықтығын қалыптастыруда
және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы бұқаралық ақпарат құралдарының
рөлі. Қазіргі замандағы идеологиялық жағдай. Жаңғыру және жаһандану
үрдістерінің ұлттардың мәдени құндылықтарына ықпалы. Білім берудің
түрінің, мазмұнының, әдістерінің өзгеруі. Жаһандық және ақпараттық
кеңістік жағдайындағы бұқаралық мәдениеттің таралуы: позитивті және
негативті ағымдар. Жаһандану дәуіріндегі мемлекеттің дәстүрлі
құндылықтарының әлсіреуі және мемлекеттің ұлттық егемендігінің шектелуі.
Ақпараттық технологиялар арқылы ұлттық менталитетке, мәдениетке және
адамдардың сана-сезіміне ықпал жасау мүмкіндігі. Мәдени дипломатия және
«Жұмсақ күшті» жүзеге асырудың механизмдері.
Тақырып 9 Латын әліпбиіне көшу
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО
Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа
әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы. Мемлекеттік тілді
реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселе.
Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі. Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан
латын графикасына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығы.
Латын графикасына көшу бойынша негізгі жұмыс бағыттары. Қазақ
тілі әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру
бойынша іс-шаралар жоспары. Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің
жобалары. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық
комиссия жұмысы.
Тақырып 10 Жаңа гуманитарлық білім.
Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану
және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беру.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасының мәні. Жаңа оқулықтар –
эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Ғылыми тәжірибеде қолданылатын
барлық терминдерді жүйелендіріп, гуманитарлық және экономикалық
лексиканың жаңа түсіндірме сөздігін шығару жұмысы. «Қазақстанның ашық
университеті».
Тақырып 11 Туған жер бағдарламасы және Қазақстандағы 100
жаңа есім жобасы
«Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің өзегі. «Туған
жер» бағдарламасын іске асыруда негізгі тұжырымдамалық тәсілдер. Тәрбие
және білім. Қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін күшейту және
атамекенге деген жауапкершілікті күшейту. Туған жердің тарихын және
мәдениетін құрметтеу. Тарихи- өлкетану қызметі арқылы тәрбиелеу үлгісі.
Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны
жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беру, жергілікті
деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру
жұмыстары.
Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан
нақты адамдарды қоғамға таныту. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал
етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастыру. «100 жаңа есім»
жобасының өңірлік нұсқасын жасау.
Тақырып 12 Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы
«Мәдени-географиялық белдеудің» рөлі мен оған енетін орындар.
Тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерделеу және танымал ету бойынша,
жалпыұлттық сипаттағы елдің мінәжат объектілерін және рухани салтдәстүрлерін нығайту жөніндегі жобаларды іске асыру. Жалпыұлттық және
жергілікті объектілер тізімін, материалдық емес және материалдық мәдени
мұраның ұлттық тізілімін қалыптастыру, жүйелендіру. ЮНЕСКО, ИКОМОС
(Ескерткіштер мен көрнекі орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңес),
ТҮРКСОЙ (Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы), ИСЕСКО (Білім,
ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы) сияқты шетелдік
жетекші ұйымдармен ынтымақтастық. Қазақстанның ЮНЕСКО-ның
«Мәдени өзін-өзі таныту нысандарын қорғау және көтермелеу туралы»
конвенциясына қосылуы. «Алтай маржаны» кластері. «Ұлы Жібек жолын
жаңғырту» кластері. Ежелгі Түркістан мен «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік
тарихи-мәдени музей-қорығының ескерткіштері, ортағасырлық Отырар
қалашығы мен Отырар оазисінің археологиялық объектілері, Сауран
археологиялық кешені, Ақыртас сарай кешені, палеолиттік учаскелері мен
геоморфологиясы бар Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы, ЮНЕСКО-ның
алдын ала тізіміне енгізілген Арпа-Өзен петроглифтері, Қорқыт ата
мемориалдық кешені және тағы басқалар. «Каспий қақпасы» кластері.
ҰСЫНЫЛАТЫН СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Тақырып 1 Ұлттық идея
Тақырып 2 Жаһандану және ұлттық идея
Тақырып 3 ХХІ ғасырдағы ұлттық сана
Тақырып 4 Ұлттық мәдениет
Тақырып 5 Бәсекелік қабілет
Тақырып 6 Прагматизм құндылықтары
Тақырып 7 Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Тақырып 8 Білімнің салтанат құруы
Тақырып 9 Қазақстанның эволюциялық дамуы
Тақырып 10 Сананың ашықтығы
Тақырып 11 Латын әліпбиіне көшу
Тақырып 12 Жаңа гуманитарлық білім.
Тақырып 13 Туған жер бағдарламасы
Тақырып 14 Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы
Тақырып 15 Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы
ҰСЫНЫЛАТЫН СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Қазақстанда тегін білім беру қолжетімділігінің артықшылықтары
2. «Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы»
3. Сана мен ойлаудың жаңа үлгісін әзірлеу: олардың Қазақстан
Республикасында жүзеге асуының негізгі стратегиялары мен бағыттары
4. Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа
моделінің стратегиясы»
5. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті
6. Қазақ ұлтының мәдени коды.
7. Мәдени және этникалық бірегейлікті сақтаудағы қазақ ұлтының мәдени
кодының рөлі
8. Жаһандану және қазіргі жаһандық қауіп қатерлер
9. ЮНЕСКО, ИКОМОС (Ескерткіштер мен көрнекі орындарды сақтау
жөніндегі халықаралық кеңес), ТҮРКСОЙ (Түркі мәдениетінің халықаралық
ұйымы), ИСЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам
ұйымы) сияқты шетелдік жетекші ұйымдармен ынтымақтастық.
10. Қазақстанның ЮНЕСКО-ның «Мәдени өзін-өзі таныту нысандарын
қорғау және көтермелеу туралы» конвенциясына қосылуы.
11. Елбасы Н. Назарбаев еңбектеріндегі ұлттық идеяның теориялық және
тәжірибелік дамуы.
12. Қазақстан Республикасындағы ұлттық идея және идеология мәселелері.
Қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы ұлттық идеяның мәні.
13. Мемлекеттік билікті қалыптастырудағы ұлттық идеяның мазмұны.
14. «Ұлттық сана» түсінігі.
15. «Ұлттық идеяның» әлеуметтік-философиялық және тарихи негіздері.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл – Алматы.2000.
2. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында – Алматы: Өнер, 1996.
3 Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. –Алматы: Жібек жолы, 2012
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. –Алматы: Жібек жолы, 2012
5. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра, 1999
6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар
7. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017
8. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» 12 сәуір 2017
9. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.
10.Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық
аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
11. Барнард Алан. «Антропология тарихы мен теориясы»/пер. на каз.яз. Под
руков. Кульсариева А.Т., Масалимова А.Р. – А., 2017.
12. Всеобщая история живописи. – М., ЭКСМО, 2010.
13. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ
университеті, 2016.
14. Шваб Клаус Мартин «Төртінші индустриалық революция» / пер на каз.яз.
– А., 2017.
15. Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз The Social Animal: әлеуметтік
психологияға кіріспе: [оқулық] / Э. Аронсон ; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [және т.
б.]. - 11-бас. - Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. - 407
Download