ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ, БАҚ және мерекелік іс-шараларда «Бірінші медициналық» (орыс. Первый медицинский) ) — 1930 жылы негізі қаланған Қазақстандағы тұңғыш және жетекші[3] медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына (ағылш. International Handbook of Universities (IHU)) енгізілген жоғары оқу орындарының бірі. • С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалымоқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар. • Логотиптің ортасында «Ұ» әрібі (университеттің ұлттық мәртебесін айқындап, оның терең тарихын шертеді) орналасқан. Әріптің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы бейнеленген, бұл университеттің ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін білдіреді. Әріптің төменгі жағында «1930» саны, яғни ең алғашқы университеттің құрылған жылы бейнеленген. Осының бұл композицияны даңқтың, гүлденудің және мәңгіліктің белігісі ретінде лавр ағашының бұтақтары көмкеріп тұр. • «Ұ» әрібін орала көмкеріп тұрған жылан мен әріптің жазылуынан пайда болатын крест – медицинаның дәстүрлі символы. • С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың барлық деңгейдегі білім алушыларының, қызметкерлерінің және оқытушыларының мінез-құлқын анықтайтын жеті негізгі құндылықтары (2014 жылы 28 қаңтарда ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген): • Елге қызмет (лат. Servire) • Кәсіпке адалдық (лат. Officium) • Шаңырақ мәртебесі (лат. Honor) • Ұстаздарға ізет (лат. Veneratio) • Шәкіртке ілтипат (лат. Respectus) • Ұрпаққа ұлағат (лат. Successio) • Болашаққа ұмтылыс (лат. Objectare) Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны. 1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалықмалдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді • Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар . Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді. КИМЭП КИМЭП Университетi Орталық Азиядағы солтүстік американдық үлгі бойынша жұмыс істейтін ірі университет болып табылады. КИМЭП Университетi 1992 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қаулысымен құрылды. КИМЭП Университетi – әр түрлі мәдениет пен ұлт студенттерін оқытатын тәуелсіз, коммерциялық емес білім беру мекемесі. КИМЭП Университетi бітірушілерінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарының барлық бітірушілерінің арасында жұмысқа орналасудың ең жоғарғы пайызы. ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ • Қазақстанның ең беделді университеттердің бірі. • 2010 жылғы қорытынды бойынша "Ең үздік техникалық университет" атағын иеленді. • Қазақстан-Британ техникалық университеті әлемдік рейтингі жоғары, өндірістің үлгілі интеграциялық инфрақұрылымына қол жеткізген, халықаралық акрредитацияға ие, зерттеуші университет болуға ұмтылады. Қазақстан - Британдық техникалық университетiн (ҚБТУ) құру идеясы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы. 2000 жылы қарашада Ұлыбританияның ресми өкiлдерімен кездесуде екi елдер арасындағы түсiнiстік туралы меморандумға қол қойылған болатын, нәтижесінде ҚБТУ өмірге келді. ал университеттiң патроны Ұлыбритания бұрынғы премьерминистрі Тони Блэр болды. • КБТУ 8 факультеттер біріктіреді: • Бизнес мектебi • Ақпараттық технологиялар факультеті • Энергетика және мұнайлы-газды индустрия факультетi • Химия инженериясының ғылыми-ағарту орталығы • Халықаралық экономика мектебi (ынтымақтастықта экономиканың Лондондық мектебiмен) • Қазақстандық теңiз академия • Математика және кибернетика ғылыми-ағарту орталығы • Инновациялық білім беру қызметі НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!