Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар. Жаздың бір күні, қыстың мың күні. Нөсер алдында найзағай ойнайды. Жаңбыр бір жауса, Терек екі жуады. Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас. Туған ай, тураған етпен тең. Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер. Су аққан жерінен айнымас. Сәуір болмай, тәуір болмас. Үркерлі айдың бәрі қыс. Қыстың көзі қырау. Шағала келмей жаз болмас. Шаңқан келмей, боз болмас. Жел түбі азық, жекен түбі қазық. Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көп дүркірер. Мәуесі бардың әуесі бар. Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс. Әрнәрсе уақытымен қызықты. Тауына қарай тоғайы, Шошқасына қарай торайы. Cу басынан буылады. Тау кезеңсіз болмас, Өлке өзенсіз болмас. Көлдің көркі құрақ, Таудың көркі бұлақ. Жаз сайға қонба, Қыс қырға қонба. Сүмбіле туса су суыр. От арық, су семіз. Жаңа айдан жақсылық. Тоқты тоймас, Шөміш кеппес. Алпыс күн тасыған су, Алты күнде қайтар. Таң атпайын десе, Күн қоймайды. Көліне қарай - қазы, Қысына қарай - жазы. Жаз келді, Үйрек ұшып, қаз келді. Ақ қар көп болса — ақ нан көп. Жаз — береген, Күз алаған. Көктем — мұрап, Күз — диқан. Қарға қаңқылдаса, Қысты шақырады. Қаз қаңқылдаса, Жазды шақырады Шаруа жазда жазылар, Қыста қысылар. Туған ай, тураған етпен тең. Су аққан жерінен айнымас. Үркерлі айдың бәрі қыс. Қыстың көзі қырау. Жел түбі азық, жекен түбі қазық. Мәуесі бардың әуесі бар. Жаздың бір күні, қыстың мың күні. Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс. Әрнәрсе уақытымен қызықты. Тауына қарай тоғайы, Шошқасына қарай торайы. Су басынан буылады. Жаз сайға қонба, Қыс қырға қонба. От арық, су семіз. Ай қораланса, арбаңды сайла, Күн қораланса, күрегіңді сайла. Ескі тонның жылуы жоқ, Қайтқан күннің қызуы жоқ. Алпыс күн аспанға қарағанша, Алты көш те айдынға құла. Су сүреңін табады. От пен су тілсіз жау. Сәуірдегі жауын – Ағып тұрған сауын. Сәуір болмай – Тәуір болмас. Су аққан жерімен ағар, Шөп шыққан жеріне шығар. Алпыс күн тасыған су – Алты күнде қайтар. Ай шалқасынан туса, Ай бойы аяз. Айда да дақ бар. Бірде дауыл кезек, Бірде жауын кезек. Дария суы аққан сайын тазарады. Дегелек келді, Кемпір шешем қыз болды. Жазда жалаңаш жатпа, Қыста өзің білесің. Жаздың кілемі кең. Күн күркіресе – Көк дүркірер. Жаңбыр жауды дегенше, Нан жауды десеңші. Қаңтар ауса, қар тұрмас. Қыс – қатал сын. Қылышын сүйретіп қыс келер. Оттың ісі – қуырмақ, Желдің ісі – суырмақ. Өткен бұлттан жаңбыр дәметпе. Сүмбіле туса – су суиды. Терең судың ағысы білінбес. Үркерлі айдың бәрі қыс. Дегелек келді – Жаз келді. Саратан сенен не қорқыныш. Су басынан бұзылар. Ағаш – жапырағымен, Жер топырағымен жарасты. Қар жауды деп қуанба, Артынан аязы бар. Жазғытұры жел Жардай атанды жығар. Жаздың бір күні – Қыстың мың күні. Күркіреген бұлттың жауыны аз. Жаңбыр бір жауса, Терек екі жауады. Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас. Қаз келсе – жаз келер, Қарға келсе – қатқақ келер. Шаға келмей жаз болмас. Жаз сайға қонба, Қыс қырға қонба. От – арық, Су – семіз. Тоқты тоймас, Шөміш кеппес. Таң атпайын десе де, Күн қоймайды. Көп отырса, көл азады, Көп сабылса, жер азад Кешкі күн құлақтанса, Қатының ұл тапқандай сүйін. Боранды күні боқ қыштар. Боранды күні бала құтырар. Желді күні ит құтырар. Қарға қаңқылдаса, қысқы шақырады, Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады. Қатты жауған күн тез ашылады, Қатты ашуланған кісі тез басылады. Күздің беталысы көктемде белгілі. Су ағады, Тас – қалады Мың бір пәле бар: Соның бірі – қырда, Мыңы – Сырда Теңіз қанша терең болса да, Түбі бар. Тау қанша биік болса да, Төбесі бар. Күзден қорық, Соңынан қыс келеді. Қыстан қорықпа, Соңынан көктем келеді. Жаз шығып, жағалтай шақырған соң. Қайырсыз жаздан – Қайырлы болған қыс артық. Парақор биден – Қарғы таққан ит артық. Қара бұлтты жел ашар, Хан есігін пәре ашар. Тау мен тасты сел бұзар, Адамзатты сөз бұзар. Көшерімді жел біледі, Қонарымды сай біледі. Биік ағаш бұрын құлар. Еменге иір бұтақ біткенше, Қарағайға қарсы бұтақ бітсейші. От суымайды, сөнеді. Ағаш бір жерде тұрып, көгереді. Орнынан қозғалған тас орнықпайды. Күнді қолыңмен көлегейлей алмайсың. Ай – ортақ, Күн – ортақ, Жақсы – ортақ. Көкте – тіреу, Жерде белдеу жоқ. Ай жарығы – әлемге, Шым жарығы – түбіне. Табиғат – тал бесігің. Жердің бағы тайса, Су сайға құлайды. Жер отты болса, Мал сүтті. Қара жер қарыз арқаламас. Мезгіл жетсе, мұз да ерір. Еділ басынан былғанады, Сағасынан тұнады. Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды, Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды. Көрінген таудың алыстығы жоқ. Қыстағы қар жерге ырыс, Жердегі ылғал елге ырыс. Жеріне қарай – жыланы, Даласына қарай – құланы, Орманына қарай – бұланы, Туына қарай – қыраны. Қара жерге қар жауап, Қарды көрген бір мұрат, Қара жерден қар кетсе, Жерді көрген бір мұрат. Асқар тау алыстан көрінеді. Сусыз жердің шөбі сұйық, Суайт адамның сөзі сұйық. Өзен - талымен Өріс – малымен көрікті. Өзен - суға жарасқан Қамысы мен қоғасы. Қарияға жарасқан Аузындағы тобасы. Орманды жерде отын көп, Шеңгелді жерде қотыр көп. Тұзды жерде түйе жүрер. Қалың ағаштың қисығы болмайды. Гүл жайнамай – Бұлбұл сайрамайды. Судың терең, саязын Ағысынан білерсің. Аттың жақсы, жаманын Шабысынан білерсің. Әр гүлдің исі басқа, Әр жердің жынысы басқа. Көше – қаланың көркі, Көкорай – даланың көркі. Жаман көлдің суы ащы, Жаман адамның тілі ащы. Найзағайдың көптігін қайтейін, Жаңбырдың жоқтығын қайтейін. Дария басы – бұлақ. Гүл қайда болса – Көбелек сонда. Жалғыз еменге жай түскіш. Кімнің жерін жерлесең – Соның суын ішерсің. Еділ суы бал болса, Елке жетер. Ағын су бал татыр, Ақ шабағы май татыр. Таза болсаң судай бол, Бәрін жуып кетірген. Жақсы болсаң Жердей бол, Бәрімізді өсірген. Шөп те басынан қурайды. - Егерде қайыңнан аққан сөлдің мөлшері көп болса – онда жаз жаңбырлы болады. - Құстар ұясын күнгей жаққа салса – жаз салқын болады. - Көктемгі құстар үлкен топпен ұшып келсе - ол көңілді көктемнің белгісі .- Бөзторғай ұшып келгеннен кейін аяз болмайды. - Егер көкек қураған ағашта отырып сайраса – аяз болады. - Ерте көктемде торғайлардың шомылуы – ауа-райының жылынуының белгісі. - Адамдар үйінің маңына көкқұтан қаптаса – көктем суық болады. - Егерде наурыз айында тоқылдақ көрінсе, көктемнің келуі созылады. - Қарлығаштың ойнақтап ұшуы – жылы күннің белгісі. - Қарлығаш жербауырлап ұшса – жаңбыр жауады деп біліңіз. - Қараторғайды көрсеңіз – көктем жақын деңіз. - Тырналар келді – мұз мұрты ойылар. - Қардың еруі құмырсқа илеуінің оңтүстік жағынан басталса – онда жаз салқын және қысқа болады. Ал егер солтүстік жағынан бастап ерісе – жылы болады. - Наурыз құрғақ, сәуір ылғал, мамыр салқын – болар онда мол бидай, биік қарқын. - Ерте көктемде найзағай жарқырағанымен күркірегені естілмесе – жаз құрғақ болмақ. - Егер ұшырмадан салбыраған мұз ұзын болса, көктем де созылады. - Бірінші найзағай болған кезде оңтүстіктен жел соғып тұрса – көктем жылы, батыстан болса – жаңбырлы, солтүстүктен ессе – суық, шығыстан келсе – жылы және құрғақ болады, деген ырымдар бар екен. ***Наурыз ырымдарыНаурыз қалай болса, көктем де солай. - Ерете көктемдегі найзағай – аяздың алдын білдіреді. - Көктемгі қардың беті бұжыр болса – бидайдың бітік шығатынын, қардың беті тегіс болса бидай нашар шығатынын білдіреді. - Теректің түбіндегі қардың еруі дөңгелек тәрізді болып, жиектері қалың болса – көк тез шығады, ал жиегі жайылыңқы болса – көктем созылып, көк жәй шығады. - Жылқышы құсы ұшып келсе 12 күнен кейін өзен еркін ағатын болады.Терек бүршік атып, сырғаланса, жер жылыды деген сөз. Ерте егілетін көксөкті отырғыза беруге болады. - Жаңбыр өтсе саңырауқұлақтар қаулып шығады. - Наурыздың қары (жаңбыры) жарты тыңайтқышпен тең. - 14 наурызда Құралай құлпырса – бүкіл жаз жайнайды. Қалың қар ери бастайды. Ырым бойынша сол күні қар немесе жаңбыр жауса – жаз жаңбырлы болады, керісінше күн шығып тұрса құрғақ, жеңіл жаз болатынын білдіреді.