0000aea7-2a9ad7bc

advertisement
Менің Отаным – Қазақстан
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың
Қазақстан Республикасы туралы алған білімдерін
пайдалана отырып, сөздік қорларын
толықтыру,ауызекі тілде еркін жеткізуді
қалыптастыру.
2.Дамытушылық: оқушының алдыңғы, өткен
сабақтарды қайталай келіп, тілдерін, ойөрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын,
қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Қазақстан елінің жері, рәміздері, тіл
саясатына, тәуелсіздік жолындағы белестерге
тоқталып, оқушылардың туған елге деген
сүйіспеншілігін тудыру.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан қандай мемлекет?
Тәуелсіз күні қай күн?
Тәуелсіздігімізге биыл неше жыл толмақ?
Елбасымыз кім?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Ол қандай қала?
Қазақстан туралы кім толығырақ
әңгімелеп береді?
Сөзін жазған:
Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар,
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Download
Related flashcards
Create Flashcards