Uploaded by nurai1994.kz@mail.ru

7.1А 1-2 сабақ. Химия − жаратылыстану ғылымы.

advertisement
Химия − жаратылыстану
ғылымы.
Практикалық жұмыс №1 «Зертханалық
құрал-жабдықтармен таныстыру, химия
кабинеті мен зертханадағы қауіпсіздік
техникасы».
Сабақ мақсаттары
• Химия ғылымының нені зерттейтінін және
міндеттерін білу;
• Зат пен физикалық дене ұғымдарын ажырата алу;
• Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және
зертханалық құрал-жабдықтармен танысу.
Жетістік критерийлері
• Химия ғылымының зерттеу аясын және міндеттерін біледі;
• Заттар мен физикалық денелереді ажырата алады;
• Химия кабинетінде жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік
техникасының ережелерін айтады және маңызын түсінеді;
• Зертханалық құрал-жабдықтарды таниды және атқаратын
қызметін айта алады.
Термин сөздер
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Химия
Химия
Сhemistry
Жаратылыстану
ғылымы
Зат
Наука
Natural science
Вещество
Substance
Қауіпсіздік ережелері
Техника безопасности
Safety rules
Тәжірибе
Эксперимент
Химическая
оборудование
Experiment
Chemical Equipment
Химиялық құралжабдықтар
Топтық жұмыс
Негізгі жаратылыстану
ғылымдарын (химия, физика,
биология, география) және
олардың нені зерттейтінін жазу
Химия дегеніміз не?
https://www.youtube.com/watch?v=Ys8KOJ7J4b
w&ab_channel=proektoria
Химия – заттарды, олардың қасиеттерін
және олардың бір-біріне айналуын
зерттейтін жаратылыстану ғылымы.
Зат пен физикалық дене
Заттар дегеніміз денелерді құраушылар.
Өлшемі мен пішіні бойынша
ажыратылатын бұл денелерді
физикалық денелер деп
атаймыз.
Заттар мен денелерді ажыратайық
Мыс тиын, шыны, темір, құмыра, темір қасық,
түйреуіш, мақта, ағаш, алтын, орындық
Өзіңді тексер
ДЕНЕЛЕР
ЗАТТАР
Мыс тиын, құмыра,
Шыны, темір, мақта,
темір қасық, түйреуіш, ағаш, алтын
орындық
Берілген жұптардағы зат пен денені анықта
алтын-сақина
стақан-шыны
тамшы-су
сым-мыс
резеңке-дөңгелек
мыс-қоңырау
Өзіңді тексер
ДЕНЕЛЕР
ЗАТТАР
Сақина, стақан, тамшы, Алтын, шыны, су, мыс,
сым, дөңгелек, қоңырау
резеңке
Химия ғылымының міндеттері
қандай?
Химияның міндеті –
заттарды қолдану үшін
қасиеттерін айқындау,
адамдардың сұранысына
қажет жаңа химиялық
заттар алу, табиғи
қорларды орынды
пайдаланып, қоршаған
ортаны қорғау.
Практикалық жұмыс №1 «Зертханалық құрал-жабдықтармен
таныстыру, химия кабинеті мен зертханадағы қауіпсіздік техникасы».
Химия дегеніміз не?
https://www.youtube.com/watch?v=FdoAeaMA
EKw
Төмендегі суретті зерттеңіз. Қауіпсіз емес тәжірибелерді
анықтап, кем дегенде 7 әрекетті көрсетіңіз.
Химиялық құрал-жабдықтар
Химиялық стакан
Ерітінділер дайындауға немесе сұйық заттар құюға
арналған ыдыстар. Стакандарды химиялық төзімді
немесе жоғары температураға төзімді шынылардан
жасайды. Жоғары температураға төзімді стакандардың
бүйіржағында дөңгелек немесе төртбұрышты ақ түсті
белгісі болады. Жай шыныдан жасалынған стаканды
таза жалынның үстінде қыздыруға болмайды. Оларды
қыздырушы прибордың бетіне төселген асбест тордың
үстіне қойып, немесе су моншасында қыздырады.
Стаканда сұйықтықтарды оңай құюға мүмкіндік
беретін мұрны болады.
Шыны таяқша
Стакан ішіндегі химиялық
заттарды жақсылап
араластыру үшін шыны
таяқша қолданылады.
Пластик немесе метал
таяқша қолданылмайды,
себебі олар стақандағы
химиялық заттармен
реакцияға түсіп кетуі
мүмкін.
Сынауық
Химиялық заттың шағын
көлемімен жұмыс
жасауға арналған ыдыс.
Мысалы, сынауықтың
формасы ұзын жіңішке
болғандықтан,
ерітіндіде болып жатқан
өзгерістерді көзбен
бақылау ыңғайлы.
Сынауық ұстағыш
Сынауықты қыздыру
қажет болғанда, немесе
сынауықтың ішңнде
қауіпті химиялық заттар
болғанда сынауықты
қолмен ұстауға
болмайды, ыңғайлы
болуы үшін сынауық
ұстағышты
пайдаланамыз
Тамшуыр
Ертітіндінің өте
аз көлемін қосу
үшін тамшуыр
пайдаланылады
(тамшылату,
тамшы қосу
үшін)
Құйғы
Сұйық затты немесе қатты затты бір ыдыстар екінші ыдысқа
ауыстырғанда құйғы пайдаланамыз, себебі ол ыңғайлы, және
төгіп-шашылуды болдырмайды
Өлшегіш цилиндр
Сұйықтың өте нақты көлемін өлшеу үшін
өлшегіш цилиндр қолданылады
Өлшегіш колба
Өте нақты көлемде ерітінділер дайындау үшін өлшегіш
колба қолданылады. Сонымен қатар сұйылтылған ерітінділер
дайындау үшін қолданылады. Бір колба тек бір көлемге сәйкес
болады.
Конусты колба
Бірнеше химиялық заттарды бір-бірімен араластыру үшін,
химиялық реакциялар жүргізу үшін конусты колба
пайланған ыңғайлы. Себебі, жоғарғы жағы (горлышко)
жіңішке болғандықтан, төгіп-шашуды болдырмайды
Тұрғы
Химиялық ыдыстарды (колба, стақан, сынауық ... ) ұстап тұру үшін
тұрғы қолданылады. Мысалы, колбану қыздыру қажет болғанда
қолбаны тұрғыға орнатып, астына спиртшамды қоямыз.
Спиртшам
Спиртшам заттарды қыздыру үшін қолданылады. Спиршамның
ішінде спирт болады. Зертханада спиртшамдар жиі қолданылады
себебі басқа шамдармен салыстырғанда қауіптілігі төмен
Бунзен жанарғысы(оттығы, газ
шамы)
Заттарды
қыздыру үшін
қолданылады.
Жанатын зат
газ.
Қысқыш/пинцет
Кейбір химиялық заттарды қолмен ұстауға
болмайды, сол себепті қысқаш қолданылады
Кәрлен табақша
Кейбір реакциялар үшін ұзақ қыздыру қажет болса, кәрлен
табақшалар қолданылады, себебі олар жоғары температураға
төзімді
Сүзгі қағаз
Ерітінді құрамында қажетсіз тұнба немесе түйіршік бөлшектер
болса, сүзгі қағаз арқылы сол түйіршіктерді бөліп алуға болады.
Яғни, қағаз суды өткізерді, бірақ тұнбаны ұстап қалады
Термометр
Температураны өлшеуші құрал
Шпатель мен қасықша
қатты затты алуға арналған
Келіше мен
келсап
қатты ірі заттарды үгіту үшін
Асбест торы
Жылуды біркелкі тарату
үшін ғылыми
зертханаларда
қолданылатын жұқа
металл тор. Асбест
торын ыдысты (мысалы,
шыны колба немесе
әйнек) қыздыру кезінде
сынбау үшін
пайдаланады.
Үй жұмысы
1. Химиялық құрал-жабдықтардың атаулары
мен оларды қандай мақсатта қолдануын
жатқа білу
«Бәрі менің қолымда»
1. Мен бүгін қандай ақпарат
алдым....
2. Менде қандай қиындықтар
кездесті....
3. Оны мен қалай жеңдім....
4. Маған бұл жерде не
жетіспеді....
5. Менің бүгінгі сабақтағы
әсерім....
Download