Uploaded by korkemay.99

Темірхан Медетбек

advertisement
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті
Темірхан Медетбек
Орындаған: Жазықбаева Көркемай
ҚТӘ-301
 Темірхан Медетбек
(06.03.1945, Оңтүстік
Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы,
Амангелді ауылы) –
ақын, Мемлекеттік
сыйлықтың иегері,
қоғам қайраткері.
Түркістан қаласында орта мектепті бітірген.
• Екі жылға жуық туған ауылында колхозшы, сонан кейін бір жылдай
аудандық газетте корректор болып жұмыс істеген.
Алматыдағы Абай атындағы институттың филология факультетінде
оқыған, республикалық телевидениеде қатардағы редактор болған.
• Жетпісінші жылдардың басында Маңғыстаудағы бірқатар
геологиялық-барлау экспедицияларында жұмысшы болып,
1973 жылы Маңғыстау облысы ашылғаннан кейін облыстық
«Коммунистік жол» газетінде тілші, «Жазушы» баспасында редактор
болып жұмыс істеген.
1990 жылы , тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде республикалық
«Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті
тілшісі, содан кейін Маңғыстау облыстық радио және телевидение
комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
• 1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының
екінші хатшысы болып сайланды.
2003 жылы Республикалық «Ақиқат» қоғамдық-саяси
журналының бас редакторы болып тағайындалды.
• 2006 жылы Республикалық «Жұлдыз» әдеби-көркем
журналының бас редакторы болып тағайындалды.
Жыр жинақтары:
«Жанымның жапырақтары» 1970 жылы
«Сапар алдында» 1973 жылы
«Алыс шақырымдар»
«Мәртебе» 1977 жылы
«Әуедегі толқындар» 1980 жылы
«Дауыс»
«Көгершін қауырсындары» 1982 жылы
«Аңқа кептірген аңызақ» 1992 жылы
«Сырым бар саған айтатын» 1989 жылы
«Тағдырлы жылдар жырлары»
«Көк түріктер сарыны» 2002 жылы
Кітаптары:
 «Менің Абайым»1995жылы
 «Баба дәстүрдің мұрагері
кім:туған әдебиет туралы
ойлар» 2001 жылы
 «Сексен қырлы сегіз сырлы
әлем бұл»
Өлеңдері қырғыз, өзбек, украин,
орыс,қытай, татар тілдеріне аударылған.
Өзі де А.С.Пушкин, Лермонтов, Якоб Колас,
Янка Купала, Леся Украинка, Радован
Загович, Бодлер, Верхарн,Пабло Неруда,
Незвал, Эркин Вахидов сияқты
ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ
Генрих Белдің «Иесіз үй» романы мен
Владимир Набоковтың бірнеше
шығармаларын аударған.
Темірхан Медетбек
1983 жылы «Көгершін қауырсындары» атты өлең кітабы
үшін Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты
2000 жылы «Тағдырлы жылдар жырлары» кітабы үшін
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Бейбарыс атындағы сыйлықтың иегері
«Құрмет» орденімен, Құрмет грамотасымен,
медальдармен марапатталған.
бірнеше
 Герольд Бельгер : « Темірхан
Медетбекті көп жылдардан бері
қадағалап оқимын,
поэзиясында,
публицистикасында.
Ерекше талант. Даусыз.
Ешкімге ұқсамайды. Ұқсаса –
Махамбетке ұқсауы мүмкін.
Өлеңдерінде азаматтық әуен,
өршіл екпін, тегеурінді мақам
бар. Ашық жазады.
Жағымпаздану, жарамсақтану,
мәймөңкелеу, сылап-сипау,
жалпашешейлік, көлгірсу
Темірханда кездеспейді».
Download